"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ақталған адамға куәлік беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақталған адам куәлігінің үлгісі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына 1-қосымша |
Ақталған адамға куәлік беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақталған адамға куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18 және 24-баптарына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және ақталған адамға куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақтау туралы анықтама – Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокуратура органдары, сот беретін құжат;
2) ақталған адам – Заңға сәйкес ақталған адам;
3) ақталған адамның куәлігін беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Ақталған адамның куәлігін беру тәртібі
3. Ақталған адамға куәлік беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ақталған адам өзі не өкілі арқылы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып Мемлекеттік корпорацияға береді.
4. "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
5. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш берушіден қабылданған құжаттарды тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
6. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
7. Көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті тіркеу ақталған адамның куәлігін (бұдан әрі – куәлік) алуға үміткер адамдарды тіркеу журналында Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың топтамасы берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей куәлік беруді есепке алу журналына белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға куәлікті береді.
9. Куәлік жоғалған және/немесе бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, "телнұсқа" мөртаңбасы басылатын куәліктің телнұсқасын береді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген негіздер бойынша жәрдемақыны тағайындаудан бас тартады.
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдау күні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді.
ҚР ӘРПК 73-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша бір жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету (немесе көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) келіп, жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсеткен кезде беріледі.
14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.
15. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін оны қабылдаған күннен бастап бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қабылдаған күннен бастап бір ай өткен соң жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін жібереді.
16. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
17. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
18. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
19. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ақталған адамға куәлік беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
_____________________________________
(уәкілетті органның атауы)
____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
____________________________________
(тұратын мекенжайы)
Ақталған адамның куәлігін (телнұсқасын) беру туралы өтініш
"Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес маған жеңілдіктерге құқықты растайтын ақталған адамның
куәлігін (куәліктің телнұсқасын) беруді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса
беремін:
_______________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Осымен ұсынылған құжаттардың дәйектілігін растаймын. Куәлікті беру үшін қажетті менің
дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20___жылғы "__" __________ _______________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттарды: ________________________________________ қабылдады.
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
20___жылғы "__" _________ ____________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның қолы)
Ақталған адамға куәлік беру қағидаларына 2-қосымша |
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті беруші | Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу каналдары) | "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 1) куәлік (куәлік телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша куәлік немесе оның телнұсқасы |
6 | Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мынадай құжаттар қажет: |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері |
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай: |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. |
Ақталған адамға куәлік беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясының № ____ филиалы (мекен-жайын көрсету) мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес
топтамасын, сонымен қатар қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуға байланысты
"Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан
бас тартады, оның ішінде:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ______________________________;
2) ______________________________.
Осы қолхат 2 (екі) данада жасалған, әр жаққа бір-бірден
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің қолы)
Телефон (бар болса) __________________
Қабылдады: 20__ жылғы "___" ____________
_______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына 2-қосымша |
Нысан
Ақталған адам куәлігінің үлгісі
Куәліктің беткі жағы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Герб Республики Казахстан
Ақталған адамның КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ реабилитированного лица
Куәліктің ішкі жағы
__________________________________ |
Куәлікті ұсынушы адамның "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарға құқығы бар. | ||||
|
|