"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 22) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 6-2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9724 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 82 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20920 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 4-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сот әкімшілігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Републикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген |
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау (бұдан әрі – есепке алу) тәртібін анықтайды.
2. Есепке алудың мақсаты Шет мемлекеттердің аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты анық ақпараттардан тұрады.
3. Есепке алуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақпараттар жүйесінде (бұдан әрі – АЖ) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және шет елде жазасын өтеп жүрген адамға карточка" атты электрондық ақпараттық есепке алу құжатын (бұдан әрі – карточка) толтыру жолымен, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
4. Шет мемлекет сотының қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісі не заңды күшіне енген айыптау үкімі (қаулысы) есепке қою үшін негіздеме болады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратифицирлаған халықаралық шартта іс-қимыл қағидалары белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. Есепке алуды жүргізу тәртібі
6. Есепке алуды жүргізу Комитетке Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінен (бұдан әрі – ҚР СІМ КҚД), Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінен (бұдан әрі – шетелдердегі мекеме), Қазақстан Республикасының сот әкімшілігінен (бұдан әрі – Сот Әкімшілігі), Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ӘМ) және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) келіп түскен мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:
1) шет мемлекет сотының қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің не заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелері;
2) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері.
Заңның 6-бабының 1-тармағында санамаланған адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдарда есепке алу үшін (көші-қон полициясы органдары Қазақстан Республикасының азаматтығын растаған жағдайда) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) және "Жеке басты куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формулярдың нысанын және оны ресімдеу, толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 583 бұйрығымен бекітілген, жеке басын куәландыратын құжаттарды (босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін формуляр нысанындағы мәліметтер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13911 болып тіркелген) пайдаланылуы мүмкін;
3) өздеріне қатысты мәліметтер бұрын Комитетке жіберілген адамдардың үкімін (қаулысының) өзгерту, босату не шартты түрде мерзімінен бұрын босату не қайтыс болуы туралы түзету құжаттары.
7. Карточкаға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген куәландырылатын құжаттардан мәліметтер графикалық көшірмелерін қоса сала отырып, Комитетке келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде енгізіледі.
8. Қазақстан Республикасының қылмыстық жауаптылыққа тартылған азаматтары туралы деректер оны бекіту күні көрсетіле отырып, қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің көшірмесі негізінде толтырылады, сотталған және шетелде жазасын өтеп жүрген азаматтар туралы деректер айыптау үкімінің (қаулысының) заңды күшіне ену күні көрсетіле отырып, соттың айыптау үкіміне (қаулысына) сәйкес толтырылады.
Шет мемлекеттің аумағында Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту не соттау фактісін растайтын құжаттар болмаған фактісі анықталған және осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында жазылған құжаттар негізінде сотталған адамға қатысты мәліметтер енгізілген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде соттың айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелерін ҚР СІМ КҚД немесе тікелей тиісті шетелдердегі мекемеден талап ету қажет.
9. Сауалнама деректері осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі негізінде енгізіледі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, азамат туралы қажетті мәліметтер құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы қалыптастырылған құжаттар негізінде енгізіледі.
10. Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген адамның елі мен ұлтын белгілеуге арналған цифрлық кодтар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес "Әлем мемлекеттерінің сөздігіне" және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес "Ұлттар сөздігіне" сәйкес келуге тиіс.
11. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – № 29 Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) нысан бойынша дактилоскопиялық карталар, заңды күшіне енген соттың айыптау үкімдерінің (қаулысының) көшірмелерімен автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттар жүйесіне енгізіледі.
12. Арнайы есепке алуды түзетуді Комитет жеке тұлғаның есепке алуға, оған қолда бар мәліметтерге қатысты түзету енгізу туралы жазбаша өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде растайтын құжаттарды қоса бере отырып (өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және құжаттардың түпнұсқалары немесе сот тағайындаған жазаны өтеу немесе соттылығын алып тастау фактісін растайтын нотариалды куәландырылған, заңдастырылған, апостиль қойылған көшірмелер) жүргізеді.
Өтініште көрсетілген сауалнамалық деректер өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерімен сәйкес келуі керек. Тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), туған күнін, жылын өзгерткен тұлғалар қазіргі және бұрынғы сауалнамалық деректерін көрсетеді.
Құжаттардың түпнұсқасын қайтару қажет болған жағдайда, өтініш беруші бұл туралы өтініште көрсетеді.
1-параграф. ҚР СІМ КҚД растайтын құжаттарды Комитетке есепке алу үшін ұсыну
13. Шетелдегі мекемелер Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту және/немесе соттау фактісін растайтын құжаттарды келген елдің құзыретті органдарынан құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ҚР СІМ КҚД-ға қайта жібереді.
Қазақстан Республикасының азаматтарын қылмыстық жауаптылыққа тарту фактісі анықталған кезде, "Қазақстан Республикасының 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысының 36-бабына сәйкес шетелдегі мекемелер келген елдегі құзыретті органдардан осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды талап етеді.
Курьерлік жеткізу кезеңі растайтын құжаттарды қайта жіберу мерзімдерін есептеу кезінде ескерілмейді.
14. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелерден келіп түскен құжаттарды 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жібереді.
15. Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, шетелдердегі мекемелер есепке алуды жүргізу үшін қажетті барлық құжатты ұсынбаған жағдайда, Комитет құжаттардың жоқтығы фактісі анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді тиісті шетелдердегі мекемеден ҚР СІМ КҚД арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 11-1-4/252 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 460 бірлескен бұйрығы "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету ережесiн бекiту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21405 болып тіркелген) талап етеді.
16. Қазақстан Республикасының азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, болу елінің тиісті есепке алуды жүргізу үшін қажетті барлық құжатты ұсынбаған жағдайда, құжаттардың жоқтығы фактісі анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шетелдегі мекемелер қосымша мәліметтерді болу елінің тиісті құзыретті органынан талап етеді.
17. ҚР СІМ КҚД шетелдік мекемелердің растайтын құжаттарды мерзімінде ұсынуын бақылауды жүзеге асырады.
18. Шетелдегі мекемелер жылына бір рет тиісті консулдық округ аумағында қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарының тізімін ҚР СІМ КҚД-ға жібереді.
Есепке алудың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Комитет жылына бір рет ҚР СІМ КҚД-да шетелдердегі мекемелері ұсынған тізімдік деректерді АЖ мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері актімен ресімделеді, ол 2 данада жасалады және оған ҚР СІМ КҚД және Комитет басшылары қол қояды.
2-параграф. Сот әкімшілігімен, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ растайтын құжаттарды Комитетке есепке алу үшін ұсыну
19. Сот әкімшілігі, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тәртіппен алынған Қазақстан Республикасының азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы айыптау актісінің және/немесе заңды күшіне енген шет мемлекет сотының айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмелері келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Комитетке халықаралық деңгейде көшірмелерін жібереді.
3-тарау. Есепке алуды пайдалану және сақтау тәртібі
20. Есепке алуды пайдалану тәртібі № 29 қағидалармен регламенттелген.
21. Қағаз жеткізгіштердегі растайтын құжаттар тегі бойынша есепке алу бөлімшелерінде олар келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде сақталады, кейіннен ведомстволық архивке сақтауға жіберіледі.
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған және/немесе сотталған және жазасын өтеп жатқан адамдар туралы мәліметтер АЖ-да тұрақты сақталады.
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының 1-қосымша |
нысан
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген тұлғаларға берілетін карточка
1.* Қылмыстық жауаптылыққа тартылған мемлекет _______________________ код _________ атауы, кодты көрсетіп
3. Жынысы: еркек (1), әйел (2). 4. Туған жылы " ____" _________19____жыл 5. Туған жері ______________________________________________________ 6. Ұлты (кодты көрсетіп): __________________________ код ______________ 7. Жеке басты куәландыратын құжат,: № _________ "___" ___________ ______ жыл төлқұжат (1), жеке куәлік (2), туу туралы куәлік (3), басқалар (4), босатылуы туралы анықтама (5) _______жылғы "___ " ___________ ___________________________________ берілді қашан және кім берді 8. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________ 9. Қылмыстық заңнама баптары, қылмыстың сипаты _______________________________________________________________________ (нормативтік құқытық актінің баптары және оның қылмыстық жауатылыққа тартылған мемлекеттегі атауы) _______________________________________________________________________ 10. Айыптау тағылған күн 20______жылғы "____" _______________ 11. Соттаған_____________________________________________________________ (үкім шығарған сот органының толық атауы) 12 Сот шешімі шығарылған күн 20______жылғы "____" __________________ 13.Қылмыстық заңнама баптары ___________________________________________ 14. Бас бостандығынан айыру мерзімі_______________________________________ 15. Қосымша жаза________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 16. Үкім заңды күшіне енді 20______жылғы " _____ " __________________ 17. Жазасын өтеу мерзімінің басталған күні 20______жылғы " ____ " _____________ 18. Босату, ауыстыру туралы мәліметтер______________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ 19. Басқа белгілер ________________________________________________________ (растайтын құжаттардың, графикалық көшірмелердің болуы) ________________________________________________________________________ | ||||||
20. ҚСжАЕАК қызметкері _________________________________________________ |
Ескерту: 1, 2, 2.1, 2.2, 4, 9-тармақтар міндетті түрде толтыруға жатады.
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының 2-қосымша |
Әлем мемлекеттерінің сөздігі
Австралия одағы | 021 | Иордандия Хашимит Королдігі | 285 | Панама Республикасы | 557 |
Австрия Республикасы | 025 | Ирак Республикасы | 289 | Папуа Тәуелсіз мемлекеті Жаңа Гвинея | 561 |
Әзербайжан Республикасы | 029 | Ислам Республикасы Иран | 293 | Парагвай Республикасы | 565 |
Албания Республикасы | 033 | Ирландия | 297 | Перу Республикасы | 569 |
Алжир Халықтық Демократия Республикасы | 037 | Исландия | 301 | Польша Республикасы | 573 |
Ангола Республикасы | 041 | Испания Корольдігі | 305 | Португалия Республикасы | 577 |
Андорра Хандығы | 045 | Италия Республика | 309 | Пуэрто-Рико Ынтымақтастығы | 581 |
Антигуа және Барбуда | 049 | Йемен Республикасы | 313 | Реюньон | 585 |
Антиль аралдары | 053 | Кабо-Верде Республикасы | 317 | Ресей Федерациясы | 589 |
Арнайы әкімшілік аудан Аомынь (Макао) | 057 | Қазақстан Республикасы | 321 | Руанда Республикасы | 593 |
Аргентина Республикасы | 065 | Камбоджа Корольдігі | 325 | Румыния | 597 |
Армения Республикасы | 061 | Камерун Республикасы | 329 | Сент Винсент және Гренадины | 629 |
Ислам Республикасы Ауғаныстан | 069 | Комор аралдары | 369 | Сент-Китс және Невис Федерациясы | 633 |
Багам аралдары | 073 | Канада | 333 | Эль-Сальвадор Республика | 601 |
Халық Республикасы Бангладеш | 077 | Катар мемлекеті | 337 | Сан-Марино Республикасы | 605 |
Барбадос | 081 | Кения Республикасы | 341 | Демократиялық Республика Сан-Томе және Принсипи | 609 |
Бахрейн Корольдігі | 085 | Кипр Республикасы | 345 | Сауд Аравия Корольдігі | 613 |
Беларусь Республикасы | 089 | Кирибати Республика | 353 | Свазиленд Корольдігі | 617 |
Белиз | 093 | Қытай Халық Республикасы | 349 | Сейшель аралдары Республикасы | 621 |
Бельгия Корольдігі | 097 | ҚХДР | 361 | Сенегал Республикасы | 625 |
Бенин Республикасы | 101 | Колумбия Республикас | 365 | Сент-Люсия | 637 |
Болгария Республикасы | 105 | Конго Демократиялық Республикасы | 373 | Сербия Республикасы | 641 |
Боливия көпұлтты мемлекеті | 109 | Корея Республикасы | 377 | Сингапур Республикасы | 645 |
Босния және Герцеговина | 113 | Коста-Рика Республикасы | 381 | Сирия Араб Республикасы | 649 |
Ботсвана Республикасы | 117 | Кот-д-Республикасы Ивуар | 385 | Словения Республикасы | 653 |
Федеративті Бразилия Республика | 121 | Куба Республикасы | 389 | Соломонов аралдары | 661 |
Бруней-Даруссалам | 125 | Кувейт Мемлекеті | 393 | Федеративті Республика Сомали | 665 |
Буркина – Фасо мемлекеттері | 129 | Қырғыз Республикасы | 357 | Судан Республикасы Республика | 669 |
Республика Бурунди | 133 | Лаосс Халық-Демократиялық Респу́бликасы | 397 | Суринам | 673 |
Бутан Корольдігі | 137 | Латвия Республикасы | 401 | Америка Құрама Штаттары | 657 |
Вануату Республикасы | 141 | Лесото Корольдігі | 405 | Сьерра-Леоне Республикас | 677 |
Ватикан | 145 | Республика Либерия | 409 | Арнайы әкімшілік аудан Гонконг | 681 |
Біріккен Корольдік Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия | 149 | Ливан Республикасы | 413 | Тәжікстан Республикасы | 685 |
Венгрия | 153 | Ливия Мемлекеті | 417 | Таиланд Корольдігі | 689 |
Боливариан Республикасы Венесуээла | 157 | Литва Республикасы | 421 | Тайвань | 693 |
Шығыс Тимор Демократиялық Республикасы | 161 | Лихтенштейн Князьдігі | 425 | Бірлескен Танзания Республикасы | 697 |
Вьетна́м Социалистік Республикасы | 165 | Ұлы Герцог Люксембург | 429 | Тоголез Республикасы | 701 |
Габон Республикасы | 169 | Маврикий Республикасы | 433 | Тонга Корольдігі | 705 |
Гаити | 173 | Ислам Республикасы Мавритания | 437 | Тринидад және Тобаго Республикасы | 709 |
Кооперативті Республика Гайана | 177 | Мадагаскар Республикасы | 441 | Тувалу | 713 |
Республика Гамбия | 181 | Македония Республика | 445 | Тунис Республикасы | 717 |
Республика Гана | 185 | Республика Малави | 449 | Түркменстан | 721 |
Гваделупа | 189 | Малайзия | 453 | Түрік Республикасы | 725 |
Гватемала Республикасы | 193 | Мали Республикасы | 457 | Уганда Республикасы | 729 |
Гвиана | 197 | Мальдив Республикасы | 461 | Өзбекстан Республикасы | 733 |
Гвиней Республикасы | 201 | Мальта Республикасы | 465 | Украина | 737 |
Республика Гвинея - Бисау | 205 | Марокко Корольдігі | 469 | Уругвай Шығыс Республикасы | 741 |
Федеративті Германия Республикасы | 209 | Мартиника | 473 | Фиджи Республикасы | 745 |
Гибралтар | 213 | Мексика Бірлескен Штаты | 477 | Филиппин Республикасы | 749 |
Гондурас Республикасы | 217 | Мозамбик Республикасы | 481 | Финляндия Республикасы | 753 |
Гренада | 221 | Молдова Республикасы | 485 | Француз Республикасы | 757 |
Грек Республикасы | 225 | Монако Князьдігі | 489 | Хорватия Республикасы | 761 |
Грузия | 229 | Монғолия | 493 | Орталық Африка Республикасы | 765 |
Дания Корольдігі | 233 | Одақ Республикасы Мьянма | 497 | Чад Республикасы | 769 |
Джибути Республикасы | 237 | Намибия Республикасы | 501 | Черногория | 773 |
Доминики Бірлестігі | 241 | Науру Республикасы | 505 | Чили Республикасы | 781 |
Доминикан Республикасы | 245 | Федеративті Демократиялық Непал Республикасы | 509 | Чехия Республикасы | 777 |
Басқалар | 829 | Нигер Республикасы | 513 | Швейцар Конфедерациясы | 785 |
Араб Республикасы Египет | 249 | Федеративті Нигерия Республикасы | 517 | Швеция Корольдігі | 789 |
Заир Республикасы | 253 | Нидерланды Корольдігі | 521 | Демократиялық Социалистік Республика Шри-Ланка | 793 |
Замбия Республикасы | 257 | Никарагуа Республикасы | 525 | Эквадор Республикасы | 797 |
Батыс Сахара | 261 | Жаңа Зеландия | 529 | Экваториальды Гвинея Республикасы | 801 |
Тәуелсіз Мемлекет Самоа | 265 | Норвегия Корольдігі | 537 | Эстон Республикасы | 805 |
Зимбабве Республикасы | 269 | БАЭ | 541 | Федеративті Эфиопия Демократиялық Республикасы | 809 |
Израиль Мемлекеті | 273 | Сұлтанат Оман | 545 | Оңтүстік-Африка Республикасы | 817 |
Индия Республикасы | 277 | Ислам Республикасы Пакистан | 549 | Ямайка | 821 |
Индонезия Республикасы | 281 | Палестина | 553 | Япония | 825 |
Шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының 3-қосымша |
Ұлттар сөздігі
Авар | 43 | Лезгин | 40 | |
Азербайджан | 23 | Литва | 18 | |
Ауған | 45 | Ливан | 60 | |
Ангол | 58 | Мари | 13 | |
Араб | 54 | Молдаван | 24 | |
Армян | 15 | Монғол | 57 | |
Ассири | 38 | Мордвин | 14 | |
Балкар | 34 | Неміс | 08 | |
Башкир | 35 | Перуан | 50 | |
Белорус | 09 | Поляк | 22 | |
Белудж | 49 | Пуштун | 48 | |
Бербер | 47 | Осетин | 20 | |
Болгар | 12 | Орыс | 01 | |
Вьетнам | 51 | Серб | 56 | |
Гвиней | 59 | Сирия | 53 | |
Грек | 37 | Тәжік | 10 | |
Грузин | 16 | Татар | 05 | |
Дұнған | 36 | Түркмен | 28 | |
Еврей | 03 | Түрік | 33 | |
Ингуш | 39 | Өзбек | 26 | |
Үндіс | 46 | Ұйгыр | 29 | |
Қазақ | 02 | Украин | 06 | |
Қалмақ | 41 | Финн | 21 | |
Қарақалпақ | 44 | Француз | 55 | |
Қырғыз | 27 | Цыган | 04 | |
Қытай | 30 | Чечен | 42 | |
Корей | 31 | Чуваш | 07 | |
Кубин | 52 | Эстон | 19 | |
Курд | 32 | Басқа ұлттар | 25 | |
Латыш | 17 |