Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27506 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Шапкенов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 7 сәуірдегі
№ 118 бұйрығына 1-қосымша

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      2) босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат – пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы жергілікті атқарушы органға жазған жазбаша өтініші;

      3) пана іздеген адам (бұдан әрі – адам) – жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      4) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі – куәлік) – босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, жергілікті атқарушы беретін құжат;

      5) пана іздеген адамның отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;

      6) уәкілетті орган – босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі

      3. Босқын мәртебесін алу үшін пана іздеген адам Қазақстан Республикасына келген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген күннен бастап өзі немесе Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ХЖҚЖАО) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді. Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар қоса беріледі.

      4. Өтінішхат қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады және пана іздеген адам және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. Егер пана іздеген адам өтінішхатты қазақ немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса, онда өтінішхатты өтініш иесінің сөзінен аудармашы толтырады. Осындай жағдайда өтінішхат беруші адамнан аударма сапасымен қанағаттандырылғаны туралы жазбаша өтініш алу қажет.

      5. ХЖҚЖАО өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны қабылдауды, пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады. ХЖҚЖАО-ның басшысы өтінішхат келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды.

      6. ХЖҚЖАО қызметкері өтінішхатты қабылдау кезінде пана іздеген адамды Заңда көзделген оның құқықтарымен және міндеттерімен таныстырады.

      7. Өтінішхатты тіркеген күні пана іздеген адамға Заңның 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі.

      Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, оған ХЖҚЖАО басшысы қол қойып, мөрмен куәландырылады.

      Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.

      Өтінішхатты қарау мерзімі пана іздеген адамның куәлігі берілген күннен бастап үш ай мерзімге ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.

      8. Пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, ал осындай пункт болмаған жағдайда сол күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде пана іздеген адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап бір тәулік ішінде ХЖҚЖАО-ға жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) Шекара қызметінен ХЖҚЖАО-ға келіп түскен өтінішхатты ХЖҚЖАО-ға өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні ХЖҚЖАО -ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі.

      9. Егер пана іздеген адам жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы туралы мәлімдесе, ол туралы мәлімет оның сөзінен жазылады және онымен жүгінген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы әңгімелесу жүргізеді.

      10. Өтінішхат пана іздеген адам отбасының он сегіз жасқа толған әрбір мүшесінен қабылданады.

      Отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттардың негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке іске ресімделеді.

      Өтінішхаты тіркелген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттамалық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін нысанда өтініш ұсынады.

3-тарау. Өтінішхатты қарау тәртібі

      11. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхат тіркелгеннен кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы тарапынан жүргізіледі және:

      өтініш беруші жүгінген күні "Қандас" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;

      өтінішхатты тіркегеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұдан әрі – есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;

      сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (бұдан әрі – ҚҚАО ААЖ) есептері бойынша тексеріледі;

      ІІО және ҚҚАО ААЖ-ның есептері бойынша пана іздеп жүрген адамды тексеру жүзеге асырылғаннан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың болмауына міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, әңгімелесу жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 20.03.2024 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Әңгімелесу өткізуге дайындалу кезінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы:

      пана іздеген адамның өтінішхатын, сондай-ақ ол ұсынған өтінішхат беру негізділігін растайтын құжаттар мен материалдарды зерделейді;

      пана іздеген адамның азаматтық тиесілі мемлекеті не бұрынғы тұрған жері туралы ақпаратты жинауды және зерделеуді жүзеге асырады.

      Ақпарат саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай, паспорттық-визалық режим, адамның негізгі құқықтарын сақтау, мәдениеті және діні, тарихы және географиялық орналасуы, қудалау қаупі бар адамдар санаты туралы мәліметтерді қамтиды;

      босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру негізділігін растауды қажет ететін мән-жайларды (нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүруі және өз елінің қорғауын пайдалана алмауы немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмеуі) анықтайды.

      13. ХЖҚЖАО-ның әңгімелесуді жүзеге асыратын жауапты орындаушысына пана іздеген адам түпнұсқа құжаттарды қарау үшін ұсынады.

      Бұл ретте пана іздеген адамның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттарының көшірмелері жасалады.

      Өтінішхаттың негізділігін растайтын ұсынылған немесе алынған басқа да құжаттар мен материалдар пана іздеген адамның өтінішхатына тұпнұсқада (болған жағдайда) қоса тігіледі

      14. Әңгімелесу оқшауланған үй-жайда, бөтен адамдар кіргізілмей өткізіледі. Егер пана іздеген адам қазақ немесе орыс тілдерін білмесе, ал әңгімелесуді өткізетін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өтініш иесінің тілін білмесе, аудармашы шақырылады.

      Кәмелетке толмағандармен әңгімелесу олардың заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.

      Қудалау құрбаны болу қаупі қорқытумен не сексуалдық зорлық-зомбылықпен, азаптаулармен, гендерлік фактормен, сенімді қарым-қатынасты қажет ететін басқа да уәждермен байланысты пана іздеген адамдармен әңгімелесуді бір жынысты адам өткізеді.

      15. Әңгімелесу басталар алдында ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өзін таныстырады, пана іздеген адамға Заңның 8 бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттерін, оны босқын деп тану рәсімін түсіндіреді, сондай-ақ аудармашыға сенім білдіретіндігін нақтылайды.

      Пана іздеген адамға әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер жариялануға жатпайтыны хабарланады.

      ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы пана іздеген адамға қойылатын сұрақтарға шынайы ақпарат беру қажеттілігі туралы, ол жалған мәліметтерді хабарлаған не қолдан жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда туындауы мүмкін салдар туралы ескертеді.

      16. Әңгімелесу өткізу кезінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кезінде пана іздеген адамға қойылатын сұрақтар тізбесінен сұрақтар қояды. Сұрақтар пана іздеген адамға кез келген кезектілікте қойылады. Жауаптың сипатына қарай қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін.

      Әңгімелесу барысында пана іздеген адамның жауаптары оның азаматтық тиесілілік немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекеті туралы ақпаратпен салыстырылады.

      17. Әңгімелесуді өткізетін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өтінішхат берген адамға өтінішхатты беру негізділігін, сондай-ақ өз жауаптарының шынайылығын растайтын қосымша дәлелдемелерді олар болған жағдайда ұсынуды ұсынады.

      18. Әңгімелесу барысында пана іздеген адам өзі және өзінің өткені, жақын туыстары туралы мәліметтерді, босқын деп тану туралы өтінішхатпен өтініш білдіру үшін негіз болған фактілер мен себептерді баяндайды.

      Қудалау құрбаны болуы қаупінің растауы оның азаматтық тиесілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекетінде жауапкершілікке тарту туралы биліктің ресми органдарының, оның ішінде соттың, полицияның, прокуратураның, мемлекеттік қауіпсіздіктің құжаттары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты болып табылады.

      Әңгімелесу кезінде азаматтық тиесілілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекетіне оны жіберуге кедергі келтіретін мән-жайлардың бар-жоғы туралы пана іздеген адамның пікірі анықталады.

      19. Отбасын біріктіру мақсатындағы өтінішхатты қарау кезінде пана іздеген адам отбасылық қарым-қатынастарының бар екенін растайтын құжаттамалық дәлелдемелер ұсынады.

      Пана іздеген адаммен және отбасын біріктіру мақсатында оған келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адаммен әңгімелесу ұсынылған дәлелдемелердің тұпнұсқалығын айқындау не оларды алу үшін бөлек жүргізіледі.

      20. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін әңгімелесуді өткізген ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы өтініш берген адамнан қосымша ақпараттың бар-жоғын нақтылайды, оның жауаптарындағы сәйкессіздіктер немесе дәлсіздіктер бойынша түсініктеме беруін ұсынады, сондай-ақ қосымша әңгімелесу өткізу мүмкіндігі туралы ескертеді.

      21. Оқиғалар мен негізгі фактілерді, күндерді, адам есімдерін, баяндалған оқиғалар болған жерлердің атауы көрсетілген сауалнама парағы ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы тарапынан әңгімелесу өткізу уақытында немесе ол аяқталғаннан кейін дереу ресімделеді.

      22. Сауалнама парағын ресімдегеннен кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы пана іздеген адамды оның мазмұнымен жеке өзі не аудармашы арқылы таныстырады. Жазбада анықталған дәлсіздіктер түзетілуге тиіс. Ресімделген сауалнама парағына аудармашы (егер әңгімелесу аудармашының қатысуымен өтсе), заңды өкілдері (олар қатысқан жағдайда), ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы және пана іздеген адам қол қояды, өтініш иесі сауалнама парағының әр парағына қол қояды.

      23. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін ХЖҚЖАО:

      баяндалған фактілерді тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде пана іздеген адамның Қазақстан Республикасына келу мақсаттары мен себептерін нақтылайды;

      ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы мен алынған мәліметтердің шынайылығын тексеруді ұйымдастырады;

      қажет болған жағдайда пана іздеген адаммен ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеру, материалдардағы сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды жою үшін қосымша әңгімелесу өткізеді;

      пана іздеген адам ұсынған мәліметтер мен фактілерді растау және адам туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына (мекемелеріне) сұрау салулар жолдайды;

      пана іздеген адам ұсынған мәліметтерді растау, куәгерлерді (бар болса) шақырады;

      пана іздеген адам ұсынған құжаттар мен материалдарға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың (мекемелердің) ақпаратына талдау жүргізеді, шетелдікпен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижелерін бағалайды.

      24. Адаммен әңгімелесу жүргізу аяқталған күннен бастап біркүндік мерзімде ұлттық қауіпсіздік органына есепке алу карточкасының көшірмесі қоса беріле отырып, келісу үшін сұрау салу жолданады, ұлттық қауіпсіздік органдары сұраудың жауабын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жолдайды;

      Ұлттық қауіпсіздік органдарының жауабын алғаннан кейін ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы күнтізбелік 10 (он) күн ішінде іс материалдарын, фактілерді, алынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына сұрау салу жолдайды.

      Өтінішхатты зерделеуді және ақпаратты жинауды аяқтаған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, тоқтату және айыру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қарау үшін материалдар енгізеді.

      25. Әңгімелесу өткізілгеннен және сауалнама парағы толтырылғаннан кейін пана іздеген адамға міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі.

      Пана іздеген адамға медициналық куәландырудан өту тәртібі, одан өтуден бас тарту, сондай-ақ босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қараудың одан әрі рәсімдерін жүргізу үшін ХЖҚЖАО-ға келмеу салдары түсіндіріледі.

      Пана іздеген адам міндетті медициналық куәландырудан өткеннен кейін медициналық куәландырудан өткенін растайтын анықтаманы ХЖҚЖАО-ға жеке өзі ұсынады.

      Міндетті медициналық куәландырудан өту мерзімі өткен кезде, сондай-ақ пана іздеген адам сауалнама парағын ресімдеумен әңгімелесуден (оның ішінде қосымша) немесе босқын мәртебесін беру туралы одан әрі рәсімінен өту үшін ХЖҚЖАО-ға келмеген кезде ХЖҚЖАО-ға келмеу себептерін түсіндіру үшін ХЖҚЖАО-ға шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге пана іздеген адам көрсеткен тұрғылықты мекенжайы бойынша тапсырыс хат (бұдан әрі – жазбаша хабарлама) жолдайды.

      Егер пана іздеген адам оған жазбаша хабарлаған күннен бастап бір айдың ішінде ХЖҚЖАО-ға келмесе, сол тәртіпте жазбаша хабарлама қайта жолданады. Пана іздеген адам қайта жазбаша хабарландырылған күннен бастап бір ай ішінде ХЖҚЖАО-ға келмеген жағдайда өтінішхатты қарау тоқтатылып, бұл туралы пана іздеген адам көрсеткен тұрғылықты мекенжайы бойынша хабарлама жолданады.

      Өтінішхатты қарауды тоқтатқан жағдайда бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде уәкілетті органға хабарланады.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 20.03.2024 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Өтінішхатты қарау мерзімін ұзарту үшін негіз болған жағдайда ХЖҚЖАО-ның бастығы тиісті шешім қабылдайды, ол туралы пана іздеген адамға 2 (екі) жұмыс күні ішінде пошта арқылы – хабарламасы бар тапсырыс хатпен хабарланады.

      Пана іздеген адам ХЖҚЖАО-ға 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішхатты қарау мерзімін ұзартуға келмеген кезде өтінішхатты қарау тоқтатылады.

      Комиссияның өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша ХЖҚЖАО-ның бастығы күнтізбелік бір күн ішінде өтінішхат бойынша шешім қабылдайды.

      Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша оң шешім қабылданған кезде пана іздеген адам күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде дактилоскопиялануы тиіс.

      Қабылданған шешім туралы пана іздеген адамға 5 (бес) жұмыс күні ішінде босқын куәлігін беру немесе дәлелді бас тарту арқылы хабарланады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 20.03.2024 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Есепке алу карточкасы пана іздеген адамның жеке ісінде сақталады. Кейіннен ХЖҚЖАО-ның жауапты орындаушысы есепке алу карточкасында (қағаз тасымалдағышта) осы шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға қатысты қабылданған барлық шешімдер туралы белгі қояды және бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      28. Егер пана іздеген адам өтінішхатты қарау кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға ниеттенгені туралы мәлімдесе, оған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш беру құқығы түсіндіріледі.

      Пана іздеген адам өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш берген кезде ХЖҚЖАО өтініш қабылданған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды. Өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін ХЖҚЖАО шетелдіктен, азаматтығы жоқ адамнан пана іздеген адамның куәлігін алып қояды және пана іздеген адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуын бақылауды жүзеге асырады.

      Пана іздеген адам ХЖҚЖАО-ға хабарламай Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан кезде, өтінішхатты қарау тоқтатылады.

      Өтінішхатты қарауды тоқтатқаннан кейін бір ай мерзімде ХЖҚЖАО адамның кеткені туралы уәкілетті органға хабарлайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 20.03.2024 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Босқын деп тану туралы өтініш білдірген пана іздеген адамда босқын деп тану рәсімін өткізу кезеңінде балалары туған не отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда адам өтінішхатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бұл туралы ХЖҚЖАО-ға дереу хабарлайды.

      30. Босқын деп танылған пана іздеген адамда бала туған жағдайда пана іздеген адам өзі есебінде тұрған ХЖҚЖАО-ға баланы босқын деп тану туралы өтініш береді. Өтінішке баланың тууы туралы куәлігі қоса беріледі.

  Босқын мәртебесін
беру туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
1-қосымша
  кімге_______________________
(ХЖҚЖАО басшысының
лауазымы, тегі және
аты-жөні)
__________________________
кімнен___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
____________________________
(қай мемлекеттің) ____________
азаматы уақытша тұратын
адамның тұрақты
тұрғылықты жері
___________________
____________________________
(мекенжайы)
отбасы құрамында ____ адам

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат

      Ескерту. Өтінішхат жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.06.2024 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын

      мәртебесін беруді сұраймын.

      Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Туған күні және жері ____________________________________________

      Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ___________________________

      Ұлты (этникалық тиесілігі) ________________________________________

      Мынадай тілдерді білемін ______________________________________

      Қазақстан Республикасына келу күні _______________________________

      Заңды (заңсыз) келді ____________________________________________

      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын

      растайтын құжаттар ____________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      Менімен бірге келген отбасымның мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Туған күні

Туыстық дәрежесі

















      Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен

      жүгіндіңіз бе)

      Егер жүгінсеңіз, органды көрсетіңіз

      ___________________________________________________

      ____________________________________________________

      _____________________ ______________________________

      (өтініш беру күні)            (пана іздеген адамның қолы)

      Өтінішхатты қабылдаған ХЖҚЖАО-ның қызметкері _________________

      ____________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) (күні)

      Өтінішхатты тіркеу туралы шешім:

      Тіркелді _________________________________________________________________

      (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы)

      _______________________

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтар мен

      міндеттермен таныстым.

      Менің және отбасы мүшелерімнің дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз

      келісімімді беремін. ____________________________________

      (қолы) (шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә. (бар болса) (күні)

  Босқын мәртебесін
беру туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      Пана іздеген адамдарды тіркеу журналы

Р/с №

Пана іздеген адамның және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні және туған жері

Азаматтығы

Кету елі және бұрын тұрған мекенжайы

Қазақстан Республикасына келу күні

Өтінішхатты қабылдау және тіркеу күні

Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы

Қабылдау жүргізген қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Босқын мәртебесін
беру туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
3-қосымша
Нысан

      --------------------- | Пана іздеген | |адамның | |суреті | -------------------

      Пана іздеген адамды есепке алу карточкасы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      2. Туған күні, айы, жылы _____________________________________________

      3. Туған жері _______________________________________________________

      4. Азаматтығы ______________________________________________________

      5. Ұлты ____________________________________________________________

      6. Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын растайтын құжаттар

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      7. Отбасы жағдайы ____________________

      8. Отбасы құрамында __________________ адам

      9. Пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелері туралы мәлімет:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Паспорттың немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың №, сериясы

Ұлты

Азаматтығы















      10. Қазақстан Республикасында тұратын жері және телефон нөмірі

      ____________________________________________________________________

      11. Отбасының барлық мүшелері көрсетілген мекенжай бойынша тұра ма?

      Егер "тұрмаса" отбасының қай мүшесі тұрмайтыны және оның қандай мекенжай бойынша тұратыны көрсетілсін

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      12. Бұдан бұрын босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінді ме

      _______________________________________________________________

      (қайда және қашан)

      13. Сапар бағыты _______________________________________

      _______________________________________________________________

      14. Тілдерді меңгеруі

      ________________________________________________________

      15. Мүгедектігі, оның ішінде отбасы мүшелерінде - (бар/жоқ). Егер "мүгедек болса",

      кім және нешінші топтағы мүгедек екені көрсетілсін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      16. Әскери қызметі, қызмет өткерген уақыты және жері, әскери атағы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      17. Пана іздеген адам немесе пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелерінің біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма ______________ (иә/жоқ).

      Егер тартылса кім, қашан, қай соттың үкімі бойынша және қандай мерзімге екені көрсетілсін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      18. Бұрынғы тұрақты тұрған елі және мекенжайы

      __________________________________________________________________

      19. Тұрған елінен кету күні және себебі

      __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      20. Қазақстан Республикасында туыстары бар ма – (иә/жоқ). Егер болса туыстық дәрежесі және олардың тұратын жері көрсетілсін __________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      21. Қоныстанудың болжамды орны (қала, облыс, аудан, елді мекен көрсетілсін)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      22. Білімі, кәсібі, оның ішінде отбасы мүшелерінің білімі, кәсібі

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      23. Партиялардағы, ұйымдардағы, топтардағы мүшелігі

      __________________________

      24. Қазақстан Республикасында бұрын болды ма ______________ (иә/жоқ).

      Егер болса келу күні мен мақсаты көрсетілсін

      _________________________________________

      25. Қосымша мәліметтер

      _____________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      26. Өтінішхатты қабылдаған органның атауы және қабылдаған күні

      ____________________________________________________________________

      27. Өтінішхаттың ХЖҚЖАО-ге келіп түскен күні

      ____________________________________

      28. Әңгімелесу жүргізу күні

      __________________________________________________

      29. Өтінішхаттың тіркелген күні

      ______________________________________________

      30. Пана іздеген адамның куәлігі: тіркеу № 20_ж. ____ ________

      Берілген күні 20 __ ж. __ _______

      Қолданылу мерзімі _________________________________________________

      Пана іздеген адамның куәлігін алдым ___________________________________
(қолы, күні)

      Пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімі ______________________

      дейін ұзартылды ______________________________________ _______ ______

      (карточканы толтырған қызметкердің лауазымы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (күні)

  Босқын мәртебесін
  беру туралы өтінішхатты тіркеу
  мен қараудың қағидаларына
  4-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      (ЖАО атауы)

      20 __ ж. "____" _________

      № ________

      _______________________________________________________________

      (мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      Міндетті медициналық куәландыруға жолдама

      Азаматы/азаматтығы жоқ адамы

      ____________________________________________________

      (мемлекеттің атауы)

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) туған күні

      ______________________________________________________________

      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе жеке басын растайтын құжаттар

      ___________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      _______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      келген/келгендер _______________________________________________________________

      (мемлекеттің атауы)

      Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат беруіне байланысты міндетті

      медициналық куәландыруға жіберіледі.

      Басшы __________________________________________________________

      __________________________ _________

      (ХЖҚЖАО) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

      М.О

  Босқын мәртебесін
  беру туралы өтінішхатты тіркеу
  мен қараудың қағидаларына
  5-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      (ХЖҚЖАО атауы)

      Сауалнама парағы

      1. Пана іздеген адам туралы мәлімет

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      2. Жынысы

      _______________________________________________________________

      3. Туған күні

      _______________________________________________________________

      4. Азаматтығы (бұрынғы тұрақты тұрған елі)

      ____________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      5. Өтінішхатты берген күні

      _________________________________________________________

      2. Пана іздеген адамға сауалнама жүргізу нәтижесі (пана іздеген адамға қойылатын сұрақ-жауаптардың мазмұны)

      Сұрақтарды тізбені басшылыққа ала отырып қою қажет.

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Сауалнама парағының соңғы беті)

      Осы сауалнама парағында ________ бет.

      Мен, ___________________________________________________________

      жоғарыда баяндалғандардың бәрі шындыққа сәйкес келетінін мәлімдеймін.

      _____________________________________

      (пана іздеген адамның қолы) (күні)

      Мен ___________ тілінде оқи алатынымды және жоғарыда баяндалғанды толық түсінетінімді мәлімдеймін

      _______________________________________________________________

      ______________________________________________

      (пана іздеген адамның қолы)(күні)

      Мен, ___________________________________________________________

      жоғарыда баяндалғанның мазмұнын ____________ тілінен ___________ тіліне толық аударғанымды мәлімдеймін. Пана іздеген адам мені, ал мен арқылы ХЖҚЖАО қызметкерін қойылған сұрақтарға оның жауаптарының дұрыс жазылғандығын сендірді және ол жоғарыда баяндалғанмен келіседі.

      ______________________________________________________

      (аудармашының қолы)(күні)

      ______________________________________________

      (сауалнама жүргізген қызметкердің (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) (күні) лауазымы, қолы)

  Босқын мәртебесін
  беру туралы өтінішхатты тіркеу
  мен қараудың қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан

Әңгімелесу кезінде пана іздеген адамға қойылатын сұрақтардың тізбесі

      1. Жол жүру құжаты.

      Пана іздеген адам (бұдан әрі – өтініш беруші) жеке басын куәландыратын құжат алу үшін билік органдарына өтініш берді ме?

      Жеке басын куәландыратын құжатты қандай билік органдары берді? Жеке басын куәландыратын құжатты қалай алды? Ақылы? Кімге?

      Жеке басын куәландыратын құжат кімнің атына берілді?

      Өтініш беруші осы жеке басын куәландыратын құжатпен елден еркін шыға алды ма және қайда барды (елдер, болу ұзақтығы, мақсаты)?

      Жеке басын куәландыратын құжатпен бірге кетуге рұқсат алды ма?

      Кіру визаларын қалай алды?

      Елден шығу үшін қандай құжаттар пайдаланылды (түпнұсқасы немесе қолдан жасалған)?

      Елден кету кезінде шекаралық бақылауда проблемалар болды ма?

      Егер жеке басын куәландыратын құжат жалған болса, қайда және қашан жасады?

      Қолдан жасағанына ықтимал түсініктемелер.

      Өтініш берушінің басқа елде тұруға жарамды рұқсаты бар ма?

      Егер жеке басын куәландыратын құжат болмаса, неліктен жоқ екенін анықтау қажет. Қайда, қашан жоғалтты/жойылды? Өтініш берушіге жеке басын куәландыратын құжатты лақтырып тастауға немесе жоюға біреу кеңес берді ме? Кім және қашан?

      Өтініш берушінің маңызды тағы да қандай сәйкестендіру құжаттары бар? Оларды қалай алды?

      2. Билеттер.

      Қазақстан Республикасына кіру үшін билеттер сатып алды ма?

      Қайда, қашан, кім және қай көлік түріне сатып алды?

      Кері қайту билеті бар ма?

      3. Азаматы болып табылатын елден (бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінен) кету және Қазақстан Республикасына келу.

      Азаматы болып табылатын елден немесе бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінен кету күні

      Бұл биліктің рұқсаты бойынша жүргізілді ме?

      Шекаралық бақылауда проблемалар болды ма?

      Орын ауыстыру тәсілдері және пайдаланылған көлік құралдарының түрлері, транзит елдерінің, қалалардың атауы, келу және кету күндері көрсетілген нақты жүру бағыты.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Қазақстан Республикасының аумағына келу күні және орны.

      Шекарадан қандай амалмен өтті?

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде, Қазақстан Республикасына келген кезде құжаттарды көрсетті ме және қандай құжаттар? Егер көрсетпесе - неліктен?

      Өтініш беруші жалғыз өзі келді ме? Жолаушылардың аттарын атауды сұрау.

      Өтініш беруші Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы елдерінде, Қазақстан Республикасында бұрын болды ма және қандай мақсатпен?

      Пана іздеген елі ретінде неге Қазақстан Республикасын таңдады?

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында туыстары/достары бар ма? Олардың аттары, мекенжайлары, тұруы үшін негіздер?

      Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін өтініш беруші қайда, қашан және қай билік өкіліне және қандай өтінішпен барды? Паспорттық бақылауда проблемалар болды ма?

      Мүмкіндігінше сапар туралы көбірек ақпарат анықтау қажет.

      4. Отбасы мүшелері және жақын туыстары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасына өтініш берушімен бірге отбасы мүшелерінің қайсысы келді?

      Жақын туыстарының қайсысы саяси қызметпен айналысты?

      Балаларының денсаулық жағдайы.

      5. Этникалық топ.

      Өтініш беруші арнайы бір этникалық топқа, тайпаға немесе рулық қауымға жатады ма? Бұның әсіресе африка елдерінен келген өтініш берушілер үшін маңызы бар.

      Бұл этникалық топ оның елінде қаншалықты көп?

      6. Діні.

      Өтініш берушінің елінде діни сенімге бостандық құқығы сақтала ма?

      Өтініш беруші қандай дінге сенеді немесе қандай діни қауымға жатады?

      Ол дінге сенуші болып табыла ма?

      Ол өз елінде дінін жасырын немесе ашық түрде уағыздады ма?

      Діни себептерге байланысты қудаланды ма?

      7. Қаржы жағдайы.

      Өтініш берушінің жеке басының және/немесе отбасының қаржылық жағдайын отанындағы қатынастарға байланысты бағалау.

      Өтініш берушінің/отбасының табысы қандай болды, қандай мүлкі болды?

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүру үшін қандай қаражаты бар?

      8. Әскери қызметке қатысы.

      Оның елінде әскери қызмет міндетті болып табылады ма?

      Әскерге шақырылу жасы қандай және міндетті әскери қызмет мерзімі?

      Өтініші беруші әскери қызметін өтеді ме?

      Егер әскери қызметін өтесе, онда ол әскерге шақыртылды ма немесе өз еркімен барды ма, қызмет өткерген кезеңі және жері, әскер түрі, соңғы әскери атағы, әскери мамандығы.

      Ол әскери қызметін белгіленген мерзімде аяқтады ма?

      Егер өтініш беруші әскерде болмаса, себебі көрсетілсін. Егер қызмет өткеруін аяқтамаса немесе әскерден қашып кетсе себептері көрсетілсін. Мұндай әрекеттердің салдарын бағалау.

      9. Сотталғандығы туралы ақпарат.

      Өтініш беруші бұрын қылмыс үшін сот тәртібінде сотталды ма?

      Егер сотталса, қашан және қандай сотта?

      Судья мен прокурордың тегі.

      Құқық бұзушылық сипаты және шығарылған үкім.

      Жазалау мерзімі (сот үкімі бойынша және нақты өтеп шыққан)

      Абақтының атауы және мекенжайы, жазаны қайда өтеп шықты

      Қашан және қандай себеппен босап шықты?

      Қамауда болғаны туралы қандай да бір құжаттар бар ма?

      Босатылғаннан кейін полиция қадағалауында болды ма?

      10. Отанындағы саяси ахуалды білуі және бағалауы.

      Өз отанындағы саяси жүйені және мемлекеттік құрылымын сипаттау.

      Елінің ұлттық туын сипаттап беруін өтіну.

      Билікте кім?

      Билік саясатына деген жеке бағасы.

      Оппозициялық топтарды, партияларды, қозғалыстарды білуі, олар қаншалықты көп, олардың көшбасшылары кім және бұл топтардың идеологиясы немесе ниеттері қандай.

      Оппозициялық топтар заңды/заңсыз ба?

      Заңсыз баспасөздерді білуі.

      Партиялардың, топтардың, қозғалыстардың қысқартылған атаулары (аббревиатуралары) өз тілінде, мүмкіндігінше халықаралық атаулармен түсіндірсін.

      11. Саяси қызметке қатысуы.

      Өтініш беруші саясатқа қызығушылық білдіре ме?

      Өтініш беруші немесе оның отбасы мүшелерінің ересектері тұрақты тұрған елінде қандай саяси, діни, әскери, этникалық және басқа да ұйымдарда, топтарда немесе ағымдарда болды?

      Өтініш беруші партияның белсенді/енжар мүшесі болды ма, онда қанша болды? Оның лауазымы (жағдайы) және міндеті.

      Бұл қандай ұйым? Оның мақсаты, жұмыс істеу әдістері, саяси бағыты, құрылымы, саны, қашан және кім құрды, көшбасшылары мен тікелей басшыларының аты-жөні, әрекет ауданы, заңды/заңсыз. Өтініш берушінің ұйым қызметіне қатысу сипаттамасы.

      Ұйым қандай бір болмасын жарияланым шығара ма? Олардың атауын хабарласын.

      Ұйымның басқа мүшелерінің аты.

      Өтініш беруші өз іс-қимылы үшін билік тарапынан қуғынға ұшырады ма?

      Өтініш беруші дене күші қолданылған нәсілдік, ұлттық, діни тектегі немесе саяси көзқарастармен байланысты оқиғаларға қатысты ма? Егер қатысса, бұндай оқиғалардың өзгешелігін және өтініш берушінің оған қатысу дәрежесін сипаттау.

      Егер тұтқындалса, тұтқындаудың хронологиялық реттілігі көрсетілсін және тұтқындауды қайда өтеп шықты (абақты, полиция учаскесі), тұтқында болу ұзақтығы.

      Өтініш берушімен бірге неше адам тұтқындалды?

      Өтініш берушіге айып тағылды ма?

      Саяси қызмет үшін сотталды ма? Егер сотталса, соттың аты, іс қайда қаралды, үкім мерзімі, мүмкін болса қорғаушының аты хабарлансын

      Тұтқында болу жағдайын сипаттау.

      Босату қалай жүргізілді (пара беру, сатып алу, кепілдікке, жаза мерзімінің аяқталуы)?

      Босатылғаннан кейін полиция қадағалауында болды ма?

      Босатылғаннан кейін өтініш берушіге қарым-қатынасы. Болу орны, жұмысы.

      Абақтыдан, абақты көлігінен, абақты госпиталінен және т.б. қашу туралы айтылған жағдайда қашу жағдайын нақтылау қажет (Қалай қашты? Қашу үшін өтініш берушіге сырттан көмектесті ме? Қашқаннан кейін және елден кеткенге дейін өзін қалай қамтамасыз ете алды? Қай жерде болды/тұрды және ақшаны қайдан алды? Жеке басын куәландыратын құжатты/ жол жүру құжаттарын қалай алды?).

      Қазіргі уақытта өтініш беруші іздестірілуде ме? Не үшін?

      Іздестіруге жарияланғаны өтініш берушіге қайдан белгілі?

      Өтініш беруші адвокатпен немесе адам құқықтары жөніндегі ұйыммен байланыста ма? Олардың есімдері және мекенжайлары және ол бұл байланысқа қалай кірді?

      12. Тұрақты тұру елінен кету себептері.

      Өтініш берушінің елден кету себептерін айтып беруді сұрау (бұрын болған тармақтарға сүйенуге болады).

      Оны қудалаудан қорқатындығы туралы ақпарат алу маңызды.

      Өтініш беруші қудалаудың/зорлық-зомбылықтың қандай түріне ұшырады, оны елден кетуге мәжбүрлеген фактілер көрсетілсін (дене күші, үйді тінту, кәсіби тыйым, басқа да мәжбүр етулер, қауіп-қатерлер).

      Өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған зорлық-зомбылықтар/қудалау уақыты және орны, кім орындады?

      Хронологиялық тәртіпте толығырақ сипаттап беруін сұрау.

      Мүмкін болса осыны дәлелдейтін кез келген құжатты көрсетсін.

      Өтініш берушінің ойынша мұндай актілерді жасауға не себеп болды?

      Қудалауға ұшырау қорқынышы туралы өз сенімін өтініш беруші немен растай алады?

      Өтініш беруші отанына қайтып барғысы келе ме? Егер қайтып барғысы келмесе не себептен?

      Өтініш берушінің ойынша егер ол отанынан қайтып барса не болуы мүмкін және неліктен? Негізделген себептерді атауын сұрау.

      Өтініш берушіге өз азаматтығы елінің билігі қайтып баруға рұқсат бере ме?

      Неліктен береді немесе неліктен бермейді?

      Қайтып барған жағдайда қауіпсіздік қатері бар ма? Егер болса,нақты себептер көрсетілсін.

      13. Кәмелетке толмаған өтініш берушілер үшін кету себептері туралы сұрақтар.

      Қалай/неліктен жас өтініш беруші өз ата-анасынан/отбасынан ажырады?

      Бұл қашан болды?

      Ол өз еркімен кетті ме немесе өз еркінен тыс жөнелтілді ме?

      Оның ата-анасы оны отанынан кеткені туралы біле ме, ол қандай да бір нұсқама алды ма? Қандай нұсқама?

      Қашан және қандай жағдайларда өтініш беруші өз ата-анасымен/отбасымен байланыста болды?

      Жас өтініш беруші ата-анасын (басқа жақын туыстарын, отбасы мүшелерін) тірі деп есептей ме? Егер ол оларды қайтыс болған десе, оның бұл үшін қандай негіздері бар?

      Отбасынан кеткеннен кейін өтініш беруші бірінші қайда барды?

      Өтініш беруші ата-анасынан/отбасынан кеткеннен кейін тұрған жерін, ұзақтығын сипаттап беруді сұрау.

      Өтініш беруші бұрын өзі немесе отбасымен отанын тастап кетуді байқады ма?

      Қазақстан Республикасына келе жатқанда өтініш берушіге кім қамқорлық көрсетті, оның аты және туыстығы/басқа да қатынастары?

      Олар бірін бірі бұрын білді ме?

      Қазіргі кезде олардың қарым-қатынасы қалай?

      Кәмелетке толмаған өтініш берушінің отанынан кетуіне негізгі себеп қандай болды?

      Өтініш беруші немесе оның жақындары қудалауға ұшырады ма? Қалай және қандай себептермен?

      Қазақстан Республикасына келе жатқанда қандай ерекше қиындықтар болды?

      14. Отанындағы және басқа елдердегі байланысы

      Отанымен байланысу мүмкіндіктері, туыстарының болуы, туыстық дәрежесі, олардың мекенжайы және телефоны.

      Қазақстан Республикасында және басқа елдерде туыстары немесе отандастары бар ма? Олардың босқын мәртебесі бар ма (өтінішхат берді ме)? Олардың мекенжайлары және телефоны.

      Өтініш беруші басқа елдерге немесе халықаралық ұйымдарға пана беру немесе босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат берді ме? Егер берсе берген күні, кімге және нәтижесі қандай екені көрсетілсін.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ) босқыны деп танылды ма? босқыны деп танылды ма?

      Егер танылса, қайда, қашан және БҰҰ БЖКБ қандай органы? Бұл тануды растайтын құжат бар ма?

      Қандай да бір халықаралық немесе ұлттық ведомстволарда тіркелді ме? Егер тіркелсе, толығырақ айтсын.

      Өз елінің елшілігі, консулдығы немесе басқа да өкілдігі тіркеді ме?

      Егер тіркесе, егжей-тегжейлі нақтылау.

  Қазақстан Республикасының
  Еңбек және халықты
  әлеуметтік қорғау министрі
  2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118
  бұйрығына 2- қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6681 болып тіркелген);

      2) "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9683 болып тіркелген);

      3) "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13265 болып тіркелген);

      4) "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 838 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16369 болып тіркелген);

      5) "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20193 болып тіркелген);

      6) "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы № 365 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23244 болып тіркелген).