БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10137 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 5-тармағына, "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының (бұдан әрі – Қор) құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган Қорға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтиды.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Көрсетілетін қызметті алушы төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімдерде Қорға мәліметтерді беру туралы хабарлама жолдайды.
Хабарлама алған сәттен бастап Қор он бір жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:
"қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер);
"құпия" белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде "құпия" белгісі бар мәліметтер;
ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде мәліметтер беруді қалыптастырады.
Қор мәліметтерді қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Қордан мәліметтердің дайындығы туралы хабарлама алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.";
22-тармақ алып тасталсын;
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы |
"Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру" |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | (19) он тоғыз жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Қағаз түрінде: |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
1) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде: |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі. |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Мемлекеттік қызметті берушіге: |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
11 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді. |