Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 қарашадағы № 1222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 6 желтоқсанда № 25555 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 26 қарашадағы
№ 1222 Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген)

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 23-2) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның көрсету тәртібін айқындайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Біліктілік емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке басын сәйкестендіру үшін – жеке басын куәландыратын құжатты, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынады.";

      23 және 24-5-тармақтары алып тасталсын;

      1-қосымша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16508 болып тіркелген):

      Осы бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында:

      7-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) дайындаушы зауыттың немесе оның заңды өкілінің бақылау-касса машинасы моделінің техникалық қолдауы бойынша кепілдік міндеттемесі немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын сәйкестік сертификатының немесе өзге құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының салықтық өтінішін қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімі көрсетілетін қызметті берушінің сайтында орналастырылады.

      Бақылау-касса машинасы моделін мемлекеттік тізілімге енгізуден бас тартқан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бас тарту себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде хабардар етеді.

      Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәлімет болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ алдын-ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты болған жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі хаттама түрінде ресімделген бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы Шешім болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      2-қосымша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16600 болып тіркелген):

      1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.";

      көрсетілген бұйрықпен бектілген "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы демпингке қарсы өтемақы баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құжаттарды қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мерзімі олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды.

      Мүлік кепілі шарты мүлік кепілі шарты жасасу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасалады.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметшісі қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушы етіп айқындаған, оның міндетін атқарушыға өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 5-тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті өтініште және (немесе) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәлімет болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және оны сәйкес келтіру мерзімін көрсетеді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкестендіру мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарлама алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны талаптарға сәйкес келтірмеген болса, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын-ала шешім, сондай-ақ алдын-ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күн бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жіберілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша хаттама жасалады және көрсетілетін қызметті беруші рұқсат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты болған жағдайда, тыңдау рәсімі жүргізілмейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу не осы Қағидаларға 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш және оған қоса берілетін құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның міндетін атқарушыға жолдайды.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оның міндетін атқарушы өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

      салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Бұл ретте, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағымдар шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.

      Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

      Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 533-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

      Құжаттар топтамасын қабылдаған тұлғаның фамилиясы және аты-жөні, қолы қойылған, қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің өтініш көшірмесіне белгі қою қабылдаудың растауы болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарау туралы немесе оны қараудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға өтінішті келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде және куәлікті беру туралы не куәлікті беруден бас тарту себебін көрсете отырып шешім қабылдайды.

      Шешiм көрсетілетін қызметті беруші басшысының не ол уәкілеттік берген көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары, не оларды алмастырушы тұлғаның бұйрығымен ресiмделедi.

      Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Кеден кодексінің 533-бабында көрсетілген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап қағаз жеткізгіште беріледі.";

      1-қосымша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-қосымша

"Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету әдістері

"Электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны өндіру тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі

1) Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалардың 3 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының порталындағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Бақылау-касса машиналарының
модельдерін бақылау-касса
машиналарының мемлекеттік
тізіліміне (тізілімнен) енгізу
(алып тастау) қағидаларына
2-қосымша

"Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері

10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу (енгізуден бас тарту) туралы шешім

6

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақы мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсету тәртібінде көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімге енгізу туралы салықтық өтініш;
2) бақылау-касса машинасы моделінің эталондық үлгісі;
3) дайындаушы зауыттың паспорты;
4) дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасы;
5) қағаз және электрондық тасымалдағыштағы бақылау-касса машинасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
6) фискалды режим орнату, бақылау-касса машинасын қайта тіркеу, фискалдық есептерді, кассаның ағымдағы жай-күйі туралы есепті (Х-есеп) алу, сондай-ақ бақылау чегінде басып шығару үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабында көзделген ақпаратты енгізу кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адамының іс-қимылын егжей-тегжейлі сипаттап көрсететін қағаз және электронды тасымалдағыштағы көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамына арналған нұсқаулық;
7) дайындаушы зауыттың немесе оның заңды өкілінің бақылау-касса машинасы моделіне техникалық қолдау көрсету бойынша кепілдік міндеттемесі немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;
8) дайындаушы зауыттың құжаттамасында көрсетілген бақылау-касса машинасы моделінің техникалық сипаттамасының Қағидаларға қосымшаға сәйкес уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер;
9) бақылау-касса машинасы моделінің сәйкестік сертификатының немесе бақылау-касса машинасы моделінің белгіленген техникалық талаптарына сәйкестігін растайтын басқа құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі. Егер бақылау-касса машинасының моделі фискалдық тіркеуші болып табылса, салықтық өтінішке қосымша фискалдық тіркеушіні дербес компьютерге қосу үшін электронды тасымалдағыштағы бағдарламалық қамтамасыз ету қоса беріледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері

Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шарттардың бірі сақталмаған жағдайларда:
1) көрсетілетін қызметті алушының бақылау-касса машинасын мемлекеттік тізілімге енгізу туралы Салықтық өтінішінің және Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген материалдардың болуы;
2) бақылау-касса машинасы моделінің Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес техникалық талаптарға сәйкес келуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Кедендік баждарды,
салықтарды, арнайы,
демпингке қарсы, өтем
баждарды төлеу жөніндегі
міндеттердің орындалуын,
сондай-ақ кеден ісі саласында
қызметін жүзеге асыратын
заңды тұлғаның және (немесе)
уәкілетті экономикалық
оператордың міндеттерінің
орындалуын қамтамасыз етуді
тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет қағидасына
1-қосымша

"Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті және Комитеттің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілі

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;
2) электрондық үкімет" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу туралы өтінішті тіркеген күннен – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
мүлік кепілі шарты жасасу туралы өтінішті тіркеген күннен – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (жартылай автоматтандырылған)/ қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ хабарламамен кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін, кедендік іс саласындағы уәкілетті орган тәулік бойғы жұмыс режимін бекіткен көрсетілетін қызметті берушіні қоспағанда, жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылуды талап етпей және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) "Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттердің орындалуын, сондай-ақ кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
2) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;
3) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шарты;
5) төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шарты, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасымен;
6) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттарды табыс етеді.
Құжаттарды портал арқылы берген кезде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші;
кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етудің таңдалған түріне сәйкес, осындай қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:
2) Кеден кодексінің 94-бабы 12-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) кепіл беруші – екінші деңгейдегі банк пен төлеуші арасында жасалған банк кепілдігі шартын және банк кепілдігінің электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілгерлік шартының электрондық көшірмесі;
5) төлеуші және (немесе) үшінші тұлға мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған мүліктік кепілдік шартының электрондық көшірмесі, бағалаушының кепіл мүлігінің нарықтық құнын бағалау туралы есебі және мүлікті сақтандыру шарты қосымшасымен;
6) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар, сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген сақтандыру шарттардың электрондық көшірмесін табыс етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) ақшаны кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануында;
төленуі ақша енгізу арқылы қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кеден кодексінің 104-бабына сәйкес есептелген, Кеден кодексінің 98-бабы 4-тармағының екінші немесе үшінші бөліктерінде көрсетілген төлем құжатымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
2) банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
берілген банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен банктік заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
төленуі банк кепілдігімен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кеден кодексінің 99-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кеден кодексінің 104-бабына сәйкес есептелген, банк кепілдігімен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
банк кепілдігі шарты және (немесе) банк кепілдігі Кеден кодексінің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
банк кепілдігін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген банк кепілдігін берген екінші деңгейдегі банк, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп танылған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса;
3) кепілгерлік шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
ұсынылған кепілгерлік шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
кепілгерлік шартына ұсынылған банк кепілдігін қабылдаудан бас тарту үшін Кеден кодексінің 99-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
кепілгерлік шартына ұсынылған мүлік кепілі шарты Кеден кодексінің 101-бабы 3-тармағында белгіленген мүлік кепілі шартын жасасу талаптарына сәйкес келмесе;
кепілгерлік шартына ұсынылған сақтандыру шартын қабылдаудан бас тарту үшін Кеден кодексінің 102-бабы 2-тармағында айқындалған негіздер болған кезде;
кепілгер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етпесе;
төленуі кепілгерлік шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы Кеден кодексінің 100-бабы 2-тармағының үшінші бөлігі ескеріле отырып, Кеден кодексінің 104-бабына сәйкес есептелген, кепілгерлік шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
4) мүлік кепілін кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
мүлік кепілі шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес келмесе;
кепілге берілетін мүлік өтімді, жойылудан немесе бүлінуден сақтандырылған болмауға тиіс;
мүлік кепілі шарты Кеден кодексінің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келеді;
Кеден кодексінің 101-бабы 3-тармағында белгіленген шарттар сақталмаған кезінде;
5) сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қолдануында:
ұсынылған сақтандыру шарты "Кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты үшін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 295 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16661 болып тіркелген) кедендік операцияларды жасау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мақсаттары үшін үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе немесе ұсынылған сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен бекітілген талабына сәйкес келмеген жағдайда;
төленуі сақтандыру шартымен қамтамасыз етілетін кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздар есепке жазылған жағдайда, осындай пайыздардың сомасы, Кеден кодексінің 102-бабы 3-тармағының ережелері ескеріле отырып, Кеден кодексінің 104-бабына сәйкес есептелген, сақтандыру шартымен расталатын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерінен асып кетсе;
сақтандыру шарты Кеден кодексінің 97-бабы 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күні төлеушімен кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде берілген сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, мұндай талапты сот Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, бұрын көрсетілетін қызметті берушінің кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың тиесілі сомасын төлеу туралы талабын орындамаған болса, сақтандыру шартын кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www. kgd. gov. kz, www. minfin. gov. kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
2) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
3) Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 1414, 8-800-080-7777.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
кейбір бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  "Уәкілетті экономикалық
операторлардың тізіліміне
енгізу" мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет қағидаларына
1-қосымша

"Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы; 2) "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері

Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу не енгізуден бас тарту туралы шешімді қабылдау – күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;
өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімді қабылдау – көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы бірінші, екінші немесе үшінші типтегі куәлікті беру;
2) "Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген жағдайда және негізде қызмет берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауабы болып табылады.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген ақыны алу әдістері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Кодекс пен Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Портал арқылы:
ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Өтінішке онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтінішпен бірге көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар, егер мұндай құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушімен ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (ұйымдарының) ақпараттық жүйелерінен алуы мүмкін болса ұсынумен сүйемелденбейді.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті қарау туралы не оны қараудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Бірінші немесе екінші типтегі куәлікті бере отырып, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша, егер уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз ету мұндай тізілімге енгізудің шарты болып табылса, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 532-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында немесе 3-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген шарттарды сақтау туралы және уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап екі айдан кешіктірілмей ұсынылады.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап уәкілетті экономикалық оператор міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін растайтын құжаттар ұсынылған күнге дейінгі кезеңге өтінішті қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.
Уәкiлетті орган уәкiлетті экономикалық оператор мiндеттерiнің орындалуын қамтамасыз етудің берілуін тиісінше растайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өтініш иесін уәкiлетті экономикалық операторлардың тiзiлiміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

9

Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері

1) өтінішті белгіленген нысанға сәйкес толтырылмау не электрондық құжат түріндегі өтініштің құрылымы мен форматы мұндай өтініштің белгіленген құрылымы мен форматына сәйкес келмейді;
2) өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді өтініште көрсетпеу;
3) өтінішті Кеден кодексінің 534-бабы 7-тармағының 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінен алып тасталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін беру;
4) Кеден кодексінің 532-бабымен белгіленген шарттар сақталмаса.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер бойынша бас тартудың себебі болған жағдайларда.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.