БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді саттып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы елішілік құндылық жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мыналар осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды электронды түрде "Қазақстандық қамту" Интернет-порталы ақпараттық жүйесіне орналастыру жолымен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ұсынсын және электронды сандық қол қойып куәландырсын:
1) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;
2) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдарға;
3) концессионерлер.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы бұйрық "Пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына арналған) және орта мерзімді (бес қаржы жылына арналған) бағдарламаларын, сондай-ақ оператордың өтеулі көрсетілетін қызметтерін жоспарланған сатып алу туралы ақпаратын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 283 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16950 болып тіркелген) және "Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) сәйкес елішілік құндылық мониторингі субъектілері ұсынатын жоспарланған және сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратқа қолданылмайды.
1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурсына орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланған сатып алу бойынша ақпарат
Индексі: 1-ПЗ нысаны.
Кезеңділігі: жыл сайын.
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________ күннің жағдайына
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 349 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдар; концессионерлер.
Ұсыну мерзімі: жылына бір рет, сатып алуды өткізу үшін жоспарланған жылдың 1 ақпанына дейін.
Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Тапсырыс берушінің атауы | экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеушінің коды (6 белгі) | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы | Өлшем бірлігінің коды (мемлекетаралық өлшем бірлігінің жіктеуішіне сәйкес) | Заттай көріністегі сатып алу көлемі | Жоспарланған сатып алу сомасы, теңге | Сатып алуды өткізу орны (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды) | Сатып алуды өткізу мерзімі | Тауарды жеткізу, жұмысты атқару, қызметті көрсету мерзімі | Сатып алу жоспарының жылы | ||
қазақ тілінде | орыс тілінде | қазақ тілінде | орыс тілінде | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы
____________________________________________________________________
Мекен жайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы
____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланған сатып алу жөніндегі ақпарат нысанына қосымша |
Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланған сатып алу бойынша ақпарат (Индексі 1-ПЗ нысаны, кезеңділігі жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланған сатып алу бойынша ақпарат нысаны "Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ел ішіндегі құндылықтың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес әзірленді.
2. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланған сатып алу бойынша ақпарат нысаны жылына бір рет, сатып алуды өткізуді жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамға тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғам тұлғасында шоғырланып ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
4. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:
1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес қазақ тілінде көрсетіледі;
3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес орыс тілінде көрсетіледі;
4-бағанда өнімнің коды экономикалық қызмет түрлері бойынша 6 белгі деңгейінде көрсетіледі;
5-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы қазақ тілінде көрсетіледі;
6-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы орыс тілінде көрсетіледі;
7-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі;
8-бағанда заттай көріністегі сатып алудың көлемі көрсетіледі;
9-бағанда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы, теңгемен көрсетіледі. Егер сатып алудың жоспарланып отырған сомасына қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) қосылса, онда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы ҚҚС-мен көрсетіледі;
10-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес сатып алу өткізілетін орын көрсетіледі;
11-бағанда сатып алуды өткізудің мерзімі көрсетіледі;
12-бағанда тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімі еркін нысанда көрсетіледі;
13-бағанда сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі.
5. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша толтырылады және электрондық түрде.xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады.
6. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жоспарланған номенклатураларға (лоттарға) сәйкес толтырылады.
7. Грамматикалық қателермен толтырылған немесе өзгерген форматта ұсынылған ақпарат нысаны қабылданбайды.
бұйрыққа 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығына 2-қосымша |
Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
Индексі: ТРУ-Т1.
Кезеңділігі: тоқсан сайын өсу қорытындысымен.
Есепті кезең: 20__ жылғы "___"________ күннің жағдайына
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар: ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 349 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу елішілік құндылық мониторингіне жататын ұйымдар; концессионерлер.
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.
1-кесте
Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс беруші өңірінің коды (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес) | Сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың № | Сатып алуды растайтын шартты және де құжатты жасау күні (күн.ай.жыл) | Сатып алуды растайтын шарттың немесе де құжаттың мерзімі аяқталатын күн (күн.ай.жыл) | Есептік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы, теңге | Сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың жалпы сомасы, теңге | Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге | |
қазақ тілінде | орыс тілінде | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кестенің жалғасы
Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы | Жеткізушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Жеткізуші елінің коды | Жеткізуші өңірінің коды (әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес) | Тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің заңды мекенжайы | Сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың мәртебесі | ||
қазақ тілінде | орыс тілінде | қазақ тілінде | орыс тілінде | ||||
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
2-кесте
Сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың № | Сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың жасалған күні (күн.ай.жыл.) | Тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуіш коды (6 сбелгі) | Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаш (қосымша) сипаттамасы | Өлшем бірлігінің коды (мемлекетаралық өлшем бірлігінің жіктеушісіне сәйкес) | |
қазақ тілінде | орыс тілінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Сатып алу көлемі | СТ-KZ нысанының сертификаты | Елішілік құндылық | ||||||
заттай көріністе |
құндық көріністе, | № | Сериясы | Беретін органның коды | Берілген жылы | Берілген күні | тауарда, % | жұмыста/қызметте, % |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы
____________________________________________________________________
Мекен жайы ____________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы
____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
____________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) _____________ қолы
Ескертпе: нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат нысанына қосымша |
Елішілік құндылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат (Индексі ТРУ-Т1, кезеңділігі тоқсан сайын өсу қорытындысымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат нысаны Жарлыққа сәйкес әзірленді.
2. Сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ұсынылады.
3. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамға елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғам тұлғасында шоғырланып ұсынылады.
2-тарау. 1-нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
4. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің бізнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес қазақ тілінде көрсетіледі;
3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес орыс тілінде көрсетіледі;
4-бағанда тапсырыс беруші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі;
5-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және құжаттың нөмірі көрсетіледі, шарттың немесе құжаттың бір күндегі нөмірі көрсетілген жағдайда, құжатқа бірегей нөмір беріледі;
6-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және құжаттың жасалған күні көрсетіледі (күн.ай.жыл). Егер сатып алу шартты жасаспай жүзеге асырылса, онда 7-бағанда сатып алуды жүзеге асыруды растайтын құжаттың күні көрсетіледі;
7-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың мерзімі аяқталатын күн көрсетіледі (күн.ай.жыл). Егер сатып алу шартты жасаспай жүзеге асырылса, сатып алуды жүзеге асыруды растайтын құжаттың мерзімі аяқталатын күн көрсетіледі. Егер шартта құжаттың мерзімі аяқталатын күн айтылмаса, онда әрекеттің шамамен аяқталатын күні немесе қаржылық жылдың соңы көрсетіледі;
8-бағанда есептілік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы теңгемен көрсетіледі, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы құжаттармен расталмаған аванстық төлемдер, алдын ала және төлемдер көрсетілмейді. Егер шарт ұзақ мерзімді немесе ауыспалы болса, онда қаржылық жылдың өспелі қорытындысымен есептік кезең ішіндегі сома көрсетіледі. Егер есептік кезеңде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асырылмаса, 0 мәні көрсетіледі;
9-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың жалпы сомасы теңгемен көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы ескерілмесе, осы шарт бойынша осы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жоспарланған сома көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, онда шарттың барлық әрекет ету кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы ескерілмей, бірақ шарттың орындалуына қарай орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің шот фактурасына немесе актілер берілген болса, онда әрбір есептік кезеңдегі өсумен осы құжаттардың сомасы көрсетіледі;
10-бағанда орындалған шарттың жалпы нақты сомасы теңгемен көрсетіледі. Бұл ретте:
Егер шарттың мәртебесі – "жасалған" немесе "ұзақ мерзімді жасалған" болса ("0" немесе "3.0."), 0 мәні көрсетіледі;
Егер шарттың мәртебесі – "орындалған" немесе "ұзақ мерзімді орындалған" болса ("1" немесе "3.1"), орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі;
Егер шарттың мәртебесі - "бұзылған" немесе "ұзақ мерзімді бұзылған" болса ("2" немесе "3.2"), бірақ шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде жеткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалады және шарт ішінара орындалған деген шешім қабылданса, онда орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі;
Егер шарттың мәртебесі – "бұзылған" немесе "ұзақ мерзімді бұзылған" болса ("2" немесе "3.2") және көрсетілген қол қойылған келісімнің негізінде жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды шартты бұзу туралы табылмаса, көрсетілетін қызметтерді қайтару шешімі қабылданса, онда 0 мәні көрсетіледі;
11-бағанда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы анықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес қазақ тілінде көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізушінің атауы көрсетіледі;
12-бағанда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы аңықтамасына немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі туралы куәлігіне сәйкес орыс тілінде көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізушінің атауы көрсетіледі;
13-бағанда тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге жеткізушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, жол толтырылмайды;
14-бағанда жеткізуші елінің коды елдер жіктеушіне сәйкес көрсетіледі;
15-бағанда жеткізуші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, жол толтырылмайды;
16-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы қазақ тілінде көрсетіледі: елді-мекен, көше, үй, кеңсе. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда осы жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі;
17-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы орыс тілінде көрсетіледі: елді мекен, көше, үй, кеңсе. Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, онда аталған жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі;
18-бағанда шарттың немесе сатып алуды растайтын құжаттың мәртебесі көрсетіледі, яғни шарттардың немесе сатып алуды растайтын құжаттардың мәртебелерінің жіктеуішке сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі:
"0" мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;
"1" мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;
"2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзалған шарттар бойынша көрсетіледі;
"3.0" мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;
"3.1." мәртебесі төлеміне байланысты емес, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;
"3.2" мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі (төменде көрсетілген).
Жіктеу коды | Атауы |
0 | Жасалды |
1 | Орындалды |
2 | Бұзылды |
3.0 | Ұзақ мерзімді жасалды |
3.1 | Ұзақ мерзімді орындалды |
3.2 | Ұзақ мерзімді бұзылды |
5. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу болмаған жағдайда, ақпарат нысаны бос бағаншамен кесте түрінде беріледі. Есептің файлы бір жолмен беріледі, 2-кесте толтырылмайды.
6. Сатып алу сомасы, егер тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ҚҚС төлеуші және сатып алу сомасы ҚҚС-ны қамтыған жағдайда, ҚҚС-мен көрсетіледі. Егер жеткізуші ҚҚС-ны төлеуші болмаса және сатып алу сомасы ҚҚС-ны қамтымаса, сатып алу сомасы ҚҚС-сыз көрсетіледі.
7. Ұзақ мерзімді немесе ауыспалы шарттарды жасаған кезде шарттың нөмірі, шартты жасаған күні және шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні, шарттың сомасы (теңгемен) шартқа сәйкес көрсетіледі. Сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің сомасы есептік қаржылық жыл бойынша көрсетіледі. Ұзақ мерзімді және ауыспалы шарттар бойынша сома қаржы жылы аяқталған соң есептік қаржылық жыл бойынша 8-бағанда көрсетіледі (2-кесте ұсынылады).
8. Шартты келесі кезеңге ұзартқан кезде шарттың нөмірі, шарт жасалған күн негізгі шартқа сәйкес көрсетіледі, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн және шарттың жалпы сомасы (теңгемен) екі тараптың жазбаша және ауызша келісуі негізінде шартты ұзарту талаптарына сәйкес көрсетіледі. Егер шарт келесі қаржылық жылға ұзартылса және жаңа шарт ретінде әрекет етсе, онда ол ұзақ мерзімді шарт болып есептелмейді.
9. "1" мәртебесі бар шарттар немесе құжаттар бойынша сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 2-кесте, есептік кезеңге 1-нысанының 8-бағанының жалпы сомасына ұсынылады. Бұдан басқа, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 2-кесте, олар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын "2" мәртебесі бар шарттар және құжаттар бойынша ұсынылады. Бір қаржылық шарт аяқталған соң сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат 2-кесте, "3.0" мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, "3.1" мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, есептік қаржылық жылы ішінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын "3.2" мәртебесі бар бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, сондай-ақ "есептік қаржылық жылға 8-бағанның сомасына "0" мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша ұсынылады.
10. Ақпарат нысаны электронды түрде.xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады.
11. Грамматикалық қателермен толтырылған немесе өзгерген пішімде ұсынылған ақпарат нысаны қабылданбайды.
3-тарау. 2-нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер
12. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда 1-нысандағы шарттың немесе құжаттың нөмірімен бірдей сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда 1-нысандағы шартты жасау немесе құжаттың күнімен бірдей сатып алуды растайтын шартты жасау немесе құжаттың күні көрсетіледі;
3-бағанда 1-нысандағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестіндіру нөмірімен немесе жеке сәйкестендіру нөмірімен бірдей тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда 6 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім коды көрсетіледі;
5-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы қазақ тілінде көрсетіледі;
6-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы орыс тілінде көрсетіледі;
7-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі;
8-бағанда сатып алудың көлемі заттай көріністе көрсетіледі;
9-бағанда сатып алудың көлемі құндық көріністегі теңгеде көрсетіледі;
10-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының нөмірі көрсетіледі;
11-бағанда CT-KZ сертификатының бланкісінің нөміріне сәйкес келетін CT-KZ нысаны сертификатының сериясы көрсетіледі;
12-бағанда CT-KZ нысанының сертификатын берген органның коды көрсетіледі;
13-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген жылы көрсетіледі;
14-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген күні көрсетіледі;
15-бағанда CT-KZ нысанының сертификатында көрсетілген тауарда елішілік құндылық (%) көрсетіледі. CT-KZ нысанының сертификаты болмаған жағдайда 0 мәні көрсетіледі;
16-бағанда жұмыстағы/көрсетілетін қызметтегі елішілік құндылық (%) көрсетіледі.
13. 2-кесте тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды растайтын "1" мәртебесі бар шарттар мен құжаттар бойынша және олар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушілерде қалатын "2" мәртебесі бар шарттар немесе құжаттар бойынша толтырылады. Бір қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 2-кесте "3.0" мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, "3.1" мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, олар бойынша есептік қаржылық жылына тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын "3.2" мәртебесі бар ұзақ мерзімді бұзылған шарттар бойынша, сондай-ақ "0" мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша толтырылады.
14. 2-кесте тауардың жеткізілу, жұмыстың орындалу немесе қызметтің көрсетілу фактісін растайтын шарттар немесе құжаттар негізінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің (лоттардың) номенклатурасын көрсете отырып толтырылады. Егер 1-нысанда бір шарт немесе құжат бойынша бірнеше тауар сатып алынған болса, онда шарт туралы ақпарат жеке жолмен көрсетіледі, ал 2-нысанда әрбір тауар заттай көріністе және сатып алу сомасымен бірге жеке жолмен көрсетіледі.
15. Егер тауарлардың жеткізілу фактісін растайтын шартта немесе құжатта бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, онда әрбір номенклатура (лоттары) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуішінің кодын, атауларын, өлшем бірліктерін, көлемдерін және елішілік құндылығын көрсете отырып, сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың сол бір деректемелерін көрсетіп, жеке жолда көрсетіледі.
16. Егер жұмыстардың орындалу фактісін растайтын шартта немесе құжатта бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, онда әрбір номенклатура (лоттары) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуішінің кодын, атауларын, құндық көріністегі көлемдерін және елішілік құндылығын көрсете отырып, сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың сол бір деректемелерін көрсетіп, жеке жолда көрсетіледі.
17. Егер көрсетілетін қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын шартта немесе құжатта бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, онда әрбір номенклатура (лоттары) экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің жіктеуіштерінің кодын, атауларын, құндық көріністегі көлемдерін және елішілік құндылығын көрсете отырып, сатып алуды растайтын шарттың немесе құжаттың сол бір деректемелерін көрсетіп, жеке жолда көрсетіледі.
18. Ақпарат нысаны электронды түрде, өсу қорытындысымен есептік тоқсан үшін.xls форматында (Microsoft Excel 2003) ұсынылады және тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жеке толтырылады.
19. Грамматикалық қателермен немесе өзгерген форматта толтырылған ақпарат нысаны қабылданбайды.