"Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 12 тамыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 17 тамызда № 29150 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.

      6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар, жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына (бөлімдеріне) азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:

      1) уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;

      3) тікелей бірінші басшыға бағынатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардағы және базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдардағы азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Азаматтық қорғаныс жоспарларын қайта жасау тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының тиісті өкімдері негізінде бес жылда бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Азаматтық қорғау қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде құрылады.

      Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, базасында тиісті шешіммен облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қажет болған жағдайда қызметтердің құрамына бірнеше ұйым кіреді.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерін базасында бейбіт және соғыс уақытында ауыз судың, тағамдық және жем-шөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдануын (ластануын) уақтылы табуға және индикациялауға арналған азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау үшін негізгі бастапқы деректер:

      1) қалаларда және қауіпсіз аймақта тұратын халық, жұмылдыру ұйғарымы бар әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын адамдар саны;

      2) жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы санын, сондай-ақ ең көп жұмыс істейтін ауысым санын және ауысым жұмысының уақытын көрсете отырып, соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда өз қызметін жалғастырып жатқан ұйымдар тізбесі;

      3) жұмысшылардың, қызметшілер мен олардың отбасылары мүшелерінің санын көрсете отырып, соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіретін ұйымдар тізбесі;

      4) білім алушылар, сондай-ақ оқытушылық құрам мен қызмет көрсететін персонал санын көрсете отырып, оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің саны;

      5) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың айналасындағы ықтимал қатты қираулар аймақтары, осы аймақтарда тұрып жатқан халық саны;

      6) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тыйым салынған аудандар мен пункттер;

      7) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру бойынша аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

      8) халықты орналастыру аудандарында қорғау құрылыстарының (паналайтын жерлердің, радиацияға қарсы жасырын паналардың, тау-кен қазбаларының, қарапайым жасырын паналардың), сондай-ақ сумен жабдықтау көздерінің болуы;

      9) эвакуацияланатын халықтың жеке көлігін есепке ала отырып, эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көлік мүмкіндігі;

      10) ықтимал жағдайды есепке ала отырып, көлік ағынын реттеу мүмкіндігі;

      11) жол желісі, оның жай-күйі және өткізу қабілеті;

      12) жаяу тәртіппен халықты эвакуациялауға арналған бағдарлардың болуы және практикалық пайдалану мүмкіндігі;

      13) тарату мен эвакуациялау туралы халықты құлақтандыруға, сондай-ақ эвакуациялау іс-шараларына басшылық етуге арналған байланыс құралдары мен жүйелері;

      14) халықты тарату мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер;

      15) көрші облыстардан келетін халық саны және олардың келу мерзімдері болып табылады.";

      52-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      3) үшінші топ – педагогикалық қызметкерлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылары, оларға қызмет көрсететін персонал; мүгедекттігі бар адамдар мен қарттар үйлерінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсететін персонал;

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныстың объектілерін құру және пайдалану тәртібі "Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысымен айқындалған.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру кезінде мынадай құжаттаманың:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының жоспары;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын әзірлікке келтіру жоспары;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарындағы жабдықтар, құрал-саймандардың және мүліктің тізбесі;

      басқару органдары телефондарының тізімі;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;

      тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылыстарын электрмен жабдықтау) пайдалану схемасы;

      азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдығына (болған жағдайда) қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар болуы қажет";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министірінің
міндетін атқарушы
И. Кульшимбаев

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министірінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 12 тамыздағы
№ 22 бұйрығына
қосымша
Азаматтық қорғаныс
іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп Орталық атқарушы органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп

      Ұйымның атауы______________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

      Орналасқан жеріні? мекенжайы_________________________________________

      Қызмет саласы________________________________________________________

      Кәсіпкерлік санаты____________________________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің атауы_______________________________________________________________

      Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.), лауазымы____________________________________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) ________________________________________________________________

      Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________

№ р/с

Азаматтық қорғаныстың
іс-шаралары

Орындау туралы ақпарат

1

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерді немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы тиісті құжаттың болуы (бұйрық, қаулы, шешім)

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/ жоқ

2

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/ жоқ

3

Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі

Сәйкес келеді/
сәйкес келмейді

4

Тиісті азаматтық қорғау бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы

Бар, бекіткен күні _____
/ жоқ

5

Орталық мемлекеттік орғанның төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

Сәйкес келеді/
сәйкес келмейді

6

Эвакуациялық комиссия құру туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/ жоқ

7

Эвакуациялық (эвакоқабылдау) комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы құқықтық тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/ жоқ

8

Қосалқы қалалық, қала сыртындағы қосалқы, көмекші және жылжымалы басқару пункттерінің болуы

1) қосалқы қалалық басқару пункті (бар/жоқ);
2) қосалқы қала сыртындағы басқару пункті (бар/жоқ);
3) көмекші басқару пункті (бар/жоқ);
4) жылжымалы басқару пункті (бар/жоқ).

9

Паналайтын жер паспортының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана)

Бар / жоқ

10

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру журналының болуы

Бар / жоқ

11

Паналайтын жер ішіндегі ауаның микроклиматы мен газ құрамының көрсеткішін тіркеу журналының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана)

Бар / жоқ

12

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жоспарының болуы

Бар / жоқ

13

Ұйымның бірінші басшысымен бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын әзірлікке келтіру жоспарының болуы

Бар / жоқ

14

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының жабдықтары, құралдары және мүлкі тізбесінің болуы

Бар / жоқ

15

Қорғаныш құрылысында басқару органдары телефондарының тізімінің болуы

Бар / жоқ

16

Қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің болуы

Бар / жоқ

17

Қорғаныш құрылысының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, электмен жабдықтау) пайдалану схемасының болуы

Бар / жоқ

18

Дизельді электр станциясына, қорғаныш құрылысының сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың болуы

Бар / жоқ

19

Орталық мемлекеттік органда салалық белгісі бойынша бір қосалқы қалалық, қосалқы қала сыртындағы басқару пункттерінде бірлесіп орналастырылғанын растайтын құқықтық актінің болуы

Бар / жоқ

20

Қорғаныш құрылысының дизель электр станциясының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

21

Қорғаныш құрылысын авариялық жарықтандырудың болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

22

Қорғаныш құрылысының сүзгі желдету жабдығының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

23

Қорғаныш құрылыстарын сумен жабдықтаудың болуы, жарамды жағдайда ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

24

Қорғаныш құрылысының кәрізінің болуы, жарамды жағдайда ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

25

Электрмен жабдықтаудың және қорғаныш құрылыстарының ажыратқыш құрылғыларының (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар) болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

26

Қорғаныш – герметикалық және герметикалық есіктердің, қақпақшалардың және қорғаныш құрылыстарының жарылысқа қарсы құрылғыларының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

27

Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердің, дизельдi электр станциясы мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайлардың, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын көрсететiн белгiлердің болуы

Бар / жоқ

28

Қорғаныш құрылысының өртке қарсы құралдарын орнату орындарын жарықтандыру және белгілеудің болуы

Бар / жоқ

29

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін мөлшерде болуы және оны әзірлікте ұстау, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру

Бар / жоқ

30

Тікелей бағынысты салалық кіші жүйелерде және орталық атқарушы органда азаматтық қорғау құралымдарын құру туралы орталық атқарушы органның құқықтық актісінің болуы

Бар / жоқ

31

Азаматтық қорғау құралымдары жабдықтарының, құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы

Бар / жоқ

32

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы

Бар / жоқ

33

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы

Бар / жоқ

34

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттарың болуы

Бар / жоқ

35

Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уақтылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы

Бар / жоқ

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп

      Ұйымның атауы______________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

      Орналасқан жеріні? мекенжайы_________________________________________

      Қызмет саласы________________________________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшенің атауы________________________________________________________________

      Басшының Т. А. Ә. (бар болса), лауазымы_________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) ________________________________________________________________

      Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________

№ р/с

Азаматтық қорғаныс
іс-шаралары

Орындалуы туралы ақпарат

1

Жергілікті атқарушы органда төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияны құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

2

Жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

3

Жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғау қызметтері туралы ережелерді бекіту туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

4

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

5

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы

Бар, бекітілген күні_____
/жоқ

6

Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

сәйкес келеді/сәйкес келмейді

7

Жергілікті атқарушы органда тиісті азаматтық қорғау бастығы бекіткен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы

Бар, бекітілген күні_____
/жоқ

8

Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

сәйкес келеді/сәйкес келмейді

9

Эвакуациялық комиссияны құру туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/жоқ

10

Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық қабылдау комиссиясын құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

11

Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық жинау пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

12

Жергілікті атқарушы органда эвакуацияның аралық пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

13

Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық қабылдау пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы

сәйкес келеді/сәйкес келмейді

14

Жергілікті атқарушы органда зардап шеккен халықты (баспанасыз қалған, санитарлық шығындар, қайтарымсыз шығын) қабылдау пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/жоқ

15

Эвакуациялық (эвакоқабылдау) комиссияның құрамы мен ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың болуы (бұйрық, қаулы, шешім)

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/жоқ

16

Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық жинау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы қаулының болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/ жоқ

17

Жергілікті атқарушы органда аралық эвакуациялау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы құқықтық актінің болуы

Бар құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

18

Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық қабылдау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы құқықтық актінің болуы

Бар құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

19

Жергілікті атқарушы органда зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/жоқ

20

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің лауазымды адамдары міндеттерінің болуы

Бар / жоқ

21

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің жеке құрамы тізімінің болуы, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірі)

Бар / жоқ

22

Эвакуациялық жинау пунктінде азаматтық қорғаныстың тиісті бастығының эвакуациялық жинау пункттерін құру туралы құқықтық актісінен үзіндінің болуы

Бар / жоқ

23

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық пункттен жөнелтілетін байланыстары бар ұйымдар тізімінің, байланыстары бар эвакуациялық комиссиялар тізімінің (қалалық, аудандық), байланыстары бар көлікке отырғызу пункттері тізімінің болуы

Бар / жоқ

24

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пункті аумағының схемасының (жоспарының) және олардың мақсаты бойынша үй-жайлардың болуы

Бар / жоқ

25

Эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғаныш құрылыстарының тізбесінің болуы

Бар / жоқ

26

Эвакуациялық жинау пунктінде жинау эвакуациялау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және жөнелту графигінің болуы

Бар / жоқ

27

Эвакуациялық жинау пунктінде тасымалдауға арналған өтінім үлгісінің болуы

Бар / жоқ

28

Эвакуациялық жинау үлгісінде эвакуациялық куәліктің және оны беру туралы ақпараттың болуы

Бар / жоқ

29

Жергілікті атқарушы органда қосарланған мақсаттағы объектілердің тізбесін бекіту туралы құқықтық актінің болуы

Бар, құқықтық акті №___, күні_____
/ жоқ

30

Қосалқы қалалық, қосалқы қала сыртындағы, көмекші және жылжымалы басқару пункттерінің болуы

1) қосалқы қалалық басқару пункті (бар/жоқ);
2) қосалқы қала сыртындағы басқару пунктіне (бар/жоқ);
3) көмекші басқару пункті (бар/жоқ);
4) жылжымалы басқару пункті (бар/жоқ).

31

Паналайтын жер паспортының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана)

Бар / жоқ

32

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру журналының болуы

Бар / жоқ

33

Паналайтын жер ішіндегі ауаның микроклиматы мен газ құрамының көрсеткішін тіркеу журналының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана)

Бар / жоқ

34

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жоспарының болуы

Бар / жоқ

35

Ұйымның бірінші басшысымен бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын әзірлікке келтіру жоспарының болуы

Бар / жоқ

36

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының жабдықтары, құрал-саймандары және мүлкі тізбесінің болуы

Бар / жоқ

37

Қорғаныш құрылысында басқару органдары телефондарының тізімінің болуы

Бар / жоқ

38

Қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің болуы

Бар / жоқ

39

Қорғаныш құрылысының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) пайдалану схемасының болуы

Бар / жоқ

40

Дизельді электр станциясына, қорғаныш құрылысының сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың болуы

Бар / жоқ

41

Қорғаныш құрылысының дизельді электр станциясының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

42

Қорғаныш құрылысын авариялық жарықтандырудың болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

43

Қорғаныш құрылысының сүзгі желдету жабдығының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

44

Қорғаныш құрылыстарын сумен жабдықтаудың болуы, жарамды жағдайда ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

45

Қорғаныш құрылысының кәрізінің болуы, жарамды жағдайда ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

46

Электрмен жабдықтаудың және қорғаныш құрылыстарының ажыратқыш құрылғыларының (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар) болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

47

Қорғаныш – герметикалық және герметикалық есіктердің, қақпақшалардың және қорғаныш құрылыстарының жарылысқа қарсы құрылғыларының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

48

Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердің, дизельдi электр станциясы мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайлардың, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын көрсететiн белгiлердің болуы

Бар / жоқ

49

Қорғаныш құрылысының өртке қарсы құралдарын орнату орындарын жарықтандыру және белгілеудің болуы

Бар / жоқ

50

Азаматтық қорғаныс мүлкің қорларының талап етілетін мөлшері болуы және әзірлікте ұстау, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру

Бар / жоқ

51

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы

Бар / жоқ

52

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында тәулік бойы күзетудің болуы және жарамды күзет сигнализациясымен жабдықтау

Бар / жоқ

53

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларын түнгі уақытта жарамды жарықтандыру және аумақта қоршаудың болуы

Бар / жоқ

54

Қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының қауіпсіз қашықтығын сақтау

Сақталады / сақталмайды

55

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының сыртқы және ішкі байланысын, күзет және өрт сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, телефондандыру жүйесінің болуы

Бар / жоқ

56

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында жедел түсіру үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының болуы

Бар / жоқ

57

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының кірме жолдарының жылдың кез-келген уақытында көліктің кедергісіз өтуіне әзір күйінде болуы

Дайын / дайын емес

58

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайының реттік нөмірінің болуы

Бар / жоқ

59

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдығын өлшеуге арналған аспаптардың (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) болуы

Бар / жоқ

60

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларындағы ауаның температуралық режимі мен ылғалдылығын сақтау

Сақталады/сақталмайды

61

Қоймада бақылау-өткізу пунктінің болуы

Бар / жоқ

62

Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің болуын есепке алу жөніндегі карточканың болуы

Бар / жоқ

63

Тиісті жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне жағдайы бойынша бухгалтерлік және қойма есебін салыстырып тексеру актісінің болуы

Бар / жоқ

64

Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің, паспорттың, сақтаудың шекті мерзімдерінің аяқталғанын растайтын журналдың, сондай-ақ нормативтік көрсеткіштерден ауытқулардың болуы туралы зертханалық қорытынды сақтаудың шекті мерзімі өтпеген жағдайда қосымша болуы

Бар / жоқ

65

Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің болуы

Бар / жоқ

66

Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісінің болуы

Бар / жоқ

67

Ықтимал радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) ластану (жұқтыру) аймақтарының шекараларындағы аумақтарда тұратын және жұмыс істейтін халық үшін бейбіт және соғыс уақытында қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарының болуы

Бар / жоқ

68

Жеке қорғану құралдарына қосымша патрондардың және олардың тиесілілігін растайтын тиісті құжаттардың болуы

Бар / жоқ

69

Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптарының және олардың тиесілігін растайтын тиісті құжаттардың болуы

Бар / жоқ

70

Жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарын құру туралы жергілікті атқарушы органның құқықтық актісінің болуы

Бар құқықтық акт №___, күні_____
/ жоқ

71

Жергілікті атқарушы органда командирін бекіте отырып, шұғыл ден қою жасағын құру туралы құқықтық актісінің болуы

Бар құқықтық акт №___, күні_____
/ жоқ

72

Азаматтық қорғау құралымдарының автомобиль, инженерлік (арнайы) және басқа техникасының болуы

Бар / жоқ

73

Азаматтық қорғау құралымдары құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы

Бар / жоқ

74

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы

Бар / жоқ

75

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы

Бар / жоқ

76

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттарың болуы

Бар / жоқ

77

Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің болуы

Бар / жоқ

78

Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уаықтылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы

Бар / жоқ

79

Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі

Дайын/ дайын емес

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп

      Ұйымның атауы______________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

      Орналасқан жеріні? мекен жайы_________________________________________

      Қызмет саласы________________________________________________________

      Кәсіпкерлік санаты____________________________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің атауы_______________________________________________________________

      Басшының Т. А. Ә. (бар болса), лауазымы_________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) _______________________________________________________________

      Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________

№ р/с

Азаматтық қорғаныс
іс-шаралары

Орындау туралы ақпарат

1

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы

Бар / жоқ

2

Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

Сәйкес келеді / сәйкес келмейді

3

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы

Бар / жоқ

4

Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

Сәйкес келеді / сәйкес келмейді

5

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру

Бар / жоқ

6

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы

Бар / жоқ

7

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында тәулік бойы күзетудің болуы және жарамды күзет сигнализациясымен жабдықтау

Бар / жоқ

8

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларын түнгі уақытта жарамды жарықтандыру және аумақты қоршаудың болуы

Бар / жоқ

9

Қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының қауіпсіз қашықтығын сақтау

Сақталады / сақталмайды

10

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының сыртқы және ішкі байланысын, күзет және өрт сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, телефондандыру жүйесінің болуы

Бар / жоқ

11

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында жедел түсіру үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының болуы

Бар / жоқ

12

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының кірме жолдарының жылдың кез-келген уақытында көліктің кедергісіз өтуіне әзір күйінде болуы

Дайын / дайын емес

13

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайының реттік нөмірінің болуы

Бар / жоқ

14

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған аспаптардың (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) болуы

Бар / жоқ

15

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларындағы ауаның температуратлық режимі мен ылғалдылығын сақтау

Сақталады / сақталмайды

16

Қоймада бақылау-өткізу пунктінің болуы

Бар / жоқ

17

Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің болуын есепке алу жөніндегі карточканың болуы

Бар / жоқ

18

Тиісті жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне жағдайы бойынша бухгалтерлік және қойма есебін салыстырып тексеру актісінің болуы

Бар / жоқ

19

Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің, паспорттың, сақтаудың шекті мерзімдерінің аяқталғанын растайтын журналдың, сондай-ақ нормативтік көрсеткіштерден ауытқулардың болуы туралы зертханалық қорытынды сақтаудың шекті мерзімі өтпеген жағдайда қосымша болуы

Бар / жоқ

20

Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің болуы

Бар / жоқ

21

Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісінің болуы

Бар / жоқ

22

Радиациялық және химиялық барлау аспаптарының, дозиметрлік бақылау және растайтын тиісті құжаттардың болуы, олардың тиесілігі

Бар / жоқ

23

Азаматтық қорғау құралымдарының автомобиль, инженерлік (арнайы) және басқа техникасының болуы

Бар / жоқ

24

Азаматтық қорғау құралымдарының құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы

Бар / жоқ

25

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы

Бар / жоқ

26

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы

Бар / жоқ

27

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы

Бар / жоқ

28

Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уақтылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы

Бар / жоқ

29

Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі

Дайын / дайын емес

Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп

      Ұйымның атауы______________________________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

      Орналасқан жеріні? мекенжайы_________________________________________

      Қызмет саласы________________________________________________________

      Кәсіпкерліксанаты____________________________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшенің атауы_______________________________________________________________

      Басшының Т. А. Ә. (бар болса), лауазымы_________________________________

      Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) ______________________________________________________________

      Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________

№ р/с

Азаматтық қорғаныс
іс-шаралары

Ақпарат
орындау туралы

1

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің (бұйрық, қаулы, шешім) болуы

бар құқықтық акт №___, күні_____
/ жоқ

2

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы

Бар / жоқ

3

Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

Сәйкес /сәйкес келмейді

4

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы

Бар / жоқ

5

Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі

Сәйкес /сәйкес келмейді

6

Эвакуациялық комиссия құру туралы құқықтық актінің болуы (бұйрық, қаулы, шешім)

Бар, құқықтық акт №___, күні_____
/ жоқ

7

Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/ жоқ

8

Құрама эвакуациялық пункттердің әкімшілігін тағайындау туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы

Бар, құқықтық актісі №___, күні_____
/ жоқ

9

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің лауазымды адамдары міндеттерінің болуы

Бар / жоқ

10

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің жеке құрамы тізімінің болуы, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірі)

Бар / жоқ

11

Эвакуациялық жинау пунктінде азаматтық қорғаныстың тиісті бастығының эвакуациялық жинау пункттерін құру туралы құқықтық актісінен үзіндінің болуы

Бар / жоқ

12

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық пункттен жөнелтілетін байланыстары бар ұйымдар тізімінің, байланыстары бар эвакуациялық комиссиялар тізімінің (қалалық, аудандық), байланыстары бар көлікке отырғызу пункттері тізімінің болуы

Бар / жоқ

13

Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялау жинау пункті аумағының схемасының (жоспарының) және олардың мақсаты бойынша үй-жайлардың болуы

Бар / жоқ

14

Эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғаныш құрылыстарының тізбесінің болуы

Бар / жоқ

15

Эвакуациялық жинау пунктінде жинау эвакуациялау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және жөнелту графигінің болуы

Бар / жоқ

16

Эвакуациялық жинау пунктінде тасымалдауға арналған өтінім үлгісінің болуы

Бар / жоқ

17

Эвакуациялық жинау үлгісінде эвакуациялық куәліктің және оны беру туралы ақпараттың болуы

Бар / жоқ

18

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының болуы, оларды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың қызметкерлерін және халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қорғауға арналған жұмыс істеуге әзірлікте ұстау

Бар (саны) / жоқ

19

Паналайтын жер паспортының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана)

Бар / жоқ

20

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру журналының болуы

Бар / жоқ

21

Паналайтын жер ішіндегі ауаның микроклиматы мен газ құрамының көрсеткішін тіркеу журналының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана)

Бар / жоқ

22

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жоспарының болуы

Бар / жоқ

23

Ұйымның бірінші басшысымен бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын әзірлікке келтіру жоспарының болуы

Бар / жоқ

24

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының жабдықтары, құрал-саймандары және мүлкі тізбесінің болуы

Бар / жоқ

25

Қорғаныш құрылысында басқару органдары телефоны тізімінің болуы

Бар / жоқ

26

Қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің болуы

Бар / жоқ

27

Қорғаныш құрылысының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) пайдалану схемасының болуы

Бар / жоқ

28

Дизель электр станциясына, қорғаныш құрылысының сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың болуы

Бар / жоқ

29

Дизель электр станциясының қорғаныш құрылысының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Бар / жоқ

30

Қорғаныш құрылысын авариялық жарықтандырудың болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

31

Қорғаныш құрылысының сүзгі желдету жабдығының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

32

Қорғаныш құрылыстарын сумен жабдықтаудың болуы, жарамды жағдайда ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

33

Қорғаныш құрылысының кәрізінің болуы, жарамды жағдайда ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

34

Электрмен жабдықтаудың және қорғаныш құрылыстарының ажыратқыш құрылғыларының (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар) болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

35

Қорғаныш-герметикалық және герметикалық есіктердің, қақпақшалардың және қорғаныш құрылыстарының жарылысқа қарсы құрылғыларының болуы, жарамды күйде ұсталуы

Жарамды / жарамсыз

36

Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердің, дизельдi электр станциясы мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайлардың, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын көрсететiн белгiлердің болуы

Жарамды / жарамсыз

37

Қорғаныш құрылысының өртке қарсы құралдарын орнату орындарын жарықтандыру және белгілеудің болуы

Бар / жоқ

38

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру

Бар / жоқ

39

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы

Бар / жоқ

40

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында әулік бойы күзетудің болуы және жарамды күзет сигнализациясымен жабдықтау

Бар / жоқ

41

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларын түнгі уақытта жарамды жарықтандыру және аумақты қоршаудың болуы

Бар / жоқ

42

Қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының қауіпсіз қашықтығын сақтау

Сақталады/сақталмайды

43

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының сыртқы және ішкі байланысын, күзет және өрт сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, телефондандыру жүйесінің болуы

Сақталады/сақталмайды

44

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында жедел түсіру үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының болуы

Бар / жоқ

45

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының кірме жолдарының жылдың кезкелген уақытында көліктің кедергісіз өтуіне әзір күйінде болуы

Дайын/дайын емес

46

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайының реттік нөмірінің болуы

Бар / жоқ

47

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған аспаптардың (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) болуы

Бар / жоқ

48

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларындағы ауаның температуралық режимі мен ылғалдылығын сақтау

Сақталады/сақталмайды

49

Қоймада бақылау-өткізу пунктінің болуы

Бар / жоқ

50

Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің болуын есепке алу жөніндегі карточканың болуы

Бар / жоқ

51

Тиісті жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне жағдайы бойынша бухгалтерлік және қойма есебін салыстырып тексеру актісінің болуы

Бар / жоқ

52

Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің, паспортының, зертханалық қорытындыны сақтаудың шекті мерзімдерінің аяқталғанын растайтын, сондай-ақ сақтаудың шекті мерзімі аяқталмаған жағдайда нормативтік көрсеткіштерден ауытқулардың болуы туралы журналдың болуы

Бар / жоқ

53

Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің болуы

Бар / жоқ

54

Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісінің болуы

Бар / жоқ

55

Ықтимал радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) ластану (жұқтыру) аймақтарының шекараларындағы аумақтарда тұратын және жұмыс істейтін халық үшін бейбіт және соғыс уақытында қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарының болуы

Бар / жоқ

56

Жеке қорғану құралдарына қосымша патрондардың болуы

Бар / жоқ

57

Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптарының және олардың тиесілігін растайтын тиісті құжаттардың болуы

Бар / жоқ

58

Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы ұйым басшысының құқықтық актісінің болуы

Бар / жоқ

59

Азаматтық қорғау құралымдарының автомобиль, инженерлік (арнайы) және басқа техникасының болуы

Бар / жоқ

60

Азаматтық қорғау құралымдары жабдықтарының, құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы

Бар / жоқ

61

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы

Бар / жоқ

62

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы

Бар / жоқ

63

Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің, оның ішінде локалды құлақтандыру жүйесінің болуы

Бар / жоқ

64

Уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілген, бекітілген құлақтандыру схемасының болуы

Бар / жоқ

65

Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уақытылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы

Бар / жоқ

66

Азаматтық қорғау бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жиынтығының және азаматтық қорғау бойынша бұрыштың болуы

Бар / жоқ

67

Әрбір әкімшілік және өндірістік ғимаратта көп бейінді кабинеттің немесе бір-бірден азаматтық қорғау бұрышының болуы

Бар / жоқ

68

Ұйым басшысы бекіткен оқу топтары, сабақ жетекшілері тізімінің және сабақ өткізу кестесінің болуы

Бар / жоқ

69

Азаматтық қорғау саласында өткізілген сабақтарды есепке алу журналының болуы

Бар / жоқ

70

Ұйым қызметкерлерінің азаматтық қорғау саласында оқытудан өткені туралы анықтамаларының болуы

Бар / жоқ

71

Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы