БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10930 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары
1. Осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:
1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа);
2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына;
3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа) отбасы мүшелеріне қолданылады.
2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:
1) теміржол көлігімен жол жүру кезінде:
купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда);
жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондардың тарифі бойынша медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі – ҰҚК) – уәкілетті басшының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде;
2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, теміржол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдалану құны;
5) әуе көлігімен жол жүру кезінде – медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
ҰҚК-де – ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының не қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасы орынбасарының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде өтеледі.
3. Жол жүру құжаттары (билеттер) болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша:
ҰҚК-де – қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшымен келісілген қызметкердің баянаты және теміржол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде өтеледі.