"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 743 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29586 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 808 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10043 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларында:

      13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдері";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік тұрғын үй берудің орнына бюджет қаражатының есебінен арнайы ақшалай қамтылым түрінде тұрғын үй төлемдері төленеді.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысымен бекітілген.";

      70-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне көтерме жәрдемақы мынадай отбасы мүшелеріне төленеді: жұбайы (зайыбы), ерлi-зайыптылардың ортақ немесе бiрiнiң кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары; бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмiнде оқитын жиырма үш жасқа дейiнгi (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейiн мүгедектігі бар адам болған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) мүгедектігі бар балалары және жұбайының (зайыбының) мүгедектігі бар балалары; қызметкердiң асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы.

      71-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) отбасында мүгедектік тобы бойынша он сегіз жасқа жетпеген мүгедектігі бар бала болған жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектік туралы анықтама;".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов