"Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 30996 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалау қызметі туралы заң) сәйкес айқындалады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:

      Г = D*(1 + r/p + r/12) (4),

      мұнда:

      Г – мемлекеттік кепілдіктер құны;

      D – мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі қарыз сомасы;

      r – қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1% (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + 1% (ұлттық валютадағы қарыздар үшін) мөлшерлемесі ретінде айқындалады;

      p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.".

      2. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі