Республикалық жастар форумын өткізу тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 233 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10861 тіркелді.

      "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 06.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған республикалық жастар форумын өткізу тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаменті (Р.С. Кәрібжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 23 сәуірдегі
№ 233 бұйрығымен бекітілген

Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық жастар форумын өткізу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 06.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Республикалық жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жалпыұлттық деңгейде мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылды қалыптастыру мақсатында өткізілетін өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің форумы.

      3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Тәртіпті басшылыққа алады.

2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары

      4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылының жалпыұлттық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

      5. Форумның негізгі міндеттері:

      1) мемлекеттік органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша шешім қабылдауға жастардың қатысуына мүмкіндік беру;

      3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

      6. Форумның негізгі функцияларына:

      1) "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын талқылау;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша есептерін тыңдау;

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.

3. Форумды өткізу тәртібі

      7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

      Ұйымдастыру комитетін мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) уәкілетті органның, орталық атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының өкілдерінен қалыптастырылады.

      Ұйымдастыру комитеттің құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      Ұйымдастыру комитеті мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды және оннан астам адамды қамтиды.

      Ұйымдастыру комитетін төраға, ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Ұйымдастыру комитетінің төрағасы ұйымдастыру комитетінің құрамына кіреді.

      Ұйымдастыру комитеті Форумды өткізу мерзімі уақытына қалыптастырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 06.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Форум екі жылда кемінде бір рет шақырылады.

      9. Форумда шешімдер қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.

      10. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен облыстарда, республикалық маңыздағы қалада және астанада өңірлік форумдарда жүргізіледі.

      11. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін жастар ұйымдарын Форум делегаттарының жалпы санының 10 пайыздан аспайтын көлемінде қосымша шақыра алады.

4. Қорытынды ережелер

      16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.

      17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен ресімделеді.