Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29707 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 367 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 499 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13988 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13938 болып тіркелген):

      Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мүгедектігі бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 40 %-ынан аспайды.";

      Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мүгедектігі бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, кезекті қаржы жылына әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 20%-ынан аспайды.";

      9 - тармақта:

      3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мүгедек адамдар.";

      7-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедектігі бар баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар.";

      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мүгедектігі бар адамдарды және "Ұрпақтар келісімшарты", "Алғашқы жұмыс орны" және "Күміс жас" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарды қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың жалақысына субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінен 35%-ды құрайды, бірақ 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайды.";

      31-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін жыл сайын өңірлік комиссиялар белгілейді.";

      Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мүгедектігі бар адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны жұмыскерлердің тізімдік санының 20%-ынан аспайды.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 179 бұйрығымен (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. "Мүгедектің жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      5. "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыспен қамтудың жеке картасын жүргізу қағидаларында:

      2-тармақтың 14-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамдардың жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.";

      4-тармақтың 15-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына берілген жолдамалар туралы мәліметтерді қамтиды.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары:

      кәсіптік оқытуға жолдаманы;

      азаматтардың және қандастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесуді;

      жастар практикасына жіберуді;

      әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды;

      жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесуді;

      мүгедектігі бар адамдардың жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыруды;

      қоғамдық жұмыстарды қамтиды.

      Орталық қызметкері көрсетілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен ЖҚЖК-ға енгізеді. Бұл ретте, Орталық қызметкері мынадай:

      жұмыс берушінің және (немесе) оқу орнының атауын, оқу ұйымының және (немесе) жұмыс берушінің мекенжайын, телефонын, оқыту түрін және мерзімін, жіберілген күнін, алған мамандығын, біліктілігін және жұмыс берушіні, лауазымын көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып, кәсіптік оқытуға адамдардың қатысуы туралы мәліметтерді;

      берілген микрокредитті алған күнін, оның сомасын, жеңілдікті кезеңнің мерзімін, қайтару мерзімі мен қызмет түрін көрсете отырып, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді. Адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберілген жағдайда оқу орнының атауы, оқу мерзімі және оқуға жіберілген күні көрсетіледі.

      Жұмыссыз сервистік қолдау алған кезде, көрсетілген қызметтің ұзақтығын көрсете отырып қызмет түрі көрсетіледі;

      оқу орнын бітірген күнін, алған мамандығын, жұмыс берушінің атауын, жастар практикасына қайда жіберілгенін, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың жастар практикасына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді;

      жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді, жұмыс берушіні және лауазымды көрсетумен тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасқан күнін көрсете отырып жұмыссыздың әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді;

      отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелерін, келген жерін, берілген субсидияларды, тұрғын үй беруді, сондай-ақ жұмысқа орналасқанын күнін, жұмыс берушінің атауын және лауазымды (кәсіпті) көрсете отырып, жұмыс күшінің ұтқарлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға қатысу туралы мәліметтерді көрсетеді;

      арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жіберілген адамдар туралы мәліметтер жұмыс берушінің атауын, жолдаманың берілген күнін, қатысу мерзімін, атқарып отырған лауазымын (кәсібін), жұмысқа қабылдау туралы жұмыс берушінің актісі туралы мәліметтерді көрсете отырып ЖҚЖК-ға енгізіледі;

      адамдардың қоғамдық жұмысқа қатысуы туралы мәліметтер ЖҚЖК-да көрсетіледі. Қоғамдық жұмысқа жіберілгеннен кейін жұмыссыз мәртебесі сақталады.".

      6. "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15858 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттарында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары";

      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1. Осы Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі мен шарттарын айқындайды.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Электрондық Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі – Электрондық Еңбек биржасы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс.";

      2-тармақтың 4, 5, және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жабдықтау (жарақтандыру) – мүгедектігі бар адамдарда организмнің бұзылған функцияларын және тіршілік-тынысының шектелуін толық немесе ішінара алмастыратын (орнын толтыратын) және олардың еңбек функцияларын орындау мүмкіндігін жасайтын негізгі технологиялық құрал-жабдықты, технологиялық жарақтандыруды, құралдарды, қосалқы жабдықты іріктеу, монтаждау және пайдалану процесі;

      6) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған арнайы жұмыс орындары – мүгедектігі бар адамның жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары.";

      4-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4. Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жұмыс орындарына орналастыру мүмкіндігі туралы ақпараттандыруды:

      тиісті өңірдің мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне ақпарат жолдау арқылы ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы;

      мүгедектігі бар адамның өзі жүгінген кезінде халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізеді.";

      10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Халықты жұмыспен қамту орталығы арнайы жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды қалайтын мүгедектігі бар адамдарға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына жолдама береді.";

      12, 13, 14 және 15) тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мүгедектігі бар адам болып табылатын жұмыскер мен жұмыс беруші арасында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шарты жасалады.

