"Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 қарашадағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25217 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 11-2/94 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6854 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережелерінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және биоотын өндірушісімен өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды.";

      2-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Биоотын өндірушісінің өндіріс паспортын әзірлеу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген кезде өндіруші биоотын өндірісінің паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы жазбаша түрде ақпарат ұсынады.";

      3-тарау алып тасталсын;

      көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2021 жылғы 16 қарашадағы
№ 333 бұйрығына
қосымша
  Биоотын өндірушісімен
өндіріс паспортын әзірлеу
және бекіту ережелеріне
1-қосымша
  Нысан

Кәсіпорынның фирмалық белгісі (бар болса)

  Бекітемін
____________________________
(бірінші басшының
____________________________
(уәкілетті тұлғаның) аты,
әкесінің аты
(бар болса), тегі)
___________________________
(қолы)
"_____" __________________
(күні)

Өндіріс паспортының титул беті

      __________________________________________

      (заңды тұлғаның меншік нысаны)

      _________________________________________________________

      өндіріс паспортын бекітетін заңды тұлғаның атауы

      _____________________________________________

      (өндіріс паспортының тіркеу нөмірі)

  Әзірленген
____________________________
(өндіріс паспортын әзірлеген
ұйым атауы)
____________________________
(әзірлеуші-ұйым басшысының
аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
  "___" _____________________
(күні)