Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30721 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
А. Аймагамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2022 жылғы "___" ____


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      2022 жылғы "___" ____

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 473 бұйрығымен
бекітілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

Р/с № Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе

1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 500 бұйрық) бекітілген оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 348 бұйрық) бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


2

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар педагогтердің болуы. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан үлесі шағын комплектілі мектептер үшін кемінде 20 %; жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 25 %; гимназиялар үшін кемінде 30 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


2-1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы" 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13070 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) бекітілген және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) (бұдан әрі – 216 бұйрық) бекітілген оқулықтарға сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы.

Оқу және көркем әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша

Шағын комплектілі мектептер жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады.

3

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Білім беру ұйымдарының білім алушылары және тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15131 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 141 бұйрық) сәйкес медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. Шағын комплектілі мектептер үшін медициналық пункті болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 тамызда № 23890 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-76 бұйрығы) сәйкес денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

4

№ ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға ғимараттарда (оқу корпустарында) арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Көрсетілетін қызметті беруші шарттар туралы мәліметтерді "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінде болған жағдайда тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

5

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № ҚР ДСМ-76-бұйрыққа сәйкес бекітілген санитариялық ережелерге және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрықпен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері.
Әрбір ғимаратқа (оқу корпусы) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.


6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 70 бұйрық) бекітілген нормаларына сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы;
- № 348 бұйрыққа және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – 385 бұйрық) бекітілген Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес оқу кабинеттерімен, спорт залдарымен жабдықталуы;
- edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
- № 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
- № 385 бұйрықпен бекітілген жеке пайдалану үшін жабдықталған шкафтардың болуы;
- № ҚР ДСМ-76-бұйрықпен бекітілген ауыз су бұрқақтарының болуы;
– ғимаратта № ҚР ДСМ-76-бұйрыққа сәйкес санитариялық нормаларға сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қолжуғыш раковиналар) болуы. Мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтауға стандарттарды және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 32 және Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрықтарымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18239 болып тіркелген) бекітілген бірлескен бұйрыққа (бұдан әрі – № 32 және № 49 бұйрықтар) сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Компьютерлік сыныптармен, оқу кабинеттерімен жарақтандырылуы туралы біліктілік талаптары аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы edu.kz, іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Шағын жинақталған мектептерінде бейімделген спорт залының болуына жол беріледі; талданбаған жерлерде жылы санитариялық тораптарды (75 адамға 1) және құймалы қол жуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол беріледі.
Жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың саны болжамды қабылдау бойынша, жұмыс істеп тұрған білім беру ұйымдарында контингенті бойынша айқындалады

6-1

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының кемінде үш жылда бір рет, кемінде 36 сағатты құрайтын біліктілігінің артуын қамтамасыз ету.

Педагогтер мен басшы кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін үш
жыл ішінде еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

7

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы"
2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8369 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 570 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ҰББД) сәйкестігі.

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


7-1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26513 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 6 бұйрық) бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу).

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Шағын комплектілі мектептер үшін бұл талап осы санаттағы адамдар (балалар) болған жағдайда қолданылады.

2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

8

2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрықпен бекітілген оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 348 бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


9

Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі шағын комплектілі мектептер үшін кемінде 25 %; жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін емінде 35 %; лицей үшін 40 %-дан кем емес, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30 %-дан кем емес; гимназиялар үшін кемінде 40 %, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45 %, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


9-1

№ 44 бұйрықпен бекітілген нормаларға және № 216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.

Оқу және көркем әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Шағын комплектілі мектептер жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады.

10

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. медициналық қызметке лицензияның немесе № 141 бұйрыққа сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. Шағын комплектілі мектептер үшін медициналық пункті болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

11

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе № ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

12

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № ҚР ДСМ-76 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері. Әрбір ғимаратқа (оқу корпусы) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі.
Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.


13

№ 70 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, Интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы; - № 348 және № 385 бұйрықтарға сәйкес пәндік кабинеттермен, зертханалармен, спорт залдарымен жабдықталуы;
- шағын жинақты мектептер үшін-физика, химия, биология пәндері бойынша оқу-зертханалық жабдықтардың болуы;
- edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; - № 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
- № ҚР ДСМ-76-бұйрықпен бекітілген ауыз су бұрқақтарының болуы;
– ғимаратта № ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болуы.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін № 32 және № 49 бұйрықтарға сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Компьютерлік сыныптармен, оқу кабинеттерімен жарақтандырылуы туралы біліктілік талаптары аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы edu. kz, іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Шағын жинақталған мектептерінде бейімделген спорт залының болуына жол беріледі; талданбаған жерлерде жылы санитариялық тораптарды (75 адамға 1) және құймалы қол жуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол беріледі.

13-1

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша үш жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз ету.

Педагогтер мен басшы кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін үш жыл ішінде еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

14

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰББД-на сәйкестігі.

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

14-1

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу).

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Шағын комплектілі мектептер үшін бұл талап осы санаттағы адамдар (балалар) болған жағдайда қолданылады.

3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

15

2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрықпен бекітілген оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 348 бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері.


16

Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі шағын комплектілі мектептер үшін кемінде 25 %; жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 35 %; лицей үшін 40 %-дан кем емес, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі 30 %-дан кем емес; гимназиялар үшін кемінде 40 %, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30 %; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45 %, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


16-1

№ 44 бұйрықпен бекітілген нормаларға және № 216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.

Оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Шағын комплектілі мектептер жеке кітапхана қоры болмаған жағдайда шарт/акт бойынша өзге білім беру ұйымы пайдалануға берген оқу және көркем әдебиетті пайдаланады.

17

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның немесе № 141 бұйрыққа сәйкес балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен Медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі. Шағын комплектілі мектептер үшін медициналық пункті болмаған жағдайда медициналық қызмет көрсетуді алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген Санитариялық қағидаларға сәйкес денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

18

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе № ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес бекітілген білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде ғимараттарда (оқу корпустарында) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі.

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

19

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № ҚР ДСМ-76 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері. Әрбір ғимаратқа (оқу корпусы) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.


20

№ 70 бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы;
- № 348 және № 385 бұйрықтарға сәйкес пәндік кабинеттермен, зертханалармен, спорт залдарымен жабдықталуы;
- шағын комплектілі мектептер үшін-физика, химия, биология пәндері бойынша оқу-зертханалық жабдықтардың болуы;
- edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы;
- № 70 бұйрықпен бекітілген жабдықтар мен жиһаздардың болуы;
- № ҚР ДСМ-76-бұйрықпен бекітілген ауыз су бұрқақтарының болуы;
– ғимаратта № ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болуы.
Мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін № 32 және № 49 бұйрықтарға сәйкес білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Компьютерлік сыныптармен, оқу кабинеттерімен жарақтандырылуы туралы біліктілік талаптары аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы edu. kz, іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Шағын жинақталған мектептерінде бейімделген спорт залының болуына жол беріледі; талданбаған жерлерде жылы санитариялық тораптарды (75 адамға 1) және құймалы қол жуғыштарды (30 адамға 1) орнатуға жол беріледі.

20-1

Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша үш жыл ішінде кемінде 72 сағат көлемінде педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының біліктілігін арттыруды кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз ету.

Педагогтер мен басшы кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілігін арттыру оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқыту әдістемесі бойынша жүргізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналастырылғаннан кейін үш
жыл ішінде еңбек қызметін жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

21

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰББД-на сәйкестігі.

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

21-1

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу).

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.
Шағын комплектілі мектептер үшін бұл талап осы санаттағы адамдар (балалар) болған жағдайда қолданылады.

4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

22

Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі; медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 2-тармағына сәйкес Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. Білім беру саласында мамандар даярлау үшін: - дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, № 348 бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып үлгілік оқу жоспарларына (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беру және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы.

№ 348 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса) білім беру ұйымының басшысы бекіткен және білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының көшірмелері. Толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының көшірмелері және Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының көшірмесі.

Оқу жоспарының № 348 бұйрықпен бекітілген және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриатты эксперимент режимінде енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 305 (бұдан әрі – 305) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы"
2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 139 бұйрық) бұйрықтарымен бекітілген эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға мәлімделген жағдайлар бойынша, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды.

23

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) (бұдан әрі - 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде денсаулық сақтау саласындағы 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі

Біліктілік талаптар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында қолданылмайды

24

Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждердің дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша білім алушыларды қабылдауды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыруы.


Мамандықтардың сирек біліктіліктерінің болуына байланысты талаптардың әлсіреуі, мысалы: "қазақ халық аспаптарын дайындау шебері" біліктілігі бойынша оқуға қабылдау үш жылда бір рет жүзеге асырылады.

25

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне және (немесе) модульдеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне және (немесе) модульдеріне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы үш жылда кемінде 36 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша жұмыс біліктілігтерін қоспағанда педагогтердің жалпы санынан кемінде 70 %, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі – кемінде 10 %. Жұмысшы біліктіліктерді дайындау үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері бойынша педагогтердің жалпы санынан дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %; даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

26

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың мамандық біліктіліктері бойынша дайындалатын педагогтер санынан үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын – кемінде 30%. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын мамандықтың даярланатын біліктіліктері бойынша педагогтер санынан соңғы үш жылда көлемі кемінде 36 сағат болатын ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жоғары білімі бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бейіндік пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе дін саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде бес жыл, дін саласындағы семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша педагогтер санынан кемінде 50 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

27

№ 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.


28

Медициналық қызметке арналған лицензия негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

29

№ ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес санитариялық талаптарға сәйкес келетін білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

30

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларының болуы. Кодекстің 24-бабына сәйкес білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратқа жалдау шартының көшірмелері. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі.

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

31

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің "Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 66 бұйрық) сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару немесе жалға алу құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің, және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санынан кемінде 30 %.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақ үйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың көшірмелері; жатақхананың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

32

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу).

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

33

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің " Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 7 наурыздағы № 97 бұйрығымен (бұдан әрі – № 97 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7574 болып тіркелген) нормаларға сәйкес келетін, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай–ақ Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығымен (бұдан әрі – № 423 бұйрық) бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11644 болып тіркелген) нормативтерге сәйкес симуляциялық кабинеттермен (орталықтармен) жарақтандыру.
Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу – материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі - ЖЖОКББҰ) меморандумдардың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін ЖЖОКББҰ-мен бұйрықтар мен меморандумдар көшірмелерінің болуы.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары қылмыстық-атқару(пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

34

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының кемінде үш жылда бір рет, кемінде 36 сағатты құрайтын біліктілігінің артуын қамтамасыз ету.

Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндер/Модульдер бейіндері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек қызметін үш жылдан кем жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

35

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰББД-на сәйкестігі. Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды

36

Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін жоғары оқу орындарымен бұйрықтардың және меморандумдардың көшірмелері.

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

37

Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 75 %-дан кем емес болуы.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі.

Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

38

Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 348 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. Білім беру саласында мамандар даярлау үшін: - дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 348 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, салалық біліктілік шеңберіне, "Педагог" кәсіби стандартына, № 348 бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып (қазақ және орыс тілдерінде) үлгілік оқу жоспарларына (бар болса) сәйкестігі. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беру және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламаларының болуы.

№ 348 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса) білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарының көшірмелері. Толық оқу кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдеріндегі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының көшірмелері және Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қорытынды хатының көшірмесі.

Оқу жоспарының № 348 бұйрықпен бекітілген бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және (немесе) Кодекстің 221 бабының 2 тармағына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген шарттар бойынша № 305 және № 139 бұйрықтармен бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін бағдарламаларға қолданылмайды.

39

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90 %-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі


40

Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждердің дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша білім алушыларды қабылдауды үш жылда кемінде бір рет жүзеге асыруы.


Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарымен лицензия алу кезінде қолданылмайды

41

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне және (немесе) модульдеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне және (немесе) модульдеріне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы үш жылда кемінде 36 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық біліктілігі бойынша жұмыс біліктілігтерін қоспағанда педагогтердің жалпы санынан кемінде 70 %, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі – кемінде 10 %. Жұмысшы біліктіліктерді дайындау үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері бойынша педагогтердің жалпы санынан дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтердің үлесі – кемінде 50 %. Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %; даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

42

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың мамандық біліктіліктері бойынша дайындалатын педагогтер санынан үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын – кемінде 40 %. Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын мамандықтың даярланатын біліктіліктері бойынша педагогтер санынан соңғы үш жылда көлемі кемінде 36 сағат болатын ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жоғары білімі бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бейіндік пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе дін саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде бес жыл, дін саласындағы семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша педагогтер санынан кемінде 50%
Даярланатын мамандық біліктіліктері бойынша педагогтердің жалпы санынан магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

43

№ 348 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорының дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.


44

Медициналық қызметке арналған лицензия негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқу корпустарын ішкі өткелдермен қосқан жағдайда бір медициналық пункттің болуына жол беріледі.
Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды

45

№ ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес санитариялық тәртіпке сәйкес келетін ғимараттарда (оқк окрпустарында) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

46

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 55 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларының болуы. Кодекстің 24-бабына сәйкес білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның болуы.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмелері. Әрбір объектіге (оқу корпусы), жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі.
Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдары үшін – № 55 бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдарды тағайындау туралы бұйрықтың, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықтың көшірмелері, эвакуациялау жоспары, бастапқы өрт сөндіру құралдарының қажетті ең аз көлемі. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі.

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

47

№ 66 бұйрыққа сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімгерлік басқару құқығында немесе жалдау құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің және/немесе қонақ үйлердің болуы – мұқтаждар санының кемінде 30 %.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). Жатақхананың және/немесе хостелдің және/немесе қонақ үйдің болуын растайтын толық оқу кезеңіне жеке немесе шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі студенттерді орналастыруға арналған құжаттардың көшірмелері; жатақхананың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы.

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

48

№ 6 бұйрықпен бекітілген ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жағдайлар жасау (пандус, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу).

Ғимараттарда (оқу корпустарында) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдай туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

49

Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 97 бұйрықпен бекітілген нормаларға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталуы. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін № 423 бұйрықпен бекітілген нормативтерге сәйкес симуляциялық кабинеттермен (орталықтармен) жабдықталуы.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын бірлесіп пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы жоғары ЖЖОКББҰ ұйымдарымен меморандумдардың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін ЖЖОКББҰ-мен бұйрықтар мен меморандумдар көшірмелерінің болуы.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

50

"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына және "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогтердің және білім беру ұйымдарының басшы кадрларының кемінде үш жылда бір рет, кемінде 36 сағатты құрайтын біліктілігінің артуын қамтамасыз ету.

Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес және оқытылатын пәндер/модульдер бейіндері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. Біліктілік талаптары жұмысқа орналасқаннан кейін еңбек қызметін үш жылдан кем жүзеге асыратын педагогтерге қолданылмайды.

51

№ 570 бұйрықпен бекітілген білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарына сәйкес контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ҰББД-на сәйкестігі. Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

52

Азаматтық заңнамаға сәйкес толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

53

Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 75 %-дан кем емес.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі.

Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды

6. Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін

54.

Жалпы білім беретін және діни пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының болуы.

Білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының көшірмелері.


55.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша -жоғары білімі; бейінді пәндер бойынша - жоғары діни білімі және/немесе діни қызметте жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, семинарияны немесе медресені бітірген оқытушылардың болуы.

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


56.

Білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына берген дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі.


57.

Медициналық қызметке арналған лицензия негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


58.

№ ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес саниятариялы тәртіпке сәйкес келетін ғимараттарда (оқу корпустарында) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тамақтандыру объектісі бойынша қорытындыларының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


59.

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы.

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.


60.

Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы. Edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


61.

Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сараптама қорытындысының болуы.

Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының көшірмесі.


      Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде пайдаланылатын қысқартулар мен белгілер:

      1) "Е-Лицензиялау" МДҚ АЖ – лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған лицензиаттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      2) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзекті етуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйе.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
1-қосымша
Нысан

Педагог және оқытушы кадрлармен, тәлімгерлермен жасақталуы туралы мәліметтер ________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (____________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, Оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы)

Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, жұмыс өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет*

Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (жеке медициналық кітапшаның болуы)*

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)*

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет

Оқытатын пәні

10

11

12

13

14

15

16

17









      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен

      кейінгі білім беру ұйымдары үшін.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
2-қосымша
Нысан

Оқу. көркем және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер ________________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі

Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы)

Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)

Оқу-әдістемелік, көркем, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)*

Саны кемінде 1 дана

1

2

3

4

5

6







Барлығы:

      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
3-қосымша
Нысан

Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер ______________________________________________________________ (білім беру/денсаулық сақтау ұйымыныңатауы) (________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Ескертпе

1

2

3




      * Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________.

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
4- қосымша
Нысан

Санитариялық қағидаларға мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер _________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидаларға мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы ________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
5-қосымша
Нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер _________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет

Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу), тұру үшін жағдай жасау.

Жалпы алаңы (м2)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе: *жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық

      сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан

      деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
6-қосымша
Нысан

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер

Атауы мен ауданы көрсетіл ген аудиториялар, пән кабинет тері*

Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары*

Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2)

Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі

Мәжіліс залы, спорт залы (м2), кітапхана

Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар

Онлайн-оқыту бойынша жабдықтардың болуы туралы мәліметтер

Контингент туралы өзекті деректер базасымен білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, аймақтағы үшінші деңгейлі домендік атау edu. kz туралы мәліметтер.
Интернеттің болуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Білім беру ұйымының басшысы ______________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін

      сұратылып отырған мамандық бойынша ақпарат ұсынылады.

      * Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақты

      мектептерге қолданылмайды.

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
7-қосымша
Нысан

Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер _____________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Р/с №

Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні

Атауы, жасалған жылы

Авторлары

Халықаралық, ұлттық дерекқорларға жазылу туралы мәлімет

Сілтемелер

1

2

3

4

5

6







      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарына және
оларға сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
8-қосымша
Нысан

Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны және жұмыс өтілі

Аяқталу нысаны

1

2

3

4

5

6

7








      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)