Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес ауданның мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бейімбет Майлин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2020 жылғы 15 мамырдағы № 383 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9198 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хатшысы | С. Сапабеков |
Мәслихаттың | |
2021 жылғы 15 қазандағы | |
№ 55 шешіміне | |
қосымша |
Бейімбет Майлин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері
1. Осы Бейімбет Майлин ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде жүзгізеді.
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедек балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедек баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 21.06.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу мөлшері әр мүгедек балаға айына сегіз айлық есептік көрсеткішке тең.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 21.06.2022 № 125 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.