      13. Еңбек шарты тараптардың бірінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мүгедектігі бар адам болып табылатын басқа жұмыскерді оның келісімі бойынша және құрылған арнайы жұмыс орнында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін денсаулық жағдайына қарап қабылдайды.

      14. Халықты жұмыспен қамту орталығы:

      1) жұмысқа орналастырылған мүгедектігі бар адамдардың міндетті зейнетақы төлемдерінің болуына мониторинг жүргізеді;

      2) жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыру үшін жұмыс берушіден қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратады.

      15. Жұмыс беруші мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын жарақтандыру (жабдықтау) жұмыстарын орындағаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығына жасалған шартқа және бұдан бұрын ұсынылған шығыстар сметасына сәйкес орындалған жұмыстар актісін қол қою және субсидия алу үшін ұсынады не оған электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол койып, Электрондық еңбек биржасының жеке кабинеті арқылы жолдайды.

      Жұмыспен қамту орталығы тексергеннен және орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаннан кейін жұмыс беруші субсидия алады.";

      17-тармақтың 1 және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құрылып жатқан арнайы жұмыс орындарының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 519 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13913 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарттарына сәйкес келуі;

      2) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын тұрақты жұмыс орны құрылған сәттен бастап сақтау;";

      осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшалары осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 498 бұйрығымен
бекітілген

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ("Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң) 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квоталау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жұмыс берушi – жұмыскер онымен еңбек қатынастарында тұрған жеке немесе заңды тұлға;

      3) жұмыс орындарының квотасы (бұдан әрі – квота) – ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының пайыздық көрсетілімінде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын қоса алғанда, жұмыс беруші жұмысқа орналастыруға міндетті еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа қабылдауға арналған жұмыс орындарының ең аз саны;

      4) жұмыс орындарын квоталау – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынуы;

      5) мүгедектігі бар адам – тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      6) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган – өңірлік еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      7) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.

2-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау тәртібі

      3. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган ұйымдарда квота белгілеу бойынша ұсыныстарды:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі еңбек нарығында мүгедектігі бар адамдар санынан жұмыс күшіне ағымдағы сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау;

      2) өңірдегі жұмыс істеп тұрған ұйымдар саны;

      3) жұмыскерлердің штат саны және бар бос жұмыс орындарының саны туралы жұмыс берушілердің мәліметтері негізінде қалыптастырылған ұйымдардағы жұмыскерлердің тізімдік саны;

      4) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс беруші ұсынған қолданыстағы жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер талдау;

      5) квотадан тыс жұмыс берушілер мен мүгедектігі бар адамдар арасында жасалған қолданыстағы еңбек шарттарының саны туралы мәліметтер талдау;

      6) халықты жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыссыз мүгедектігі бар адамдардың саны негізінде әзірлейді.

      4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік статистика туралы" Заң) 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтердің негізінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың және мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

      5. Квотаны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алдағы жылға квота белгілейді.

      Квота ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен дара кәсіпкерлер үшін белгіленеді.

      6. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынады.

      7. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес квота шеңберінде медициналық қорытындыға сәйкес еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастырылады.

      8. Квотаны жергілікті атқарушы органдар жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға:

      елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгілейді.

      9. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қызметке кірудің ерекше жағдайлары, лауазымға тағайындаудың тәртібі айқындалған жағдайларда квота белгіленбейді.

      10. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 27-бабы 2-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің орташа жылдық санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.

      11. Елді мекендерде еңбек қызметі үшін медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еңбек етуге қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдар болмаған кезде, аталған елді мекендердің аумағында орналасқан ұйымдарда квота белгіленбейді.

      12. Ұйым және дара кәсіпкерлер үшін белгіленген квота осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда күнтізбелік жыл ішінде қайта қарауға (түзетуге) жатады.

      13. Жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушілер мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған белгіленген квотаны орындайды.

      14. Жұмыс орындарының квотасы шеңберінде жұмысқа орналасқан, жұмыс берушілер осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты жұмыстан босатқан мүгедектігі бар адамдар оларды кейіннен жұмысқа орналастырумен халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеледі.

      15. Жұмыс берушінің мүгедектігі бар адамдарды бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге еңбек шартын жасасумен расталған, (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда), бос немесе белгіленген квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдаманың болуына қарамастан берілген жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруы квотаны орындау болып табылады, ол туралы мәліметтерді жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына "Мемлекеттік статистика туралы" Заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілетін нысан бойынша ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 499 бұйрығына
1-қосымша
  әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: мәліметтер

      квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы

      мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, бос лауазымдардың болуы

      және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %)

Мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

Мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік

Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер

Кәсіби білімі

Орташа айлық жалақысы (теңге)

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)

Жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша)

Басқа да талаптар (тарифтік разряд,

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________

      басшы                         (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтердің
болуы туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %);

      мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;

      ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота санын;

      мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, оның ішінде: кәсіби білімін, орташа айлық жалақысын (теңге), еңбек және қызмет жағдайын (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі), жұмыс өтілін (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша), басқа да талаптарды (тарифтік разряд, санат) көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) көрсетіледі.

      7. 4-бағанда мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 5-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны көрсетіледі.

      9. 6-бағанда мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      10. 7-бағанда мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы көрсетіледі.

      11. 8-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      12. 9-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің кәсіби білімі көрсетіледі.

      13. 10-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.

      14. 11-бағанда жұмыскердің еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) көрсетіледі.

      15. 12-бағанда жұмыскердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) көрсетіледі.

      16. 13-бағанда бос лауазымға үміткер жұмыскерге қойылатын басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму
министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 499 бұйрығына
2-қосымша
  әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы:

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квотаның орындалуы туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын;

      Есепті кезең 20__ жылғы_ _ _ _ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады..

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота (адам)

Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны (адам)

Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың саны саны (адам)

1

2

3

4

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________

      басшы                         (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________ м.о.

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мүгедектігі бар адамдар
  жұмысқа орналастыруға
  арналған квотаның орындалуы
  туралы мәліметтер" әкімшілік
  деректерді жинауға
  арналған нысанға
  қосымша

"Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      жұмыскерлердің тізімдік санын;

      белгіленген квотаны;

      квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың санын;

      квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың санын көрсете отырып ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      5. 2-бағанда белгіленген квота көрсетіледі.

      6. 3-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны көрсетіледі.

      7. 4-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
1-қосымша

Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: мүгедектігі бар адам – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, мертігуден (жараланудан, жарақаттан, контузиядан), олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам; пандус – жолдың көлденең бетінің бір деңгейінен екіншісіне, оның ішінде кресло-арбамен ауысуға арналған қозғалыс бағыты бойынша тегіс көлбеуі бар құрылыс.

2-тарау. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      4. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орны негізгі антропометриялық және эргономикалық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар; кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып қосымша арнайы әзірленген қол құралын жасау, оны пайдалану тиімділігін барынша арттырады;

      кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам организмінің антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс кезінде пайдаланылатын материалдар, бөлшектер технологиялық жабдықты басқарудың негізгі элементтері жұмыс аймағының шегінде болады; жұмыс аймағындағы барлық элементтер еңбек ету кезінде зақым алуды болдырмау үшін берік бекітіледі;

      қажет болған жағдайда мүгедектігі бар адамға қосымша кеңістік ұсынылады (мысалы, кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам үшін бұрылу алаңын ұлғайту);

      қажет болған жағдайда жұмыс орнын қосымша жарықтандыру көзделеді.

      7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның кіру, бұрылу және кедергісіз өту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету ескеріледі. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам пайдаланатын барлық жабдық, жиһаз қолжетімді аймақта орналастырылады.

      8. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналастырылуы, жұмыс орнын жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      9. Адамдар келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

      10. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

      11. Үй-жайдың ауданы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген әкімшілік тұрғын үй және тұрғын үй ғимараттарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) кресло-арбамен жүріп-тұратын, мүгедектігі бар адамға бір жұмыс істейтін адамға 7,65 шаршы метр есебінен қабылданады.Үй-жайлардың көлемі микроклимат бойынша нормативтердің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай есептеу жолымен айқындалады, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ЖЖМ-72 бұйрығымен бекітілген Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) сәйкес 15 текше метрден кем емес.

      12. Мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын жекелеген учаскелерде организм үшін қарсы көрсетілген процестер өтетін үй-жайға орналастыру кезінде мүгедектігі бар адамның жұмыс аймағындағы өндірістік ортаның параметрлері реттеледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 болып тіркелген) адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтер ескеріледі.

      13. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдар үшін жабдықтың, жұмыс аймағының, жиһаздың элементтерін жеке, қажет болған жағдайда оны трансформациялауды қамтамасыз ете отырып орындау қажет.

      14. Ұйымдастырушылық-техникалық жабдықтау өзінің өлшемдері бойынша антропометриялық деректерге сәйкес келеді, ол төзімділік қасиетке ие, пайдалану жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      15. Жұмыс үстелі мынадай сипаттамалар мен мүмкіндіктерге ие:

      үстел бетінің биіктігі мен еңісін өзгерту;

      қосымша жергілікті жарықтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі;

      қосалқы жабдықты қосымша бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ету;

      жылжымалы жәшіктердің, заттар мен бөлшектерді қармау және ұстау құрылғысының болуы.

      Жұмыс орындығы мынадай сипаттамалар мен мүмкіндіктерге ие:

      орындықтың және арқалықтың биіктігі мен еңісін өзгерту;

      қосымша басқыштарды қондыру (қажеттілігіне қарай);

      қосымша шынтақтірегіштерді орнату;

      қозғалысты жеңілдету үшін қосымша тірегіштер мен тұтқаларды орнату.

      16. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орнын жабдықтау кезінде жұмыс жабдығын, жиһазды таңдау және орналастыру кресло-арбадағы қызметкерге қатысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің халықтың баяу қимылдайтын топтарына арналған талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      1) осы стандартқа қосымшаға сәйкес кресло-арбаның вертикальді осінде айналу кезінде алатын аймағының габариттері: 1400х1400 миллиметр;

      2) қоршаған орта элементтерінің қолжетімділігі:

      жанында орналасқанда: 1300 миллиметрден аспайды және 250 миллиметрден төмен болмайды;

      фронтальды күйде: 1200 миллиметрден аспайды.

      17. Компьютермен жұмыс істеуді көздейтін жұмыс орны қажет болған жағдайда арнайы пернетақтамен, арнайы компьютерлік тышқанмен жабдықталады.

      18. Кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруына қойылатын талаптар:

      1) ғимаратта кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға лайықталған кіреберіс қарастырылады. Сыртқы баспалдақтар мен пандустардың тұтқалары болады. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес пандустың еңісі 8 %-дан аспайтын кезде оның ең жоғары бір көтерілу биіктігі (марш) 0,8 метрден аспайды. Қозғалыс жолындағы еден биіктігінің алмасуы 0,2 метр және одан төмен болса пандустың еңісі 10 %-ға дейін ұлғайтылады. Ерекше жағдайларда бұрандалы пандустар қарастырылады;

      2) қозғалыс жолы:

      кабинеттердің есіктері ашық болғанда қозғалыс жолағының ені – 90 сантиметрден кем болмайды;

      есік жақтауларының ені – 90 сантиметрден кем болмайды;

      табалдырықтардың биіктігі – 2,5 сантиметрден аспайды;

      қажет болған жағдайда ғимаратта ені 90 сантиметрден кем болмайтын тайғанамайтын жабуы бар, тұтқасының биіктіктігі 70-90 сантиметр болатын пандус монтаждалады;

      жұмыс орнын орналастыру жүріп-тұрудың ең төменгі қажеттілігін қамтамасыз етеді;

      қозғалыс жолында аспалы жабдық жоқ, орын ауыстыруға кедергі болмайды;

      3) жұмыс орнын екінші және жоғарғы қабаттарда орналастыру: жұмыс орындары екінші және жоғарғы қабаттарда орналасқан жағдайда, кабинасы 140х110 сантиметрден кем болмайтын, есік жақтауларының ені 90 сантиметрден кем болмайтын жолаушы лифтілері жабдықталады;

      лифт болмаған жағдайда баспалдақты жеке көтеру құрылғысы болады.

      19. Мүгедектігі бар адамдарға санитариялық-тұрмыстық қызмет көрсету сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Қоғамдық дәретханаларда азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде кресло-арбамен жүріп-тұратын адамдарға қолжетімді болатын кемінде бір әмбебап кабина қарастырылады.

      Әмбебап кабинаның өлшемдері: ені – 1,65 метр, тереңдігі – 1,8 метр. Кабинада:

      кресло-арбаны қоюға арналған кеңістік, сондай-ақ киімге, балдақтар мен басқа да қажеттіліктерге арналған ілгіштер;

      қажет болған жағдайда тұтқалар, айналмалы немесе қайырмалы отырғыштарды орнату мүмкіндігі қарастырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5 - қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
2-қосымша

Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

      3. Осы стандартта мынадай негізгі ұғым пайдаланылады: тифлокешен – көзі нашар көретін және көрмейтін пайдаланушылар үшін арнайы жабдықпен және бағдарламалық қамтамасыз етумен жарақтандырылған компьютер, сондай-ақ брайль принтерлері.

2-тарау. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      4. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны негізгі эргономиялық талаптарға жауап беретін басты және қосалқы жабдықты қамтиды.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер:

      мүгедектігі бар адамды соқырлығынан туындаған оның физиологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар;

      көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның ерекшеліктері ескеріле отырып арнайы әзірленген бедерлі қаріпті қамтамасыз ету;

      жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын материалдармен, құралдармен тифлокешенді басқарудың негізгі элементтері көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам организмінің ерекшеліктері ескерілген жұмыс аймағының шегінде болады;

      көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс процесінің тиімділігін және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс аймағында қоршаған ортаны сәйкестендіру үшін қосымша жабдықтау (акустикалық, тактильді, визуальды).

      7. Өндірістік жабдықты, жиһазды орналастыру кезінде көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның кедергісіз өтуін қамтамасыз ету ескеріледі. Сондай-ақ жүріп-тұру жолдарында тактильді бағыттаушы көрсеткіштерді (едендегі және қабырғадағы) монтаждау көзделеді.

      8. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдықтар мен жиһаздардың орналасуы, оны жарықтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      9. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адам үшін жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар:

      1-сыныпты микроклимат;

      шу 80 децибелден аспайды;

      локальды дірілдің болмауы;

      ультрадыбыс, инфрадыбыстың болмауы;

      зиянды заттар ең жоғары деңгейде рұқсат етілетін мәндер шегінде;

      қолдардың тоңып қалуына жол берілмейді.

      10. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны сезу, есту, көру бағдарлары бар тифлокешендермен жабдықталады, олар жұмыс орнындағы бағдар жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.

      11. Барлық технологиялық құрылғылар тифлобелгілермен жарықтандырылады, ол мүгедектігі бар адамға оларды көру қабілетін бақылаусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл тифлобелгілер құралды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Қажет болған жағдайда көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны радионүктелермен жабдықталады. Егер үй-жайда көру қабілетінен толық айырылған бірнеше мүгедектігі бар адам жұмыс істесе, онда ортақ радиохабар тарату көзі орнатылады.

      12. Көру қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      жұмысты көру және есту қабілетін бақылаусыз орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуге арналған компьютерлік тифлокешендер;

      компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

      13. Жұмыс орнын жоспарлау қызметкердің еңбек процесінде ең аз кеңістікте қозғалуын ескере отырып жүзеге асырылады.

      14. Қызметкер мен цех ішіндегі көліктің қозғалу жолдары бөлінген. Өндірістік үй-жайлар 3-тен жоғары болмайтын қабатта, тура кіреберісте орналастырылады. Едендер мен баспалдақтарды жабу үшін тайып кетуге қарсы материалдар пайдаланылады. Терезелерге, баспалдақтар мен бағыттаушы тұтқаларға сақтандыратын кедергілер орнатылады.

      Жұмыс аймағы және көзі көрмейтіндердің қозғалу жолдары бағдарлар жүйелерімен ("дыбыстық маяктар", санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың кіреберісіндегі, жұмыс орындары жабдығындағы, лифтілердегі, дәліздердегі және тағы басқа орындардағы бедерлі жазулар) жарақтандырылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 519 бұйрығына
3-қосымша

Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны стандарты (бұдан әрі – стандарт) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы стандарт есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орнына қойылатын талаптарды белгілейді.

2-тарау. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнына қойылатын талаптар

      3. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны, өндірістік жабдық элементтерінің конструкциясы жұмыс аймағында эргономиялық талаптарға сәйкес келеді.

      4. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамдар қарқынды шу және жергілікті өндірістік діріл жағдайларындағы, қозғалмалы механизмдері бар, улағыштық қасиетке ие заттарды өндіру жұмыстарына жіберілмейді.

      5. Жұмыс орнын жарақтандыру кезінде есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жеке талаптары мен шектеулері ескеріледі.

      6. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның антропометриялық және анатомиялық-морфологиялық шектеулерінің орнын толтыруға арналған арнайы жабдық пен құрылғылар есту қабілеті толық бұзылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын және ескерілетін негізгі элементтер болып табылады.

      7. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орнындағы жабдық пен жиһаздың орналасуы, жарақтандыру еңбек қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.

      8. Адамдар тұрақты келетін өндірістік объектілер табиғи және жасанды жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Орташа дәлдіктегі жұмысты орындау кезінде жұмыс орнындағы аралас жарықтандыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес кемінде 500 люксті, төменгі дәлдік пен өрескел жұмыстар кезінде кемінде 300 люксті көздейді.

      9. Жарық көздері жеткілікті жарық бере алады, жарық шекарасын нақты белгілей отырып, жарық ағынын толыққанды бөледі. Жұмыс орны мен қоршаған заттар элементтерінің үстіңгі беті жылтырамайды.

      10. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамның жұмыс орны қосымша:

      дыбыстық сигналдарды жарыққа, мәтіндік жүгіртпе жолға өзгертетін жабдықпен;

      сөзді мәтінге өзгертетін жарық (визуальды) индикаторлармен жабдықталады.

      11. Есту және көру қабілеті қатар бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орнына қойылатын талаптар мыналар болып табылады:

      көруді және естуді бақылаусыз жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуге арналған тактильдік тифлокешендер;

      компьютерлермен және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу үшін брайль дисплейіне қосылуға мүмкіндік беретін тифлоорганайзер және брайль принтерлері, пернетақталары.

      12. Есту қабілетінен толық айырылған мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдаланатын кәсіпорындарда ымдау тілі аудармашысының кабинеті көзделеді. Аталған кабинет есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы техникалық байланыс құралдарымен: мәтіндік хабарламасы бар телефондармен немесе телефакстермен жабдықталады.

      13. Жұмыс орнында қауіп және эвакуация туралы ақпараттандыру үшін қосымша жыпықтауыш жарық сигналдары орнатылады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
құратын жұмыс берушілердің
шығындарын субсидиялау
қағидалары мен шарттарына
1-қосымша
  Нысан
  _______________ ауданының
(қаласының) халықты
жұмыспен қамту орталығының
директорына

Өтінім

      ________________________________________________________________________

      (ұйымның толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және

      жеке сейкестендіру нөмірі (ЖСН), байланыс жасайтын адамдар және телефондары)

      мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары

      ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесіне қосуды сұрайды.

      Мәселе оң шешiлген жағдайда мүгедектігі бар адамдар қатарындағы азаматтарға

      тiзбеге сәйкес мынадай арнайы жұмыс орындары ұсынылатын болады:

Р/с

Жұмысқа кім ретінде қабылдау жоспарланып отыр

Жұмыс орындарының жоспарланған саны

Еңбек шартын жасаудың жоспарлы мерзімі

Айлық жалақы мөлшерi, теңге

Субсидияның жоспарлы мөлшерi, теңге







      Қосымша:

      1. Арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;

      2. Банкте шоттың бар-жоғы туралы анықтама.

      Басшы _____________ _________"Мөрдің орны (бар болса)" қолы күні

  "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің,
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
8-қосымша
  Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру үшін
арнайы жұмыс орындарын
құратын жұмыс берушілердің
шығындарын субсидиялау
қағидалары мен шарттарына
2-қосымша

      Нысан

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орындарына № ______ жолдама

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________ бастап _____________________ дейін __________ ай мерзімге

      _________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны)

      __________________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      мамандығы (кәсібі) бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құрылатын арнайы жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жіберіледі.

      ____________________________                   _____________________________

      Халықты жұмыспен қамту                               қолдың таратылып жазылуы

      орталығының директоры

      Берілген күні

      Мөрдің орны

      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Жұмысқа орналасу үшін жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына қайтарылады

      № ______ жолдамаға хабарлама

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      20__ жылғы __ __________ № ______ жасалған еңбек шартына (20__ жылғы _______

      № __________ бұйрық) сәйкес мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін

      құрылатын арнайы жұмыс орнына 20__ жылғы _______________

      _________________________________________________________________________

      (кәсіп/мамандық атауы)

      ретінде қабылданды.

      Жұмысқа орналасу мерзімі: ______ ай 20___ жылғы "___" ___________ бастап 20___

      жылғы "___" ___________ дейін

      Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.

      Жұмыс берушінің жауапты өкілі

      _______________________________                   __________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы                         қолы

      Мөрдің орны (бар болса)