"Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28682 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ ҚР ДСМ-59 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 15 қазандағы
№ ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына
1-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі

      1. Аудандық деңгейде:

      1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      халық саны 50 (елу) бастап 500 (бес жүз) адам болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын медициналық пункт*;

      халық саны 500-ден (бес жүз) бастап 1 500 (бір мың бес жүз) адам болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын фельдшерлік-акушериялық пункт**;

      бекітілген халық саны 1 500 (бір мың бес жүз) бастап және 5 000 (бес мың) адам болатын елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын дәрігерлік амбулатория***;

      бекітілген халық саны 5 000 (бес мың) бастап 30 000 (отыз мың) адам болатын елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      аудандық немесе көп бейінді орталық аудандық аурухана құрамында аудандық орталықта құрылатын аудандық емхана;

      халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары адам болатын ауылдық елді мекендері бар аудандық аурухана жанынан құрылатын нөмірлік аудандық емхана;

      2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      аудан орталығында және аудандық маңызы бар қалаларда құрылатын аудандық аурухана****;

      халық саны 30 000 (отыз мың) және одан жоғары адам болатын ауылдық елді мекендері бар ауданда құрылатын нөмірлік аудандық аурухана;

      жақын орналасқан аудандардың халқына қызмет көрсету үшін жұмыс істеп тұрған аудандық аурухана базасында құрылатын, құрамында инсульт орталығы және (немесе) тері арқылы коронарлық араласу орталығы, перинаталдық орталық немесе босандыру бөлімшесі, травматология, хирургия және медициналық оңалту бөлімшелері бар көпбейінді орталық аудандық аурухана*****;

      медициналық оңалту, паллиативтік көмек, мейіргерлік күтім аудандық немесе көп бейінді орталық аудандық аурухананың құрылымдық бөлімшесі (төсек) нысанында құрылады;

      3) аудандарда патологиялық анатомия (цитопатология) саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар аудандық немесе көп бейінді орталық аудандық аурухана құрылымында орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде құрылады;

      4) жедел медициналық көмек облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі нысанында ұйымдастырылады;

      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

      аудандық деңгейде құрылатын ұлттық сараптау орталығының құрылымдық бөлімшелері;

      инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы станциялардың бөлімшелері;

      6) медициналық оңалту ұйымдары - санаторийлік-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы, медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту бөлімшесі (төсектері).

      2. Қалалық деңгейде:

      1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      бекітілген халық саны 1500 (бір мың бес жүз) бастап 10 000 (он мың) адам болатын аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылатын дәрігерлік амбулатория;

      бекітілген халық саны 10 000 (он мың) бастап 30 000 (отыз мың) адам болатын аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      бекітілген халық саны 30 000 (отыз мың) адамнан асатын, бірақ кемінде бір қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ) аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылатын ҚЕ;

      алғашқы психикалық денсаулық орталығы бекітілген халық саны 60 000 (алпыс мың) адам және одан жоғары адам болатын ҚЕ-да орналасқан, оның ішінде бір немесе бірнеше жақын орналасқан амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың халқына қызмет көрсетуге арналған психикалық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

      республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын стоматологиялық емхана;

      республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көп бейінді аурухананың немесе қалалық емхананың құрылымдық бөлімшесі ретінде консультациялық-диагностикалық орталық (200 000 (екі жүз мың) халыққа шаққанда біреу);

      жастар денсаулық орталығы;

      2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      халық саны 100 000 (жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда құрылатын қалалық аурухана;

      республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және қалаларда құрылатын қызмет көрсететін халықтың саны 100 000 (жүз мың) адамнан асатын жақын орналасқан аудандардың халқына қызмет көрсетуге арналған көп бейінді қалалық аурухана;

      халық саны 300 000 (үш жүз мың) мың адамнан асатын қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын көп бейінді қалалық балалар ауруханасы;

      республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын психикалық денсаулық орталығы;

      республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын фтизиопульмонология орталығы;

      көп бейінді ауруханалардың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылатын тері-венерология, травматология, инсульт, ревматология, офтальмология, кардиология және кардиохирургия орталықтары;

      көп бейінді ауруханалар құрамында онкология орталықтарын қоспағанда, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің басым жобаларын іске асыру шеңберінде құрылатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын онкологиялық орталық;

      қалаларда құрылатын инфекциялық аурухана және (немесе) көп бейінді қалалық аурухана жанынан ұйымдастырылатын инфекциялық бөлімше;

      қалаларда құрылатын перинаталдық орталық, перзентхана және (немесе) көп бейінді қалалық аурухана жанынан ұйымдастырылатын перинаталдық орталық, босандыру бөлімшесі;

      3) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын жедел медициналық жәрдем станциясы.

      республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда қалаларда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

      4) медициналық оңалту ұйымдары - санаторийлік-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту бөлімшесі (төсектері);

      5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар –хоспис, мейіргер күтімі ауруханасы және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының жанынан ұйымдастырылатын бөлімше, төсектер;

      6) қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары болмаған кезде қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары қала халқының саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады;

      7) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ халық саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда құрылатын патологиялық-анатомиялық (цитопатология) салада қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары. Халық саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда қалалық немесе көп бейінді орталық аудандық ауруханалар құрылымында орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде құрылады;

      8) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын АИТВ инфекциясы профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

      9) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын жетім балаларға, туғаннан бастап үш жылға дейін ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейін психикалық және физикалық дамуында ауытқулары бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасылармен психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

      10) қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын денсаулық сақтау саласындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

      қалаларда құрылымдық бөлімшелері бар астанада құрылатын Ұлттық сараптау орталығы;

      республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын ғылыми ұйымдар;

      инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы станциялар.

      3. Облыстық деңгейде:

      1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      стоматологиялық емхана;

      көп бейінді облыстық аурухананың немесе қалалық емхананың (200 000 (екі жүз мың) халыққа шаққанда біреу) құрылымдық бөлімшесі ретінде консультациялық - диагностикалық орталық;

      жастар денсаулық орталығы;

      2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      облыс орталығында құрылатын көп бейінді облыстық аурухана;

      облыс орталығында құрылатын көп бейінді облыстық балалар ауруханасы;

      облыс орталығында құрылатын облыстық психикалық денсаулық орталығы;

      облыс орталығында құрылатын облыстық фтизиопульмонология орталығы;

      тері-венерология, травматология, инсульт, ревматология, офтальмология, кардиология және кардиохирургия орталықтары көп бейінді ауруханалардың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

      көп бейінді ауруханалар құрамындағы онкология орталықтарын қоспағанда, облыс орталығында құрылатын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің басым жобаларын іске асыру шеңберінде құрылатын онкология орталығы;

      облыс орталығында құрылатын инфекциялық аурухана және (немесе) көп бейінді облыстық аурухана жанынан ұйымдастырылатын инфекциялық бөлімше;

      облыс орталығында құрылатын перинаталдық орталық, перзентхана және (немесе) көп бейінді облыстық аурухана жанынан ұйымдастырылатын перинаталдық орталық, босандыру бөлімшесі;

      3) медициналық авиация бөлімшесін қоса алғанда, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы;

      4) медициналық оңалту ұйымдары - санаторийлік-курорттық ұйымдар, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе медициналық ұйымдар жанынан ұйымдастырылатын оңалту бөлімшелері (төсектері);

      5) паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсететін ұйымдар – хоспис, мейіргер күтімі ауруханасы және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының жанынан ұйымдастырылатын бөлімше, төсектер;

      6) қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар;

      7) патологиялық-анатомиялық (цитопатология) қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      8) АИТВ инфекциясы профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

      9) облыстық деңгейде құрылатын жетім балаларға, туғаннан бастап үш жасқа дейін ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жылға дейін психикалық және физикалық дамуында ауытқулары бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасылармен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары;

      10) облыстық деңгейде құрылатын денсаулық сақтау саласындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

      облыстық деңгейде (облыс орталықтарында) құрылатын Ұлттық сараптама орталығының құрылымдық бөлімшелері.

      Ескертпе:

      * медициналық пункт "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес халық саны 50 (елу) аспайтын адам болатын елді мекенде 5 километрден астам радиуста медициналық ұйым болмаған кезде құрылады.

      Халық саны 50 (елу) аспайтын адам болатын елді мекенде халыққа медициналық көмекті медицина қызметкері үйде көрсетеді.

      ** Фельдшерлік-акушерлік пункт Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша дәрігерлік амбулаториялардан, аудандық ауруханалардан және облыс орталықтарынан қашықта орналасқан жағдайда халық саны 500 (бес жүз) аспайтын адам болатын ауылдық елді мекенде құрылады.

      *** Дәрігерлік амбулатория Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандық ауруханалар мен облыс орталықтарынан қашықта орналасқан жағдайда халық саны 1 500 (бір мың бес жүз) аспайтын адам болатын ауылдық елді мекенде құрылады.

      **** Аудандық аурухананың немесе көп бейінді орталық аудандық аурухананың бөлімшелері Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес қызмет көрсететін халық саны кемінде 5 000 (бес мың) адам болатын шалғайдағы ауылдық елді мекендерде (округтерде) құрылады.

      ***** Халықтың қажеттігін, нозологиялық нысандар бойынша сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштерін, штаттарды ескере отырып, Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес терапия, педиатрия және (немесе) хирургия бөлімшесі құрамында тиісті бейін бойынша төсектер ашылып, басқа бейінді бөлімшелер ашылуы мүмкін.

      Осы Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін белгілейді және "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, сондай-ақ "Денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22482 болып тіркелген) сәйкес "Денсаулық сақтау қызметтерінің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын қамтамасыз етеді.