"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20742 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.06.2025 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 222 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11340 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қызметтік тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 маусымдағы № 349 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11725 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      __________________________

      2020 жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 232 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 12.06.2025 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері;

      2) көрсетілетін қызметті алушы – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орнының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілерді, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы айқындаған лауазымды адам;

      4) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметке қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған баянатпен өтініш жасайды. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін көрсетілетін қызметті алушы ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған не бір реттік парольмен куәландырылған баянатты портал арқылы береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшада (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі (бұдан әрі – құжаттар) Тізбенің 9-тармағында айқындалған.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге баянаттың қабылданғаны туралы белгі жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші баянатты қабылдаудан бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды заң қызметімен және көрсетілетін қызметті берушінің тұрғын үй бөлімшесімен келіседі.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерін кейіннен тұрғынжайға мұқтаж деп танып, құжаттарды қарау мерзімі баянат қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Тізбенің 6-тармағында айқындалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту Тізбенің 10-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 73-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою не қоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта өтініш жасай алады.

      7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген немесе өзгертілген күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды жоғарғы әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) қарайды.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      9. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша
  Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күн"

  ________аудандық пайдалану
(атауы)
бөлімінің бастығына
__________________ мекенжайы
бойынша тұратын әскери
қызметші
____________________________
(көрсетілетін қызметті
Алушының
____________________________
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің (әскери
бөлімнің) атауы)

Баянат

      Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді қызметтік тұрғынжай алу үшін "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғынжайға өз құқығымды іске асыру үшін ________________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюыңызды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кейіннен қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін дербес деректерді өзектілендіріп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, "Азаматтық хал актісін тіркеу", "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры", "Қазтізілім", "Мемлекеттік мүлік тізілімі", "Мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға
мұқтаж әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күн"

  _______________ аудандық
пайдалану
(атауы)
бөлімінің бастығына
________ мекенжайы бойынша
тұратын
әскери қызметші
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің (әскери
бөлімнің) атауы)

Баянат

      Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғынжайға өз құқығымды іске асыру үшін ________________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюыңызды сұраймын.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кейіннен ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындағанға дейін дербес деректерді өзектілендіріп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, "Азаматтық хал актісін тіркеу", "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры", "Қазтізілім", "Мемлекеттік мүлік тізілімі", "Мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға
мұқтаж әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан



      №________ "Тіркеу нөмірі" _________ "Баянат берілген күн"

  __________ аудандық пайдалану
(атауы)
бөлімінің бастығына
_________мекенжайы бойынша
тұратын әскери қызметші
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің (әскери
бөлімнің) атауы)

Баянат

      Сізден "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 101-2-бабына сәйкес ҚР ҚК тұрғынжай қорынан қызметтік тұрғынжай беру немесе ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін мені қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға баянатпен бұрын ұсынылған менің мәліметтерімді не менің отбасы мүшелерімнің мәліметтерін жаңартуыңызды, өзгертуіңізді немесе толықтыруыңызды сұраймын:

      1. Өтініш иесінің ЖСН: __________________________________________________;

      2. Отбасы мүшесінің ЖСН (деректері жаңартылатын): ___________________________;

      3. Деректерді өзгерту, жаңарту не толықтыру себебі және растайтын құжат: ________.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кейіннен қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін дербес деректерді өзектілендіріп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, "Азаматтық хал актісін тіркеу", "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры", "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры", "Қазтізілім", "Мемлекеттік мүлік тізілімі", "Мобильді азаматтар базасы" ақпараттық жүйесінде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға
мұқтаж әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою"

2.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері

3.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қою күнін және кезектің реттік нөмірін көрсетумен қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама беру;
Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің қызмет орны бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін алу үшін қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама;
Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтік тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қоюдан бас тарту туралы анықтама.

7.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күнін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін;
2) порталда – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күні өтініш жасағанда баянаттарды (өтініштерді) қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, тұрғын үй төлемін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
2) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеменің немесе мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылатын жағдайда баянат тіркелген күнге дейін бір ай ішінде алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алу туралы мәліметтері бар көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
3) көрсетілетін қызметті алушының бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайды тапсырғаны не онымен қамтамасыз етілмегені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
4) қызметтік тізімінің электрондық көшірмесі (әскери бөлім атауы мен лауазымын көрсетпей қызмет өткерген елді мекенді көрсетумен) (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
5) бұрынғы некеден (некелерден) бөлек тұратын бала (балалар) болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы қосымша баланың (балалардың) тұратын жері көрсетілген сот шешімінің электрондық көшірмесін ұсынады (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
Сот бұрын шығарылған сот актісін жойған кезде көрсетілетін қызметті алушы он жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесін хабардар етуге міндетті;
6) егер көрсетілетін қызметті алушының зайыбы (жұбайы) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері болып табылса, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалғаны туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі ұсынылады;
7) отбасы тұратын тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда көрсетілетін қызметті алушы санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесін қосымша ұсынады (ақпараттық жүйеде мәлімет болмағанда);
8) отбасы тұратын тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғынжайды техникалық тексеру нәтижесі бойынша) электрондық көшірмесін қосымша ұсынады;
9) егер көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттілігіне байланысты оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат берсе, тұратын тұрғынжайдың ауданын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларының 44-тармағында көзделген жағдайда тұрғын үй төлемін пайдалануды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе оны бұзу, балалардың тууы туралы куәліктің, (Қазақстан Республикасы бойынша) жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шартының тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат, отбасында он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар бала болғанда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінен мүгедектік туралы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы ҚР ДСМ-14 бұйрығымен бекітілген Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімінде аталған аурулармен ауыратын отбасы мүшелері болғанда денсаулық сақтау ұйымынан құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйеден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушы жұбайының (зайыбының) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшелігі ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызметті көрсету белгісі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған телефон арқылы алуға болады.

  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға мұқтаж
әскери қызметшілерін есепке
қою" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
5-қосымша
Нысан



Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін__________________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама

      Әскери қызметші __________________________________________________________, (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ол және оның отбасы мүшелері ____________________________ бойынша қызметтік (гарнизонның атауы) тұрғынжаймен қамтамасыз ету үшін________________ болып қызметтік тұрғынжайға (кезектегі нөмірі) мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді.

      1)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      3)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Көрсетілетін қызметті берушінің 20 __ жылғы "____" ___________ № ____ шешімімен әскери қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері (тегі және инициалдары) _____________________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды. (күні, айы, жылы)

      Анықтама талап етілетін орны бойынша ұсыну үшін берілді.

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____ "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға
мұқтаж әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша
Нысан



__________________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы анықтама

      Әскери қызметші __________________________________________________________, (көрсетілетін қызметті алушының әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ол және оның отбасы мүшелері ____________________________бойынша әскери (гарнизон атауы) қызметшінің қызмет орны бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемін алу үшін қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрғаны туралы берілді:

      1)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2)________________________________________________________________________;

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      3)________________________________________________________________________

      (туыстық дәрежесі, көрсетілетін қызметті алушы отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Көрсетілетін қызметті берушінің 20 __ жылғы "____" ___________ № ____ шешімімен әскери қызметші ________________________________________ және оның отбасы мүшелері (тегі және инициалдары) _____________________ бастап тұрғынжайға мұқтаж деп танылды. (күні, айы, жылы)

      Анықтама талап етілетін орны бойынша ұсыну үшін берілді.

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____ "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



  "Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің
қызметтік тұрғынжайға
мұқтаж әскери қызметшілерін
есепке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
7-қосымша
Нысан



  Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

________________ гарнизонында қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тарту туралы анықтама

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ___ бабы ___тармағының ___ тармақшасын басшылыққа алып, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады _______________________________________________________________________.

      (мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету)

      Анықтама берілген күні__________ "Берілген күні".

      Анықтама жарамды: мерзімсіз.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: ____ "Көрсетілетін қызметті берушінің Т.А.Ә. (бар болса)".

      Деректер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен ұсынылды.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.