"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2023 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі  | 
С. Омаров | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген  | 
Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2023 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с №  | Мемлекеттік тілдегі атауы  | Латын тіліндегі атауы  | 
1-тарау. Жәндіктер  | ||
1.  | Қауын шыбыны  | Myiopardalis pardalina (Bigot)  | 
2.  | Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық және жабық топырақта)  | Tuta absoluta (Povolny)  | 
2-тарау. Бактериялар мен фитоплазмалар  | ||
3.  | Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі  | Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et al.  | 
3-тарау. Өсімдіктер (мемлекеттік босалқы жерлерде)  | ||
4.  | 
Арамшөптердің карантиндік түрлері:  | 
   |