Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Тараз – Қайнар учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 қарашадағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25114 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) І-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Тараз – Қайнар 238 км (бұдан әрі – км) – 475+525 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент облыстық маңызы баравтомобиль жолының Тараз – Ақкөл учаскесі, Ақкөл – Ойық – Ұланбел облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел – Шығанақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының Ұланбел – Бірлік учаскесі, Мерке –Бурылбайтал автомобиль жолының Бірлік – Шу учаскесі, Шу – Қайнар республикалық маңызы бар автомобиль жолы;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 238+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 475+525 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 237 км 525 метр;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы
10 қарашадағы № 581
Бұйрыққа
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы
км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Кордай ауданы

237+175 км

Қайнар (Благовещенка) көлік айрайрығы

Шу ауданы

249+800 км

Баласағұн кенті

Меркі ауданы

276 км

Жауғаш батыр кенті

307 км

Аспара кенті

311 км

Ақермен кенті

335+800 км

Шу көлік айрығы

347+500 км

Меркі көлік айрығы

351 км

Ақтоған кенті

351 км

Қазах-дихан кенті

360 км

Жаңатұрмыс кенті

Тұрар Рысқұлов ауданы

366 км

Қазақ кенті

367+523 км

Қазақ көлік айрығы

371 км

Тасшолақ кенті

373 км

Қара-Қыстақ кенті

376 км

Көк-Арық кенті

377 км

Еңбекші кенті

379+555 км

Луговой станциясы көлік айрығы

398+175 км

Көкдөнен көлік айрығы

408 км

Юбилейный кенті

410 км

Алғабас кенті

417 км

Малдыбай кенті

431 км

Өрнек кенті

435 км

Акыртөбе кенті

443 км

Мақпал кенті

Байзақ ауданы

461 км

Ақшолақ кенті

474 км

Жібек жолы кенті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 581 бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшемелері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      І-б санатты "Алматы – Ташкент – Термез" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Тараз – Қайнар" 238 км – 475+525 км учаскесі:

      Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)

Р/с№

Аймақтар

жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

475+525 км - 453+550 (21 км 975 метр)

0,0070

0,0383

0,0765

0,1148

0,1530

0,1913

2

453+550 км - 381+500 (72 км 50 метр)

0,0243

0,1252

0,2504

0,3757

0,5009

0,6261

3

381+500 км - 352+800 (28 км 700 метр)

0,0104

0,0487

0,1009

0,1496

0,1983

0,2504

4

352+800 км - 238+000 (114 км 800 метр)

0,0417

0,1983

0,4000

0,5983

0,8000

0,9983

5

Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (237 км 525 метр)

0,0835

0,4104

0,8278

1,2383

1,6522

2,0661

      1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді. Абонементтердің мынадай түрлері көзделеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

қарастырылмаған

2 АЕК

4 АЕК

6 АЕК

8 АЕК

10 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1 АЕК

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

80 АЕК

100 АЕК

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.

  Бұйрыққа 3-қосымша

Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі

№ п\п

Елді мекеннің атауы

Меркі ауданы

1

Жауғаш батыр кенті

2

Аспара кенті

3

Ақермен кенті

4

Ақтоған кенті

5

Қазақ-дихан кенті

6

Жаңатұрмыс кенті

Т.Рысқұлов ауданы

7

Қазақ кенті

8

Тасшолақ кенті

9

Қара-Қыстақ кенті

10

Көк-Арық кенті

11

Еңбекші кенті

12

Юбилейный кенті

13

Алғабас кенті

14

Малдыбай кенті

15

Өрнек кенті

16

Акыртөбе кенті

17

Мақпал кенті

Байзақ ауданы

18

Ақшолақ кенті