1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің, омырауға тағатын белгісінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбирінің үлгілерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 506 болып бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15596 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың қызметтік куәлігінің үлгісінде:
Ескертпенің 4-тармағының алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ведомствоның және оның аумақтық бөлімшелерінің шифрлары:
00 – ведомства (Комитет);
01 – Астана қаласы;
02 – Алматы қаласы;
03 – Шымкент қаласы;
04 – Абай облысы;
05 – Алматы облысы;
06 – Ақмола облысы;
07 – Ақтөбе облысы;
08 – Атырау облысы;
09 – Батыс Қазақстан облысы;
10 – Жамбыл облысы;
11 – Жетісу облысы;
12 – Карағанды облысы;
13 – Қостанай облысы;
14 – Қызылорда облысы;
15 – Маңғыстау облысы;
16 – Павлодар облысы;
17 – Солтүстік Қазақстан облысы;
18 – Түркістан облысы;
19 – Ұлытау облысы;
20 – Шығыс Қазақстан облысы".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |