БҰЙЫРАМЫН:
1. "Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10861 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық жастар форумын өткізу тәртібімен:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Ұйымдастыру комитетін мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) уәкілетті органның, орталық атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Ұйымдастыру комитеттің құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және оннан астам адамды қамтиды.
Ұйымдастыру комитетін төраға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы ұйымдастыру комитетінің құрамына кіреді.
Ұйымдастыру комитеті Форумды өткізу мерзімі уақытына қалыптастырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы |
Д. Кадиров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі