Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 5-тармағына, 77-бабының 4-тармағына және 78-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 29.07.2022 № 44/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.04.2020 № 27/қе (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бқйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде, мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялауды.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н.Әбіқаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________________Б. Сұлтанов
2015 жылғы " " наурыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 11 бұйрығымен бекітілген |
Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары
Ескерту. Нормалары жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 29.07.2022 № 44/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары:
1) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа);
2) Заңның 77-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына;
3) Заңның 78-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларынан басқа) отбасы мүшелеріне қолданылады.
2. Көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде:
1) теміржол көлігімен жол жүру кезінде:
купе вагонының тарифі бойынша (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондарды қоспағанда);
жұмсақ дивандары төменде орналасқан, жатын вагонның қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орынды купелері бар вагондардың тарифі бойынша медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (бұдан әрі – ҰҚК) – уәкілетті басшының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде;
2) су және автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергілікті жердегі қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
3) егер елді мекеннен тыс жерде орналасса, теміржол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлікпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
4) жол жүру билеттерін броньдау құны, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдалану құны;
5) әуе көлігімен жол жүру кезінде – медициналық көрсеткіштері бойынша əскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерге стационарлық емделуге барғанда әскери-дәрігерлік комиссияның жолдамасы негізінде және қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда:
ҰҚК-де – ҰҚК Төрағасының немесе оның бірінші орынбасарының не қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасы орынбасарының;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшының жазбаша растауының негізінде өтеледі.
3. Жол жүру құжаттары (билеттер) болмаған кезде шығыстар осы Көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген көлікпен (әуе көлігін қоспағанда) жол жүрудің ең төменгі құны бойынша:
ҰҚК-де – қаржы-шаруашылық қызметін бағыттаушы ҰҚК Төрағасының орынбасарымен;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік ведомстволарында, аумақтық және өзге де органдарында – бірінші басшымен келісілген қызметкердің баянаты және теміржол көлігінің плацкарт вагоны тарифі бойынша ең төменгі құны туралы анықтама (еркін түрде) негізінде өтеледі.