Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2021 жылғы 11 қазандағы № 58 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 қазанда № 24914 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы А. Резник

  Федоров
  аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 11 қазандағы
  № 58 шешіміне
  1-қосымша

Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері

      1. Осы Федоров ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 04.05.2022 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедек балаға айына сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 04.05.2022 № 127 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту үшін негіздер шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

  Федоров
  аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 11 қазандағы
  № 58 шешіміне
  2-қосымша

Федоров аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Федоров аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5248 болып тіркелген).

      2. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 367 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6126 болып тіркелген).

      3. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 27 ақпандағы № 212 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7611 болып тіркелген).

      4. Федоров аудандық мәслихатының "Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 276 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы № 442 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9182 болып тіркелген).