"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 қаңтарда № 31760 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Иргалиев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Төраға
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 24 бұйрығымен
бекітілді

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі

      3. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

      5. Өтініш берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама береді.

      6. Өтінішті қарауға қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарламамен жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.

      Жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жіберілген тыңдау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тапсырылған болып есептеледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан төлемді күту мерзімі төлемге шот жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші ұсынған шотты төлеген күні төлемді растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберу арқылы растайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші төлемді алғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына хабарлама және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны статистикалық ақпаратты беру үшін көрсетілетін қызметті берушіге бару қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселесі бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің немесе Бюроның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  __________________________
  (көрсетілетін қызметті
берушінің _________________
  толық атауы)
  кімнен_____________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
__________________________
әкесінің аты (болған жағдайда) толық)

Жеке тұлғаларға арналған өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      ________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруіңізді сұраймын.

      Қосымша ______ парақта.

      Жеке тұлғаның деректемелері:

      Жеке куәліктің нөмірі___________________________________________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________

      Нақты мекенжайы _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы_______________________________________________

      _____________________________________________________________________
(қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы

      абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық

      мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік

      нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен

      танысқанымды өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ қолы

      Өтінішке қосымша

р/с

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Заңды тұлғаның бланкісіне
  арналған орын
  _________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің
  _________________________
толық атауы)
  кімнен_____________________
(заңды тұлғаның
____________________________
толық атауы)

Заңды тұлғалар үшін өтініш

      Осы өтінішке қосымшаға сәйкес ________________________________________

      ____________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

      _______________________ үшін статистикалық ақпаратты беруіңізді сұраймын.

      Қосымша: ______ парақта.

      Заңды тұлғаның деректемелері:

      Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

      Банктік сәйкестендіру коды ____________________________________________

      Заңды мекенжайы ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Нақты мекенжайы ____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Электрондық мекенжайы______________________________________________

      Басшы _____________________________________________________________
(қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Орындаушы: _________________ Телефон: _________________
(Тегі, аты-жөні)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік

      нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға

      жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне

      жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды

      өз қолыммен растаймын.

      20__жылғы "______" ____________

      _________________ басшының қолы

      Өтінішке қосымша

р/с

Статистикалық ақпараттың атауы

Аумақтық бөлініс

Кезең













  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша

"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстар бойынша филиалдары.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

9 (тоғыз) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны

Қағаз жүзінде.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі

Статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште ұсыну;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Төлем тәсілі – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі, көрсетілетін қызметті алушыдан төлем тапсырмасында төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін көрсету талап етіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш;
2) төлемді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы).

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге бас тарту үшін негіздеме

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) егер сұратылып отырған статистикалық ақпарат құпия болып табылған және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына сәйкес респонденттің келісімі болмаған;
2) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабымен қарастырылған негіздемелер бойынша бас тарту үшін негіздер болған жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсеткені үшін ақы төлемеген;
4) статистикалық ақпарат жоқ және өңдеу процесінде алу мүмкін емес кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескерумен қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мекенжайларды телефон байланысының 8 (717) 255-84-49 абоненттік нөмірі бойынша техникалық қолдау қызметіне хабарласу арқылы да білуге болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
  ___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Өтінішті қабылдау туралы хабарлама
20 ____ жылғы " ___" _________

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық

      жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің статистикалық

      ақпаратты беру туралы 20___ жылғы "___" ______________________

      № _________ өтінішіңізді қарауға қабылдады.

      Директор ____________________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  (Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
  не ұйымының атауы)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Дәлелді бас тарту

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу

      құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК)

      Сіздің 20___ жылғы "___" ______________________ № _________ өтінішіңізді қарап,

      ___________________________________________________________________

      [Дәлелді бас тартудың себебі]

      __________ себеппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.

      Директор ____________________

  "Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсету
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) Сіздің 20____жылғы "___" _____ №____ өтінішіңізді қарап, статистикалық ақпарат әзірленгенін және Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініш берген жерде беруге дайын екенін хабарлайды.

      Директор ____________________