"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) І-б санатты Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы (Қазақстан Республикасы шекарасына кіреберістермен және Тараз, Құлан, Қордай асуы айналма жолдарының) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Тараз – Қайнар 238 км (бұдан әрі – км) – 475+525 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Тараз – Аса – Ақкөл – Саудакент облыстық маңызы баравтомобиль жолының Тараз – Ақкөл учаскесі, Ақкөл – Ойық – Ұланбел облыстық маңызы бар автомобиль жолы, Бірлік – Мойынқұм – Ұланбел – Шығанақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының Ұланбел – Бірлік учаскесі, Мерке –Бурылбайтал автомобиль жолының Бірлік – Шу учаскесі, Шу – Қайнар республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 238+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 475+525 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 237 км 525 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 581 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
---|---|
Кордай ауданы | |
237+175 км | Қайнар (Благовещенка) көлік айрайрығы |
Шу ауданы | |
249+800 км | Баласағұн кенті |
Меркі ауданы | |
276 км | Жауғаш батыр кенті |
307 км | Аспара кенті |
311 км | Ақермен кенті |
335+800 км | Шу көлік айрығы |
347+500 км | Меркі көлік айрығы |
351 км | Ақтоған кенті |
351 км | Қазах-дихан кенті |
360 км | Жаңатұрмыс кенті |
Тұрар Рысқұлов ауданы | |
366 км | Қазақ кенті |
367+523 км | Қазақ көлік айрығы |
371 км | Тасшолақ кенті |
373 км | Қара-Қыстақ кенті |
376 км | Көк-Арық кенті |
377 км | Еңбекші кенті |
379+555 км | Луговой станциясы көлік айрығы |
398+175 км | Көкдөнен көлік айрығы |
408 км | Юбилейный кенті |
410 км | Алғабас кенті |
417 км | Малдыбай кенті |
431 км | Өрнек кенті |
435 км | Акыртөбе кенті |
443 км | Мақпал кенті |
Байзақ ауданы | |
461 км | Ақшолақ кенті |
474 км | Жібек жолы кенті |
Бұйрыққа 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-б санатты Алматы – Ташкент – Термез республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Тараз – Қайнар 238 км – 475+525 км учаскесі:
теңге |
№ | Аймақ | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және автопоездардың жүк көтергіштігі 10 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 10 тн-дан 15 тн-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқышта |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
1 | 20 | 120 | 250 | 370 | 500 | 620 |
2 |
2 | 70 | 350 | 700 | 1 050 | 1 400 | 1 750 |
3 |
3 | 30 | 150 | 300 | 450 | 600 | 750 |
4 |
4 | 110 | 570 | 1 150 | 1 720 | 2 300 | 2 870 |
5 |
Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны | 230 | 1 190 | 2 400 | 3 590 | 4 800 | 5 990 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;
2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
3) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ п\п | Елді мекеннің атауы |
Меркі ауданы | |
1 | Жауғаш батыр кенті |
2 | Аспара кенті |
3 | Ақермен кенті |
4 | Ақтоған кенті |
5 | Қазақ-дихан кенті |
6 | Жаңатұрмыс кенті |
Т.Рысқұлов ауданы | |
7 | Қазақ кенті |
8 | Тасшолақ кенті |
9 | Қара-Қыстақ кенті |
10 | Көк-Арық кенті |
11 | Еңбекші кенті |
12 | Юбилейный кенті |
13 | Алғабас кенті |
14 | Малдыбай кенті |
15 | Өрнек кенті |
16 | Акыртөбе кенті |
17 | Мақпал кенті |
Байзақ ауданы | |
18 | Ақшолақ кенті |