БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
6-1. Облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері, азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдар, жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына (бөлімдеріне) азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:
1) уәкілетті органына және оның аумақтық бөлімшелеріне;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;
3) тікелей бірінші басшыға бағынатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардағы және базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдардағы азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Азаматтық қорғаныс жоспарларын қайта жасау тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының тиісті өкімдері негізінде бес жылда бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Азаматтық қорғау қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде құрылады.
Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, базасында тиісті шешіммен облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қажет болған жағдайда қызметтердің құрамына бірнеше ұйым кіреді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерін базасында бейбіт және соғыс уақытында ауыз судың, тағамдық және жем-шөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдануын (ластануын) уақтылы табуға және индикациялауға арналған азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрылады.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау үшін негізгі бастапқы деректер:
1) қалаларда және қауіпсіз аймақта тұратын халық, жұмылдыру ұйғарымы бар әскери қызметшілер және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын адамдар саны;
2) жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы санын, сондай-ақ ең көп жұмыс істейтін ауысым санын және ауысым жұмысының уақытын көрсете отырып, соғыс уақытында азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалаларда өз қызметін жалғастырып жатқан ұйымдар тізбесі;
3) жұмысшылардың, қызметшілер мен олардың отбасылары мүшелерінің санын көрсете отырып, соғыс уақытында өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіретін ұйымдар тізбесі;
4) білім алушылар, сондай-ақ оқытушылық құрам мен қызмет көрсететін персонал санын көрсете отырып, оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің саны;
5) азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың айналасындағы ықтимал қатты қираулар аймақтары, осы аймақтарда тұрып жатқан халық саны;
6) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға тыйым салынған аудандар мен пункттер;
7) таратылатын және эвакуацияланатын халықты орналастыру бойынша аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;
8) халықты орналастыру аудандарында қорғау құрылыстарының (паналайтын жерлердің, радиацияға қарсы жасырын паналардың, тау-кен қазбаларының, қарапайым жасырын паналардың), сондай-ақ сумен жабдықтау көздерінің болуы;
9) эвакуацияланатын халықтың жеке көлігін есепке ала отырып, эвакуациялық тасымалдауға тартылатын көлік мүмкіндігі;
10) ықтимал жағдайды есепке ала отырып, көлік ағынын реттеу мүмкіндігі;
11) жол желісі, оның жай-күйі және өткізу қабілеті;
12) жаяу тәртіппен халықты эвакуациялауға арналған бағдарлардың болуы және практикалық пайдалану мүмкіндігі;
13) тарату мен эвакуациялау туралы халықты құлақтандыруға, сондай-ақ эвакуациялау іс-шараларына басшылық етуге арналған байланыс құралдары мен жүйелері;
14) халықты тарату мен эвакуациялауды жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшеліктер;
15) көрші облыстардан келетін халық саны және олардың келу мерзімдері болып табылады.";
52-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) үшінші топ – педагогикалық қызметкерлер, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылары, оларға қызмет көрсететін персонал; мүгедекттігі бар адамдар мен қарттар үйлерінде тұратын зейнеткерлер, оларға қызмет көрсететін персонал;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары";
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-тарау. Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық қорғаныстың объектілерін құру және пайдалану тәртібі "Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысымен айқындалған.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру кезінде мынадай құжаттаманың:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының жоспары;
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын әзірлікке келтіру жоспары;
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарындағы жабдықтар, құрал-саймандардың және мүліктің тізбесі;
басқару органдары телефондарының тізімі;
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылыстарын электрмен жабдықтау) пайдалану схемасы;
азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысының дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдығына (болған жағдайда) қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар болуы қажет";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірінің міндетін атқарушы |
И. Кульшимбаев |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министірінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 12 тамыздағы № 22 бұйрығына қосымша Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есеп Орталық атқарушы органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп
Ұйымның атауы______________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________
Орналасқан жеріні? мекенжайы_________________________________________
Қызмет саласы________________________________________________________
Кәсіпкерлік санаты____________________________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің атауы_______________________________________________________________
Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі - Т.А.Ә.), лауазымы____________________________________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) ________________________________________________________________
Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________
№ р/с |
Азаматтық қорғаныстың | Орындау туралы ақпарат |
1 | Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерді немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы тиісті құжаттың болуы (бұйрық, қаулы, шешім) |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
2 | Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
3 | Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі |
Сәйкес келеді/ |
4 | Тиісті азаматтық қорғау бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы |
Бар, бекіткен күні _____ |
5 | Орталық мемлекеттік орғанның төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі |
Сәйкес келеді/ |
6 | Эвакуациялық комиссия құру туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
7 | Эвакуациялық (эвакоқабылдау) комиссиясының құрамы мен ережесін бекіту туралы құқықтық тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
8 | Қосалқы қалалық, қала сыртындағы қосалқы, көмекші және жылжымалы басқару пункттерінің болуы |
1) қосалқы қалалық басқару пункті (бар/жоқ); |
9 | Паналайтын жер паспортының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана) | Бар / жоқ |
10 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру журналының болуы | Бар / жоқ |
11 | Паналайтын жер ішіндегі ауаның микроклиматы мен газ құрамының көрсеткішін тіркеу журналының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана) | Бар / жоқ |
12 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жоспарының болуы | Бар / жоқ |
13 | Ұйымның бірінші басшысымен бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын әзірлікке келтіру жоспарының болуы | Бар / жоқ |
14 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының жабдықтары, құралдары және мүлкі тізбесінің болуы | Бар / жоқ |
15 | Қорғаныш құрылысында басқару органдары телефондарының тізімінің болуы | Бар / жоқ |
16 | Қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің болуы | Бар / жоқ |
17 | Қорғаныш құрылысының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, электмен жабдықтау) пайдалану схемасының болуы | Бар / жоқ |
18 | Дизельді электр станциясына, қорғаныш құрылысының сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың болуы | Бар / жоқ |
19 | Орталық мемлекеттік органда салалық белгісі бойынша бір қосалқы қалалық, қосалқы қала сыртындағы басқару пункттерінде бірлесіп орналастырылғанын растайтын құқықтық актінің болуы | Бар / жоқ |
20 | Қорғаныш құрылысының дизель электр станциясының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
21 | Қорғаныш құрылысын авариялық жарықтандырудың болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
22 | Қорғаныш құрылысының сүзгі желдету жабдығының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
23 | Қорғаныш құрылыстарын сумен жабдықтаудың болуы, жарамды жағдайда ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
24 | Қорғаныш құрылысының кәрізінің болуы, жарамды жағдайда ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
25 | Электрмен жабдықтаудың және қорғаныш құрылыстарының ажыратқыш құрылғыларының (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар) болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
26 | Қорғаныш – герметикалық және герметикалық есіктердің, қақпақшалардың және қорғаныш құрылыстарының жарылысқа қарсы құрылғыларының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
27 | Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердің, дизельдi электр станциясы мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайлардың, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын көрсететiн белгiлердің болуы | Бар / жоқ |
28 | Қорғаныш құрылысының өртке қарсы құралдарын орнату орындарын жарықтандыру және белгілеудің болуы | Бар / жоқ |
29 | Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін мөлшерде болуы және оны әзірлікте ұстау, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру | Бар / жоқ |
30 | Тікелей бағынысты салалық кіші жүйелерде және орталық атқарушы органда азаматтық қорғау құралымдарын құру туралы орталық атқарушы органның құқықтық актісінің болуы | Бар / жоқ |
31 | Азаматтық қорғау құралымдары жабдықтарының, құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы | Бар / жоқ |
32 | Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы | Бар / жоқ |
33 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы | Бар / жоқ |
34 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттарың болуы | Бар / жоқ |
35 | Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уақтылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы | Бар / жоқ |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп
Ұйымның атауы______________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________
Орналасқан жеріні? мекенжайы_________________________________________
Қызмет саласы________________________________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшенің атауы________________________________________________________________
Басшының Т. А. Ә. (бар болса), лауазымы_________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) ________________________________________________________________
Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________
№ р/с |
Азаматтық қорғаныс | Орындалуы туралы ақпарат |
1 | Жергілікті атқарушы органда төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияны құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
2 | Жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
3 | Жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғау қызметтері туралы ережелерді бекіту туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
4 | Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
5 | Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы |
Бар, бекітілген күні_____ |
6 | Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі | сәйкес келеді/сәйкес келмейді |
7 | Жергілікті атқарушы органда тиісті азаматтық қорғау бастығы бекіткен жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы |
Бар, бекітілген күні_____ |
8 | Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі | сәйкес келеді/сәйкес келмейді |
9 | Эвакуациялық комиссияны құру туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
10 | Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық қабылдау комиссиясын құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
11 | Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық жинау пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
12 | Жергілікті атқарушы органда эвакуацияның аралық пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
13 | Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық қабылдау пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы | сәйкес келеді/сәйкес келмейді |
14 | Жергілікті атқарушы органда зардап шеккен халықты (баспанасыз қалған, санитарлық шығындар, қайтарымсыз шығын) қабылдау пункттерін құру туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
15 | Эвакуациялық (эвакоқабылдау) комиссияның құрамы мен ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың болуы (бұйрық, қаулы, шешім) |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
16 | Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық жинау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы қаулының болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
17 | Жергілікті атқарушы органда аралық эвакуациялау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы құқықтық актінің болуы |
Бар құқықтық акт №___, күні_____ |
18 | Жергілікті атқарушы органда эвакуациялық қабылдау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы құқықтық актінің болуы |
Бар құқықтық акт №___, күні_____ |
19 | Жергілікті атқарушы органда зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің әкімшілігін тағайындау туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
20 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің лауазымды адамдары міндеттерінің болуы | Бар / жоқ |
21 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің жеке құрамы тізімінің болуы, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірі) | Бар / жоқ |
22 | Эвакуациялық жинау пунктінде азаматтық қорғаныстың тиісті бастығының эвакуациялық жинау пункттерін құру туралы құқықтық актісінен үзіндінің болуы | Бар / жоқ |
23 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық пункттен жөнелтілетін байланыстары бар ұйымдар тізімінің, байланыстары бар эвакуациялық комиссиялар тізімінің (қалалық, аудандық), байланыстары бар көлікке отырғызу пункттері тізімінің болуы | Бар / жоқ |
24 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пункті аумағының схемасының (жоспарының) және олардың мақсаты бойынша үй-жайлардың болуы | Бар / жоқ |
25 | Эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғаныш құрылыстарының тізбесінің болуы | Бар / жоқ |
26 | Эвакуациялық жинау пунктінде жинау эвакуациялау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және жөнелту графигінің болуы | Бар / жоқ |
27 | Эвакуациялық жинау пунктінде тасымалдауға арналған өтінім үлгісінің болуы | Бар / жоқ |
28 | Эвакуациялық жинау үлгісінде эвакуациялық куәліктің және оны беру туралы ақпараттың болуы | Бар / жоқ |
29 | Жергілікті атқарушы органда қосарланған мақсаттағы объектілердің тізбесін бекіту туралы құқықтық актінің болуы |
Бар, құқықтық акті №___, күні_____ |
30 | Қосалқы қалалық, қосалқы қала сыртындағы, көмекші және жылжымалы басқару пункттерінің болуы |
1) қосалқы қалалық басқару пункті (бар/жоқ); |
31 | Паналайтын жер паспортының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана) | Бар / жоқ |
32 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру журналының болуы | Бар / жоқ |
33 | Паналайтын жер ішіндегі ауаның микроклиматы мен газ құрамының көрсеткішін тіркеу журналының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана) | Бар / жоқ |
34 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жоспарының болуы | Бар / жоқ |
35 | Ұйымның бірінші басшысымен бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын әзірлікке келтіру жоспарының болуы | Бар / жоқ |
36 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының жабдықтары, құрал-саймандары және мүлкі тізбесінің болуы | Бар / жоқ |
37 | Қорғаныш құрылысында басқару органдары телефондарының тізімінің болуы | Бар / жоқ |
38 | Қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің болуы | Бар / жоқ |
39 | Қорғаныш құрылысының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) пайдалану схемасының болуы | Бар / жоқ |
40 | Дизельді электр станциясына, қорғаныш құрылысының сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың болуы | Бар / жоқ |
41 | Қорғаныш құрылысының дизельді электр станциясының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
42 | Қорғаныш құрылысын авариялық жарықтандырудың болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
43 | Қорғаныш құрылысының сүзгі желдету жабдығының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
44 | Қорғаныш құрылыстарын сумен жабдықтаудың болуы, жарамды жағдайда ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
45 | Қорғаныш құрылысының кәрізінің болуы, жарамды жағдайда ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
46 | Электрмен жабдықтаудың және қорғаныш құрылыстарының ажыратқыш құрылғыларының (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар) болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
47 | Қорғаныш – герметикалық және герметикалық есіктердің, қақпақшалардың және қорғаныш құрылыстарының жарылысқа қарсы құрылғыларының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
48 | Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердің, дизельдi электр станциясы мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайлардың, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын көрсететiн белгiлердің болуы | Бар / жоқ |
49 | Қорғаныш құрылысының өртке қарсы құралдарын орнату орындарын жарықтандыру және белгілеудің болуы | Бар / жоқ |
50 | Азаматтық қорғаныс мүлкің қорларының талап етілетін мөлшері болуы және әзірлікте ұстау, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру | Бар / жоқ |
51 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы | Бар / жоқ |
52 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында тәулік бойы күзетудің болуы және жарамды күзет сигнализациясымен жабдықтау | Бар / жоқ |
53 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларын түнгі уақытта жарамды жарықтандыру және аумақта қоршаудың болуы | Бар / жоқ |
54 | Қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының қауіпсіз қашықтығын сақтау | Сақталады / сақталмайды |
55 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының сыртқы және ішкі байланысын, күзет және өрт сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, телефондандыру жүйесінің болуы | Бар / жоқ |
56 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында жедел түсіру үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының болуы | Бар / жоқ |
57 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының кірме жолдарының жылдың кез-келген уақытында көліктің кедергісіз өтуіне әзір күйінде болуы | Дайын / дайын емес |
58 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайының реттік нөмірінің болуы | Бар / жоқ |
59 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдығын өлшеуге арналған аспаптардың (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) болуы | Бар / жоқ |
60 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларындағы ауаның температуралық режимі мен ылғалдылығын сақтау | Сақталады/сақталмайды |
61 | Қоймада бақылау-өткізу пунктінің болуы | Бар / жоқ |
62 | Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің болуын есепке алу жөніндегі карточканың болуы | Бар / жоқ |
63 | Тиісті жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне жағдайы бойынша бухгалтерлік және қойма есебін салыстырып тексеру актісінің болуы | Бар / жоқ |
64 | Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің, паспорттың, сақтаудың шекті мерзімдерінің аяқталғанын растайтын журналдың, сондай-ақ нормативтік көрсеткіштерден ауытқулардың болуы туралы зертханалық қорытынды сақтаудың шекті мерзімі өтпеген жағдайда қосымша болуы | Бар / жоқ |
65 | Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің болуы | Бар / жоқ |
66 | Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісінің болуы | Бар / жоқ |
67 | Ықтимал радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) ластану (жұқтыру) аймақтарының шекараларындағы аумақтарда тұратын және жұмыс істейтін халық үшін бейбіт және соғыс уақытында қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарының болуы | Бар / жоқ |
68 | Жеке қорғану құралдарына қосымша патрондардың және олардың тиесілілігін растайтын тиісті құжаттардың болуы | Бар / жоқ |
69 | Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптарының және олардың тиесілігін растайтын тиісті құжаттардың болуы | Бар / жоқ |
70 | Жергілікті атқарушы органда азаматтық қорғаудың аумақтық құралымдарын құру туралы жергілікті атқарушы органның құқықтық актісінің болуы |
Бар құқықтық акт №___, күні_____ |
71 | Жергілікті атқарушы органда командирін бекіте отырып, шұғыл ден қою жасағын құру туралы құқықтық актісінің болуы |
Бар құқықтық акт №___, күні_____ |
72 | Азаматтық қорғау құралымдарының автомобиль, инженерлік (арнайы) және басқа техникасының болуы | Бар / жоқ |
73 | Азаматтық қорғау құралымдары құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы | Бар / жоқ |
74 | Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы | Бар / жоқ |
75 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы | Бар / жоқ |
76 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттарың болуы | Бар / жоқ |
77 | Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің болуы | Бар / жоқ |
78 | Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уаықтылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы | Бар / жоқ |
79 | Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі | Дайын/ дайын емес |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп
Ұйымның атауы______________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________
Орналасқан жеріні? мекен жайы_________________________________________
Қызмет саласы________________________________________________________
Кәсіпкерлік санаты____________________________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшенің атауы_______________________________________________________________
Басшының Т. А. Ә. (бар болса), лауазымы_________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) _______________________________________________________________
Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________
№ р/с |
Азаматтық қорғаныс | Орындау туралы ақпарат |
1 | Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы | Бар / жоқ |
2 | Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі | Сәйкес келеді / сәйкес келмейді |
3 | Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы | Бар / жоқ |
4 | Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі | Сәйкес келеді / сәйкес келмейді |
5 | Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру | Бар / жоқ |
6 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы | Бар / жоқ |
7 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында тәулік бойы күзетудің болуы және жарамды күзет сигнализациясымен жабдықтау | Бар / жоқ |
8 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларын түнгі уақытта жарамды жарықтандыру және аумақты қоршаудың болуы | Бар / жоқ |
9 | Қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының қауіпсіз қашықтығын сақтау | Сақталады / сақталмайды |
10 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының сыртқы және ішкі байланысын, күзет және өрт сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, телефондандыру жүйесінің болуы | Бар / жоқ |
11 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында жедел түсіру үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының болуы | Бар / жоқ |
12 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының кірме жолдарының жылдың кез-келген уақытында көліктің кедергісіз өтуіне әзір күйінде болуы | Дайын / дайын емес |
13 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайының реттік нөмірінің болуы | Бар / жоқ |
14 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған аспаптардың (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) болуы | Бар / жоқ |
15 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларындағы ауаның температуратлық режимі мен ылғалдылығын сақтау | Сақталады / сақталмайды |
16 | Қоймада бақылау-өткізу пунктінің болуы | Бар / жоқ |
17 | Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің болуын есепке алу жөніндегі карточканың болуы | Бар / жоқ |
18 | Тиісті жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне жағдайы бойынша бухгалтерлік және қойма есебін салыстырып тексеру актісінің болуы | Бар / жоқ |
19 | Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің, паспорттың, сақтаудың шекті мерзімдерінің аяқталғанын растайтын журналдың, сондай-ақ нормативтік көрсеткіштерден ауытқулардың болуы туралы зертханалық қорытынды сақтаудың шекті мерзімі өтпеген жағдайда қосымша болуы | Бар / жоқ |
20 | Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің болуы | Бар / жоқ |
21 | Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісінің болуы | Бар / жоқ |
22 | Радиациялық және химиялық барлау аспаптарының, дозиметрлік бақылау және растайтын тиісті құжаттардың болуы, олардың тиесілігі | Бар / жоқ |
23 | Азаматтық қорғау құралымдарының автомобиль, инженерлік (арнайы) және басқа техникасының болуы | Бар / жоқ |
24 | Азаматтық қорғау құралымдарының құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы | Бар / жоқ |
25 | Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы | Бар / жоқ |
26 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы | Бар / жоқ |
27 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы | Бар / жоқ |
28 | Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уақтылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы | Бар / жоқ |
29 | Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі | Дайын / дайын емес |
Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп
Ұйымның атауы______________________________________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі____________________________________________
