"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 11-1) тармақшасына және және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-бабының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. "Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке алу, куәлігінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпараттық агенттіктерді және желілік басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымша алып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
А. Умаров |
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2022 жылғы 25 ақпандағы № 50 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 11-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу тәртібі
3. "Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – Портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін, орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. өтініштің дұрыс толтырылуын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартады.
Өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту өтініш берушіге басшының немесе оның орынбасарларының, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында Порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.
4. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде құжаттардың осы қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтаманы қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы "Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім шығарады, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны оған қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылығын ұсынады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтаманы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының Порталдағы жеке кабинетіне басшының немесе оның орынбасарларының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу қағидаларына 1-қосымша _______________ (Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді басылымдарды есепке алу туралы анықтама беретін органның толық атауы) |
Өтініш
Сізден Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді
баспасөз басылымдарын есепке алуды сұраймын.
Таратушының деректері:
____________________________________________________________________
ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы)
___________________________________________________________________
(Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), Бизнес сәйкестендіру номері (БСН),
Тіркеу құжатының нөмірі және берілген күні)
___________________________________________________________________
(тіркелген жері, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы)
Р/с № | Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдары атауларының тізбесі | Шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын тарату аумағы | Таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарының тілі (тілдері) | Негізгі тақырыптық бағыты | Мерзімділігі | Таратыл атын даналардың болжамды саны |
1. | ||||||
2. |
Қосымшалар:
1. __________________
2. __________________
бірінші басшының/дара кәсіпкердің қолы,
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
__________ 20 _____ жылғы "__" _____________ (қолы)
Мөрдің орны __________ 20___ жылғы "____" ________ (бар болған кезде)
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу қағидаларына 2-қосымша |
"Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру "электрондық үкімет": www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі –10 (он) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу туралы анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. |