"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 311 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31223 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 болып бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15596 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісінде:

      Ескертпенің 4-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің шифрлары:

      00 – ведомства (Комитет);

      01 – Астана қаласы;

      02 – Алматы қаласы;

      03 – Шымкент қаласы;

      04 – Абай облысы;

      05 – Алматы облысы;

      06 – Ақмола облысы;

      07 – Ақтөбе облысы;

      08 – Атырау облысы;

      09 – Батыс Қазақстан облысы;

      10 – Жамбыл облысы;

      11 – Жетісу облысы;

      12 – Карағанды облысы;

      13 – Қостанай облысы;

      14 – Қызылорда облысы;

      15 – Маңғыстау облысы;

      16 – Павлодар облысы;

      17 – Солтүстік Қазақстан облысы;

      18 – Түркістан облысы;

      19 – Ұлытау облысы;

      20 – Шығыс Қазақстан облысы".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин