Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 маусымдағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15363 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 шiлдедегi № 545 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.07.2023 № 545 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1182 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар;

      2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар;

      3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар;

      4) Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар бекітілсін.

      2. "Азаматтық авиациядағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 6 ақпандағы № 30 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5169 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 17 шілдеде № 7 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ________________ Т. Б. Дүйсенова

      2017 жылғы 21 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 12 маусымдағы
№ 339 бұйрығына 1-қосымша

Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

1-тарау. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары.

      1. Осы Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушылар үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады.

      2. Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы (бұдан әрі – тасымалдаушы) – бұл оқу, аттестациялау, өз бетімен жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша талаптар қойылатын кәсіп.

      3. Өз бетімен жұмыс істеуге әуе кемесіне арнайы машиналардың келуін (кетуін) басқару құқына куәлігі (бұдан әрі – тасымалдаушының куәлігі) бар 18 жастан жас емес және мынадай:

      1) алып өтілетін және тасымалданатын жүктердің атауларын;

      2) борттық тамақты тиеудің технологиялық реттілігін;

      3) борттық тамақты тиеу мен тасымалдау ережелерін;

      4) борттық тамағы бар контейнерлерді салу тәсілдерін;

      5) жүктерді қолмен алмастыруға жол берілген нормаларды;

      6) ұшуларды қамтамасыз ету қызметтерімен (борттық тамақты тиеуге қатысты бөлігіне) өзара әрекеттесу технологиясын;

      7) әуе кемелеріне коммерциялық қызмет көрсету кезінде арнайы машиналардың келу (кету) ережесін;

      8) қабылдау-тапсыру және ілеспе құжаттарын рәсімдеу тәртібін;

      9) алғашқы көмекті көрсете және дәрігерлік дәріханашықты пайдалана алуды білетін тасымалдаушылар жіберіледі.

      4. Тасымалдаушы біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлерінен:

      1) тәжірибелі тасымалдаушының жетекшілігімен жұмыстың тәжірибелік дағдысын алу үшін өз бетімен жұмысты бастар алдында тағылымдамадан;

      2) жарты жылда бір реттен артық емес – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде қайта нұсқаулаудан;

      3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптары бұзылған жағдайда, және 30 күнтізбелік күннен астам жұмыстың үзілісі кезінде жоспардан тыс нұсқаулаудан өтуі тиіс.

      Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба тасымалдаушы куәлігінде ерікті түрде жасалынады.

      5. Жұмысты қауіпсіз орындауда қанағаттандырмайтын білім мен дағдыны көрсеткен тұлға өз бетімен жұмыс істеуге жіберілмейді. Білімін қайта тексеру бір айдың ішінде жүргізіледі.

      6. Тасымалдаушы тек белгіленген тәртіпте тапсырылған тапсырмаларды ғана орындайды. Қауіпсіз қолданылуына оқу жүргізілмеген саймандарды, құрылғылар мен жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.

      7. Жұмыс уақытында тасымалдаушы куәлігі өзімен бірге болуы қажет.

      8. Жұмысты орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіп, ішкі еңбек тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі сақталынуы қажет.

      9. Жұмысты орындау кезінде мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:

      1) қозғалыстағы әуе кемелері, арнайы авто көлік, электрлік- және авто арбалар;

      2) ауаның жоғары шаңдануы мен газдануы;

      3) ауаның жоғары немесе төменгі температурасы;

      4) ауаның жоғары немесе төменгі ылғалдылығы;

      5) ауаның жоғары қозғалмалығы;

      6) авиақозғалтқыштардың өтелген газдарының сорғалап ағулары мен оларға түскен нәрселер;

      7) тұрақта тұрған ұшақтар мен тік ұшақтардың айналудағы бұрандалары;

      8) жылыту мен желдету газ ағызу машиналарының ауа-газды ағызулары;

      9) электр магнитті сәулеленудің жоғары деңгейі;

      10) шудың жоғары деңгейі;

      11) жұмыс аумағының жеткіліксіз жарықтануы;

      12) тасымалданудағы жабдықтардың құлауының мүмкіндігі;

      13) авто лифтің жылжымалы шанағы;

      14) тасымалданудағы жабдықтардың өткір жиектері мен қабыршықтарынан жарақат алу мүмкіндігі;

      15) жұмыс аумағының жермен салыстырғанда анағұрлым биікте орналасуы;

      16) әуе кемелерінің есіктері мен люктерінің ойықтарының жеткіліксіз биіктігі;

      17) арнайы машинаның эстакадасындағы, бөлігіндегі, әуе кемесінің тұрақ орнындағы мұздың, ылғалдың, майдың болуына байланысты жоғары тайғанақтық;

      18) жұмыс аумағының қысылулығы;

      19) қол күшіне түскен ауыртпалықтар.

      10. Жұмыс уақытында тасымалдаушы арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдау, сондай-ақ темекі тарту алдында қолын мұқият сабындап жууы қажет.

      12. Егер қандайда бір қызметкерлердің бірімен оқыс жағдай болса, онда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуі қажет, тікелей басшысына болған оқиға туралы хабарлайды және оқиғаның жағдайын, егер ол айнала үшін қауіп төндірмесе, сақтайды.

      13. Науқастану, нашар көңіл-күй, жеткіліксіз демалу жағдайында өзінің хал-ахуалы туралы тікелей басшысына хабарлауға және медициналық көмекке жүгінуі қажет.

      14. Өрттің туындау мүмкіндігін алдын алу үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс; темекі тарту тек осыған арнайы бөлінген орында рұқсат етіледі.

      15. Жабдықтың, құрылғылар мен саймандардың ақаулығы жағдайында тікелей басшыға хабарлау қажет.

2-тарау. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      16. Жұмыс басталар алдында және барлық жұмыс уақыты бойында тасымалдаушы арнайы киім мен арнайы аяқ киімде болуы тиіс.

      17. Бекітілген жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      18. Жұмыс басталар алдында эстакада және арнайы машинаның артқы алаңшасының жұмыс аумағын, соның ішінде жоғары тайғанақтықты тудыруы мүмкін немесе оқыс жағдайдың себебіне қызмет ететін мұздың, төгілген майдың және бөтен нәрселердің болуына қарау жүргізіледі.

      19. Борттық тамақ даярлау цехынан арнайы машинаға контейнерлерді, су қайнатқыштар мен шөлмекті сепараторларды тиеуден алдын тұтқалардың түзеулігіне көз жеткізілуі және олардың ақаулығы жағдайында алмастыруды талап ету қажет.

      20. Жұмыс басталар алдында арнайы машина шанағының көтеру мен түсіруді басқару жүйесінің, артқы бөлігі мен аутригерлердің, алдыңғы бөлігінің шығару механизмі мен қоршаулардың түзеулігін жүргізушінің тексергендігіне көз жеткізген жөн, ол үшін шанақ пен артқы бөлікті (жүксіз) көтеру мен түсірудің және алдыңғы бөлігі мен аутригерлерді жинау мен шығарудың үш байқауын жүргізу қажет; сонымен қатар дыбыстық сигнал беру мен арнайы машина шанағының жарық берілуінің тексерілуі тиіс.

      21. Қозғалтқыштан шығатын газдардың бағытынан 50 метрден кем; қозғалтқыштың ауа жинағышының алдында 10 метрден кем; тұрақта тұрған ұшақтардан олардың борттық радиолокациялық жұмысы кезінде 20 метрден кем; қозғалтқышы істеп тұрған тік ұшақтан 50 метрден кем қашықтықта тұру қауіпті.

      22. Арнайы машинаның ақаулығы табылған жағдайда ол туралы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына хабарланады және ақаулықтар жойылғанға дейін жұмысты тоқтатылады.

      23. Өндірістік санитарияның талаптары сақталуы, соның ішінде арнайы машина шанағының санитарлық жай-күйі тексерілуі және қажет болған жағдайда жүргізушіден оны жинауды талап ету қажет.

3-тарау. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      24. Борттық тамақты арнайы машинаға тиеу қабылданған технологияға сәйкес жүргізілуі тиіс.

      25. Жұмыс уақытында жүктерді қолмен алмастырудың жол берілген нормаларын сақтау қажет.

      26. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Арнайы машинаның эстакаданың тиеу алаңшасына келуді басқару кезінде арнайы машина мен эстакаданың арасында адамдардың жоқтығына көз жеткізілу және тек осыдан кейін ғана жүргізушінің қозғалысты бастауына пәрмен берілу керек.

      28. Арнайы машинаның тоқтағанынан және артқы бөлігін көтеруден кейін артқы сол доңғалақтың астына тірегіш қалып орнатылады және арнайы машинаның артқы бөлігі эстакада деңгейінде болуына көз жеткізіледі.

      Бұл операцияларды орындап арнайы машинаның артқы есігін ашық күйде бекітіледі және оған борттық тамақты тиеуге кірісіледі.

      29. Әуе кемесінің тиеу аумағындағы жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында:

      1) егер арнайы машина беті тегіс емес алаңшада (3 о жоғары еңістену) тұрса немесе ең болмағанда бір доңғалағы шинасының желі шығуы кезінде көтерілген шанақтағы жұмысты орындауға;

      2) желдің жылдамдығы 15 метр/секундтан артық болған кезде авто лифтің көтерілген шанағында жұмыс істеуге;

      3) аутригері түсірілмеген арнайы машинаның көтерілген шанағында жұмыс істеуге;

      4) арнайы машинаның көтерілген шанағының астында сақтандырғыш тірегіштерсіз тұруға немесе жұмыстар орындауға;

      5) шанақтың көтерілуі кезінде авто лифтің қоршаусыз жылжыған алдыңғы бөлігінде жұмыс істеуге жол берілмейді.

      30. Әуе кемесінің тиеу аумағындағы жұмыс кезінде мынадай қауіпсіздік жол берілмейді:

      1) арнайы машинаның көтерілген шанағындағы жұмыс кезінде оның артқы есігі ілмекке жабылуы тиіс;

      2) арнайы машина шанағын түсіру кезінде қызмет көрсетуші персонал мен басқа да тұлғалардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне көз жеткізілуі керек.

      31. Әуе кемесіне борттық тамақты тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүргізушінің кабинасында болу керек.

      32. Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыру уақытында темекі тартуға, ішуге және тамақ қабылдауға жол берілмейді.

      33. Борттық тамағы бар контейнерлер, су қайнатқыштар мен шөлмекті сепараторлар кузовқа тиелуі және тек тік күйінде тасымалдануы тиіс.

      34. Әуе кемесіне келіп жету бойынша арнайы машинаның әуе кемесіне келуді басқаруды тасымалдаушы жүзеге асырады.

      35. Арнайы машинаның әуе кемесінің тиеу люгінің (есіктерінің) аумағына тоқтағаннан кейін арнайы машинаның өздігінен жылжып кетуін болдырмау үшін артқы сол доңғалағының астына тірегіш қалып орнатылады, осыдан кейін екі тасымалдаушы да кузовқа көтеріледі, есіктерді жабады және кузовты көтеру үшін жүргізушіге дыбыстық сигнал береді.

      36. Шанақты көтергеннен кейін арнайы машинаның алдыңғы жылжымалы бөлігінің әуе кемесінің тиеу люгіне (есіктеріне) еденіне тура келуіне және жылжымалы қоршама қанатының жылжығандығына көз жеткізілуі керек, осыдан кейін қабылданған технологияға сәйкес арнайы машинадағы борттық тамақты әуе кемесіне қайта тиеуге кірісуі мүмкін.

      37. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Борттық тамағы бар контейнерлер мен су қайнатқыштар буфет-асхананың тиісті ұяшығына орнатылады және құлыптармен бекітіледі, бұл жағдайда әуе кемесінің жабдықтарының бөлшектеріне соқтығысу мен қысым кезінде жарақаттануды болдырмау үшін абайлылықты сақтаған жөн; қалған керек-жарақтар бортсеріктердің нұсқауы бойынша немесе тұрмыстық керек-жарақты орналастырудың бекітілген сұлбасына сәйкес әуе кемесіне орналастырылады.

      41. Әуе кемесіне борттық тамақты тиеу аяқталғаннан кейін арнайы машинаның көтерілген кузовында бола тұрып есіктерді жабуы және кузовты түсіруге және жылжымалы бөлік пен қоршауларды жинауға жүргізушіге дыбыстық сигнал беру керек.

      42. Арнайы машинаның кузовын түсіргеннен кейін перронға шығып және доңғалақтың астындағы тірегіш қалыпты алдын ала жинап алып әуе кемесінен арнайы машиналардың әкетілуі басқарылады.

      43. Тасымалдаушы барлық жұмыс уақыты бойы арнайы киімде, арнайы аяқ киімде және басқа да жұмыс үшін қажетті қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінен жеке қорғаныш құралдарында болады.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      44. Апат, өрт туындаған кезде және өзге де қауіпті жағдайларда жақын жердегілер дабыл сигнал бойынша оқиға орнына дереу келуі және зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге немесе туындаған апаттық жағдайды жоюға қатысуы керек.

      45. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздікке қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуларын тапқан жағдайда тікелей басшысына хабарланады және ақаулықтарды (бұзушылықтарды) жойғанға дейін жұмысты тоқтатуы және қауіпті аумақты тастап кеткені жөн.

      46. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде мынадай әрекеттерді орындау:

      1) зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы тікелей басшысына хабарлауы;

      2) шеберге (бригадирге), тікелей басшысына дереу хабарлау;

      3) айналасындағыларды хабарландыруы және қажет болғанда қауіпті аумақтан адамдарды шығаруы;

      4) өртті немесе жану белгілерін (түтінденуі, күйіктің иісі, температураның көтерілуі) тапқан кезде 01 телефоны бойынша өрттің пайда болған орнын дәл көрсете отырып өрт қорғаушысына хабарлауы;

      5) өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалана отырып өртті жоюға кірісуі;

      6) өрт бөлімшесін қарсы алуды ұйымдастыруы;

      7) зардап шегушіні денсаулық сақтау ұйымына жіберуі қажет.

      47. Түйіскен желілерден қашықтықтығы 2 метрден кем тұрған жалынды нәрселерді тек көмірқышқылды, аэрозольдық немесе ұнтақ от сөндіргіштермен сөндіруге рұқсат етіледі.

5-тарау. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      49. Жұмыс аяқталғанда пайдаланылған жабдықтарды қауіпсіз тоқтатуды, ажыратуды қамтамасыз ету қажет.

      50. Өндіріс қалдықтары оларды кейін алып кетуді қамтамасыз ететін тиісті контейнерлерге салынуы тиіс.

      51. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      52. Жұмыс уақытында пайдаланылған керек-жарақтар ретке келтірілуі және оған арнайы бөлінген орынға жиналғаны жөн.

      53. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.

      Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.

      54. Жұмыс аяқталғанда қолды сабындап жылы сумен мұқият жуу қажет.

      55. Жұмыс уақытында байқалған барлық ақаулар мен жеткіліксіздер, және оларды жою жөніндегі шаралар туралы шеберге (бригадирге) хабарлау және ұйымның басшысына хабарландыру қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 12 маусымдағы
№ 339 бұйрығына 2-қосымша

Әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

1-тарау. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жалпы талаптары

      1. Осы Әуе кемелерінің жуушылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) әуе кемелерінің жуушылары үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады.

      2. Әуе кемелерінің жуушысы (бұдан әрі – жуушы) – бұл оқу, аттестациялау, өз бетімен жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігінің қосымша талаптары қойылатын кәсіп.

      3. Жуушы кәсібі бойынша жұмыстарды орындауға жұмысқа түсу кезінде алдын ала дәрігерлік қараудан өткен, денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздығы жоқ, қажетті теориялық және тәжірибелік даярлығы бар, жұмыс орнында кіріспелік және бастапқы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаудан және арнайы бағдарлама бойынша оқудан өткен, біліктілік комиссиясымен аттестацияланған және өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат алған 18 жастан жас емес тұлға жіберіледі.

      4. Жұмыс орнында:

      1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі бастапқы нұсқаулаудан;

      2) тағылымдамадан;

      3) жабдықтарды құру мен пайдалану ережесін оқудан;

      4) сынақ тапсыра отырып санитарлық-тазалық даярлығы курсынан;

      5) электр қауіпсіздігі (жуу машинасын пайдалану кезінде), теориялық білімі мен жұмыстың қауіпсіз тәсілдерінің алған дағдылары бойынша І-топтағы көлемде білімдерін тексеруден өтуі тиіс.

      5. Біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлері:

      1) қолданыстағы жабдықтар бойынша әр 2 жылда, ал жаңа жабдық бойынша - оның ұйымға түсуіне байланысты, бірақ осы жабдықты пайдалануға жіберуге дейінгі кезде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқудан;

      2) әуе кемесі мен аппаратураларды авиациялық-химиялық жұмыстардан (қажет болғанда) кейін оған қатысты бөліктерінде арнайы сұйықтықтармен, тазалау, жуу және газсыздандыру бойынша технологиялық құжаттамалармен жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қайта нұсқаулау, сондай-ақ қауіпсіздік талаптары бойынша – жарты жылда бір реттен артық емес;

      3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптары бұзылған жағдайда, отыз күнтізбелік күннен астам жұмысының үзілісі кезінде олар жоспардан тыс нұсқаулаудан өтуі тиіс.

      Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба жоғары қауіптіліктегі жұмысқа жіберу туралы куәлігінде жасалынады.

      6. Әуе кемелерін жуу жөніндегі жұмысты қауіпсіз орындау бойынша қанағаттандырмайтын білім мен дағдыны көрсеткен тұлға жеке жұмысқа жіберілмейді. Жұмысшының білімін қайта тексеру бір айдың ішінде жүргізіледі.

      7. Жеке жұмысқа мынадай:

      1) қызмет көрсетілетін әуе кемелерінің үлгілерін;

      2) олардың сыртқы және ішкі қаптауларын, соның ішінде төменгі температура жағдайында жуу мен тазалау технологиясын;

      3) әуе кемелерінің қаптаулары мен басқа да бөліктеріндегі кірлерді, мұзды, майлы дақтарды кетіру тәсілдерін;

      4) әуе кемелеріндегі олардың кірін жуу мен тазарту кезінде лак және бояулы жабындыларымен және ішкі әшекейлерімен жұмыс істеу ережелерін;

      5) осы заманғы синтетикалық маталармен жуу ерекшеліктері мен технологиясын;

      6) әуе кемелерінің кешенді жуу мен жинау үшін арнайы жабдықтардың құрылғылары мен пайдалану ережелерін, өндірістік шаң сорғыштарды, олармен жұмыс істеу ережесін;

      7) жолаушылар салондарының, экипаж кабиналарының, жүк бөліктерінің, санузельдардың құрастыруларының жалпы мәліметтерін;

      8) әуе кемесінің буфеттік-асханалық жабдықтардың конструкциясын, сондай-ақ канализация мен сумен қамтамасыз ету жүйелерін құрылымы мен ерекшеліктерін;

      9) экипаж кабинасының, апаттық люктер мен сол сияқтылардың жауапты орындарын жуу мен жинау кезіндегі сақтандыру шараларын;

      10) ерітінділердің (эмульсиялардың), жуу сұйықтықтарының құрамын (мөлшерін);

      11) жуу құралдарын даярлау және олармен жұмыс істеу ережелерін;

      12) қолданылатын ерітінділер мен еріткіштердің қасиеттерін;

      13) әуе кемелерінің тұрақ орнында жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін;

      14) алғашқы көмекті көрсете және дәрігерлік дәріханашықты пайдалана алуды білетін жуушы жіберіледі.

      8. Осы кәсіпке тән емес жұмысқа жіберілген жағдайда алда тұрған жұмысты қауіпсіз орындау бойынша мақсатты нұсқаулаудан алдын ала өту қамтамасыз етіледі.

      Авиациялық-химиялық жұмыстан кейін әуе кемесін тазалау мен жууды жуу машинасын пайдаланумен орындау кезінде оны пайдалану мен еңбек қауіпсіздігі шаралары бойынша тиісті нұсқаулауды алуы қажет.

      9. Қауіпсіз жұмыс істеуге оқу жүргізілмеген саймандарды, құрылғыларды, жабдықтар мен материалдарды пайдалануға жол берілмейді.

      10. Жұмысты орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі міндетті сақталынады.

      11. Жұмысты орындау уақытында мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:

      1) қозғалыстағы өзі жүретін және қолмен ауыстырылатын машиналар, механизмдер, жұмыстарды орындаудың қолайлылығын қамтамасыз ету құрылғылары, сондай-ақ олардың қозғалатын қорғалмайтын бөліктері;

      2) әуе кемесінің конструкциясының шығып тұрған бөліктері мен ұшақ фюзеляжының ішкі элементтерінің – антенналардың, тұтқалардың, кронштейндердің және басқалардың өткір жиектері;

      3) ұшақтың қозғалатын бөліктері – есіктер, люктердің қақпақшалары, траптар, люкшелер, панелдер, өрелер, экипаж мүшелерінің шалқаймалы отырғыштары және басқалар;

      4) әуе кемелерінің сыртқы қабаты мен ұшақтың ішкі көлемдерін өңдеу кезіндегі газды және сулы, сондай-ақ аэрозоль сорғалауының динамикалық әсерлері;

      5) жуу мен жинау жұмыстары уақытындағы сумен, жуу ерітінділерімен, химиялық сұйықтықтармен жұмыс кезінде арнайы киімдер мен арнайы аяқ киімдердің жоғарыланған ылғалдылығы;

      6) сулардың және жуу ерітінділерінің сорғалаулары мен шашырандылары;

      7) жуу ерітінділерінің жоғарғы температурасы, бұйымдарды кептіру үшін ыстық ауаның шашырандысы;

      8) авиациялық-химиялық жұмыстардан кейінгі әуе кемелері мен аппаратураларының бетіндегі, сондай-ақ әуе кемелерін жуу мен ұшақтың ішкі бөлмелерін тазарту кезінде қолданылатын химиялық заттар;

      9) ұшақ фюзеляжының ішіндегі жұмыс аумағының материалдармен, саймандармен және басқалармен ыбырсытулар;

      10) кілем жабуларының тегіс еместігі мен қатпарлары;

      11) өткір нәрселер (мысалға, экипаж креслосының қалтасындағы жүздер), қоқысты жинау кезіндегі сынған ыдыстың жиектері;

      12) қысылған жағдай мен қолайсыз жағдайда жұмыстарды орындау кезіндегі қол күшіне түскен ауыртпалықтар;

      13) биіктік бойынша қоршалмаған құламаларға жұмыс орындарының жақын орналасуы (мысалға, баспалдақтармен жұмыс кезінде, әуе кемесінің салонының еденіндегі ашық люктегі, шығу есігіндегі);

      14) тірегіштер беттерінің, соның ішінде траптардың, баспалдақтардың, сатылардың (мұздану, ылғалдану мен майлану салдарынан) жоғары тайғанақтық;

      15) деңгей артқан шулар;

      16) жұмыс аумағының ауасы температурасының артуы немесе төмендеуі, ылғалдылығы мен қозғалмалылығы;

      17) жұмыс аумағының жеткіліксіз жарықталғандығы.

      12. Әуе кемелерінің сыртқы қабатының кірден, күйеден, майлы және өзгеде қыртыстарды арнайы жуу сұйықтықтарының көмегімен тазарту кезінде, сондай-ақ ұшақтардың санузелдарын жуу мен дезинфекциялау үшін құрал ретінде қолданылатын СТ-2 сұйықтығының қойыртпасымен жұмыс кезінде оның құрамына адамның денсаулығы үшін зиянды әртүрлі химиялық заттардың кіретінін есте алу қажет; сондықтан қолданылатын сұйықтықтардың улылық қасиеттерін білу міндетті, өйткені олардың булары зақымдалмаған тері арқылы қанға кіруі мүмкін нерв жүйелеріне әсерді көрсете отырып дерматиттер мен адам үшін басқа да жағымсыз салдарды тудыратын теріге түршігерлік әсер етеді.

      13. Әуе кемесін жуушы жұмыс уақытының ішінде "Алуан түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 943 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12627 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 943 бұйрық) сәйкес арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланады.

      Авиациялық-химиялық жұмыстардан кейін әуе кемелерін жуу кезінде респираторларды, резеңке қолғаптарды, қорғаныш көзілдіріктерді, су өткізбейтін матадан жасалған жеңдерді қосымша беруді көздеу қажет.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс; темекі тарту тек осыған арнайы бөлінген орында рұқсат етіледі.

      15. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдау, сондай-ақ темекі тартудан алдын қолын мұқият сабындап жууы қажет.

2-тарау. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      16. Жұмыс басталар алдында және барлық жұмыс уақыты бойында жуушы арнайы киім мен арнайы аяқ киімде болуы тиіс.

      Бекітілген жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      17. Сонымен қатар жұмысты орындау үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын даярлауы, соның ішінде қорғау кремдерін ("биологиялық биялайларын") және олардың түзеулігін алдын ала тексеруі тиіс.

      Сақтандырғыш құрылғы мен басқа да жеке қорғау құралдарын (тұмылдырықтар, қорғау көзілдіріктер және басқалар) алу кезінде осы құрылғыларды пайдалану ережелері мен түзеулігін тексерудің қарапайым тәсілі бойынша нұсқаулаудан өтуі, оларды қолдану тәсілдерімен іс жүзінде оқыған болуы қажет.

      18. Жұмысты бастардан алдын жуушы әуе кемелерін тазалау, жуу мен газсыздандыру кезінде қолданылатын барлық саймандардың, құрылғылардың түзеулігін тексеруі қажет. Ақау сайман түзеу сайманмен ауыстырылуы тиіс.

      19. Әуе кемесінің сыртын жуу тек технологиялық немесе өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаларда көрсетілген жуу құрамдарымен жүргізілуі тиіс; жуу ерітінділерін даярлау рецептураға сәйкес және қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде жүзеге асырылуы тиіс.

      20. Жуу үшін қолданылатын жуу ерітінділері, саймандар мен құрылғылар, әсіресе, егер олардың салмағы қолмен ауыстыруға жол берілетін ауырлық нормасынан асса, тәртіп ретінде әуе кемесіне механизация құралдарының көмегімен жеткізілуі тиіс.

      21. Тасымалдау уақытында жуу ерітінділерінің шашырауын болдырмау үшін оларды әуе кемесіне жеткізу герметикалық ыдыста жүргізілуі тиіс.

      22. Әуе кемелерін жуу осы жұмыстарды орындау үшін бөлінген әуе кемелерінің тұрақ орындарында жүргізілуі тиіс.

      23. Әуе айлақ бойынша әуе кемесіне қарай осыған арналған жаяу жүру маршрут бойынша қозғалған жөн.

      24. Жаяу жүру уақытында абайлылықты сақтау, сақ болу және айналадағы жағдайдың өзгеруіне бақылау қажет, әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайлар (жаңбыр, тұман, қар жауу, көк тайғақ және сол сияқтылар) мен тәуліктің қараңғы уақытында; авиациялық шу жағдайында көлік құралдарынан берілетін дыбыстық сигналдар және жақындап келе жатқан арнайы автокөліктің, өзі жүретін механизмдердің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы естілмеу мүмкіндігін еске ұстау жөн.

      25. Сыртқы жууды орындаудан алдын әуе кемесінің жууға даярланғанына және барлық есіктердің, люктердің, люкшелердің, сондай-ақ ұшқыш кабинасының желдеткішінің жабылғандығына көз жеткізіледі.

      26. Жабдықтардан табылған барлық ақаулықтар мен басқа да кемшіліктер туралы шеберге (бригадирге) хабарлайды және олар жойылғанға дейін жұмысқа кіріспейді.

      27. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      28. Әуе кемесінің жоғары орналасқан бөлігін жуу үшін тек арнайы қарастырылған баспалдақтар және әуе кемесінің осы үлгісіне арналған платформалар қолданылуы қажет.

      29. Баспалдақтар, платформалар, сатылар қардан, мұздан, майдан тазартылуы және тірегіштер олардағы жұмыс кезінде ауырлық орталығын жұмыс алаңынан шетке ауыстыру қажеттігі болмайтындай етіп берік орнатылуы тиіс. Әуе кемелерін жуу үшін пайдаланылатын баспалдақтар жұмыс алаңшасының қоршалған биіктігі 1 метрден кем болмауы тиіс.

      30. Әуе кемесін жуу үшін пайдаланылатын баспалдаққа, сатыға және басқа да құрылғылар көтерілуден алдын олардың түзеулігі мен беріктігін тексеру, сондай-ақ оларды сынаулардың кезекті мерзімінің өтпегендігіне көз жеткізу қажет.

      31. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Құрамына бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын заттар кіретін жуу құралдарын пайдалану кезінде өрт және жарылыс қауіпсіздігі талаптары орындалады.

      33. Жұмыс аймағының жеткілікті жарықтануысыз әсіресе, басқыштарды, платформаларды, баспалдақтарды пайдаланумен тәуліктің қараңғы уақытында әуе кемелерінің сыртқы жууын орындамаған жөн.

      34. Әуе кемесінің жоғарыда орналасқан беттерінде жүру қажеттілігі болған жағдайда, сақтандырғыш белдіктерді пайдалану қажет, бұл ретте сырғанауды болдырмау үшін жуушы қозғалатын беті құрғақ болуы тиіс.

      35. Көтергіш тетіктерді (мысалы, А-96 типтегі арнайы машиналарды, өздігінен жүретін қызмет көрсету алаңы және т.б.) пайдалана отырып жұмыс істеу кезінде люлькада (себетте) болған кезінде биіктіктен құлау мүмкіндігін алдын алу үшін сақтандырғыш белдіктермен іліктіріледі.

      36. Әуе кемесінің үстінен жуғыш заттарды шайған уақытта шашыратуды болдырмау үшін шлангтың ұшын кеуде деңгейінен жоғары ұстауға жол берілмейді, ал желді ауа райында су ағысын желдің бағыты бойынша бағыттаған жөн.

      37. Әуе кемесінің сыртқы жууын желдің жылдамдығы 10 м/с астам болған кезде басқыштарда немесе платформада тұрып орындауға жол берілмейді.

      38. Ұшақтың салонында қозғалу кезінде құлауға байланысты оқыс жағдайларды болдырмау үшін едендегі барлық люктері жабылған, кілемшелер бекітілген және оларда қатпарлар және тегіс емес жерлер жоқтығына көз жеткізген жөн; әуе кемесінен шығу кезінде трап немесе басқыштың болуына көз жеткізіледі.

      39. Әуе кемесінің ішкі бөлмелерін жинау тек нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілген заттармен және жуғыш құрамдармен жасалуы тиіс.

      40. Қоқыстарды, қалдықтарды және сынған шыны ыдыстарды жинауды қорғау қолғаптар мен биялайлармен жасаған жөн.

      41. Әуе кемесінен қоқыстарды жинау уақытында, әдетте оларды одан әрі кәдеге жарату үшін кейіннен жиналып алынатын бір реттік пайдалану шелектерін немесе қаптарды пайдаланған жөн.

      42. Тұрмыстық шаңсорғыштың көмегімен әуе кемелерінің салондарын ішкі жинауын орындаған кезде осы үлгідегі шаңсорғышты пайдалану жөніндегі нұсқаулық басшылыққа алынады.

      43. Әуе кемелерін дезинфекциялау бойынша жұмыстарды жеке қорғанудың тиісті заттарын пайдалана отырып жүргізу қажет.

      44. Препараттарды өлшеп орауды, жұмыс ерітінділерін дайындауды осы мақсатқа арнайы бөлінген үй-жайда жасау керек.

      45. Жуғыш және дезинфекциялау заттарын арнайы бөлінген үй-жайда сақтаған жөн.

      46. Растайтын құжаты (сертификаты, төлқұжаты және т.с.с.) жоқ жуғыш және дезинфекциялау заттарын пайдалануға жол берілмейді.

      47. Жұмысты орындау кезінде қызметкерлерді қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды сақталады.

      48. Әуе кемесінің санитарлық тораптарын тазалау үшін ассенизациялық машинасын пайдалану кезінде лас заттарының ағып кетуін, тұрақ орны мен жұмысшылардың былғануы болдырмайтын шараларды қабылдау қажет.

      49. Авиациялық-химиялық жұмыстарда пайдаланылатын әуе кемелерін санитарлық тазалауды әуе кемелерінің тұрақ орындарынан 100 метр және тұрғын үй, тұрмыстық және әкімшілік ғимараттардан 200 метр жақын емес орналасқан арнайы бөлінген және жабдықталған газсызданған алаңшаларда жасау қажет.

      50. Әуе кемелерінің ішкі бөлмелерін дезинфекциялық тазалау уақытында бортта бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

      51. Әуе кемесін жуу, дезинфекциялау және газсыздандыру бойынша жұмыстарды орындау кезінде темекі тартуға, ішімдік ішуге және ас қабылдауға жол берілмейді.

      52. Авиациялық-химиялық жұмыстарда пайдаланылатын әуе кемелерін тазалау, жуу және газсыздандыру жұмыс берушінің нормативтік техникалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Апаттық жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен қорғау талаптары

      53. Апат, өрт туындаған кезде және өзге де қауіпті жағдайларда жақын маңайдағылар дабыл сигнал бойынша оқиға орнына дереу келуі және зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге немесе туындаған авариялық жағдайды жоюға қатысуы міндетті.

      54. Апаттық жағдайды жою кезінде бекітілген апатты жою жоспарына сәйкес іс-қимыл жасау қажет.

      55. Оқыс жағдай, жұмысшы жарақат алған кезде зардап шеккенге дереу алғашқы жәрдем көрсету, ұйымның басшысын болған жағдай туралы хабардар ету және егер бұл айналаға қауіп тудырмаса оқиға жағдайын сақтауы қажет.

      Жабдықтың, құралдардың және аспаптардың ақаулығы жағдайында ұйым басшысы хабарландырылады.

      56. Өрт туындаған кезде өртке қарсы қызметке, жұмыс басшысына дереу хабарлау және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштің, өрт сөндірудің қондырғысымен және т.с.с көмегімен) тұтану ошағын сөндіруге кірісу қажет.

      57. Әуе кемесі жанған немесе өрт туындаған жағдайда:

      1) ұйымның шеберіне (бригадиріне), тікелей басшысына дереу хабарлау;

      2) айналадағыларға хабарлау және қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды шығару;

      3) өртті немесе жану белгілерін (түтіндеу, күйіктің иісі, температураның көтерілуі) анықтаған кезде нақты өрт туындаған жерді көрсете отырып 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау;

      4) алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып өртті жоюға кірісу;

      5) өрт сөндіру тобын қарсы алуды ұйымдастыру қажет.

      58. Байланыс желісінен 2 м кем қашықтықта орналасқан жанып жатқан заттарды тек қана көмірқышқылды, аэрозольдік немесе ұнтақты өрт сөндіргіштермен сөндіруге рұқсат етіледі.

      59. Зардап шеккенге алғашқы жәрдем дереу және жарақатты болдырған себепті жойғаннан кейін бірден тікелей оқиға орнында көрсетілуі тиіс.

      Зардап шеккенді емдеу мекемесіне жіберу қажет.

5-тарау. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      60. Жұмысты аяқтағаннан кейін бұрылып жатқан әуе кемелерін, жұмыс істеп жатқан қозғалтқыштарды және әуе кемелері бұрандамаларының айналып жатқан күрекшелерін, қозғалып келе жатқан арнайы көлікті, әуе айлақ бойынша қозғалу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес перрондық механизация құралдарын ескере отырып қауіпсіз жолмен белгіленген жерлерде перрон бойынша жүрген жөн.

      61. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      62. Әуе кемелерін жуу бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін қолданылған материалдар, аспаптар, құралдар жуылу, ретке келтірілу және оларға арнайы бөлінген орынға жиналуы тиіс.

      63. Жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін мүкәммал жуылуы, дезинфекциялануы және оған арнайы бөлінген орынға жиналуы тиіс.

      64. Өндіріс қалдықтары оларды кейін алып кетуді қамтамасыз ететін тиісті контейнерлерге салынуы тиіс.

      65. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.

      66. Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.

      67. Тері ауруларының алдын алу мақсатында жұмысты аяқтағаннан кейін қолды сабынмен жуған, ал қажет болған кезде душ қабылдаған жөн.

      68. Жұмыс уақытында байқалған барлық ақаулар мен жеткіліксіздер, және оларды жою жөніндегі шаралар туралы шеберге (бригадирге) хабарлау және ұйымның басшысына хабарландыру қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 12 маусымдағы
№ 339 бұйрығына 3-қосымша

Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

1-тарау. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары

      1. Осы Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар (бұдан әрі - Талаптар) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы (бұдан әрі - ұйым) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады

      2. Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер (бұдан әрі - кезекшілер) - бұл оқу, аттестациялау, өз бетімен жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігінің қосымша талаптары қойылатын кәсіп.

      3. Кезекші кәсібі бойынша жұмыстарды орындауға жұмысқа түсу кезінде алдын ала дәрігерлік қараудан өткен, денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздығы жоқ, қажетті теориялық және тәжірибелік даярлығы бар, тиісті еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаудан өткен 18 жастан жас емес тұлға жіберіледі.

      4. Біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлері:

      1) тәжірибелі кезекшінің жетекшілігімен жұмыстың тәжірибелік дағдысын алу үшін өз бетімен жұмысты бастар алдындағы тағылымдамадан;

      2) жарты жылда бір реттен артық емес - еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде қайта нұсқаулаудан;

      3) егер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптары бұзылған жағдайда, және 30 күнтізбелік күннен астам жұмыстың үзілісі кезінде жоспардан тыс нұсқаулаудан өтуі тиіс.

      Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба кезекші куәлігінде жасалынады.

      5. Жұмысты қауіпсіз орындауда қанағаттандырмайтын білім мен дағдыны көрсеткен тұлға жеке жұмысқа жіберілмейді. Білімін қайта тексеру бір айдың ішінде жүргізіледі.

      6. Кезекші тек белгіленген тәртіпте тапсырылған тапсырмаларды ғана орындайды, қауіпсіз қолданылуына оқу жүргізілмеген саймандарды, құрылғылар мен жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.

      7. өз бетімен жұмысқа мынадай:

      1) жолаушылар үшін ұшақтың, траптың, перрондық автобустың орнатылуы мен пайдалану ережелерін;

      2) әуе кемелеріндегі жолаушыларды құрамдау туралы жалпы мәліметтерді;

      3) жолаушыларды отырғызу мен түсіру, және оларды алып жүру ережелерін білетін;

      4) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызуды қамтамасыз ететін (қатысты бөлігіне) қызметтердің өзара әрекеттесу технологиясын білетін;

      5) әуе кемелеріне коммерциялық қызмет көрсету кезінде арнайы машиналардың келу (кету) ережесін білетін;

      6) әуе кемелері мен перрондық автобустардың тұрақ орындарында жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін;

      7) алғашқы көмекті көрсете және дәрігерлік дәріханашықты пайдалана алуды білетін кезекші жіберіледі.

      8. Жұмыс уақытында кезекші куәлігі өзімен бірге болуы қажет.

      9. Жұмысты орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі міндетті сақталынады.

      10. Жұмысты орындау кезінде кезекшіге мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:

      1) қозғалыстағы әуе кемелері, арнайы авто көлік, электрлік- және авто арбалар;

      2) ауаның жоғары шаңдануы мен газдануы;

      3) ауаның жоғары немесе төменгі температурасы;

      4) ауаның жоғары немесе төменгі ылғалдылығы;

      5) ауаның жоғары қозғалмалығы;

      6) тұрақта тұрған ұшақтар мен тік ұшақтардың айналудағы бұрандалары;

      7) шудың жоғары деңгейі;

      8) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасының жеткіліксіз жарықтануы;

      9) эстакададағы, жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасындағы мұздың, ылғалдың, майдың болуына байланысты жоғары тайғанақтық.

      11. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдау, сондай-ақ темекі тартудан алдында қолын мұқият сабындап жууы қажет.

      13. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс; темекі тарту тек осыған арнайы бөлінген орында рұқсат етіледі.

      14. Науқастану, нашар көңіл-күй, жеткіліксіз демалу жағдайында өзінің хал-ахуалы туралы тікелей басшысына хабарлауға және медициналық көмекке жүгінуі қажет.

2-тарау. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      15. Жұмыс басталар алдында және бүкіл жұмыс уақыты бойында жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекші № 943 бұйрыққа сәйкес арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да қажетті қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланады.

      Кезекшіге бекітілген жеке қорғаныш құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Әуеайлақ аумағы бойынша кезекшілер автокөліктермен орын алмастырады. Ерекше жағдайларда жаяу орын алмастыру кезінде сигналдық көкірекшені пайдалануы (жарқырағыш элементтері бар) және мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) тек арнайы тағайындалған маршрут бойынша жүру;

      2) айналадағы жағдайдың өзгеруін бақылау, әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайлардағы (жаңбыр, тұман, қар жауу, көк тайғақ және сол сияқты) және тәуліктің қараңғы уақытындағы;

      3) авиациялық шу жағдайында көлік құралдарынан берілетін дыбыстық сигналдар және жақындап келе жатқан автомобильдің, өзі жүретін механизмдердің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы естілмеу мүмкіндігін еске ұстау;

      4) жоғары қауіптілік аумақтардың маңында (жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштар және ұшақтардың айналудағы әуе бұрандалары мен тік ұшақтардың көтергіш бұрандаларының аумақтарында, жердегі және борттық радиотехникалық құралдарының антеннасының сәулеленуі, әуе кемелерін рульдеу мен сүйреу, әуе кемесінде арнайы көлік пен механизация құралдарын маневрлеу, ұшаққа отын құю, тиеу-түсіру жұмыстары және басқалар), сондай-ақ жолдың жүру бөлігінде абайлылықты сақтау және сақ болу, әуеайлақ аумағындағы тегіс емес және тайғақ жерлерге көңіл бөлу;

      Қозғалтқыштан газдың шығу бағытынан 50 метрден кем; қозғалтқыштың ауа жинағышының алдында 10 метрден кем; тұрақта тұрған ұшақтардан олардың радиолокациондық станцияларының жұмысы кезінде 20 метрден кем; қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған тік ұшақтан 50 метрден кем қашықтықта болу қауіпті.

      17. Жұмысты бастар алдында жұмысты орындау кезінде қолданылатын сөйлесу қондырғыларының мен басқа да саймандардың, құрылғылардың түзеулігін тексеруі қажет. Ақау сайман түзеу сайманмен ауыстырылуы тиіс.

      18. Жұмысты басталр алдында жұмыс аумағы, соның ішінде жоғары тайғанақтықты тудыруы мүмкін немесе оқыс жағдайдың себебіне қызмет ететін мұздың, төгілген майдың және бөтен нәрселердің болуына қарау жүргізілуі тиіс.

      19. Жолаушыларды отырғызуды және түсіруді бастар алдында мыналарға:

      1) әуе кемесінің жолаушыларды қабылдауға даярлығына;

      2) жолаушыларды тұрақ орнына жеткізу үшін перрондық автобустың дер кезінде келуіне;

      3) траптың тазалығына, траптың үстіңгі алаңымен әуе кемесі есігінің табалдырығының арасындағы қашықтық белгіленген нормаларға сәйкестігіне, олардың деңгейінің тура келуіне;

      4) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасының тазалығына, ол үшін сынама көтеру мен трап бойынша түсіру жүргізу қажет;

      5) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасының тиіс жарықтануына көз жеткізу қажет.

      20. Трапты келісілмеген айдау жағдайында ол туралы экипаж мүшелері мен тасымалдау қызметінің диспетчері ескертіледі.

      21. Ақаулығы табылған жағдайда ол туралы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына хабарланады және ақаулықтар жойылғанға дейін жұмысты тоқтатылады.

      22. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      23. Жұмысты орындау кезінде қызметкерлердің қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптар сақталынады.

      24. Траптың әуе кемесіне және перрондық автобустың келуі кезінде оның аумағында жолаушылар мен бөтен тетіктердің жоқтығына көз жеткізіледі.

      25. Траптың соңғы орнатылуынан, оны айдап келу мен айдап әкетуге жауапты тұлғаның пәрмені бойынша және әуе кемесінің жолаушыларды қабылдауға немесе түсіруге даярлығы куәландырылғаннан кейін жолаушыларды отырғызу мен түсіру ұйымдастырылады.

      26. Жұмыс уақытында бөтен тұлғалармен байланысына жол жібермей отырып жолаушылардың жүру тәртібіне бақылауды жүзеге асырады.

      27. Әуеайлақ аумағы мен әуе кемесінде жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелерін сақтауы бақыланады және талап етіледі және осы ережелерді бұзу бойынша мүмкіндік беретін әрекеттерден олар ескертіледі.

      28. Отырғызуға бірінші болып балалы жолаушылар, мүгедектігі бар адамдар, қарттар шақырылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.09.2022 № 523 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында әуе кемесінің шектелген жолаушы сиымдылығынан асуға жол берілмейді.

      30. Кезекші барлық жолаушылардың әуе кемесінен түсірілуі мен әуе кемесіне отырғызылуын тексереді.

      31. Барлық жолаушылар отырғызылғаннан және түсірілгеннен кейін сөйлесу қондырғысы бойынша ақпарат береді.

      32. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      33. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      34. Апат, өрт туындаған кезде және өзге де қауіпті жағдайларда жақын жердегілер дабыл сигнал бойынша оқиға орнына дереу келуі және зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге немесе туындаған авариялық жағдайды жоюға қатысуы керек.

      35. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздікке қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуларын тапқан жағдайда ұйым басшысына хабарланады және ақаулықтарды (бұзушылықтарды) жойғанға дейін жұмысты тоқтатуы және қауіпті аумақты тастап кеткені жөн.

      36. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы ұйым басшысына хабарлауы.

      37. Зардап шеккенге алғашқы жәрдем дереу және жарақатты болдырған себепті жойғаннан кейін бірден тікелей оқиға орнында көрсетілуі тиіс.

      Зардап шеккенді денсаулық сақтау ұйымына жіберу қажет.

      38. Әуе кемесі жанған немесе өрт туындаған жағдайда:

      1) ұйымның шеберіне (бригадиріне), басшысына дереу хабарлау;

      2) айналадағыларға хабарлау және қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды шығару;

      3) өртті немесе жану белгілерін (түтіндеу, күйіктің иісі, температураның көтерілуі) анықтаған кезде нақты өрт туындаған жерді көрсете отырып 01 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау;

      4) алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып өртті жоюға кірісу;

      5) өрт сөндіру тобын қарсы алуды ұйымдастыру қажет.

5-тарау. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      39. Жұмысты аяқталғанда пайдаланылған жабдықтарды қауіпсіз тоқтатуды, ажыратуды қамтамасыз ету қажет.

      40. Денсаулық пен жеке қауіпсіздікке қауіп тудыратын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы табылған жағдайда әуе кемесінің командиріне, ал кейін ұйым басшысына хабарлайды.

      41. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне, ұйым басшысына хабарлауы қажет.

      42. Электр қыздырғыш аспаптарда зақымданудың пайда болуы жағдайында оларды тез электр желісінен ажырату және болған оқиға туралы әуе кемесінің командиріне баяндауы қажет; зақымдалған электр жабдығын ұшуда одан әрі пайдалануға немесе жөндеуге жол берілмейді.

      43. Жұмыс уақытында пайдаланылған керек-жарақтар ретке келтірілуі және оған арнайы бөлінген орынға жиналғаны жөн.

      44. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      45. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.

      Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.

      46. Кезекші жұмыс аяқталғанда қолын сабындап жылы сумен мұқият жуу қажет.

      47. Жұмыс уақытында белгілі болған барлық ақаулықтар мен кемшіліктер туралы және оларды жоюға қабылданған шаралар туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау және ұйым басшысын хабардар ету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Ивестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 12 маусымдағы
№ 339 бұйрығына 4-қосымша

Азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар

1-тарау. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары

      1. Осы Азаматтық авиация бортсеріктері үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бортсеріктер үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы (бұдан әрі – ұйым) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады.

      2. Бортсеріктер – бұл оқу, аттестациялау, өз бетімен жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі, және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қосымша талаптар қойылатын кәсіп.

      3. Бортсеріктерінің жұмысына арнайы оқудан, тағылымдамадан өткен және әуе кемесінің бортында жолаушыларға қызмет көрсетуге даярланған, әуе кемесінің тұрмыстық, апаттық-құтқару, оттегі мен өртке қарсы жабдықтарын пайдалана білетін, апаттық жағдайда экипаж мүшелерінің өзара әрекеттері бойынша міндеттерін білетін, алғашқы дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсете білетін 18 жастан жас емес тұлғалар жіберіледі.

      4. Біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлері:

      1) кіріспелік нұсқаулаудан;

      2) жұмыс орнында өз бетімен жұмысты бастаудан алдыңғы бастапқы нұсқаулаудан;

      3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі қайта нұсқаулаудан – жарты жылда бір реттен артық емес;

      4) нұсқаулық талаптары бұзылған жағдайда немесе отыз күнтізбелік күннен астам ұшу жұмысының үзілісі кезінде жоспардан тыс нұсқаулаудан (жеке немесе барлық бригадамен) өтуі тиіс.

      Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба есепке алу журналында жасалынады.

      5. Нұсқаулаудан өтпеген немесе еңбекті қорғау жөнінде қанағаттандырмайтын білімді көрсеткен тұлға жұмысқа жіберілмейді.

      6. Денсаулық жағдайын бақылау үшін бортсеріктер белгіленген тәртіпте азаматтық авиацияның дәрігерлік-ұшу сараптау комиссиясында медициналық куәландырудан өтеді.

      7. Науқастану, көңіл күйінің нашарлау, ұшудан алдыңғы жеткіліксіз демалуы жағдайында әуе кемесінің командиріне өзінің жағдайы туралы хабарлайды және медициналық көмекке жүгінеді.

      8. Жұмыстарды орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимдері: ұшу уақытының, ұшудан алдыңғы және ұшудан кейінгі демалыс нормаларын сақтауы, резервте тұрған уақыты режимдері мен тағы басқаларды сақтауға міндетті.

      9. Жұмысты орындау кезінде мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:

      1) қозғалыстағы ұшақтар, тік ұшақтар, арнайы автокөліктер мен өзі жүретін механизмдер;

      2) жұмыс істеп тұрған авиақозғалтқыштардан ауа мен газ ағындары, сондай-ақ оған түскен тастар, құм мен басқа да нәрселер;

      3) ауа сору ағындар (авиақозғалтқыштардың пысылдау аумағы);

      4) тұрақта тұрған ұшақтар мен тік ұшақтардың айналатын бұрандалары;

      5) жылу мен желдету газ ағызатын машиналардың ауа-газ ағындары;

      6) ұшақтың және оның жабдықтарының (тұрмыстық және апаттық-құтқару жабдықтары, люктердің, люкшелердің және сол сияқтылардың жабылмаған қақпақшалары) шығып тұрған бөліктері;

      7) жоғары тайғанақтық (траптың, әуеайлақтың тұрақ орындары мен жабындыларының беті мұздану, ылғалдану мен майлану салдарынан);

      8) ұшақтың тұрақ орнының бетінде тұрған нәрселер (шлангтер, кабельдер, жерлендіру арқандары және басқалар);

      9) биіктігі бойынша қоршалмаған құламаның жақын орналасуы (мысалға, ұшақтың кіре беріс ашық есіктері), сондай-ақ әуе кемелерінің жабылмаған люктеріне түсу мүмкіндігі (ұшудан алдыңғы қызмет көрсету уақытында);

      10) қысымның құлауы (биіктеу мен төмендеу алу кезінде);

      11) жұмыс аумағының ауасында оттегі құрамының жеткіліксіздігі;

      12) тұйықталуы адам денесі арқылы болуы мүмкін электрлік тізбегіндегі кернеудің арттырылған мәні;

      13) жоғары температураға дейін қыздырылған су, қайнаған су, ыстық бу (борттық тамақты даярлау кезінде);

      14) тұрмыстық жабдықтардың, саймандар мен құрылғылардың өткір жиектері (соның ішінде консерві пышағы, асхана аспаптары), сондай-ақ сынған ыдыстар мен шөлмектер;

      15) деңгей артқан шу мен тербелістер;

      16) ауаның артуы немесе төмендеу температурасы мен ылғалдылығы;

      17) жұмыс аумағының, әуе кемесінің тұрақ орындарының, перронның жеткіліксіз жарықталғандығы;

      18) әуе кемесінің бортындағы өрт немесе жарылыс;

      19) психоэмоциональдық ауыртпалықтар.

      10. Жұмыс уақытында және барлық жұмыс уақыты кезінде бортсерік № 943 бұйрыққа сәйкес арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да қажетті қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғаныш құралдарын пайдаланады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталады және жолаушылар тарапынан бұзушылықтарға жол берілмеуі тиіс (әуе кемесінің тұрақ орындарында темекі тартпау, ашық отты пайдалануға және сол сияқтылар).

      12. Қызметкерлердің немесе жолаушының жарақаттануы, жабдықтардың, құрылғылар мен саймандардың ақаулығы жағдайында әуе кемесінің командиріне, ұйым басшысына болған оқиға туралы хабарлайды және оқиғаның жағдайын, егер ол айнала үшін қауіп төндірсе, сақтайды, ал зардап шеккендер болған кезде алғашқы көмек көрсетеді.

      13. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдау, сондай-ақ темекі тарту алдында қолын мұқият сабындап жууы қажет.

2-тарау. Жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      15. Бортсеріктер ұшу алдында Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің 2017 жылғы 05 маусымындағы № 324 бұйрығымен (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15325 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидаларына сәйкес медициналық қараудан өтуі міндетті.

      16. Жұмыс басталар алдында және барлық жұмыс уақыты бойында тиісті болатын түзеу арнайы киімдерді және арнайы аяқ киімдерді пайдалануы міндетті.

      17. Бекітілген жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      18. Бортсерік жұмысты орындау үшін олардың дұрыстығын алдын ала тексере отырып, басқа да жеке қорғаныныш құралдарын дайындайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жұмысты бастардан алдын жұмысты орындау кезінде қолданылатын барлық саймандардың, құрылғылардың түзеулігін тексеруі қажет. Ақау сайман түзеу сайманмен ауыстырылуы тиіс.

      20. Әуеайлақ аумағы бойынша бортсеріктер автокөліктермен орын алмастырады. Ерекше жағдайларда жаяу орын алмастыру кезінде сигналдық көкірекшені пайдалануы (жарқырағыш элементтері бар) және мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) тек арнайы тағайындалған маршрут бойынша жүру;

      2) айналадағы жағдайдың өзгеруін бақылау, әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайлардағы (жаңбыр, тұман, қар жауу, көк тайғақ және сол сияқты) және тәуліктің қараңғы уақытындағы;

      3) авиациялық шу жағдайында көлік құралдарынан берілетін дыбыстық сигналдар және жақындап келе жатқан автомобильдің, өзі жүретін механизмдердің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы естілмеу мүмкіндігін еске ұстау;

      4) жоғары қауіптілік аумақтардың маңында (жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштар және ұшақтардың айналудағы әуе бұрандалары мен тік ұшақтардың көтергіш бұрандаларының аумақтарында, жердегі және борттық радиотехникалық құралдарының антеннасының сәулеленуі, әуе кемелерін рульдеу мен сүйреу, әуе кемесінде арнайы көлік пен механизация құралдарын маневрлеу, ұшаққа отын құю, тиеу-түсіру жұмыстары және басқалар), сондай-ақ жолдың жүру бөлігінде абайлылықты сақтау және сақ болу, әуеайлақ аумағындағы тегіс емес және тайғақ жерлерге көңіл бөлу.

      Қозғалтқыштан газдың шығу бағытынан 50 метрден кем; қозғалтқыштың ауа жинағышының алдында 10 метрден кем; тұрақта тұрған ұшақтардан олардың радиолокациондық станцияларының жұмысы кезінде 20 метрден кем; қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған тік ұшақтан 50 метрден кем қашықтықта болу қауіпті.

      21. Бортсеріктер ұшудан алдыңғы даярлық үдерісінде мынадай қауіпсіздік талаптарын сақтау қажет:

      1) тұрақ бойынша орын алмастыру кезінде әуе кемесінің қасында тұрған шлангтерге, кабельдерге, арқандарға, әуеайлақ қыздырғыштарының түтік құбырына, беріктеу негіздерге, арбаларға, баллондарға және басқа да бұйымдарға сүрініп және соқтығысып қалмау үшін абайлылықты сақтау;

      2) жарақат алудан құтылу үшін әуе кемесінің төмен орналасқан бөлігінің қасынан қозғалу кезінде сақ болу. Әуе кемесінің фюзеляжының астында қозғалуға жол берілмейді;

      3) шығу есіктерінің шектеу белдіктерінің түзеулігін және олардың беріктігін, ұшақтық дауыс зорайтқыш құрылғының жұмысын және бортсеріктердің экипажбен телефондық байланысын тексеру;

      4) жолаушылар салонын қарау, ұшудан алдыңғы қызмет көрсетуден кейін онда қалып қойған бөтен нәрселердің, ашық люктердің жоқтығына көз жеткізу;

      5) кілем жабындыларының дұрыс бекітілгендігін және онда қатпарланудың жоқтығына көз жеткізу;

      6) электр су қайнатқыштарының бекітілу сенімділігін тексеру қажет.

      22. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын жұмыс баспалдақтары мен сатыларды пайдалануға және жүк автомашинасының кузовына, электрокарлар платформасы мен көтергіш механизмдерге көтерілуге жол берілмейді.

      23. Жолаушыларды отырғызуды және түсіруді бастаудан алдын траптың тазалығына, траптың үстіңгі алаңымен әуе кемесі есігінің табалдырығының арасындағы қашықтық белгіленген нормаларға сәйкестігіне, олардың деңгейінің тура келуіне көзбен шолу арқылы көз жеткізілуі керек.

      Орнатылған шектеуші белдіктерді шешуге тек отырғызу мен түсіру кезінде рұқсат етіледі. Экипаж мүшелері мен әуе кемесіне қызмет көрсетуші техникалық персоналды өткізу үшін белдік шешіледі және тез қайтадан орнатылады.

      Трапты келісілмеген айдау жағдайында ол туралы экипаж мүшелері мен ұшақты тастап шығуы қажет жердегі қызметтердің қызметкерлері ескертіледі. Екі трап орнатылған әуе кемелерінің тек артқы есігіндегі трапты айдауға рұқсат беріледі.

      24. Жолаушылар салоны мен ұшақтың жоғарғы сөресіне көлемді және ауыр қол жүктерін орналастыруға жол берілмейді.

      25. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты жағдайларды қоспағанда жолаушылар салонынан жүк бөлмесіне жүретін люктерді пайдалануға жол берілмейді.

      26. Жабдықтардан табылған барлық ақаулықтар мен басқа да кемшіліктер туралы шеберге (бригадирге) хабарлайды және олар жойылғанға дейін жұмысқа кіріспейді.

      27. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      28. Жұмыстарды ұйым бекіткен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген бортсеріктердің жұмыс технологиясына сәйкес орындалады.

      29. Ұшақтың екпін алу кезі мен ұшудан кейін 5 - 7 минут бойы қызмет орындарында болуы және осыған қарастырылған байлау белдіктерімен байланған болуы жөн.

      30. Барлық ұшу бойында ұшақ салонында сигнал беру мен жарық көрсеткіш тақталардың түзеулігіне және жолаушылардың қол жүктерінің дұрыс орналасуына бақылауды жүзеге асырылады, негізгі, қосалқы, қызметтік есіктер мен апаттық люктердің ашылу әрекеттеріне жол берілмейді.

      31. Жұмыс уақытында өзінің жұмыс орнын таза ұстайды.

      32. Жұмысты орындау кезінде қызметкерлердің қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды сақтайды.

      33. Әуе кемесінің бортында жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелерін сақтауы бақыланады және талап етіледі және осы ережелерді бұзу бойынша мүмкіндік беретін әрекеттердің алдын алады.

      34. "Байлау белдіктерін тартыңыз" деген жарық көрсеткіш тақтасы жанған кезде бортсеріктер осы талаптардың жолаушылардың орындауын тексереді, осыдан кейін өздерінің жұмыс орындарын алады және байлау белдіктерін тартады.

      35. Барлық электр қыздырғыш аспаптар олардың тікелей тағайындалуы бойынша пайдаланылуы қажет.

      36. Духовкалы шкафта тамақты қыздыру бойынша жұмыс кезінде күюден қорғауды қамтамасыз ететін ыстық ылғалға төзімді қолғапты (биялайды) пайдаланғаны жөн.

      37. Электр су қайнатқышта шай мен кофені қайнатуға, сондай-ақ электрлік духовкалы шкафта сұйықтықтарды қыздыруға жол берілмейді.

      Қажет болған жағдайда электр су қайнатқыштың қақпағын ашуға тек оны электр желісінен ажыратқаннан кейін 10 минут өткеннен кейін мүмкін болады.

      38. Электр су қайнатқышынан ыстық суды құю тек шүмегі арқылы жүзеге асырылады. Оқыс жағдайлардан болдырмау үшін электр су қайнатқыштың жоғарғы қылтасы арқылы құюға жол берілмейді.

      39. Шөлмектер мен консерві банкаларын ашу үшін жұмыс берушімен берілген түзеу және осыған арналған құрылғылар мен саймандар пайдаланылуы керек.

      40. Жолаушыларға тамақтарды тарату кезінде мынадай талаптарды орындау қажет:

      1) жолаушыларға қызмет көрсету тек түзеу жабдықтармен жүргізіледі;

      2) жолаушыларға арбамен қызмет көрсету екі бортсерікпен жүргізіледі. Арба жақсы жабылатын есіктері мен жұмыс істейтін тоқтатқыштары бар түзеу күйде болуы тиіс;

      3) арбасыз қызмет көрсету кезінде салонға бір уақытта екі табақтан (ланч-бокстан) артық алып жүрмеуі, лас табақтарды (ланч-бокстарды) жинау кезінде төртеуден көп алмау жөн.

      41. Әуе кемесінің күшті турбуленттік аумаққа жақындағанда әуе кемесінің командирінің хабарлауы бойынша және "байлау белдіктерін тартыңыздар" деген көрсеткіш тақтаның жануы кезінде тамақ пен сусындарды тарату, кәдесыйларды сату тоқтатылады, жолаушылардың өздерінің орындарын алуы және байлау белдіктерін тартуы ескертіледі, қол жүктері мен жеке заттардың құлауын алдын алу бойынша шаралар қабылданады, осыдан кейін өз орындарына барып және байлау белдіктерін тартуы жөн.

      42. Оттегі жабдығын пайдалану кезінде оттегі мен майдың байланысын болдырмау және оттегі жабдығымен тоң май мен майдың ізі жоқ таза қолмен жұмыс істеу талап етіледі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 24.02.2023 № 119 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Әуе кемесіне отырғызудан алдын барлық тұрмыстық аспаптардың электрмен қоректендірулерін ажыратылады және олардың бекітілуінің беріктігі тексеріледі.

      44. Отырғызудан алдын бортсеріктер барлық жолаушылар байлау белдіктермен тартылғанын тексеруі және өздері өз орындарын алуы мен байлау белдіктерімен тартылуы жөн.

4-тарау. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      45. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздікке қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзуларын тапқан жағдайда әуе кемесінің командиріне, ал кейін тікелей басшысына хабарлайды.

      46. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне, тікелей басшысына хабарлауы қажет.

      47. Электр қыздырғыш аспаптарда зақымданудың пайда болуы жағдайында оларды тез электр желісінен ажырату және болған оқиға туралы әуе кемесінің командиріне баяндауы қажет; зақымдалған электр жабдығын ұшуда одан әрі пайдалануға немесе жөндеуге жол берілмейді.

      48. Әуе кемесінің бортында өртті (түтінді) табу кезінде бортсеріктер өртті сөндіруге тез кірісу, болған жағдай туралы әуе кемесінің командиріне баяндауы және жолаушылар арасындағы үрейлердің алдын алу бойынша шаралар қабылдауы қажет.

      49. Ұшақтың салонындағы өртті сөндіру үшін тасымалданатын өрт сөндіргіштер қолданылады.

      50. Жердегі ұшақтағы өртті жою кезінде борттықтан басқа әуеайлақта бар өрт сөндіру жердегі құралдарын қосымша пайдаланған жөн.

      51. Зардап шегушіге алғашқы көмек тез және тікелей оқиға болған жерде, жарақатты тудырған себептерді жойғаннан кейін жылдам көрсетілуі тиіс.

5-тарау. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

      52. Ұшақтан трапқа тек трапты айдап келу мен айдап кетуге жауапты тұлғаның пәрмені бойынша оның соңғы орнатылуынан кейін шығу керек.

      53. Әуе кемесін тұраққа отырғызғаннан кейін шығу есіктеріндегі өздерінің орындарын барып және траптың орнатылуын бақылайды, трапқа шығу кезінде жолаушыларға көмек көрсетеді.

      54. Соңғы жолаушы шыққаннан кейін есіктерге шектеуіш белдіктерді орнатқан жөн.

      55. Сақтандырғыш шараларды сақтай отырып трап бойынша түседі, тұтқадан ұстауы және қадамын бірнеше баспалдақ арқылы жасамауы қажет.

      56. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      57. Жұмыс уақытында пайдаланылған керек-жарақтар ретке келтірілуі және оған арнайы бөлінген орынға жиналғаны жөн.

      58. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.

      Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.

      59. Жұмыс аяқталғанда қолды сабындап жылы сумен мұқият жуу қажет.

      60. Жұмыс уақытында белгілі болған барлық ақаулықтар мен кемшіліктер туралы және оларды жоюға қабылданған шаралар туралы әуе кемесінің командиріне хабарлау және ұйым басшысын хабардар ету қажет.