Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 қыркүйекте № 9724 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 09.01.2023 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Елден тыс жерлерде жүрген қазақстандық азаматтарды қорғауды және оларға қамқорлық жасауды мемлекетке міндеттейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкі құрылсын.

      2. Бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамға карточка.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;

      2) мүдделі мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және қызметте пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
  Бас Прокурорының
  2014 жылғы 12 тамыздағы
  № 81 бұйрығына 1-қосымша

Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы автоматтандырылған деректер банкін (бұдан әрі – деректер банкі) жүргізуді айқындайды.

      2. Деректер банкі шетелдік мемлекеттердің аумақтарында қылмыс жасаған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын дұрыс есепке алуға арналған.

      3. Есепке алуды және қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Деректер банкін қалыптастыруды Комитет электрондық форматта, осы бұйрыққа Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамға карточканы (бұдан әрі – карточка) толтыру арқылы жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қазақстан Республикасының азаматын шетелдік мемлекеттердің аумақтарында қылмыстық жауаптылыққа тарту нәтижесінде соттау дерегі және Комитетке оған қатысты шетелдік мемлекет сотының заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмесін ұсыну есепке алу үшін негіз болып табылады.

      6. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшартында осы Нұсқаулықта көзделгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық келісімшарттың ережесі қолданылады.

2. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін толықтыру тәртібі

      7. Деректер банкін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ӘМ), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен (бұдан әрі – ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінен (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) алынған растау құжаттарының негізінде жүзеге асырылады:

      1) шетелдік мемлекет сотының заңды күшіне енген айыптау үкімінің (қаулысының) көшірмесі;

      2) "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі. Тұлғада Заңның 6 - бабының 1-тармақшасында көзделген жеке басты куәландыратын құжаттардың жоқтығы жағдайында оларды есепке алу үшін көші-қон полиция органдары ҚР азаматтығының болуын растаумен қатар 1974 жылғы үлгідегі төлқұжатты және 1-нысанды пайдалануға болады;

      3) Комитет бұрын мәліметтері жіберілген тұлғаларға қатысты үкімді өзгерту, босату, шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе өлімі туралы хабарламалар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының м.а. 01.08.2019 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Деректер банкінде мәліметтері бар азаматтың жазбаша өтінішінің негізінде түзету ақпаратын енгізуге жол беріледі. Түзету енгізу туралы өтініші Комитетке жіберіледі.

      Өтініште көрсетілген сауалнамалық деректер өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс. Тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін өзгерткен тұлғалар қазіргі және бұрынғы сауалнамалық деректерін көрсетеді.

      Түзету енгізу туралы өтінішке мыналар жалғанады: өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және сот тағайындаған жазаны өтеу немесе соттылықты алып тастау дерегін растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариус растаған, заңдастырылған, апостиль қойылған көшірмелері.

      Жіберілген құжаттың түпнұсқасын өтініш берушіге қайтару қажет болған жағдайда оны өтініште көрсету талап етіледі.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Бас Прокурорының м.а. 01.08.2019 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      9. Комитеттің қызметкері растау құжаттарын алғаннан кейін бес (5) жұмыс күнінің ішінде ақпаратты карточкаға толтырады және оның графикалық көшірмелерін енгізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген ҚР азаматтары туралы деректер сот үкіміне сәйкес, міндетті түрде үкімнің заңды күшіне енген күнін көрсете отырып толтырылады.

      Мәліметтерді сотталған жөніндегі хабарламадан енгізген кезде, тиісті шетелдегі мекемеге сот үкімінің көшірмесін ұсыну туралы сұрау жолдау қажет.

      11. Сауалнамалық деректер ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінің негізінде енгізіледі.

      ҚР азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, ол жөніндегі қажетті мәліметтер ҚР құқық қорғау және арнайы органдарының ақпарат алмасу жүйесі арқылы қалыптастырылған құжаттардың негізінде енгізіледі.

      12. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдардың елін және ұлтын көрсетуге арналған цифрлық кодтар осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы "Әлем мемлекеттерінің сөздігіне" және осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасындағы "Ұлттар сөздігіне" сәйкес келуі тиіс.

      13. Заңды күшіне енген айыптау үкімдерінің көшірмелерімен келіп түскен дактилоскопиялық карталар Комитеттің автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      14. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген адамдар туралы мәліметтер автоматтандырылған деректер банкінде тұрақты сақталады.

      15. Растау құжаттары мен оларды ұсыну жөніндегі хат-хабар жеке номенклатуралық іске тігіледі.

3. Есепке алу үшін растау құжаттарын ұсыну тәртібі

      16. Шетелдердегі мекемелер болу елдің құзыретті органдардан келіп түскен күнінен бастап 15 жұмыс күнінің ішінде растау құжаттарының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментіне (бұдан әрі - ҚР СІМ КҚД) жібереді.

      Растау құжаттарынның жолдау мерзімдерін есептеу кезде курьерлік жеткізу кезеңі есептелмейді.

      17. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелерден келіп түскен құжаттарды бес (5) жұмыс күнінің ішінде Комитетке жөнелтеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Шетелдердегі мекемелер Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, деректер банкін толықтыру үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Комитет ҚР СІМ КҚД арқылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесінен басқа тиісті шетелдегі мекемеден қосымша мәліметтерді сұратады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. ҚР СІМ КҚД шетелдердегі мекемелердің растау құжаттарын уақтылы ұсынуына бақылау жүргізеді.

      20. Шетелдердегі мекемелер жылына бір рет ҚР СІМ КҚД-ге тиісті консулдық округтің аумағында сотталған және жазасын өтеп жүрген ҚР азаматтарының тізімдерін жібереді.

      Есепке алу үшін мәліметтерді толық ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында, Комитет жылына 1 (бір) рет шетелдердегі мекемелер ҚР СІМ КҚД-ге ұсынған тізімдік деректерді және автоматтандырылған деректер банкінің мәліметтерін салыстырып тексереді.

      Салыстырып тексеру нәтижелері 2 (екі) данада құрылатын және ҚР СІМ КҚД мен Комитет басшылары қол қоятын акт ретінде ресімделеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Департамент, ҚР ӘМ және ҚР ІІМ құжаттардың келіп түскен күнінен 15 жұмыс күнінің ішінде Комитет ҚР халықаралық келісімшарттарымен көзделген тәртіпте алынған, заңды күшіне енген айыптау үкімдерінің көшірмелерін жөнелтеді.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының м.а. 02.07.2020 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Есепке алуға жүгіну тәртібі

      22. Деректер банкінің статистикалық мәліметтерін сұрату Комитетке өтініштің негізін көрсете отырып, тиісті сұрау жолдау арқылы жүргізіледі.

      23. Азаматтарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар және өзге органдар, ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар есепке алынған мәліметтерді Комитет пен оның аумақтық органдарының арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу және пайдалану саласындағы ақпараттық-анықтамалық қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес талап етеді.


  Қылмыстық жауаптылыққа
  тартылған және жазасын
  шетелде өтеп жүрген Қазақстан
  Республикасының азаматтары
  туралы деректер банкін жүргізу
  жөніндегі Нұсқаулығына
  1 қосымшасы


ӘЛЕМ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ СӨЗДІГІ

Австралия одағы

021

Иордан Хашимиттік Корольдігі

285

Панама Республикасы

Австрия Республикасы

025

Ирак Республикасы

289

Папуа Жаңа Гвинея Тәуелсіздік Мемлекеті

Әзірбайжан Республикасы

029

Иран Ислам Республикасы

293

Парагвай Республикасы

Албания Республикасы

033

Ирландия

297

Перу Республикасы

Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы

037

Исландия

301

Поляк Республикасы

Ангола Республикасы

041

Испания Корольдігі

305

Португалия Республикасы

Андора Княздігі

045

Италия Республикасы

309

Пуэрто-Рико Достастығы

Антигуа және Барбуда

049

Йемен Республикасы

313

Реюньон

Антил аралы

053

Кабо-Верде Республикасы

317

Ресей Федерациясы

Арнайы Әкімшілік аудан Аомынь (Макао)

057

Қазақстан Республикасы

321

Руанда Республикасы

Аргентина Республикасы

065

Камбоджа Корольдігі

325

Румыния

Армения Республикасы

061

Камерун Республикасы

329

С. Винсент және Гренадины

Ауғанстан Ислам Республикасы

069

Комор Аралдары

369

Сент-Китс және Невис Федерациясы

Багам Аралдары

073

Канада

333

Эль-Сальвадор Республикасы

Бангладеш Халық Республикасы

077

Катар Мемлекеті

337

Сан-Марино Республикасы

Барбадос

081

Кения Республикасы

341

Демократиялық Сан-Томе және Принсипи Республикасы

Бахрейн Корольдігі

085

Кипр Республикасы

345

Сауд Арабиясы Корольдігі

Беларусь Республикасы

089

Кирибати Республикасы

353

Свазиленд Корольдігі

Белиз

093

Кытай Халық Республикасы

349

Сейшель Аралдары Республикасы

Бельгия Корольдігі

097

ҚХДР

361

Сенегал Республикасы


Бенин Республикасы

101

Колумбия Республикасы

365

Сент-Люсия

Болгария Республикасы

105

Конго Демократиялық Республикасы

373

Сербия Республикасы

Боливия Көпұлттық Мемлекеті

109

Корея Республикасы

377

Сингапур Республикасы

Босния және Герцеговина

113

Коста-Рика Республикасы

381

Сирия Араб Республикасы

Ботсвана Республикасы

117

Кот-д-Ивуар Республикасы

385

Словения Республикасы

Бразилия Федерациялық Республикасы

121

Куба Республикасы

389

Соломон Аралдары

Бруней-Даруссалам Мемлекеті

125

Кувейт Мемлекеті

393

Сомали Федеративтік Республикасы

Буркина - Фасо

129

Кырғыз Республикасы

357

Судан Республикасы Республика

Бурунди Республикасы

133

Лаос Халық-Демократиялық Респу?бликасы

397

Суринам

Бутан Корольдігі

137

Латвия Республикасы

401

Америка Құрама Штаттары

Вануату Республикасы

141

Лесото Корольдігі

405

Сьерра-Леоне Республикасы

Ватикан

145

Либерия Республикасы

409

Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландии Біріккен Корольдігі

149

Ливан Республикасы

413

Тәжікстан Республикасы

Венгрия

153

Ливия Мемлекеті

417

Таиланд Корольдігі

Боливариандық Венесуэла Республикасы

157

Литовиялық Республикасы

421

Тайвань

Шығыс Тимор Демократиялық Республикасы

161

Лихтенштейн Княздігі

425

Танзания Біріккен Республикасы

Вьетна?м Социалистік Республикасы

165

Люксембург Ұлы Герцогтігі

429

Тоголез Республикасы

Габон Республикасы

169

Маврикий Республикасы

433

Тонга Корольдігі

Гаити

173

Мавритан Ислам Республикасы

437

Тринидад және Тобаго Республикасы

Гайана Кооперативтік Республикасы

177

Мадагаскар Республикасы

441

Тувалу

Гамбия Республикасы

181

Македония Республикасы

445

Тунис Республикасы

Гана Республикасы

185

Малави Республикасы

449

Түркіменстан

Гваделупа

189

Малайзия

453

Турік Республикасы

Гватемала Республикасы

193

Мали Республикасы

457

Уганда Республикасы

Гвиана

197

Мальдив

461

Өзбекстан Республикасы



Республикасы



Гвинея Республикасы

201

Мальта Республикасы

465

Украина

Гвинея - Бисау Республикасы

205

Марокко Корольдігі

469

Шығыс Уругвай Республикасы

Германия Федеративтік Республикасы

209

Мартиника

473

Фиджи Республикасы

Гибралтар

213

Мексика Құрама Штаттары

477

Филиппин Республикасы

Гондурас Республикасы

217

Мозамбик Республикасы

481

Финляндия Республикасы

Гренада

221

Молдова Республикасы

485

Француз Республикасы

Грек Республикасы

225

Монако Князьдігі

489

Хорват Республикасы

Грузия

229

Монғолия

493

Орталық Африка Республикасы

Дания Корольдігі

233

Мьянма Одағы Республикасы

497

Чад Республикасы

Джибути Республикасы

237

Намибия Республикасы

501

Черногория

Доминика Бірлестігі

241

Науру Республикасы

505

Чили Республикасы

Доминикан Республикасы

245

Непал Федеративтік Демократиялық Республикасы

509

Чех Республикасы

Басқа

829

Нигер Республикасы

513

Швейцария Конфедерациясы

Египет Араб Республикасы

249

Нигерия Федеративтік Республикасы

517

Швед Корольдігі

Заир Республикасы

253

Нидерланд Корольдігі

521

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы

Замбия Республикасы

257

Никарагуа Республикасы

525

Эквадор Республикасы

Батыс Сахара

261

Жаңа Зеландия

529

Экваториалдық Гвинея Республикасы

Самоа Тәуелсіздік Мемлекеті

265

Норвегия Корольдігі

537

Эстон Республикасы

Зимбабве Республикасы

269

БАЭ

541

Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы

Израиль Мемлекеті

273

Оман Сұлтандығы

545

Оңтүстік-Африка Республикасы

Үндістан Республикасы

277

Пәкістан Ислам Республикасы

549

Ямайка

Индонезия Республикасы

281

Палестина

553

Жапония








  Қылмыстық жауаптылыққа
  тартылған және жазасын
  шетелде өтеп жүрген Қазақстан
  Республикасының азаматтары
  туралы деректер банкін жүргізу
  жөніндегі Нұсқаулығына
  2 қосымшасы


Авар

43


Лезгин

40

Әзірбайжан

23


Литвалық

18

Ауған

45


Ливан

60

Анголалық

58


Мари

13

Араб

54


Молдаван

24

Армян

15


Монғол

57

Ассириялық

38


Мордва

14

Балқар

34


Неміс

08

Башқұрт

35


Перулік

50

Белорус

09


Поляк

22

Белудж

49


Пуштун

48

Берберлік

47


Осетин

20

Болгар

12


Орыс

01

Вьетнамдық

51


Серб

56

Гвинеялық

59


Сириялық

53

Грек

37


Тәжік

10

Грузин

16


Татар

05

Дүнген

36


Түркімен

28

Еврей

03


Түрік

33

Ингуш

39


Өзбек

26

Үндіс

46


Ұйғыр

29

Қазақ

02


Украин

06

Қалмақ

41


Фин

21

Қарақалпақ

44


Француз

55

Қырғыз

27


Цыган

04

Қытай

30


Шешен

42

Корей

31


Чуваш

07

Кубалық

52


Эстон

19

Курд

32


Басқа ұлттар

25

Латыш

17






  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығына 2-қосымша

      Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын

      шетелде өтеп жүрген адамға карточка

1.*Қылмыстық жауаптылыққа тартқан ел____________________________коды _________

(коды көрсетілген атауы)



2.* ТЕГІ

2.1* АТЫ

2.2 ӘКЕСІНІҢ АТЫ






3. Жынысы: еркек (1), әйел (2).

4.* Туған күні " ____" ____________19____ж.

5. Туылған жері: __________________________________________________

6. Ұлты (кодты көрсетумен):________________________________ коды _________

7. Жеке басын куәландыратын құжат: № ______________, _______ж. "____" _____________

төлқұжат (1), жеке куәлік (2), туу туралы куәлік (3), өзге (4), босатылуы туралы анықтама (5)

_______________________________________ _______ж. "____" _____________ берді

кім және қашан

8. ЖСН ______________________________________

9.*Қылмыстық заңнаманың баптары, қылмыстың сипаты __________________________________

(НҚА бабы және оның қылмыстық жауаптылыққа тартқан елдегі атауы)

___________________________________________________________________________________

10. Айып тағылған күн 20______ж. " _____ " __________________

11. Сотталды________________________________________________________________

(үкім шығарған сот органының толық аты)

12. Сот шешімі шығарылған күн 20______ж. " _____ " __________________

13. Қылмыстық заңнаманың бабтары

___________________________________________________

14. Бас бостандығынан айыру мерзімі __________________________________________________

15. Қосымша жаза ___________________________________________________________________

16. Үкім заңды күшіне енді 20______ж. " _____ " __________________

17. Жазалау мерзімін өтеудің басталған күні 20______ж. " _____ " __________________

18. Босатылу, қозғалыс туралы мәліметтер _______________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

19. Өзге белгілер _____________________________________

(растау құжаттарының, графикалық көшірмелердің болуы)

20. ҚСжАЕК қызметкері _____________________________________________________

21. Мәліметтерді енгізу күні 20______ж. " _____ " ______________________________

2.* ТЕГІ

2.1* АТЫ

2.2 ӘКЕСІНІҢ АТЫ




2.* ТЕГІ

2.1* АТЫ

2.2 ӘКЕСІНІҢ АТЫ













      Ескертпе:

      1. * толтырылуы міндетті деректемелердің белгісі.