2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27606 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564
қаулысына 1-қосымша

2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия соммасы, теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидиялар көлемі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

3 373

33 730 000

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:

2.1.

Отандық

сатып алынған бас

150 000

500

75 000 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

3.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

3.1.

Отандық

сатып алынған бас

200 000

500

100 000 000

3.2.

Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған

сатып алынған бас

400 000

250

100 000 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

4.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

435 526

26 131 560

Қой шаруашылығы

5.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

5.1.

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылысумаусымы

4 000

3 500

14 000 000

5.2.

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

13 000

32 500 000

Шошқа шаруашылығы

6.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылысу маусымы

40 000

740

29 600 000

Барлығы




410 961 560

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

7.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

200

444 250

88 850 000

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

8.

Сүт өндіру құнынарзандату: 

8.1.

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

20

6 392 622

127 852 440

8.2.

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

3 400 000

68 000 000

Етті құсшаруашылығы

9.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

9.1.

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

50

2 500 000

125 000 000

Барлығы




409 702 440

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген субсидиялар көлемдері

10.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

Балара ұясы/маусым

5 000

8 336

41 680 000

Ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

11.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1 500

52 500 000

11.1.

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

50 000

700

35 000 000

11.2.

Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды аналық бас

70 000

250

17 500 000

12.

Қойлардың аналық басы

8 000

11 015

88 120 000

13.

Жылқының аналық басы

30 000

451

13 530 000

14.

Шошқалардың аналық басы

7 000

397

2 779 000

Барлығы




251 109 000


  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564
қаулысына 2-қосымша

2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы (Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған)

бас

70 000

1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;
2) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы;
3) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін

2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы.

3

Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы;

4

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;

5

Қойлардың аналық басы

бас

8 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;

6

Жылқылардың аналық басы

бас

30 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы;

7

Шошқалардың аналық басы

бас

7 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы.

      Ескертпе:

      Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.

      Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.