Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.05.2022 № 293 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін оны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелері
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 100-бабы 2-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ауыл шаруашылығы техникасы – жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі.
2) ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру – ауыл шаруашылығы техникасының сериялық өндірісінің жүйесі;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі – өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт.
3. Келісім ауыл шаруашылығы техникасының әрбір атауы бойынша өндірушімен мынадай мерзімге: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) 8701, 843351 0009, 843359 1109 бойынша астық жинайтын және сүрлем жинайтын тракторлар, комбайндар тауар позицияларын үшін - 12 жылға, қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін - 10 жылға жасалады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгілік нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген.
Келісім, өндірушіге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 399-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және 451-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттары
4. Келісім өндіруші мынадай:
1) ауыл шаруашылығы техникасын шығару мүмкіндігі үшін жылына кемінде мынадай: 150 бірлік ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8701, 8433 51 000 9, 8433 59 110 9 тауар позицияларының тракторлар, астық жинайтын және сүрлем жинайтын комбайндары, ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8432 31 110 0, 8432 39 110 0, 8432 39 190 0 тауар позицияларының егіс кешендері үшін 50 бірлік, қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін 500 бірлік өндірістік қуаттардың болуы;
2) келісімге қол қойылған күні кемінде мынадай: ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 51 000 9, 8433 59 110 9, 8701 тауар позицияларының астық жинайтын комбайндар, сүрлем жинайтын комбайндар, тракторлары үшін айлық есептік көрсеткіштің 375000-еселенген (үш жүз жетпіс бес мың еселенген) мөлшерінен және қалған ауыл шаруашылығы техникасы үшін айлық есептік көрсеткіштің 70000-еселенген (жетпіс мың еселенген) мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы;
3) құны айлық есептік көрсеткіштің 32000-еселенген (отыз екі мың еселенген) мөлшерінен кем ауыл шаруашылығы техникасы үшін өндірушінің осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операцияларды (бұдан әрі – технологиялық операциялар) орындау;
4) құны айлық есептік көрсеткіштің 32000-еселенген (отыз екі мың еселенген) мөлшерінен асатын ауыл шаруашылығы техникасы үшін өндірушінің осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушыларды дамыту жөніндегі міндеттемелерді орындау;
5) ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 51 000 9, 8433 59 110 9, 8701 тауар позицияларының астық және сүрлем жинайтын комбайндар, тракторлары үшін дайындамаларды июді, пішуді, дәнекерлеуді, жинауды және бояуды қоса алғанда, дайындау бойынша операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру шарттарын орындаған жағдайда жасалады.
5. Келісім жасасу үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазылған жазбаша өтініш жібереді.
Өтінішке мынадай құжаттар:
1) технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді іске асырудың жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада,;
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорын туралы мәліметтер;
3) ұсынылған күнге негізгі қаражатты көрсете отырып, өндіруші басшысының қолымен расталған қаржылық есептілік;
4) берілетін өндіріс құпияларын (ноу - хау) және техникалық құжаттаманы қолдана отырып, лицензия бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өнім өндіру технологиясын пайдалануға арналған лицензиялық келісім (шарт).қоса беріледі.
6. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өндіруші ұсынған құжаттардың қарайды және келісім жасасу туралы немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және өндірушіні жазбаша хабарлайды.
7. Келісім жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге келісімнің және жоспар-кестенің жобаларын мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жібереді.
8. Өндіруші келісім мен жоспар-кестенің жобаларын алған күннен бастап он екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын не болмаса келісімді жасасудан уәжді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
9. Уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өндіруші келісімді жасасудан бас тартқан болып саналады.
10. Өндірушінің қолымен расталған келісім жобасының және жоспар-кестенің даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган жеті жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді.
Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Өндірушіге мынадай:
1) осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;
2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтаған;
3) жоспар-кесте жобасында мәлімделген ауыл шаруашылығы техникасының ұқсас модельдері бойынша жасалған келісімдердің болуы, өндірістік қуаттардың және ауыл шаруашылығы техникасы нарығының көлемі жүктелген жағдайларда келісім жасасудан бас тартады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздемелер
12. Келісімге мынадай негіздер бойынша:
1) келісімнің ережелерін нашарлатуға әкелмеген жағдайда өндірушінің қызметіне қатысы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
2) өндіруші келісімнің қолданылуы кезінде ауыл шаруашылығы техникасының басқа модельдерінің өндірісін іске қосқан жағдайда;
3) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда;
4) келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген өзге де жағдайларда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
13. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу келісімге қосымша келісім жасау арқылы жүзеге асырылады.
14. Келісім мынадай:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) өндіруші анықталған бұзушылықтарды, хабарламада көрсетілген мерзімде, уәкілетті органның бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте жоймаған жағдайда;
3) уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша;
4) келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бұзылады.
15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша келісім бұзылған кезде бастамашыл тарап келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын Келісімде көзделген тәртіппен екінші тарапты хабардар етуі тиіс.
16. Өндіруші келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты келісімді бұзған кезде өндіруші келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ұсынылған жеңілдіктерді өтейді.
4-тарау. Ауыл шаруашылығы техникасына қатысты өндірісті оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесі
17. Келісім жасасу кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес технологиялық операцияларды (1 технологиялық операция = 1 балл) орындау кезінде өндірушіге баллдар беріледі.
18. Балл өндірушінің осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарын орындалуын тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның хаттамалық шешімімен өндірушіге беріледі.
19. Өндірушіге мынадай:
ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 51 000 9 коды бойынша (астық жинайтын комбайндар):
келісім жасасу сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы кемінде 21 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 28 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап бесінші және алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 35 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 40 балл жиналған;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8433 59 110 9 коды бойынша (сүрлем жинайтын комбайндар):
келісім жасасу сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы кемінде 19 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 24 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап бесінші, алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 28 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 33 балл жиналған;
ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 коды бойынша (тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа):
келісім жасасу сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы кемінде 17 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап үшінші және төртінші жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 33 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап бесінші, алтыншы жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 40 балл жиналған;
келісім жасалған сәттен бастап жетінші және одан кейінгі жылдары келісім жасалған сәттен бастап жүзеге асырылатын операцияларға қосымша кемінде 44 балл жиналған жағдайларда жеңілдіктер мен преференциялар алу беріледі.
20. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференцияларды алуға арналған талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникасын және ауыл шаруашылығы техникасының жиынтықтауыштарын өндірушілеріне де қолданылады.
21. Өндіруші осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тиісті кезеңдерде баллдарға қол жеткізбеген жағдайда, келісім осы Қағидалардың 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.
Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша технологиялық операциялар
ЕАЭО СЭҚ ТН* коды (тобы) | Ауыл шаруашылығы техникасының атауы | Технологиялық операциялар** |
8424 49 100 0 | Айналмалы әрекетті суару жүйесі және фронтальды әрекетті суару жүйесі |
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі – келісім) жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8424 49 910 0, 8424 82 910 0, 8424 82 990 0 | Тракторларда орнатуға немесе осы тракторлармен тіркеп-сүйретуге арналған ұнтақтарды бүріккіштер мен бөлгіштер (бүріккіштер) |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8428 90 710 0, 8428 90 790 0 | Әмбебап аспалы тиегіштер, шөмеле тасығыштар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8429 51 990 0, 8429 59 000 0 | Өзге де фронтальды (ауыл шаруашылығында қолданылатын) бір шөмішті тиегіштер |
1. Келісім жасалған сәтте мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8432 10 000 0 | Соқалар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8432 21 000 0 | Дискілі тырмалар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8432 31 110 0, 8432 39 110 0, | Пневматикалық егіс кешендері |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8432 31 190 0 | Егіншіліктің жыртылмаған (топырақ сақтау) жүйесінде қолданылатын сепкіштер |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8433 20 500 0, 8433 20 900 0 | Қозғалтқышсыз тракторларда монтаждалатын шалғылар (тіркемелі дестелегіштерден басқа) |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8433 20 500 0 | Тіркемелі дестелегіштер |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8433 30 000 0 | Пішен дайындауға арналған өзге де машиналар (аударғыштар) |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8433 40 000 1 | Нығыздаушы-іріктегіштер |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8433 51 000 9 | Астық жинайтын комбайндар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 21 балл жинау: |
8433 59 110 9 | Сүрлем жинайтын комбайндар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 19 балл жинау: |
8433 59 850 9, 8433 90 000 0 | Аспалы дестелегіштер, аспалы жинағыштар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8479 89 970 8 | Малды тіркеуге арналған станоктар |
1. Келісім жасалған сәтте және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
8701 | Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа) |
1. Келісім жасау сәтінде және келісім жасалған сәттен бастап екінші жылы мынадай операцияларды жүзеге асыру кезінде кемінде 17 балл жинау: |
8716 20 000 0 | Ауыл шаруашылығы үшін өздігінен тиелетін немесе өздігінен тиелетін тіркемелер мен жартылай тіркемелер |
1. Келісім жасалған сәтте мынадай операцияларды жүзеге асыру: |
Ескертпе:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
**Технологиялық операциялар ауыл шаруашылығы техникасының конструкциясында аталатын бөлшектер мен тораптар болған кезде қолданылады.
Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін және ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушыларды дамыту жөніндегі міндеттемелер
1. Келісімді жасасқан сәтте кемінде бес жүз миллион теңге сомасына негізгі құралдардың болуы, келісімді жасасқан сәттен бастап бесінші және кейінгі жылдары кемінде 1 миллиард теңге сомасына негізгі құралдардың болуы.
2. Келісімді жасасқан сәттен бастап бесінші және кейінгі жылдары тиісті ауыл шаруашылығы техникасы бойынша технологиялық операциялардың кемінде 30% - ын орындау.
3. Өндірушінің уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасына жинақтаушы өндірушілерді (бұдан әрі-жинақтаушы) дамыту жөніндегі Жол картасын жасауы.
4. Өндірушінің жиынтықтауыштарды сатып алуға өнім берушілермен ұзақ мерзімді шарттар келісімі жасалған сәттен бастап бір жыл ішінде жасасуы.
5. Өнім берушінің бағасы мен сапасы өндірушінің талаптарына сәйкес келген жағдайда, өндіруші компаниялар тобының зауыттарына келісім жасалған сәттен бастап 5 жылдан кешіктірмей жинақтаушылардың өнеркәсіптік партияларын жеткізу (екі түрден кем емес).
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді жүзеге асырудың жоспар-кестесі
№ | ЕАЭО СЭҚ ТН* коды | Ауыл шаруашылығы техникасының атауы (моделі) | Ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша технологиялық операциялар | Орындау мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
* ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
Уәкілетті орган Өндіруші
_________________ _________________
Күні 20__ жылғы "___" _______
Кәсіпорын туралы мәліметтер
1. Ауыл шаруашылығы техникасын (атауы) жылына шығару бойынша өндірістік қуаты __________________.
2. Көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының тізбесі:
№ | Мемлекеттік қолдау шарасы | Мемлекеттік қолдау шараларын көрсету кезеңі | Сомасы, млн. теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
3. Өндірісте пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың тізбесі:
№ | Технологиялық жабдықтың атауы | Саны, дана |
1 | 2 | 3 |
4. Өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының ағымдағы оқшауландыру деңгейі, %.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 213 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің үлгі нысаны
Ескерту. Бұйрық үлгі нысанмен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.03.2019 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.08.2019 № 633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
(_______________________________________________________________)
(ауыл шаруашылығы техникасының атауы көрсетіледі)
Нұр-Сұлтан қаласы _________________
(күні, айы, жылы)
Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ауыл шаруашылығы
техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) бұдан әрі
Тараптар деп аталатын ________________________________
(өкілеттігін растайтын құжат)
негізінде әрекет ететін ___________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
атынан __________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
____________________________________ (бұдан әрі – уәкілетті орган)
(уәкілетті органның атауы)
және ___________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы)
атынан _____________________________________________________________
(басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса))
(бұдан әрі – өндіруші) арасында жасалды.
Уәкілетті орган мен өндіруші төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Осы Келісімнің мәні ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру кезінде ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін дамытуға бағытталған өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру жөніндегі тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру деп ауыл шаруашылығы техникасын сериялық өндіру жүйесі түсініледі.
2. Келісім, келісімді іске асыру жоспар-кестесінде (бұдан әрі – жоспар-кесте) көрсетілген ауыл шаруашылығы техникасына қолданылады.
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
3. Өндіруші:
1) жоспар-кестеге сәйкес келісімді іске асыруға;
2) есепті жылдан кейінгі әрбір күнтізбелік жылдың 1 сәуіріне дейін уәкілетті органға жоспар-кестенің орындалуы туралы ақпаратты ұсынуға.
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.
4. Уәкілетті орган:
1) осы Келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімнің шарттарын өзгертпеуге;
2) Келісімнің іске асырылуын бақылауды;
2-1) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Өндіруші:
1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-қимыл жасауға;
2) уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;
3) аутсорсинг шеңберінде басқа заңды тұлғаларды тарта отырып, уәкілетті орган осындай операцияларды орындау жөніндегі бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі болған жағдайда, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі технологиялық операциялардың кейбірін орындауға. Аутсорсинг деп өндірушінің Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын басқа заңды тұлғаға жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді беруі және оларды шарттың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында осы басқа заңды тұлғаның орындауына беру түсініледі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды орындауға құқылы.
6. Уәкілетті орган:
1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
2) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
3) келісімді іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4-тарау. Форс-мажор
8. Тараптардың ешқайсысы, егер орындау кезінде мұндай орындамау немесе кідіріс еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болмайды.
9. Форс-мажорға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес оқиғалар жатады.
10. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған келісім бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру кезінде форс-мажордың қолданылу мерзіміне іске асыру мерзімдерін ұзарта отырып, келісім кезеңдерін іске асыру жоспар-кестесіне өзгерістер енгізіледі.
11. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапқа оқиғаның басталу күнін және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.
12. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
5-тарау. Құпиялылық
13. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша оның қолданылу мерзімі ішінде құпиялылық шарттарын сақтайды.
14. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай.
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;
2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;
3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;
4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
6-тарау. Дауларды реттеу
15. Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
16. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы
17. Осы Келісім ________ жылға дейін қолданылады.
18. Келісімнің мазмұны уәкілетті органның осы келісімнің шарттарын нашарлау жағына өзгертуге әкелетін нормативтік құқықтық актілері қабылданған жағдайда өзгертуге жатпайды.
19. Осы Келісім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
20. ______ қаласында ___ "___" ____________ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган _________________ | Өндіруші _________________ |