Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 наурызда № 20135 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

      3) алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 09.08.2021 № 486-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 09.08.2021 № 486-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
1-қосымша

"Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген және жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      3) лицензия – лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабының 4-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Алым сомасын төлеу үшін екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда немесе ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:

      1) осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, қосымшалары және (немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;

      3) егер қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның электрондық көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);

      4) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер жолдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастауы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Е-лицензиялауда" толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 5 және 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тарту нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;

      2) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта бекітілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптардың сақталмауы;

      3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;

      4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;

      5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);

      6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;

      7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. Қағида 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап
КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі
| ЭКСПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ
келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі (болған жағдайда)
Күні

      ___ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"__(қолы)

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің

      экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтініш ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Жекелеген тауар түрлерінің
импортына және (немесе)
экспортына лицензия беру"
мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтініш

1. № өтініш

2. Қолданылу кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ дан бастап
КК.АА.ЖЖЖЖ қоса алғанда

3. Лицензияның типі
| ЭКСПОРТ

4. № КК.АА.ЖЖЖЖ
келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатып алушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны
Қолы және мөрі (болған жағдайда)
Күні

      ___ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ж. "__"__ (қолы)

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің

      экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге өтініш ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа қатаң сәйкестікте толтырады.

      КК.АА.ЖЖЖЖ – КК – күн, АА – ай, ЖЖ – жыл.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына
лицензия беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Мемлекеттік қызметтің атауы:
"Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру"
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы:
1. "Импортқа лицензия беру"
2. "Экспортқа лицензия беру"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "импортқа лицензия беру":
өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.
2) "экспортқа лицензия беру":
өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі - өтініш тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

1) "импортқа лицензия беру":
Электрондық (толық автоматтандырылған).
2) "экспортқа лицензия беру":
Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) "Импортқа лицензия беру":
мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көліктік қолтаңбамен куәландырылған осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәделді бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
2) "Экспортқа лицензия беру":
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көліктік қолтаңбамен куәландырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекелеген тауар түрлерінің экспортына лицензия немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін алым "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Алым ставкалары: лицензия беру үшін – 10 (он) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Алым сомасын төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Кодекске және Мерекелер туралы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www. beta. egov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1 және 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық өшірмесі, қосымшалары және ( немесе) оған толықтырулар (біржолғы лицензия үшін), ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі;
3) егер қызмет түрі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның электрондық көшірмесі немесе лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға лицензияның болуы туралы мәліметтер (егер бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген болса);
4) лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтер жолдайды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттарда мәліметтердің толық емес немесе анық емес болуы;
2) Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта бекітілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптарды сақталмауы;
3) лицензия беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттар қолданысының тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;
4) іске асыру үшін лицензия сұралатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
5) квотаның, сондай-ақ тарифтік квотаның бітуі не олардың болмауы (квоталанатын тауарларға лицензия ресімделген жағдайда);
6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгізілмеуі;
7) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы:1414, 8-800-0807777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www. beta. egov. kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан

Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8



Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан
г. Астана, проспект Мангилик Ел, 8




Реттік нөмері


Күні



Кімге

Дәделді бас тарту

      Қазақстан Республикасы Cауда және интеграция министрлігі, ________ жылғы № ________ Сіздің өтінішінізді қарастырып, келесіні хабарлайды:

      Көліктік қолтаңба

  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін

3. Лицензияның типі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5.Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  "Тауарлардың жекелеген
түрлерінің импортына және
(немесе) экспортына лицензия
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ИМПОРТЫНА ЛИЦЕНЗИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Лицензия №

2. Қолдану кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА дейін

3. Лицензияның типі | ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5.Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

9. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі |

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Лицензия беру үшін негіз

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген және Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер).

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      2) көліктік қолтаңба – WSSecurity ерекшелігін қолдана отырып, ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде берілетін хабарламалардың тұтастығы мен авторлығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

      4) рұқсат – автоматты түрде лизенциялау (байқау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін арнайы құжат;

      5) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаға сәйкес ресімделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасының электрондық көшірмесі бар сұрау жолдайды.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеуі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастауы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне көліктік қолтаңба қою арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "Е-лицензиялауда" толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" Қағидаларға 4 және 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақау анықталған сәттен бастап дереу "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды, немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа шағым жасауға жол беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. Қағида 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың
жекелеген түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 1-қосымша
нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына рұқсат беру жобасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі | ЭКСПОРТ

4. _______ № _______ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны стоимость

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны

18. Көліктік қолтаңба
Күні

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулығына қатаң сәйкестікте толтырады.

      ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың
жекелеген түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 2-қосымша
нысан

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң импортына рұқсат беру жобасы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Уәкілетті орган

1. № рұқсат

2. Қолданылу кезеңі ЖЖЖЖ.КК.АА-дан бастап ЖЖЖ.КК.АА. дейін

3. Рұқсаттың типі | ИМПОРТ

4. _______ № _______ келісімшарт

5. Өтініш беруші |

6. Сатып алушы

7. Межелі ел

8. Сатып алушының елі

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны стоимость

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің уәкiлетті адамы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефоны

18. Көліктік қолтаңба
Күні

      Ескертпе. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия беру туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсатты ресімдеу туралы нұсқаулығына қатаң сәйкестікте толтырады.

      ЖЖЖЖ.КК.АА – ЖЖЖЖ – жыл, КК – күн, АА – ай.

      СЭҚ БТН – Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы.

  "Қазақстан Республикасының
аумағына жекелеген тауарлар
түрлерін экспорттауға және
(немесе) импорттауға рұқсат
беру" мемлекеттiк қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 15.11.2022 № 432-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz, www. eli cens e. kz. арқылы жүзеге асырылады.




3

Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзімдері

Мемлекеттiк қызмет тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жекелеген тауарлар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көліктік қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы Заң) 5-бабына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Көрсетілетін қызметті беруші - Кодекске және Мерекелер туралы Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.beta.egov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер".

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлға көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында 1 немесе 2-қосымшаға сәйкес рәсімделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру жобасының электрондық көшірмесі бар сұрау жолдайды.

9

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға және бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-77-77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
2) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында көрсетілген www.beta.egov.kz,
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ИМПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат №

2. Қолдану кезеңі
ЖЖЖЖ. КК.АА. дан бастап ЖЖЖЖ. КК.АА. дейін

3. Рұқсат түрі
| ИМПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Межелі ел |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны

12. Шығарылған елі |

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17. Өтініш берушінің
уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
Күні

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  "Қазақстан Республикасының
аумағында тауарлардың
жекелеген түрлерінің
экспортына және (немесе)
импортына рұқсат беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына 5-қосымша

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.02.2023 № 85-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  нысан



ТАУАРЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ЭКСПОРТТАУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ САУДА КОМИТЕТІ

1. Рұқсат №

2. Қолдану кезеңі
КК.АА.ЖЖЖЖ. дан бастап КК.АА.ЖЖЖЖ дейін

3. Рұқсат түрі | ЭКСПОРТ

4. ____ _________№_______келісімшарт

5. Өтініш беруші

6. Сатушы

7. Жөнелту елі |

8. Сатушының елі |

9. Келісімшарт валютасы |

10. Құны

11. Статистикалық құны |

12. Шығарылған елі|

13. Саны

14. Өлшем бірлігі

15. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы |

16. Қосымша ақпарат

17.Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Лауазымы
Телефон
Күні

18. Көліктік қолтаңба
Күні

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
3-қосымша

"Тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттiк қызметті көрсету қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 09.08.2021 № 486-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 16 наурыздағы
№ 51-НҚ бұйрығына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11079 тіркелді, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11298 тіркелді, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 ақпанда № 13177 болып тіркелді), 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 107 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 наурызда № 13519 болып тіркелді, 2016 жылғы 6 сәуір "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 269 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 шілдеде № 13948 болып тіркелді, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" құқықтық жүйеде жарияланған);

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 247 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 15349 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық бақылау банкінде 2017жылғы 31 шілдеде жарияланған);

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 қаңтарда № 18199 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 қаңтарда жарияланған);

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 20 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 18448 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің анықтамалық бақылау банкінде 2019 жылғы 9 сәуірде жарияланған).