"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына, "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 мамырда "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 107-105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1202 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Кульгинов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 107-1402 қаулысына қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
Р/с № | Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Бір тәрбиеленушіге бір айға ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен түзету топтарын қоспағанда) | |||||||
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге) | ||||||||
Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым | Жеке мектеп ке дейінгі ұйым | Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым жанында ғы мектепке дейінгі шағын орталық | Мектеп ке дейінгі ұйымда ғы жалпы дамыту топтары | Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым жанындағы мектепке дейінгі шағын орталық |
Санато |
1. Мектепке дейінгі ұйымдағы түзету топтары. | Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым | Жеке мектепке дейінгі ұйым | |
1. | 28128 | 23775 | 3764 | 38023 | 16384 | 56282 | 84075 | 16800 | 20800 |
____________________________