"Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 85-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 наурызда № 31993 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20135 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      3) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.";

      5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Е-лицензиялауда" толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 5 және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту нысанында жіберіледі.";

      "Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі" 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) "Импортқа лицензия беру":
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көліктік қолтаңбамен куәландырылған осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәделді бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
2) "Экспортқа лицензия беру":
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көліктік қолтаңбамен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      ";

      4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      4) рұқсат – автоматты түрде лизенциялау (байқау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін арнайы құжат;

      5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Е-лицензиялауда" толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 4 және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      "Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі" 3-қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      ";

      1, 2, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсі.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
1-қосымша
  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8



Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан
г. Астана, проспект Мангилик Ел, 8




Реттік нөмері


Күні



Кімге

Дәделді бас тарту

      Қазақстан Республикасы Cауда және интеграция министрлігі, ________ жылғы № ________ Сіздің өтінішінізді қарастырып, келесіні хабарлайды:

      Көліктік қолтаңба

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
2-қосымша
  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін

3. Лицензияның типі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5.Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
3-қосымша
  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша
  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ИМПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін

3. Лицензияның типі | ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5.Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

9. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі |

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
4-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың жекелеген
түрлерінің экспортына және
(немесе) импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
  нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ

4. _______ № _______ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны стоимость

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны

18. Көліктік қолтаңба
Күні

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулығына қатаң сәйкестікте толтырады.

      ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
5-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың жекелеген
түрлерінің экспортына және
(немесе) импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі | ИМПОРТ

4. _______ № _______ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны стоимость

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны

18. Көліктік қолтаңба
Күні

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулығына қатаң сәйкестікте толтырады.

      ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
6-қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың жекелеген
түрлерінің экспортына және
(немесе) импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша
  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ИМПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат №

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ. КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ. КК.АА. дейін

3. Рұқсат түрі
| ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Межелі ел |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің
уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
Күні

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 85-НҚ Бұйрығына
7- қосымша
  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың жекелеген
түрлерінің экспортына және
(немесе) импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 5-қосымша
  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат №

2. Қолдану кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Рұқсат түрі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17.Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
Күні

18. Көліктік қолтаңба
Күні