2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 сәуірде № 27606 болып тіркелді. Мерзiмi өткендiктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

      3. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564
қаулысына 1-қосымша

2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттырудың субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 27.12.2022 № 2589 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия соммасы, теңге

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

1 808

18 080 000

2.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

150 000

26

3 900 000

3.

Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

200

65 797

13 159 400

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

4.

Сүт өндіру құнынарзандату: 





4.1.

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген немесе өңделген килограмм

20

5 394 866

107 897 320

4.2.

Ауыл шаруашылығы кооперативі

20

13 117 904

262 358 080

Қой шаруашылығы

5.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

5.1.

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/ шағылысу маусымы

4 000

1 100

4 400 000

5.2.

Қойлардың тауарлық аналық басы

2 500

9 752

24 380 000

6.

Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

15 000

114

1 710 000


Шошқа шаруашылығы

7.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылысу маусымы

40 000

497

19 880 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

8.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

60

369 770

22 186 200

9.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

3

83 662 000

250 986 000

Етті құсшаруашылығы

10.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

10.1.

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

50

880 000

44 000 000

Барлығы




772 937 000

Жергілікті бюджет есебінен бөлінген субсидиялар көлемдері

11.

Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

5 000

8 335

41 675 000

Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

12.

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1370

47 950 000

12.1.

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

50 000

785

39 250 000

12.2.

Ірі қара малдың сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды аналық басы

70 000

260

18 200 000

13.

Қойлардың аналық басы

8 000

15 581

124 648 000

14.

Жылқының аналық басы

30 000

789

23 670 000

15.

Шошқалардың аналық басы

7 000

813

5 691 000

Барлығы




 301 084 000


  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 8 сәуірдегі № 564
қаулысына 2-қосымша

2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 27.12.2022 № 2589 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге

Өлшемшарттары

Өтінім беру мерзімі

1

Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

70 000

1) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы
2) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 100 бастан кем емес болуы
3) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу;
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанына дейін

2

Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық және етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

бас

50 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы
2) тасымалданатын сауу қондырғыларын қоса алғанда, машина саууға арналған жабдығы, сиырларды күтіп-бағуға арналған қора-жай; тасымалды сауу қондырғысын қоса алғанда, машинамен сауу
ветеринариялық препараттарды сақтау орны, малға арналған бекіткіші бар тауарлық сүт фермасына берген арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы (бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылықтар үшін)
3) аналық баста тиісті тұқым жөніндегі республикалық палата берген асыл тұқымды мал мәртебесінің болуы (етті, етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы үшін)

3

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас

35 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 18 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы

4

Қойлардың аналық басы

бас

8 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы

5

Жылқылардың аналық басы

бас

30 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 36 айдан асқан) меншікті аналық басының 15 бастан кем емес болуы

6

Шошқалардың аналық басы

бас

7 000

1) өтінім берген сәтте (жасы 12 айдан асқан) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы

      Ескертпе:

      Жануарларды күнтізбелік жыл ішінде сатып алған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар сомасының есебі жануарларды ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркеген сәттен бастап жүзеге асырылады.

      Өтінімді берген сәтте селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда мал басын тіркеудің болуы және деректердің сәйкестігі.