ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 Бұйрыққа 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздер (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздерді айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі тауар (бұйым).
2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасын сериялы өндіру жүйесі.
3) конструкторлық құжаттама – жиынтығында немесе жеке-жеке бұйымның құрамы мен құрылымын айқындайтын, оны әзірлеу, дайындау, бақылау, пайдалану немесе жөндеу үшін деректер көзі ретінде қызмет ететін графикалық және мәтіндік құжаттарды ұсынатын толық жиынтық және/немесе негізгі конструкторлық құжаттама.
4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарды өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына құрамдастарының өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.
5) өндірістік активтер – ауыл шаруашылығы техникасын дайындау кезінде өндіріске тікелей қатысатын, өнеркәсіптік құрастыруды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансындағы негізгі қаражаттарға жататын ұзақ мерзімді активтер.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Келісім өндірушімен 15 жыл мерзімге ауыл шаруашылығы техникасының моделін ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН ) әрбір коды бойынша жасалады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген.
Келісім "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 399-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 451-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өндірушіге салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттары
4. Өндіруші мынадай шарттарды орындаған кезде онымен келісім жасалады:
1) келісімге қол қойылған күні кәсіпорынның немесе лизингтік компанияның балансында, өнеркәсіптік жинауды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын лизингтік активтерді қоса алғанда, астық жинау комбайндары, сүрлем жинау комбайндары, ЕАЭО СЭҚ ТН тауар позицияларының тракторлары үшін айлық есептік көрсеткіштің 500000 еселенген (бес жүз мың еселенген) мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы 8433 51 000 9, 8433 59 қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін айлық есептік көрсеткіштің 110 9, 8701 және 100000 еселенген (жүз мың еселенген) мөлшерінде;
2) бекітілген ішкі құжатқа сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операцияларды (бұдан әрі – технологиялық операциялар) орындау.
5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазбаша келісім жасасу бойынша өтініш жібереді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) технологиялық операциялар ескеріле отырып қалыптастырылатын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада іске асыру жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын туралы мәліметтер;
3) өндірістік активтердің болуы туралы аудиттелген қаржылық есептілік;
4) Қазақстан Республикасының аумағында берілетін өндіріс құпияларын (ноу-хау) және техникалық құжаттаманы қолдана отырып, лицензия бойынша өнім өндіру технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық келісім (шарт).
5) тракторлар мен комбайндарды өндіру кезінде арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын өндірушілерді қоспағанда, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарт.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.02.2024 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6. Уәкілетті орган он сегіз жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және комиссияның шығуын ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша келісім жасасу туралы немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бұл туралы өндірушіні жазбаша хабардар етеді.
Көшпелі комиссия (бұдан әрі – комиссия) өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында, мұндай шығуға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өндірушіні алдын ала хабардар ете отырып, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.
Көшпелі тексеру қорытындылары бойынша комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың сәйкестігі мен анықтығын тексеру мақсатында көшпелі комиссияның хаттамалық шешімін қабылдайды және оны шығу жүзеге асырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді.
Көшпелі тексеруді ұйымдастыру мерзімдері уәкілетті органның осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес өндіруші ұсынған құжаттарды қарау мерзіміне енгізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Келісім жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өндірушіге келісім мен жоспар-кестенің жобаларын екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде не келісім жасасудан дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.
8. Өндіруші келісім және жоспар-кесте жобаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға келісім және жоспар-кесте жобаларының өндірушінің қолымен расталған даналарын не келісім жасасудан дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
9. Уәкілетті органға осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде келісім мен жоспар-кесте жобаларының өндірушінің қолымен куәландырылған даналары ұсынылмаған жағдайда, өндіруші келісім жасасудан бас тартқан болып есептеледі.
10. Өндіруші қол қойған келісім және жоспар-кесте жобаларының даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді.
Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Өндірушіге келісім жасасудан мынадай жағдайларда бас тартылады:
1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда;
2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайларда тоқтатылады;
3) жоспар-кесте жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас модельдері бойынша жасалған келісімдердің болуы.
3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздер
12. Келісімге мынадай негіздер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі:
1) өндірушінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде;
2) Келісімнің қолданылу кезеңінде ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті кодының техника түрлерінің желісін кеңейту кезінде;
3) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу келісімге қосымша келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.
13-1. Өнеркәсіптік құрастыру туралы бұрын жасалған келісімдерге қосымша келісімдер жасалған кезде осы Қағидалардың 5-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, осы Қағидалардың 5 - 11 тармақтарының талаптары қолданылады.
Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.05.2023 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 05.02.2024 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.14. Келісім мынадай жағдайларда бұзылады:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша хабарлама біржақты тәртіппен жіберілген кезден бастап үш ай мерзімде анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде;
3) уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша;
15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіз бойынша келісімді бұзған кезде бастамашыл тарап келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын Келісімде көзделген тәртіппен екінші Тарапты хабардар етеді.
16. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша келісім бұзылған кезде өндіруші келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша берілген жеңілдіктерді өтейді.
17. Келісімдерде белгіленген шарттар мен талаптардың сақталуын бақылау мақсатында комиссия Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының келісімдер жасасу талаптарына сәйкестігін және осындай келісімдер шеңберінде өзі қабылдаған міндеттемелердің орындалуын көшпелі тексеруді жүзеге асырады.
18. Көшпелі тексеру уәкілетті органның хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
19. Уәкілетті орган кемінде үш жұмыс күні бұрын өндірушіге хабарлама жібере отырып, өндіріс орнында көшпелі тексеру жүргізілгені туралы ресми хабарлайды.
20. Тексеруді жүзеге асыру алдында комиссия тексерілетін кәсіпорынның басшысына немесе оны алмастыратын адамға тексеру жүргізуге оның өкілеттігін растайтын хабарламаны ұсынады.
21. Комиссия технологиялық процестерге сәйкес өнімді дайындау үшін қажетті жабдық пен технологиялық жарақтың болуын және жұмыс қабілеттілігін тексереді, сондай-ақ өндірушіге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде технологиялық операциялардың орындалғанын растауды (бұдан әрі –растау-хат) жібереді.
22. Комиссия мүшелері тексеру жүргізу кезінде мыналарды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті тексеру актісіне (бұдан әрі – акт) материалдарды қоса беру үшін Келісім шеңберінде өндірушіге жүктелген өндірістің негізгі процесін және технологиялық және өзге де операцияларды орындауды фото-бейне тіркеуді жүргізеді;
2) өндіріс процесіне байланысты құжаттаманы сұратады және тексереді;
3) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша басшылардан және басқа да қызметкерлерден жазбаша түсініктемелер сұратады және алады.
Қоса берілген фото-бейне материалдар, сұратылған құжаттама және жазбаша түсініктемелер үшінші тұлғаларға таратуға жатпайды және комиссияның уәкілетті органында қатаң сақталады.
23. Келісімнің қолданылу кезеңінде технологиялық операциялардың орындалуын айқындау үшін уәкілетті орган өндіруші ұсынған есептік құжаттама негізінде не көшпелі тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды және оны өндірушіге бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Өндіруші анықталған бұзушылықтарды өндірісті тексеру актісінде көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, Келісім осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 1-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесі
№ | ЕАЭО СЭҚ ТН* коды | Ауыл шаруашылығы техникасының атауы (моделі) | Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша технологиялық операциялар | Орындау мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
*ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
Уәкілетті орган |
Өндіруші |
______________________ |
__________________________ |
Күні 20__ жылғы "___" _______
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 2-қосымша |
Нысан
Кәсіпорын туралы мәліметтер
1. Ауыл шаруашылығы техникасын (атауы) жылына шығару бойынша өндірістік қуаты __________________.
2. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі:
№ | Технологиялық жабдықтың атауы | Саны, дана |
1 | 2 | 3 |
3. Өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының ағымдағы оқшауландыру деңгейі, % шығу тегі туралы сертификатты ұсыну.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 3-қосымша |
Нысан
Өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында көшпелі комиссияның хаттамалық шешімі
__________________________________________________________________________,
(өндірушінің атауы)
мекенжайы бойынша орналасқан ______________________________________________.
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, ___ сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасының коды бойынша көлік құралдарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық.
Тексеру шеңберінде мыналар анықталды:
1.____________
2.____________
3.____________
Көшпелі тексеру қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдады:
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________ (қолы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________ (қолы)
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
_______________ (қолы)
Қорытындының күні мен нөмірі:
20__ жылғы "__" _______ №____
Нысан
Өндірісті тексеру туралы қорытынды
Тексеру актісі негізінде ___________________ №__________ өндіріс
_________________________________ кәсіпорын ___________________________________
(өнім түрін көрсету) (өндірушінің атауы)
(бұдан әрі - Кәсіпорын) көлік құралдарын және (немесе) олардың құрамдастарын, ауыл
шаруашылығы техникасын және (немесе) олардың құрамдастарын өнеркәсіптік құрастыру
туралы Келісім шеңберінде кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындауын растаймыз
(растамаймыз).
Осы қорытындымен мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және Қазақстан
Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария
етпеуге кепілдік береміз және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда мемлекеттік органдарды қоспағанда, мәліметтерді жеке мақсаттарда
пайдаланбауға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенеміз.
Комиссия мүшелері:
_______________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
(қолы)
Комиссия төрағасы
____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздеріне 5-қосымша |
Нысан
Өндірісті тексеру актісі
Күні 20__ жылғы "__" _______ №____
Біз, төменде қол қойған комиссия мүшелері, көлік құралдарының және (немесе) олардың
құрамдастарының, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) олардың
құрамдастарының өндірісін тексеруді жүзеге асырдық (қажетінің асты сызылсын):
_______________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы) (қолы)
кәсіпорынды тексерудің осы актісін жасадық:
__________________________________________________________________,
(өндірушінің атауы)
мекенжайы бойынша орналасқан _______________________________________.
Тексеру актісіне кәсіпорындағы өндірістік процестің фото-бейне материалдары қоса
беріледі.
Өтініш берушінің өз міндеттемелерін орындауы (орындамауы) туралы белгі (сипаттамасы):
____________________________________________________________
Комиссия төрағасы ____________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 Бұйрыққа 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан
Нұр-Сұлтан қ. _________________
(күні, айы, жылы)
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын
өнеркәсіптік құрастыру туралы осы Келісім бұдан әрі Тараптар деп аталатын
_______________________ негізінде әрекет ететін ___________________________ атынан
(өкілеттігін растайтын құжат) (уәкілетті органның атауы)
_______________________________________________________(бұдан әрі – уәкілетті орган)
(басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
және ___________________________________________негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
_________________________________ атынан ___________________________
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы
____________________________________________________________________
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
(бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалып, мыналар:
1) Уәкілетті органға осы Келісімді жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей
байланысты құқықтар берілгенін назарға ала отырып;
2) Тараптар Келісімнің шарттарын іске асыру кезінде оның өзара құқықтары мен міндеттерін
реттейтіні туралы уағдаласты және төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Осы Келісімнің мәні тараптардың ауыл шаруашылығы техникасының өндірістерін дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік жинау кезінде өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру деп ауыл шаруашылығы техникасын сериялы өндіру жүйесі түсініледі.
2. Келісім келісімді іске асыру жоспар-кестесінде (бұдан әрі – жоспар-кесте) көрсетілген ауыл шаруашылығы техникасына қолданылады.
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
3. Өндіруші:
1) жоспар-кестеге сәйкес келісімді іске асыруды жүзеге асыруға;
2) Уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;
3) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға бір ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге;
4) есепті айдан кейінгі әр айдың 10-күніне дейін уәкілетті органға атауы мен құнын көрсете отырып, шығарылған Ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есеппен шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты) ұсынуға;
5) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті орган ішкі құжатпен бекітілген мынадай құжаттарды ұсынуға:
келісім кезеңдерін іске асырудың жоспар-кестесінің орындалуы туралы мәліметтер,
модельдердің саны мен атауын көрсете отырып, шығарылған Ауыл шаруашылығы техникасының саны туралы есебі бар шығару көлемі туралы мәліметтер (кәсіпорынның паспорты),
сертификаттың және тауардың ішкі айналымға шығарылуын сараптау актісінің көшірмелері.
6) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін әрбір 3 жыл сайын уәкілетті органға кесте Жоспарына сәйкес СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өндірушінің өндіргенін растайтын техникалық және қаржылық аудиттер ұсынуға міндеттенеді.
4. Уәкілетті орган:
1) келісімнің іске асырылуын бақылауға;
2) Уәкілетті орган тексеру жүргізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді өндірушінің орындауы, орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы хаттамалық шешім ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.
5. Өндіруші:
1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-қимыл жасауға;
2) Уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;
3) аутсорсинг шеңберінде басқа заңды тұлғаларды тарта отырып, уәкілетті органның осындай операцияларды орындау жөніндегі бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болған жағдайда, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың кейбірін орындауға. Аутсорсинг деп өндірушінің Қазақстан Республикасының басқа резиденті болып табылатын басқа заңды тұлғаға жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі және оларды шарттың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында осы басқа заңды тұлғаның орындауына беру түсініледі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құқықтарын қорғауға және оған:
мемлекеттік билік органдарының заңнамалық актісіне сәйкес келмейтін жариялау, сондай-ақ аталған органдардың лауазымдық адамдарының жасалған әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде;
осы келісім бойынша Уәкілетті органның міндеттемелерін бұзу нәтижесінде келтірілген шығындарды толық өтеуге.
6. Уәкілетті орган:
1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
2 осы Келісімде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жылына екі реттен асырмай көшпелі тексерулерді жүзеге асыруға;
3) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
4) келісімді іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізуге құқылы.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
8. Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Бұзушылықтарды жоюды өндіруші хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жүзеге асырады.
9. Тараптар осы Келісімді:
1) Тараптардың келісімі бойынша;
2) өндіруші осы Келісімнің 8-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда бір жақты тәртіппен Уәкілетті органның бастамасы бойынша;
3) еңсерілмейтін күш жағдайларының болуы;
4) Келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге жағдайларла мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
10. Уәкілетті орган өндірушіні келісімді бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен мынадай:
1) өндіруші Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
2) өндірушінің келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған бұзушылықтар Уәкілетті органның осындай бұзушылықтар туралы хабарламасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайларда бұзуға құқылы.
4-тарау. Еңсерілмейтін күш
11. Тараптардың ешқайсысы, егер орындау кезінде мұндай орындамау немесе кідіріс еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
12. Еңсерілмейтін күшке осы жағдайлар кезiнде төтенше және алдын алуға мүмкін емес мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери қақтығыстар, төтенше жағдай және тағы басқалар) жатады.
13. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде еңсерілмейтін күштің қолданылу мерзіміне іске асыру мерзімдерін ұзарта отырып, келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізіледі.
14. Еңсерілмейтін күш жағдайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және еңсерілмейтін күштің мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.
15. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
5-тарау. Құпиялылық
16. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылық шарттарын сақтайды.
17. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай:
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;
2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;
3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;
4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
6-тарау. Дауларды реттеу
18. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
19. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы
20. Осы Келісім 15 жылға жасалды және______жылғы "___"____ дейін қолданылады.
21. Нұр-Сұлтан қаласында ______жылғы "___"____ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган |
Өндіруші |
______________________ |
__________________________ |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 293 бұйрығына № 3 қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16774 болып тіркелген).
2. "Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жасасу және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 115 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18372 болып тіркелген).
3. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 506 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21341 болып тіркелген).
4. "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді және оның үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 633 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19252 болып тіркелген).