БҰЙЫРАМЫН:
1. "Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19973 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 10 наурыздағы № 90 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген |
Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Р/с № | Мемлекеттік тілдегі атауы | Латын тіліндегі атауы |
1-тарау. Жәндіктер | ||
1. | Қауын шыбыны | Myiopardalis pardalina (Bigot) |
2. | Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық және жабық топырақта) | Tuta absoluta (Povolny) |
2-тарау. Бактериялар мен фитоплазмалар | ||
3. | Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі | Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et al. |
3-тарау. Өсімдіктер (мемлекеттік босалқы жерлерде) | ||
4. |
Арамшөптердің карантиндік түрлері: |
|