Орналасқан жеріні? мекенжайы_________________________________________
Қызмет саласы________________________________________________________
Кәсіпкерліксанаты____________________________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша құрылымдық бөлімшенің атауы_______________________________________________________________
Басшының Т. А. Ә. (бар болса), лауазымы_________________________________
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметкердің (жеке қызметкердің) Т. А. Ә. (бар болса) ______________________________________________________________
Байланыс деректері (телефон №), электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________
№ р/с |
Азаматтық қорғаныс |
Ақпарат |
1 | Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің (бұйрық, қаулы, шешім) болуы |
бар құқықтық акт №___, күні_____ |
2 | Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы | Бар / жоқ |
3 | Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі | Сәйкес /сәйкес келмейді |
4 | Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы | Бар / жоқ |
5 | Объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі | Сәйкес /сәйкес келмейді |
6 | Эвакуациялық комиссия құру туралы құқықтық актінің болуы (бұйрық, қаулы, шешім) |
Бар, құқықтық акт №___, күні_____ |
7 | Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
8 | Құрама эвакуациялық пункттердің әкімшілігін тағайындау туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы |
Бар, құқықтық актісі №___, күні_____ |
9 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің лауазымды адамдары міндеттерінің болуы | Бар / жоқ |
10 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық жинау пунктінің жеке құрамы тізімінің болуы, құлақтандыру тәртібі (мекенжайы, телефон нөмірі) | Бар / жоқ |
11 | Эвакуациялық жинау пунктінде азаматтық қорғаныстың тиісті бастығының эвакуациялық жинау пункттерін құру туралы құқықтық актісінен үзіндінің болуы | Бар / жоқ |
12 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялық пункттен жөнелтілетін байланыстары бар ұйымдар тізімінің, байланыстары бар эвакуациялық комиссиялар тізімінің (қалалық, аудандық), байланыстары бар көлікке отырғызу пункттері тізімінің болуы | Бар / жоқ |
13 | Эвакуациялық жинау пунктінде эвакуациялау жинау пункті аумағының схемасының (жоспарының) және олардың мақсаты бойынша үй-жайлардың болуы | Бар / жоқ |
14 | Эвакуациялық жинау пунктіне бекітілген жақын арадағы қорғаныш құрылыстарының тізбесінің болуы | Бар / жоқ |
15 | Эвакуациялық жинау пунктінде жинау эвакуациялау пунктіне қызмет көрсететін автоколонналардың келу және жөнелту графигінің болуы | Бар / жоқ |
16 | Эвакуациялық жинау пунктінде тасымалдауға арналған өтінім үлгісінің болуы | Бар / жоқ |
17 | Эвакуациялық жинау үлгісінде эвакуациялық куәліктің және оны беру туралы ақпараттың болуы | Бар / жоқ |
18 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының болуы, оларды азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың қызметкерлерін және халықты қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде қорғауға арналған жұмыс істеуге әзірлікте ұстау | Бар (саны) / жоқ |
19 | Паналайтын жер паспортының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана) | Бар / жоқ |
20 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру журналының болуы | Бар / жоқ |
21 | Паналайтын жер ішіндегі ауаның микроклиматы мен газ құрамының көрсеткішін тіркеу журналының болуы (радиацияға қарсы жасырын пана) | Бар / жоқ |
22 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары жоспарының болуы | Бар / жоқ |
23 | Ұйымның бірінші басшысымен бекітілген азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын әзірлікке келтіру жоспарының болуы | Бар / жоқ |
24 | Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының жабдықтары, құрал-саймандары және мүлкі тізбесінің болуы | Бар / жоқ |
25 | Қорғаныш құрылысында басқару органдары телефоны тізімінің болуы | Бар / жоқ |
26 | Қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамы тізімінің болуы | Бар / жоқ |
27 | Қорғаныш құрылысының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) пайдалану схемасының болуы | Бар / жоқ |
28 | Дизель электр станциясына, қорғаныш құрылысының сүзгіш-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтың болуы | Бар / жоқ |
29 | Дизель электр станциясының қорғаныш құрылысының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Бар / жоқ |
30 | Қорғаныш құрылысын авариялық жарықтандырудың болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
31 | Қорғаныш құрылысының сүзгі желдету жабдығының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
32 | Қорғаныш құрылыстарын сумен жабдықтаудың болуы, жарамды жағдайда ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
33 | Қорғаныш құрылысының кәрізінің болуы, жарамды жағдайда ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
34 | Электрмен жабдықтаудың және қорғаныш құрылыстарының ажыратқыш құрылғыларының (сөндіру тұтқалары, шүмектер, бекіткіштер және басқалар) болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
35 | Қорғаныш-герметикалық және герметикалық есіктердің, қақпақшалардың және қорғаныш құрылыстарының жарылысқа қарсы құрылғыларының болуы, жарамды күйде ұсталуы | Жарамды / жарамсыз |
36 | Көрнекi жерлерге азаматтық қорғаныстың құлақтандыру сигналдары, жеке қорғану құралдарын пайдалану қағидалары, кiретiн және шығатын жерлердің, дизельдi электр станциясы мен сүзгiш-желдеткiш үй-жайлардың, санитариялық тораптардың, су тарату пункттерінің, санитариялық бекеттердің орналасқан орындарын көрсететiн белгiлердің болуы | Жарамды / жарамсыз |
37 | Қорғаныш құрылысының өртке қарсы құралдарын орнату орындарын жарықтандыру және белгілеудің болуы | Бар / жоқ |
38 | Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру, сондай-ақ жабдықталған қоймаларда орналастыру | Бар / жоқ |
39 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы | Бар / жоқ |
40 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында әулік бойы күзетудің болуы және жарамды күзет сигнализациясымен жабдықтау | Бар / жоқ |
41 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларын түнгі уақытта жарамды жарықтандыру және аумақты қоршаудың болуы | Бар / жоқ |
42 | Қызметі азаматтық қорғаныс мүлкінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорындардан азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының қауіпсіз қашықтығын сақтау | Сақталады/сақталмайды |
43 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының сыртқы және ішкі байланысын, күзет және өрт сигнализациясын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, телефондандыру жүйесінің болуы | Сақталады/сақталмайды |
44 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында жедел түсіру үшін тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының болуы | Бар / жоқ |
45 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының кірме жолдарының жылдың кезкелген уақытында көліктің кедергісіз өтуіне әзір күйінде болуы | Дайын/дайын емес |
46 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайының реттік нөмірінің болуы | Бар / жоқ |
47 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларында ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын өлшеуге арналған аспаптардың (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) болуы | Бар / жоқ |
48 | Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларындағы ауаның температуралық режимі мен ылғалдылығын сақтау | Сақталады/сақталмайды |
49 | Қоймада бақылау-өткізу пунктінің болуы | Бар / жоқ |
50 | Қоймада азаматтық қорғаныс мүлкінің болуын есепке алу жөніндегі карточканың болуы | Бар / жоқ |
51 | Тиісті жылдың 1 қаңтарына және 1 шілдесіне жағдайы бойынша бухгалтерлік және қойма есебін салыстырып тексеру актісінің болуы | Бар / жоқ |
52 | Азаматтық қорғаныс мүлкінің техникалық (сапалық) жай-күйі актісінің, паспортының, зертханалық қорытындыны сақтаудың шекті мерзімдерінің аяқталғанын растайтын, сондай-ақ сақтаудың шекті мерзімі аяқталмаған жағдайда нормативтік көрсеткіштерден ауытқулардың болуы туралы журналдың болуы | Бар / жоқ |
53 | Азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығару актісінің болуы | Бар / жоқ |
54 | Азаматтық қорғаныс мүлкін кәдеге жаратуға беру актісінің болуы | Бар / жоқ |
55 | Ықтимал радиациялық, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) ластану (жұқтыру) аймақтарының шекараларындағы аумақтарда тұратын және жұмыс істейтін халық үшін бейбіт және соғыс уақытында қорғауды қамтамасыз ету үшін жеке қорғану құралдарының болуы | Бар / жоқ |
56 | Жеке қорғану құралдарына қосымша патрондардың болуы | Бар / жоқ |
57 | Радиациялық және химиялық барлау, дозиметриялық бақылау аспаптарының және олардың тиесілігін растайтын тиісті құжаттардың болуы | Бар / жоқ |
58 | Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы ұйым басшысының құқықтық актісінің болуы | Бар / жоқ |
59 | Азаматтық қорғау құралымдарының автомобиль, инженерлік (арнайы) және басқа техникасының болуы | Бар / жоқ |
60 | Азаматтық қорғау құралымдары жабдықтарының, құрал-жабдықтарының, құрал-саймандарының болуы | Бар / жоқ |
61 | Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы | Бар / жоқ |
62 | Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы | Бар / жоқ |
63 | Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің, оның ішінде локалды құлақтандыру жүйесінің болуы | Бар / жоқ |
64 | Уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесімен келісілген, бекітілген құлақтандыру схемасының болуы | Бар / жоқ |
65 | Радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдануды (ластануды) уақытылы анықтау және индикациялау үшін азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісінің болуы | Бар / жоқ |
66 | Азаматтық қорғау бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жиынтығының және азаматтық қорғау бойынша бұрыштың болуы | Бар / жоқ |
67 | Әрбір әкімшілік және өндірістік ғимаратта көп бейінді кабинеттің немесе бір-бірден азаматтық қорғау бұрышының болуы | Бар / жоқ |
68 | Ұйым басшысы бекіткен оқу топтары, сабақ жетекшілері тізімінің және сабақ өткізу кестесінің болуы | Бар / жоқ |
69 | Азаматтық қорғау саласында өткізілген сабақтарды есепке алу журналының болуы | Бар / жоқ |
70 | Ұйым қызметкерлерінің азаматтық қорғау саласында оқытудан өткені туралы анықтамаларының болуы | Бар / жоқ |
71 | Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы | Бар / жоқ |
72 | Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі | Бар / жоқ |