БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12453 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында:
3-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) халықтың қауқары аз топтарына жататын жолаушы (PRM – Persons with Reduced Mobility) – өз бетімен жүріп-тұруда, қызмет, ақпарат алуда немесе кеңістікте бағдарлануда қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектігі бар адамдар;";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) уәкілетті агенттердің диспетчерден әуе кемесінің нөмірі және үлгісі, отыратын орын саны, авиакомпания, сатылған билеттер саны және ұшатын ерекше маңызды жолаушылар, мүгедектігі бар адамдар, науқастар, трансферлік және транзиттік жолаушылар, интернет, өзін-өзі тіркеу бағандары және басқа байланыс түрлері арқылы тіркелген жолаушылар туралы мәліметтерді алуы;";
27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
1) көзінің көрмеуі бойынша мүгедектігі бар және өзін жетектеуші ит сүйемелдеген жолаушыны тіркеу;
2-қосымша осы бұйрыққа сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 339 бұйрығы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15363 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарында:
28- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Отырғызуға бірінші болып балалы жолаушылар, мүгедектігі бар адамдар, қарттар шақырылады.".
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Әуежайда мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға (PRM – Persons with reduced mobility) қызмет көрсету стандарттарының ережелері
Р/с.№ | Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызмет көрсету қолжетімділігін және сапасын бақылауға ұсынылатын өлшемдер | Ұсынылатын көрсеткіштер | Қызметтер сапасы мен қызмет көрсетуді бағалаудың ұсынылатын параметрлері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Авиакомпаниялар мен әуежайлар персоналы және жолаушы тасымалдарына қызмет көрсету жөніндегі уәклетті агенттер персоналы | PRMs қызмет көрсетуді дайындау бағдарламалары | Авиакомпаниялар мен әуежайларда қабылданған PRMs ережелері мен қызмет көрсету сапасы стандарттарына жауап беретін өз және уәклетті агенттер персоналын даярлау бойынша бағдарламаларының болуы. Бағдарламалар персонал санаттарының PRMs-пен тікелей өзара іс-қимыл деңгейін ескеруі тиіс. Бағдарламаларды мүгедектігі бар адамдар ұйымдарының сарапшыларымен келісу |
2 | PRMs-ті жолаушылар авиатасымалына дайындау | Әуежайда PRMs-ке қызмет көрсету бойынша ақпарат | Әуежайдың ресми интернет парағында және анықтама қызметінде әуежайда PRMs қызмет көрсету шарттарының және оларды ұшуға дайындау бойынша ұсыныстар туралы ақпараттың болуы |
Әуежайдың рейсте PRMs-тің болуы туралы ақпарат | Авиакомпанияда және оның агентінде рейстің кестеге сәйкес орындалуынан 48 сағат бұрын әуежайда және рейсте PRMs үшін көмек көрсету қажеттілігі туралы ақпараттың болуы | ||
3 | Әуежайда PRMs қызмет көрсетулері үшін жағдай жасау | Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасы стандартының болуы және оның орындалуы |
Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасы стандартының, тұрақтау орындарына, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал маңы алаңындағы кездесу орындарына, вокзал маңы алаңында және аэровокзалда PRMs қозғалысын ұйымдастыру схемаларына; |
4 | Әуежайға келу | Жеке автомобиль | PRMs түсуін және отыруын, PRMs тұрағының көрнекі белгісінің болуын ескере отырып, аэровокзалға кіреберіс аймағында PRMs автомобильдерінің тоқтауы үшін арнайы таңбалаудың болуы PRMs аялдамасын жер бетінен 700-1200 миллиметр (бұдан әрі – мм) деңгейде орналасқан көмек шақырудың арнайы пультімен жабдықтау |
Такси | Аэровокзалға кіреберіс аймақта PRMs түсуін және отыруын, PRMs тұрағының көрінетін белгісін ескере отырып, PRMs-ы бар такси аялдамасының арнайы таңбалануының болуы. PRMs аялдамасын жер бетінен 700-1200 мм деңгейде орналасқан көмек шақырудың арнайы пультімен жабдықтау. Әуежайдың интернет парағында PRMs-ты тасымалдау үшін такси шақыру тапсырысы туралы ақпараттың болуы | ||
Тұрақтау аймағынан аэровокзалға жеткізілуі | Тұрақтар мен қоғамдық және жеке көлік аялдамаларының аймақтарынан аэровокзалға жеткізілуі кезінде PRMs үшін көмек көрсету бойынша қызмет көрсетудің болуы және қолжетімдігі | ||
Аэровокзалда PRMs қарсы алудың арнайы аймағын белгілеу | Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін аэровокзалға кіреберісте қозғалыс жолдарының (жолақтарының) бедерлі тактильдік белгіленуінің болуы, сондай-ақ PRMs үшін ұшып келу және ұшып шығу бойынша әуежайда қарсы алу орнын көрсете отырып, еден деңгейінен 2 метр 60 сантиметр деңгейде орнатылған белгінің (лайтбокстың) болуы | ||
5 | Әуежай ішінде қозғалу және әуе кемесінің бортына отыру | Көмек көрсету | PRMs-тің әуежай аумағында қозғалысы және әуе кемесінің бортына отырғызу кезінде әуежай персоналы, авиажолаушылар тасымалдаушы мен олардың агенттері тарапынан көмектің болуы және қолжетімділігі Әуежайда PRMs-ті әуе кемесінің бортына және кері тасымалдау, көтеру/түсіру үшін арнайы автокөліктің және механизмдердің болуы |
Қозғалысты ұйымдастыру | Әуежайдың вокзал маңы аумағында және аэровокзалда PRMs, соның ішінде есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін едендегі бедерлі жолдар, бедерлі карталар және ғимарат схемасы, жылжымалы жазба және қозғалысты ұйымдастыру схемасы туралы жарық таблосы түріндегі ақпараттың болуы және қолжетімділігі. Әуежайдың әкімшілігі мен жауапты адамдар тарапынан PRMs қозғалысы үшін кедергілердің болмауына тұрақты бақылаудың болуы | ||
6 | Әуежайда жолаушы авиатасымалдарына қызмет көрсету рәсімдерінен өту | Көмек көрсету | Әуежайға ұшып келу және одан ұшып шығу бойынша жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің формальді рәсімдерінен өту кезінде PRMs үшін авиакомпанияның, әуежайдың, мемлекеттік бақылау қызметтерінің персоналдары, олардың уәкілетті агенттерінің тарапынан арнайы медициналық көмектің болуы және қолжетімділігі |
Қолжетімділік | Әуежайда PRMs-тің жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің формальді рәсімдерінен өтуі үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық жағдайдың болуы | ||
Технологияның болуы | PRMs үшін әуежайдың ерекшелігін және тасымалдау қолжетімдігілін ескере отырып, PRMs жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетудің технологиясы мен технологиялық кестесінің әуежайдың барлық қызметтерімен және мемлекеттік бақылау органдарымен келісімі болуы | ||
Отырғызу үшін орын ұсыну |
Тасымалдың броньдалуы туралы алдын ала ақпаратты алу кезінде рейсте PRMs отырғызуы үшін арнайы арналған орындарды алдын ала броньдау. | ||
Персоналды дайындау | Әуежайда сөйлесу әдістемесі; бірінші медициналық көмек көрсету; қызмет көрсету технологиясы; тіркеу, қарау, бақылау рәсімдерінен өту кезінде көмек көрсету бойынша PRMs жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсетуге тікелей қатысушы персоналды қауіпсіз қызмет көрсету, сыпайы терминология және әдеп, сенсорлық мүгедектігі бар адамдармен қатынасудың базалық біліктері бойынша даярлау деңгейі | ||
Жылдамдығы | Әуежайда ұшып шығуға және ұшып келуге жолаушылар авиатасымалдарына қызмет көрсету рәсімдерінен PRMs өтуінің ең аз кепілді уақыты, ішкі және халықаралық рейстерде, трансферлік және транзиттік жолаушылар үшін түсінікті түрде әуежайдың ресми интернет парағында жариялануы және авиакомпаниялар мен олардың уәклетті агенттеріне жеткізілуі тиіс | ||
Әуежайда көмек көрсетуді күту |
Ұшып шығу кезінде PRMs қызмет көрсетуді алдын ала броньдау кезінде әуежайға келгеннен бастап 5-тен 10 минутқа дейін; | ||
7 | Аэровокзалдың жалпы мақсаттағы аймақтары мен үй-жайлары | Қолжетімділік | Мүгедектіктің түрлеріне, соның ішінде көруі, естуі, сөйлеуі, зияты мен психикасының бұзылуы бойынша адамдардың ерекшеліктерін ескере отырып, PRMs пайдалану және орналасу қолайлылығы, қозғалысы үшін кедергілердің болмауы |
Дәретханалық бөлмелер | Әуежайда PRMs қызмет көрсетудің және оларды күтудің барлық аймақтарында PRMs арнайы жабдықталған дәретханалық кабиналардың болуы. PRMs-тердің дәретханалық кабиналарға қарай жүруіне көмек көрсету. PRMs арналған дәретханалық кабиналардың орналасу орындарын көрсете отырып, Брайль бойынша пиктограммалар мен нұсқағыштардың болуы | ||
8 | Әуежайларда PRMs сапалы қызмет көрсетілуін ұйымдастыру талаптарының орындалуын бақылау | Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасының ішкі және сыртқы аудит жүйесінің болуы | Әуежайда PRMs қызмет көрсету сапасы менеджменті жүйесінің болуы және жұмыс істеуі. PRMs қызмет көрсетілу сапасының тәуелсіз аудитіне мүгедектігі бар адамдар ұйымының сарапшыларын тарту. PRMs қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс жоспарының болуы |