БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.";
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) – облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;";
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"барлық дәрежедегі ақыл-ой кемістігі, оның ішінде білім беру ұйымдарының арнайы (қосымша) сыныптарында оқуды қиындататын (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін) жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуының болуы;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес өздерінің ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне, қосымша жұбайы (зайыбы) үшін – егде жаста болуына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз етпейтін еңбек етуге қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын және денсаулық жағдайына байланысты стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектер;";
11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды тіркеудің электрондық журналы (бұдан әрі – электрондық журналы).
Электрондық журналды әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) стационарлық үлгідегі ұйым жүргізеді.
Электрондық журналда: қызмет алушылардың келуі, шығарылуы (шығарып жіберу), уақытша кетуі, басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауысуы, бұйрықтың нөмірі мен күні, шығару (шығарып жіберу) себебі, уақытша шығуы және арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж кезек көрсетіледі.
Бұрын стационарлық үлгідегі ұйымнан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері "түскен күні" деген бағанда электрондық журналына "қайта оралды" деген белгімен жазылады.
Бос орындар болмаған жағдайда стационарлық үлгідегі ұйым қызмет алушылардың өтініштерін электрондық журналға олардың келіп түсу ретімен тіркейді.
Электрондық журналға кезекке өтінімді қызметтерді алушы таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған кезде электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) арқылы порталда авторизациялау арқылы дербес береді.
Электрондық журналда мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекте тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызмет алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (мүгедекті оңалтудың стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.
Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектерге және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушыға физикалық қабілеті стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келуге қабілетсіз болған жағдайда (сырқаттану, ауруханаға жатқызу) келу мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының сырқаттануына, емдеуге жатқызылуына байланысты белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілетсіздігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін) ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы стационарлық үлгідегі ұйымға жіберіледі.
Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда стационарлық үлгідегі ұйым келесі қызмет алушыны ресімдейді;";
21-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электрондық журнал.
Электрондық журналды порталда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым жүргізеді.
Электрондық журналда: бұйрықтың нөмірі мен күні, қызмет көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру себептері және арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж адамдар кезегі көрсетіле отырып, қызмет алушылардың келуі, тоқтатылуы, тоқтата тұруы, басқа жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға ауысуы белгіленеді.
Бұрын жартылай стационарлық үлгідегі ұйымнан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері "түскен күні" деген бағанда электрондық журналына "қайта оралды" деген белгімен жазылады.
Бос орындар болмаған жағдайда жартылай стационарлық үлгідегі ұйым қызметтер алушылардың өтініштерін электрондық журналға олардың келіп түсу ретімен тіркейді.
Электрондық журналға кезекке өтінімді қызметтер алушы таңдалған жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда порталда ЭЦҚ арқылы авторизациялау арқылы дербес береді.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен кезекке электрондық журналда тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі.
Қызметтер алушыға жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде (ауру, емдеуге жатқызу) келуге физикалық қабілеті болмаған жағдайда келу мерзімін қосымша күнтізбелік он күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.
Қызмет алушының науқастануына, ауруханаға жатқызылуына байланысты белгіленген мерзімде жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілетсіздігі туралы хабарлама жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қызмет алушының, заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы жіберіледі.
Қызмет алушы жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, жартылай стационарлық үлгідегі ұйым келесі қызмет алушыны ресімдейді;";
26-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) электрондық журнал.
Электрондық журналды порталда үйде қызмет көрсету ұйымы жүргізеді.
Электрондық журналда: қызметтер алушыларды есепке алу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру, шешімнің нөмірі мен күнін, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді тоқтату, тоқтата тұру себептерін көрсете отырып белгіленеді.
Бұрын үйде қызмет көрсету ұйымынан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері "түскен күні" деген бағанда электрондық журналына "қайта оралды" деген белгімен жазылады;
Бос орын болмаған жағдайда үйде қызмет көрсету ұйымы қызметтер алушылардың өтініштерін электрондық журналға олардың келіп түсу ретімен тіркейді.
Электрондық журналға кезекке өтінімді қызметтер алушы таңдалған үйде қызмет көрсету ұйымында бос орындар болмаған кезде порталда ЭЦҚ арқылы авторизациялау арқылы дербес береді.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткен электрондық журналда кезекке тұрған және электрондық журналда қайта куәландырудан өткен қызметтер алушылардың өтініштері алдыңғы кезектің сақталуын ескере отырып (үйде қызмет көрсету ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде) порталда тіркеледі;";
35-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша болу ұйымында қызмет алушыларды тіркеу карточкасы (бұдан әрі – Тіркеу карточкасы).
Уақытша болу ұйымының мамандары уақытша болу ұйымына келіп түсетін адамды медициналық тексеруден және санитариялық өңдеуден, киімдері мен жеке заттарын дезинфекциялаудан өткізгеннен кейін қызмет алушылардың Тіркеу карточкасына толтырылады және электрондық журналына тіркейді;
2) электрондық журнал.
Электрондық тіркеу журналын порталда уақытша болу ұйымы жүргізеді.
Электрондық журналда: қызмет алушылардың келуі, шығарылуы (шығарып жіберу), уақытша кетуі, басқа уақытша болу ұйымға ауысуы, бұйрықтың нөмірі мен күні, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығуы себебі көрсетіледі.
Бұрын уақытша болу ұйымынан шығып кеткен адам қайта түссе, оның деректері "түскен күні" деген бағанда электрондық журналына "қайта оралды" деген белгімен жазылады;";
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Шапкенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Ұйымның ресми атауы |
Ұйымның ресми атауы |
Стационарлық/жартылай стационарлық үлгідегі/ үйде қызмет көрсететін/уақытша болу ұйымында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алатын адамдарды және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдарды кезекке тіркеудің электрондық журналы
20 __ жылғы "___" ________ басталды
20 __ жылғы "___" ________ аяқталды
Р/с | Мәртебесі | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні, жасы | Жынысы | Үйінің мекенжайы | Телефон номірі | Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Түскен күні және бұйрықтың № | Уақытша шығқан күні және бұйрықтың № | Шыққан күні және бұйрықтың № | Шығу себебі | Ауыстырылған күні және бұйрықтың № | Қайда шықты (облыс, қала, аудан) |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |