ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
1) атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
4) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
6) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (училищелер, колледждер) студенттеріне төленетін стипендия, оның ішінде мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан білім алушыларға студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;
13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;
14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;
15) қайырымдылық көмек;
16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:
дәрілік препараттар;
санаторлық-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектігі бар адамдарға бөлінген арнаулы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге берілетін материалдық көмек;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмек;
20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер;
21) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;
22) "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;
23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер;
26) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26793 болып тіркелген) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй төлемдері.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды;
4) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана | Ауданы, қаласы |
1 | 2 |
1. Дала аймағы | |
Солтүстік Қазақстан облысы |
1. Айыртау ауданы |
Ақмола облысы |
1. Біржан сал ауданы |
Қостанай облысы |
1. Қарабалық ауданы |
Павлодар облысы |
1. Ертіс ауданы |
2. Қуаң дала аймағы | |
Батыс Қазақстан облысы |
1. Ақжайық ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Қобда ауданы |
Қостанай облысы |
1. Қамысты ауданы |
Ақмола облысы |
1. Есіл ауданы |
Нұр-Сұлтан қаласы | 1. Нұр-Сұлтан қаласы |
Қарағанды облысы |
1. Нұра ауданы |
Павлодар облысы |
1. Ақтоғай ауданы |
Абай облысы |
1. Бесқарағай ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы | 1. Алтай ауданы |
3. Шөлейтті аймақ | |
Алматы облысы | 1. Қонаев қаласы |
Батыс Қазақстан облысы |
1. Бөкөйордасы ауданы |
Қостанай облысы |
1. Амангелді ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Ойыл ауданы |
Қарағанды облысы |
1. Шет ауданы |
Ұлытау облысы |
1. Жаңаарқа ауданы |
|
1. Абай ауданы |
4. Шөлді аймақ | |
Атырау облысы |
1. Жылыой ауданы |
Қызылорда облысы |
1. Арал ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Байғанин ауданы |
Маңғыстау облысы |
1. Бейнеу ауданы |
Түркістан облысы |
1. Созақ ауданы |
Жамбыл облысы |
1. Сарысу ауданы |
Алматы облысы | 1. Балқаш ауданы |
5. Тау eтeгі-шөлді-далалық аймақ | |
Алматы облысы |
1. Еңбекшіқазақ ауданы |
Жетісу облысы |
1. Ақсу ауданы |
Алматы қаласы | 1. Алматы қаласы |
Жамбыл облысы |
1. Байзақ ауданы |
Түркістан облысы |
1. Арыс ауданы |
Абай облысы | 1. Үржар ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы | 1. Зайсан ауданы |
Шымкент қаласы облысы | 1. Шымкент қаласы |
6. Оңтүстік Сібір таулы және тау eтeгі аймағы | |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Глубокое ауданы |
Абай облысы | 1. Ақсуат ауданы |