Денсаулық сақтау салаларындағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 сәуірде № 22482 болып тіркелді

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі
  2021 жылғы 2 сәуірдегі
  № ҚР ДСМ-26 Бұйрығына
  1-қосымша

"Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

      2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдардың тізбесі:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      2) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексі (бұдан әрі-Кодекс).

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарты Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік қамтамасыз етудің қызметтердің көлемін айқындайды.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

      4. "Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Тегiн медициналық көмектiң
кепiлдiк берілген көлемi" ең
төмен әлеуметтік стандартына
қосымша

"Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Нормалардың /нормативтің атауы Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары Норманың/ нормативтің мөлшері

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi

Кодекстің 196 - бабы

Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және көлемде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар.

Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 47-48, 328-құжат) сәйкес айқындалады.

  Бұйрығына 2-қосымша

"Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.

      4. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдардың тізбесі:

      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

      4) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексі (бұдан әрі-Кодекс).

      3) "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы.

      5. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты:

      "Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медиицналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету үшін медиицналық ұйымдар желісін ұйымдастырудың ең төменгі стандартын анықтайды.

      4. "Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы ең төмен әлеуметтік стандартқа қосымшада көрсетілген.

  "Денсаулық сақтаудың
көрсетілетін қызметтерінің
халыққа қолжетімді
болуын қамтамасыз ету" ең
төмен әлеуметтік стандартына
қосымша

"Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері

Нормалардың /нормативтің атауы Норманы/нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар адамдардың санаттары Норманың/ нормативтің мөлшері

"Денсаулық сақтаудың көрсетілетін қызметтерінің халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету"

Кдекстің 68 - бабы

Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Халыққа денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21452 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.