"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 836 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 10 желтоқсанда № 25720 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20742 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
М. Бектанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2021 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 836 Қосымша
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы

  № 232 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы – тұрғын үй комиссиясының хатшысы;

      2) тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үйге мұқтаж деп тану мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін тиісті гарнизон бастығының бұйрығымен құрылатын комиссия.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянатпен өтініш жасайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі Стандарттың 8-тармағында айқындалған.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы белгіні жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" баянатты қабылдаудан бас тарту туралы белгіні жолдайды.

      6. Тұрғын үй комиссиясының хатшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде қоса берілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушының баянатын тұрғын үй комиссиясы отырысының қарауына шығарады.

      7. Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары саласындағы заңнамасына сәйкес келуін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының баянаты қабылданған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей қызметтік тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қою не есепке қоюдан бас тарту туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

      8. Тұрғын үй комиссиясы хаттамалық шешім қабылдағаннан кейін тұрғын үй комиссиясының хатшысы көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою не есепке қоюдан бас тарту туралы анықтаманы жасайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша анықтамалар беру болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Стандарттың 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша тұрғын үй комиссиясы көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы не есепке қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан



№________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күн"

  _______________гарнизонының
  (атауы)
  тұрғын үй комиссиясының
  төрағасына

  _________________ мекенжайы
  бойынша тұратын
  әскери қызметші

  ____________________________

  (көрсетілетін қызметті алушының

  ____________________________

  әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
  аты (ол бар болған кезде)

  ____________________________

  (мемлекеттік мекеменің (әскери
  бөлімнің) атауы)

Баянат

      Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғын үйге өз құқығымды іске асыру үшін ________________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюыңызды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қызметтік
тұрғын үйге мұқтаж әскери
қызметшілерін есепке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Күнтізбелік 30 (отыз) күн

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Есепке қою күнін және кезектің реттік нөмірін көрсетумен қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама не қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама беру.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде баянаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына өтемақы алу туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;
2) баянат тіркелген күнге дейін күнтізбелік он күн ішінде алынған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылған жалдаушы бойынша ақпарат (көрсетілетін қызметті алушыда және оның отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы);
3) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылған жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтама;
4) егер көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй берілген жағдайда бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйді тапсырғаны туралы анықтама;
5) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;
6) отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша ұсынады;
7) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғын үй-жайға техникалық паспорттың (бар болған кезде) және құқық белгілейтін құжаттың көшірмелерін қосымша ұсынады (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде);
8) егер көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігіне байланысты оны тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат берген жағдайда тұратын тұрғын үйдің алаңын растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 44-тармағында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемдерін пайдалануды растайтын құжаттардың көшірмелері.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәліктің, өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы анықтаманың, отбасында он сегіз жасқа толмаған мүгедек бала болған кезде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектік туралы анықтаманың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекітілген Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімінде аталған аурулармен ауыратын отбасы мүшелері болған кезде денсаулық сақтау ұйымынан анықтаманың мәліметтері көрсетілетін қызметті берушіге барлық отбасы мүшелеріне тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) нақты еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-3-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

__________________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама

      Әскери қызметші __________________________________________________________,

      (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      ол және оның отбасы мүшелері _____________________бойынша ____________

      (гарнизонның атауы) (кезектегі нөмірі)

      болып қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді:

      1)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      2)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      3)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      4)….

      Тұрғын үй комиссиясының 20_ жылғы "__" _________ № ____ хаттамасымен әскери

      қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері

      (тегі және инициалдары)

      _____________________ бастап тұрғын үйге мұқтаж деп танылды.

      (күні, айы, жылы)

      Анықтама талап етілетін орны бойынша ұсыну үшін берілді.

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____ "Орындаушының Т.А.Ә. (ол болған кезде)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғын үйге мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан



  Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар
  болған кезде)

  ____________________________

  (көрсетілетін қызметті
  алушының мекенжайы)

________________ гарнизонында қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ___ бабы ___

      тармағының ___ тармақшасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызмет

      көрсетуден бас тартады

      _________________________________________________________________________.

      (стандартқа сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: __ "Орындаушының Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы"

      Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатқа тең.