"Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 қаңтарда № 31728 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12267 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларында:

      5-тармақ алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аумақтық бөлімше ақпарат (бұдан әрі – ақпарат), сатып алу-сату шарты және төлем құжаттары (балық отырғызу материалын сатып алған жағдайда), сондай - ақ балық аулау орнына тасымалдау және балық отырғызу материалын су айдындарына жіберу үшін тиеу тіркелетін фото-және бейне материалдар негізінде қабылдайды.

      Ақпаратта балық отырғызу материалының түрлері мен жас құрамы, көлемі (саны) және орташа салмағы, су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізу орны мен мерзімдері, көлік түрі (мемлекеттік нөмірін көрсете отырып) туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Жануарлар дүниесін пайдаланушылар ағымдағы күн мен уақытты көрсете отырып, 2MP/1080p (1920x1080 пиксель) төмен емес форматта су айдындарына балық отырғызу материалын тиеу мен жіберуді фото және бейне түсіруді қамтамасыз етеді.

      Бейнетүсірілім процесінде нақты уақыт режимінде осы тармақта көрсетілген мәліметтер, су айдындарына балық отырғызу материалын тиеу және жіберу кезінде балық отырғызу материалын есептеу рәсімі айтылады және жазылады.

      Бейнетүсірілім балық отырғызу материалын балық жіберу орнына тасымалдау және оны су айдындарына жіберу үшін тиеу рәсімінің басынан аяғына дейін жүргізіледі. Балық отырғызу материалын су айдындарына тиеу және жіберу бейнетүсірілімі жеке-жеке жүргізіледі.

      Балық жіберу орындарына тасымалдауға бейнетүсірілім қолданылмайды.

      8-2. Жануарлар дүниесін пайдаланушылар су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге осы тармақта көрсетілген құжаттар мен материалдарды жолдайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Субъектілер жүргізетін су айдындарына балық жіберу жұмыстарын осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес аумақтық бөлімше құратын комиссия қабылдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және заңды тұлғалар, субъектілер аумақтық бөлімшені және (немесе) жергілікті атқарушы органды су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы олар басталғанға дейін екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Аумақтық бөлімше және (немесе) жергілікті атқарушы атқарушы мемлекеттік кәсіпорындардан, жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған күннен бастап комиссия мүшелеріне су айдындарына балық жіберу жөніндегі алдағы жұмыстар туралы хабарлайды.

      Аумақтық бөлімшелердің өкілдері балық отырғызу материалын тиеу кезінде есептеу процестеріне және оларды су айдындарына жіберуге қатысады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, субъектілер су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды аяқтаған соң үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына немесе жергілікті атқарушы органға су айдындарына балық жіберу жөнінде жүргізген жұмыстардың электрондық жеткізгіштегі фото және видео материалдары қоса берілген жиынтық актіні ұсынады.";

      18-тармақ алынып тасталсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Аумақтық бөлімшеге су айдындарына балық жіберу жөніндегі жұмыстарды жүргізгені туралы электрондық жеткізгіште фото және видео материалдары қоса берілген су айдындарына балық жіберудің аяқталуы туралы акті он бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген су айдындарына балық жіберу актісі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі
З. Сулейменова

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 17 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы
№ 18-05/928 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Су айдындарына балық жіберу актісі

      Осы акт 20 __ жылы "__" ______________ жасалынды

      Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізетін кәсіпорынның,

      жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, субъектінің атауы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Су айдындарына балық жіберу _______________________________________

      _______________________________________________________________________

      (мемлекеттік тапсырысты орындау, зиянды өтеу және басқа да мақсаттар)

      Балық отырғызу материалының жіберу орны (орналасқан облысы және ауданы көрсетілген су айдынының атауы)

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының жас мөлшері және түрлік құрамы

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Су айдынына жіберілген балық отырғызу материалының саны және данасының орташа салмағы

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Балық отырғызу материалының жай-күйі______________________________

      ______________________________________________________________________

      Су айдындарына балық жіберу бойынша жұмыстарды жүргізу бойынша басқа да мәліметтер

      (жеткізу маршруты және тәсілі, балық жіберудің басталу және аяқталу уақыты, судың температурасы,

      ауаның температурасы, жеткізу кезіндегі балық отырғызу материалының шығыны)

      ______________________________________________________________________

      Актіге қол қойғандар:

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)

_________________
Лауазымы

_____________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

____________________________
қол, мөр орны (жеке кәсіпкерлік
субъектісі болып табылатын
адамдарды қоспағанда)