"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 желтоқсанда № 30965 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік баспанасын жалға алу шартын жасасу және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 1141 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.06.2025 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері;

      2) көрсетілетін қызметті алушы –әскери қызметшілері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің азаматтық персонал адамдары (қызметкерлері) және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен байланысы жоқ адамдар;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы айқындаған лауазымды адам;

      4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметке қол жеткізудің "бірыңғай терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау не Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзарту үшін портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған баянатпен (өтінішпен) өтініш жасайды.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген мәліметтер Қағидаларға 3-қосымшада (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі – құжаттар) Тізбенің 9-тармағында айқындалған.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге баянаттың (өтініштің) қабылданғаны туралы белгі жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші баянатты (өтінішті) қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметімен және тұрғын үй бөлімшесімен келіседі.

      6. Құжаттарды қарау және қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын беру мерзімі баянат (өтініш) қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Тізбенің 6-тармағында айқындалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау немесе ұзарту не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген немесе өзгертілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      10. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғынжайын жалға алу шартын
жасау және ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат (өтініш) берілген күн"

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі _____
аудандық пайдалану бөлімінің
бастығына
(атауы)______________________
__________________________
(әскери қызметшіден, азаматтық
персоналдан немесе Қазақстан
Республикасының Қарулы
Күштерімен байланысы жоқ
адамнан)
____________________________
  (көрсетілетін қызметті
алушының әскери атағы (бар
болса), тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің немесе
әскери бөлімнің атауы (бар
болса) мынадай мекенжай
бойынша тұратын:
____________________________

Баянат (Өтініш)

      Сізден ______________________ гарнизоны көрсетілетін қызметті берушінің

      (атауы)

      _________ №________ шешіміне сәйкес менімен және менің отбасымның мүшелерімен

      _________________

      (күні) (нөмірі)

      мекенжайы бойынша________________________________________________________

      (мекенжай атауы) (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада)

      орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасауыңызды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кейіннен қызметтік тұрғынжайды босатқанға немесе оны жекешелендіргенге дейін дербес деректерді өзектілендіріп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, "Азаматтық хал актісін тіркеу", "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры", "Қазтізілім", "Мемлекеттік мүлік тізілімі", "Мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.



  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғынжайын жалға алу
шартын жасау және ұзарту"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат (өтініш) берілген күн"

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі _____
аудандық пайдалану бөлімінің
бастығына
(атауы)______________________
__________________________
(әскери қызметшіден, азаматтық
персоналдан немесе
Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерімен байланысы
жоқ адамнан)
____________________________
_________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының әскери атағы (бар
болса), тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
__________________________
(мемлекеттік мекеменің немесе
әскери бөлімнің атауы
(бар болса) мынадай мекенжай
бойынша тұратын:
____________________________
__________________________

Баянат (Өтініш)

      Сізден маған және менің отбасымның мүшелеріне _____________________________ (мекенжай атауы) мекенжайы бойынша___________________________ орналасқан қызметтік тұрғынжайды жалға алу (ашық/жабық (оқшауланған) әскери қалашықта немесе жатақханада) шартын ұзартуыңызды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кейіннен қызметтік тұрғынжайды босатқанға немесе оны жекешелендіргенге дейін дербес деректерді өзектілендіріп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, "Азаматтық хал актісін тіркеу", "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры", "Қазтізілім", "Мемлекеттік мүлік тізілімі", "Мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.



  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғынжайын жалға алу шартын
жасау және ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту"

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

1) Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартты (бұдан әрі – Шарт) немесе Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтаманы портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды 12 айға жалға алу шартын жасау болып табылады;
2) Шарт талаптарына сәйкес жасалған қосымша келісімді немесе Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтаманы портал арқылы беру қызметтік тұрғынжайды 12 айға жалға алу шартын ұзарту болып табылады

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасаған кезде баянаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

1. Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасау үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш) және мынадай құжаттар беріледі:
1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі, персоналмен жұмыс бөлімшесі) берген қызмет (жұмыс) орнынан отбасының құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі (әскери қызметтен шығарылған адамға көрсетілген анықтамаларды қорғаныс істері бөлімшесі немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы береді) (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
2) қызметтік тізімінің (әскери бөлім мен лауазымын көрсетпей, қызмет өткерген елді мекенді көрсетумен) не еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
3) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат (өтініш) тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда).
2. Қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзарту үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат (өтініш) және мынадай құжаттар беріледі:
1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі, персоналмен жұмыс бөлімшесі) берген қызмет (жұмыс) орнынан отбасының құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы анықтамалардың электрондық көшірмесі (әскери қызметтен шығарылған адамға көрсетілген анықтамаларды қорғаныс істері бөлімшесі немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы береді) (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
2) қызметтік тізімінің (әскери бөлім мен лауазымын көрсетпей, қызмет өткерген елді мекенді көрсетумен) не еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
3) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат (өтініш) тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтамасының электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
4) коммуналдық көрсетілетін қызмет бойынша қарыздың болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда).
Жеке басын куәландыратын құжат, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәлік, (Қазақстан Республикасы бойынша) жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді, мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шартының тізілімінен жалдаушы бойынша ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.

4) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі

5) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғынжайын жалға алу шартын
жасау және ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)



________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын жасаудан бас тарту туралы анықтама

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)

      басшылыққа алып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

      ____________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғынжайын жалға алу шартын
жасау және ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)



________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартын ұзартудан бас тарту туралы анықтама

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздерді көрсету)

      басшылыққа алып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады

      ____________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне

      сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.