БҰЙЫРАМЫН:
1. "Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:
реттік нөмірі 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Энергия тасығыштар | Көмір | Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлері** | 2701 | Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы. Жер қойнауын пайдалануға (көмір кесіндісі, көмір шахтасы) және (немесе) көмірді қайта өңдеуге (байытуға) арналған келісімшартқа сәйкес өндіруді жүзеге асыратын көмір өндіруші. | |
Гагаттан басқа, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір** | 2702 |
Келесі өндірістік жылға ішкі нарыққа ай сайын бөлу жоспарланған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жалпы жылдық көлемінің 50% - ы. |
";
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі