"Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26966 болып тіркелді

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21425 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жасау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда:

      жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 12 қазандағы
№ 97 қаулысымен
бекітілді";

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Талаптарда пайдаланылатын ұғымдар КЖ/ТҚҚ туралы заңда және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң) көрсетілген мағыналарында пайдаланылады.

      Талаптардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әдеттегіден тыс операция (мәміле) – клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған, сондай-ақ ұйым және сақтандыру брокері дербес әзірлеген күдікті операцияны айқындау белгілері ескеріле отырып, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 4-тармағына сәйкес міндетті түрде зерделенуге тиіс операциясы (мәмілесі);

      2) біржолғы операция (мәміле) – жеке тұлғаның ұйымның сақтандыру қызметтерін көрсеткені үшін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуі жөніндегі операция;

      3) заңды тұлға құрмай шетелдік құрылым - шет мемлекеттің (аумақтың) заңнамасына сәйкес немесе заңды тұлға құрмай шетелдік құқық қолданыла отырып құрылған құрылым, ол өз қатысушыларының не пайда алушылардың мүдделері үшін пайда (кіріс) алуға бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      4) клиент – қызметтерді алатын жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға және (немесе) заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым;

      5) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдері (бұдан әрі – КЖ/ТҚ тәуекелдері) – ұйымды және (немесе) сақтандыру брокерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) процестеріне қасақана немесе қасақана емес тарту тәуекелдері;

      6) КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару – ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ тәуекелдерін анықтау, бағалау, мониторингтеу, сондай-ақ оларды азайту бойынша қабылдайтын шаралар жиынтығы (өнімдерге/көрсетілетін қызметтерге, клиенттерге, сондай-ақ клиенттер жүргізетін операцияларға қатысты);

      7) ұлттық жария лауазымды адам (бұдан әрі – ҰЖЛА):

      жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам;

      лауазымды адам;

      мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға;

      мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам;

      8) цифрлық актив - криптография және компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, қаржылық құрал болып табылмайтын мүлік, сондай-ақ мүліктік құқықтарды куәландырудың электрондық-цифрлық нысаны;

      9) шекті операция – клиенттің ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жүргізілетін, КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес қаржы мониторингіне жататын операциясы;

      10) шетелдік жария лауазымды адам (бұдан әрі – ШЖЛА):

      шет мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, әкімшілік, сот органдарында немесе қарулы күштерінде қандай да бір лауазымды атқаратын тағайындалатын немесе сайланатын адам;

      шет мемлекет үшін қандай да бір жария функцияны орындайтын адам;

      халықаралық шарттар мәртебесі бар келісімдер негізінде елдер құрған ұйымдарда басшы лауазым атқаратын адам;

      11) іскерлік қатынастар – ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентке ұйымның сақтандыру қызметіне және (немесе) сақтандыру брокерінің брокерлік қызметіне қатысты қызметтерді (өнімдерді) ұсынуы жөніндегі қатынастар.

      3. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі бақылауды:

      1) КЖ/ТҚҚ саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін КЖ/ТҚ тәуекелдерін және қатар жүретін тәуекелдерді (операциялық, бедел, құқықтық) басқару үшін жеткілікті деңгейде ұстап тұру;

      3) ұйымды және (немесе) сақтандыру брокерін, олардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін КЖ/ТҚ процестеріне тартуды болдырмау мақсатында жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ішкі бақылаудан басқа, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1 және 13-баптарында көзделген жаппай қырып-жою қаруын таратудың алдын алуға, оған кедергі келтіруге және тоқтатуға қатысты нысаналы қаржылық санкциялар жөніндегі талаптардың сақталуын қосымша жүзеге асырады.

      4. Ұйымда КЖ/ТҚҚ ішкі бақылауды ұйымдастыру шеңберінде ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі аудит қызметінің (сақтандыру брокерінің ішкі аудит жүргізуге уәкілетті органының) КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау тиімділігін бағалауды жүргізуіне қойылатын талаптарды қамтитын ішкі бақылау қағидалары әзірленеді.

      Ішкі бақылау қағидалары КЖ/ТҚҚ туралы заңның 11-бабында көзделген бағдарламалардан тұрады, ұйым оларды Талаптарға сәйкес дербес әзірлейді және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаты не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органы немесе атқарушы органдары бекіткен осындай құжаттардың жиынтығы болып табылады.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) мәліметтерді тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды іске асыру барысында алынған құжаттар мен ақпаратты сақтау рәсімі;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-бабына сәйкес жасалған терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 12-1-бабына сәйкес жасалған жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) болуына нысаналы қаржы санкцияларын қолдану, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тексеру тәртібі;

      3) Тізбеден және ЖҚҚТҚ тізбесінен клиент туралы мәліметтер алып тасталған кезде нысаналы қаржы санкцияларын қолдануды тоқтату тәртібі;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлерінің, оның ішінде ұйымның басқару органының және атқарушы органының (сақтандыру брокерінің уәкілетті органының) жауапты қызметкерлерінің өздеріне белгілі болған, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметкерлері жол берген КЖ/ТҚҚ туралы заңды, сондай-ақ ішкі бақылау қағидаларын бұзу фактілері туралы хабардар ету тәртібі;

      5) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері (бар болса) кіретін КЖ/ТҚҚ бойынша сақтандыру тобы белгілеген талаптардың сипаттамасы;

      6) КЖ/ТҚҚ мақсатында ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі аудит қызметінің ішкі бақылау тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша басқарушылық есептілікті, оның ішінде сақтандыру тобы шеңберінде шоғырландырылған негізде дайындау және ұйымның басқару органы мен атқарушы органына ұсыну тәртібі;

      7) КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау нәтижелерін бағалау, айқындау, құжаттамалық тіркеу және жаңарту рәсімі.

      8) КЖ/ТҚҚ бойынша бөлімше функцияларының сипаттамасы, оның ішінде КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру кезінде ұйымның басқа бөлімшелерімен және (немесе) сақтандыру брокерімен, филиалдарымен, еншілес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің, сондай-ақ жауапты қызметкердің функциялары, өкілеттіктері, жауапты қызметкердің ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органымен және атқарушы органымен өзара іс-қимыл жасау рәсімінің сипаттамасы;

      9) Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде орналасқан өз филиалдарының, өкілдіктерінің, еншілес ұйымдарының, егер бұл олардың орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына қайшы келмесе, ішкі бақылау қағидаларын сақтау және іске асыру тәртібі.

      7. КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылауды ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес жауапты қызметкердің және КЖ/ТҚҚ жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің функциялары мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) әзірленген және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің атқарушы органымен келісілген ішкі бақылау қағидаларының және (немесе) оларға өзгерістердің (толықтырулардың), сондай-ақ ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде олардың сақталуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес уәкілетті органға хабарламалар ұсынуды және олардың ұсынылуын бақылауды ұйымдастыру;

      3) клиенттердің операцияларын күдікті ретінде тану және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен уәкілетті органға хабарламалар жіберу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдау;

      4) ұйымның (немесе) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғасын анықталған клиенттер мен нысаналы қаржылық санкцияларын қолдану жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар ету;

      5) КЖ/ТҚҚ туралы заңда және (немесе) клиенттермен жасасқан шарттарда көзделген жағдайларда және ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен клиенттердің операциялар жүргізуді тоқтата тұруы не бас тартуы туралы шешімдер қабылдау не ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      6) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен анықталған ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтар туралы ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органын және (немесе) атқарушы органын хабардар ету;

      7) ұйымның басқару органына (сақтандыру брокерінің уәкілетті органына) есептерді қалыптастыру үшін ұйымның (сақтандыру тобының) және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚҚ мақсатында ішкі бақылау қағидаларын іске асыру нәтижелері және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін жақсарту жөніндегі ұсынылып отырған шаралар туралы ақпаратты дайындау және ұйымының және (немесе) сақтандыру брокерінің басқару органдарымен және (немесе) атқарушы органдарымен келісу;

      8) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің КЖ/ТҚ процестеріне тартылу тәуекелін бағалау және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға сұратылатын ақпаратты жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей беру үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау бойынша үйлестіру.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚ тәуекелдерін басқару бағдарламасын әзірлейді.

      Тәуекелдерді бағалау нәтижелері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ұсынылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мәртебесі және (немесе) қызметі КЖ/ТҚ тәуекелін арттыратын клиенттердің типтері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

      1) жария лауазымды адам, оның жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) шетелдік қайта сақтанушылар (цеденттер), егер қайта сақтандыру бойынша мәміле сақтандыру брокерінің қатысуынсыз жасалған жағдайда және осындай шетелдік қайта сақтанушылардың (цеденттердің) қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде мақұлданған рейтингтік агенттіктер берген қаржылық сенімділік рейтингі немесе кредиттік рейтингі жоқ;

      қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      3) шетелдік сақтандыру брокерлері (Қазақстан Республикасында сақтандыру брокерлік қызметін жүзеге асыруға қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар және КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын еншілес ұйымы бар ұйымдарды қоспағанда);

      4) қызметі қолма-қол ақшаның қарқынды айналымымен байланысты заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын ұйымдар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;

      тұтынушылардан қолма-қол ақшаны, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы қабылдауды жүзеге асыратын қызметтерді (қаржылық қызметтен басқа) жеткізушілердің агенттері (сенім білдірілген өкілдері);

      ойын бизнесін ұйымдастырушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде онлайн-казино қызметін көрсететін не одан кіріс алатын тұлғалар;

      туристік қызметтерді ұсынатын тұлғалар;

      5) қаржы лизингі бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар (екінші деңгейдегі банктер белгілеген КЖ/ТҚҚ бойынша талаптарды сақтайтын екінші деңгейдегі банктердің еншілес ұйымдарын қоспағанда);

      6) жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;

      7) қызметі қаруды, жарылғыш заттарды өндірумен және (немесе) сатумен байланысты адамдар;

      8) қызметі бағалы металдарды, асыл тастарды не олардан жасалған бұйымдарды өндірумен және (немесе) өңдеумен, сондай-ақ сатып алумен-сатумен байланысты тұлғалар;

      9) қорлардың, діни бірлестіктердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдар;

      10) Талаптардың 17-тармағында көрсетілген шет мемлекеттерде орналасқан (тіркелген) тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан осындай тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      11) клиент ұсынған мәліметтердің дұрыстығына күмән болған кезде;

      12) клиенттің КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген клиентті тиісінше тексеру рәсімдерінен жалтаруға бағытталған іс-әрекеттер жасағанда;

      13) цифрлық активтерді шығару, олардың сауда-саттығын ұйымдастыру, сондай-ақ цифрлық активтерді ақшаға, құндылықтарға және өзге де мүлікке айырбастау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Ұйымдар және (немесе) сақтандыру брокерлері:

      1) берудің жаңа тетіктерін қоса алғанда, жаңа өнімдер және жаңа іскерлік практика әзірлеуге;

      2) жаңа, сол сияқты қолданыстағы өнімдер үшін жаңа немесе дамушы технологияларды пайдалануға байланысты туындауы мүмкін КЖ/ТҚҚ тәуекелдерін айқындайды және бағалайды.

      КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау жаңа өнімдерді, іскерлік практиканы іске қосқанға дейін немесе жаңа немесе дамушы технологияларды пайдаланғанға дейін жүргізіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Клиентті тиісінше тексеру бойынша КЖ/ТҚҚ туралы заңның талаптарын іске асыру мақсатында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру бағдарламасын әзірлейді.

      Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің сақтанушы (оның өкілі және (немесе) сақтандыру брокері), сақтандырылушы, пайда алушы (оның өкілі) туралы мәліметтерді сақтандыру сыйлықақысы төленгенге дейін тіркеу, клиенттің бенефициарлық меншік иесі, іскерлік қатынастардың болжамды мақсатын немесе біржолғы операцияны (мәмілені) белгілеу және тіркеу, сондай-ақ КЖ/ТҚҚ туралы заңда көзделген сақтанушы (оның өкілі және (немесе) сақтандыру брокері), сақтандырылушы, пайда (оның өкілі) туралы мәліметтерді алу және тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізуінде.

      Клиенттің бенефициарлық меншік иесін анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сақтанушыға қатысты, ал ерікті жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, оның ішінде өмірді сақтандыру шарттары бойынша пайда алушыға қатысты да жүргізеді.

      Ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тексеру клиент (оның өкілі) ұсынған тиісті құжаттардың түпнұсқаларының немесе нотариат куәландырған көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру, қолжетімді көздерден (дерекқорлардан) алынған деректермен салыстырып тексеру, мәліметтерді басқа да тәсілдермен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

      Клиент тәуекелінің деңгейіне байланысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жүргізетін іс-шаралар дәрежесі КЖ/ТҚҚ туралы Заңның 5-бабының 7-тармағына сәйкес клиенттерді тиісінше тексерудің оңайлатылған не күшейтілген шараларын қолданудан көрінеді.";

      25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 2 және 3-4-тармақтарының және 7-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіруді жүргізеді, іскерлік қатынастарды тексереді және операцияларды зерделейді, қажет болған кезде жасалатын операцияларды қаржыландыру көздері туралы мәліметтер алу мен белгілеуді қоса алғанда, клиенттің тәуекел деңгейін ескере отырып, сондай-ақ мынадай жағдайларда клиент және бенефициарлық меншік иесі туралы алынған мәліметтердің дәйектілігін тексереді және іскерлік қатынастардың немесе бір реттеу операцияның (мәміленің) болжамды мақсатын анықтайды:

      1) клиент шекті операция (мәміле) жасағанда;

      2) клиент күдікті операция (мәміле) жасаған (жасауға әрекет еткенде);

      3) клиент КЖ/ТҚ типологияларына, схемаларына мен тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияны (мәмілені) жасағанда;

      4) клиент әдеттегіден тыс операциялар (мәмілелер) жасағанда;

      5) клиент (оның өкілі), бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған деректердің дұрыстығына күмәндануға негіздер болғанда.

      6) клиент – жеке тұлға, егер мұндай операцияның сомасы 100 000 теңгеден не 100 000 теңгеге балама болатын шетел валютасындағы сомадан асып кетсе, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу жөніндегі операцияны жасағанда.

      Клиент белгіленген іскерлік қатынастар шеңберінде операциялар жасау кезінде, егер ол осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды, сондай-ақ клиенттің тәуекел деңгейіне және Талаптарға сәйкес бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту не алу қажеттігін қоспағанда, осындай іскерлік қатынастарды белгілеу кезінде жүргізілсе, клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру жүргізілмейді.

      26. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бағдарламасына мыналар кіреді:

      1) іскерлік қатынастарды орнатудан және (немесе) операция жүргізуден бас тарту, сондай-ақ іскерлік қатынастарды тоқтату туралы шешім қабылдау рәсімін, негіздерін қоса алғанда, клиенттерді қызмет көрсетуге қабылдау рәсімі;

      2) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімі, оның ішінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолдану;

      3) шетелдік қайта сақтанушылармен (цеденттермен) іскерлік қатынастар орнату (тәуекелдерді қайта сақтандыруға қабылдау) кезінде сәйкестендіруді жүргізу ерекшеліктері;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттер (олардың өкілдері) арасынан қызмет көрсетілетін немесе қызмет көрсетуге қабылданатын ҰЖЛА және ШЖЛА адамдарды, олардың жұбайларын және жақын туыстарын анықтауға бағытталған шаралардың сипаттамасы;

      5) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын тексеру рәсімі;

      6) іскерлік қатынастарды қашықтан орнату кезінде (клиенттің немесе оның өкілінің жеке қатысуынсыз) сәйкестендіру ерекшеліктері;

      7) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін КЖ/ТҚҚ және сақтандыру тобы бойынша (бар болса) талаптарды орындау шеңберінде сәйкестендіру процесінде алынған мәліметтермен алмасу, сондай-ақ осындай мәліметтерді сақтау және құпиялылығын қамтамасыз ету ерекшеліктері;

      8) клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді алу мақсатында басқа ұйымдармен өзара іс-әрекеттесу ерекшеліктері;

      9) клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтердің дәйектілігін тексеру рәсімі;

      10) клиенттің досьесін жүргізу нысанына, мазмұнына және рәсіміне қойылатын талаптар, мәліметтерді жаңарту мерзімділігін көрсетумен досьедегі мәліметтерді жаңартулар;

      11) клиенттің тәуекел деңгейін бағалау рәсімі, мұндай тәуекелді бағалау негіздері;

      12) ұйымның сұрау салуы бойынша клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша алу және ұсыну тәртібі.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру бойынша қосымша шаралар бағдарламасына енгізуіне рұқсат етіледі.

      Егер ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңға сәйкес шарт негізінде өзге тұлғаға КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды ұйым клиенттеріне қатысты қолдануды тапсырса, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай тұлғалармен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірлейді, ол мыналарды қамтиды:

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерлерінің шарт жасау рәсімін, сонымен қатар сондай шарт жасауға уәкілетті ұйымның және (немесе) сақтандыру брокері лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің арасындағы шартқа сәйкес клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен сәйкестендіру жүргізу кезінде алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің беру мерзімі мен рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалардан алынған мәліметтерді ұйым және (немесе) сақтандыру брокеріне беру мерзімі мен толықтығын қоса алғанда, сәйкестендіру бойынша талаптарды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің қабылдаған шараларының сақталуын бақылауды ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің жүзеге асыру рәсімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен олар сәйкестендіру бойынша талаптарды, оның ішінде ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне алынған мәліметтерді беру мерзімі мен толықтығын сақтамаған жағдайда олармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокердің шешім қабылдауының негіздерін, рәсімін және мерзімін;

      сәйкестендіру жүргізу тапсырылған тұлғалармен шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің лауазымды тұлғаларының тізбесін;

      ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сәйкестендіру жүргізу тапсырған тұлғалардың олардың сәйкестендіру бойынша талаптарды алынған мәліметтерді ұйымға және (немесе) сақтандыру брокеріне беру рәсімін, мерзімін және толықтығын қоса сақтамағаны үшін жауапкершілігі туралы ереже;

      сәйкестендіру талаптарын орындау мақсатында оларға әдістемелік көмек көрсету мәселесі жөнінде сәйкестендіру жүргізу тапсырылған ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің өзара іс-қимыл рәсімін.

      Ұйым тапсырма шарттарын жасаған сақтандыру агенттерімен клиентті тиісінше тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.".

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру шеңберінде Талаптардың 24 және 25-тармақтарына сәйкес алынған мәліметтер құжатпен тіркеледі, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиенттің досьесіне енгізеді, ол клиентпен іскерлік қатынастардың бүкіл кезеңі ішінде және клиентпен іскерлік қатынастар немесе бір жолғы операция (мәміле) жасау тоқтатылған күннен бастап кем дегенде бес жыл ұйымда және (немесе) сақтандыру брокерінде сақталады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 6-тармағының 1) тармақшасын қолданған кезде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент туралы қаржы мониторингінің басқа субъектілерінен клиенттің досьесіне енгізу (қосу) үшін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері сүйенетін клиентті (оның өкілін) және бенефициарлық меншік иесін тиісінше тексеру шараларына арналған мәліметтерді дереу, сондай-ақ растайтын құжаттардың көшірмелерін сұрату бойынша кідіріссіз алады, оларға оның ішінде ақпарат, ақпараттық жүйеден немесе ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті тиісінше тексеру шараларына сүйенетін басқа қаржы мониторингі субъектілерінің дерекқорынан үзінді көшірмелер жатады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі құжаттарға сәйкес досьелер жүргізетін клиенттердің топтары мыналарды қамтиды, бірақ шектелмейді:

      1) жеке тұлғаларды;

      2) заңды тұлғаларды, оның ішінде шетелдік қайта сақтанушыларды (цеденттер);

      3) заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымдарды.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиент досьесін ол туралы ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ішкі бақылау қағидаларына сәйкес оған ұйым және (немесе) сақтандыру брокері берген тәуекел деңгейіне қарай қалыптастырады. Клиентке төмен деңгей берілген жағдайда оған қатысты тиісінше тексерудің жеңілдетілген шаралары жүргізіледі және КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген мәліметтер тізбесі бекітіледі.

      Клиентке тәуекелдің жоғары деңгейі берілген жағдайда қосымша мәліметтерге КЖ/ТҚҚ туралы заңның 5-бабы 5-тармағында көзделген мәліметтер жатады (салықтық резиденттілігі, қызметінің түрі және жасалатын операцияларды қаржыландыру көзі туралы мәліметтер).

      29. Клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру, немесе бенефициарлық меншік иесін анықтау барысында ұйым және (немесе) сақтандыру брокері мұндай клиенттің (бенефициарлық меншік иесінің) Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуына тексеру жүргізеді.

      Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін мемлекеттердің азаматтарына қатысты миграциялық карточкалар туралы мәліметтер алу талап етілмейді.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің болуын тексеру.

      Клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің Тізбеде және ЖҚҚТҚ тізбесінде болуын (Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілуін) тексеру клиенттің тәуекел деңгейіне байланысты емес және Тізбеге және ЖҚҚТҚ тізбесіне өзгерістер енгізілуіне қарай (Тізбенің және ЖҚҚТҚ тізбесінің жаңартылуына) жүзеге асырылады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентті (оның өкілін) сәйкестендіру және бенефициарлық меншік иесін анықтау процесінде мұндай клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің ҰЖЛА-ға және ШЖЛА-ға, олардың жұбайлары мен жақын туыстарына тиесілігіне тексеру жүргізеді.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері ШЖЛА, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты:

      1) ШЖЛА-ның беделін оның КЖ/ТҚ жағдайларына қатыстылығына қарай бағалауды жүзеге асырады;

      2) ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің мұндай клиенттермен (олардың өкілдерімен) және бенефициарлық меншік иелерімен іскерлік қатынастар орнатуға, оны жалғастыруға рұқсатын алады;

      3) клиенттің (оның өкілінің) және бенефициарлық меншік иесінің қаражат көзін анықтау үшін қолжетімді шаралар қабылдайды;

      4) клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөнінде күшейтілген шаралар қабылдайды.

      Тәуекелдің жоғары деңгейі берілген ШЖЛА-ға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қатысты ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қосымша осы тармақтың төртінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шараларды қолданады.

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері жеке тұлғаны (заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмаған шетелдік құрылым басшысын, бенефициарлық меншік иесін) сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); азаматтығы; туған күні және жері; заңды мекенжайы; жеке басты куәландыратын құжаттың және (немесе) оның негізінде сәйкестендіру жүргізілетін өзге де құжаттың деректемелері, қызмет түрі (жеке кәсіпкерлер үшін);

      жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда).

      Ұйым және (немесе) сақтандыру брокері заңды тұлға-клиентті немесе заңды тұлға құрмаған клиент-шетелдік құрылымды сәйкестендіру кезінде мынадай деректерді белгілейді және тіркейді:

      атауы;

      заңды тұлғаның тіркеу нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні, тіркеуші органның атауы (олар бар болса); орналасқан және тіркелген жері; бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда) не бейрезидент-заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір; қызмет түрі; басшы (құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлға-клиенттің немесе заңды тұлға құрмай клиент-шетелдік құрылым атынан әрекет етуге уәкілетті өзге тұлға), қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар тұлға туралы деректер; бенефициарлық меншік иелері туралы деректер.";

      мынадай мазмұндағы 29-1 тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Клиент (оның өкілі) ұсынатын құжаттар клиент (оның өкілі) және бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді растау мақсатында олардың шынайы болуы тұрғысынан тексеріледі.".

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасы мыналарды қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, сондай-ақ ұйым және (немесе) сақтандыру брокері дербес әзірлеген күдікті операцияларды анықтау белгілері негізінде жасалған ерекше және күдікті операциялар белгілерінің тізбесін;

      2) КЖ/ТҚҚ туралы заңның 4-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тиісті типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар клиент операциясын анықтау рәсімін;

      3) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында Талаптарда көзделген жағдайларда клиент (оның өкілі) пен бенефициарлық меншік иесі туралы бұрын алынған қосымша мәліметтерді жаңарту және (немесе) оларды алу бойынша міндеттерді бөлуді;

      4) ұйым және (немесе) сақтандыру брокерінің бөлімшелері (қызметкерлері) арасында қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтерді анықтау және бөлімшелер (қызметкерлер) арасында бір-біріне беру жөніндегі міндеттерді бөлуді;

      5) жауапты қызметкерінің клиент операциясының деңгейі туралы шешім қабылдау тәртібін, негіздемесін және мерзімін;

      6) күрделі, ерекше операциялардың нәтижелері туралы мәліметтерді зерделеу (оның ішінде зерделеу тәсілдері) және сақтау рәсімін;

      7) клиент ерекше, күдікті операцияларды және қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операцияларды жүзеге асырған жағдайда ұйымның және (немесе) сақтандыру брокерінің клиентке және (немесе) сақтандыру брокеріне қатысты қабылдайтын іс-шаралар және оларды қабылдау рәсімі;

      8) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға шекті және күдікті операциялар туралы хабарлама жіберу тәртібі;

      9) ұйымдардың және (немесе) сақтандыру брокерлерінің басқару органын, атқарушы органын және лауазымды тұлғаларын шекті және (немесе) күдікті операцияларды анықтау туралы хабардар ету (қажет жағдайда) тәртібі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасы шеңберінде ұйым және (немесе) сақтандыру брокері барлық шекті, ерекше, күдікті операциялардың және қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларына, схемаларына және тәсілдеріне сәйкес келетін сипаттамасы бар операциялардың мақсатын және негіздерін, сондай-ақ қажет жағдайда қаржыландыру көзін белгілеуге бағытталған іс-шаралар жүргізеді.

      Клиенттердің операциялары мониторингінің және зерделеудің нәтижелерін ұйым және (немесе) сақтандыру брокері қызметтерінің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесін жыл сайын бағалау үшін, сондай-ақ клиенттер тәуекелдерінің деңгейлерін қайта қарау үшін пайдаланады.

      Клиенттер операциялары мониторингінің және зерделеудің бағдарламасын іске асыру шеңберінде алынған мәліметтер Талаптардың 28-тармағында көзделген клиенттің досьесіне енгізіледі, ұйым және (немесе) сақтандыру брокері клиентпен іскерлік қатынастардың барлық кезеңінде кемінде бес жыл бойы сақтайды.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі