Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27184 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9950 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу қағидаларында:

      мынадай редакцияда 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда Кодекстің 67-бабында белгіленген ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады.";

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары және мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.";

      7-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңа бастамаларға арналған шығыстар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған бағалар дерекқоры да пайдаланылады;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін;";

      19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      мыналар:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.";

      22-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге жатады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры пайдаланылады;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланыстылығы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";

      34-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      мыналар:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджет шығыстары базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді.";

      37-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жаңа бастамаларға арналған шығыстар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген өңірді дамыту басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөлуге жатады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті қаржы жылында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетінің атқарылуын талдаудың және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге белгіленген бағалар дерекқоры бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде пайдаланылады;

      2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланысы болуы, нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жетімділік дәрежесі тұрғысынан, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.";

      48-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің:

      бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;

      мыналар:

      есепті қаржы жылындағы қол жеткізілген нәтижелер көрсеткіштерінің қысқаша сипаттамасы;

      орын алып отырған проблемалардың ағымдағы жағдайының қысқаша сипаттамасы;

      жағдайды жақсарту және проблемаларды шешу, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарында айқындалған мақсаттар мен жоспарланған нысаналы индикаторларға қол жеткізу жолдарының сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарланған түпкілікті нәтижелерінің сипаттамасы;

      бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік кіші бағдарламалар бөлінісінде бюджет қаражатын жұмсау бағыттары, бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің сипаттамасы бар түсіндірме жазбаны қамтитын құжаттарды ұсынады.".

      2. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабы 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 9938 болып тіркелген) (Бұдан әрі – № 129 бұйрық) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу, бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлісінде жергілікті бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – ЖБИ) әзірлейді және ЖБИ тізбесін қалыптастырады, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.";

      5-тармақтың 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен Ұлттық жоспарына, өңірлердің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, ұлттық жобаларға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттар негізінде тиісті саланы дамытудың басымдығын;";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарға (Ұлттық жоспарына; мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, ұлттық жобаларға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларына) сәйкестігін;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Тиісті орталық мемлекеттік орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.

      Бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік өтінімді бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкім аппараты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі