Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Қызылорда учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) І-б санатты Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - Шымкент республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент - Қызылорда 2252 + 000 километр (бұдан әрі - км) – 1805 + 500 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: облыстық маңызы бар Қызылорда – Айдарлы – Тартоғай автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Шиелі – Қарғалы – Байкенже – Жаңақорған автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Самара – Шымкент – Жаңақорған – Түгіскен – Келінтөбе автомобиль жолының Жаңақорған – Түгіскен – Келінтөбе учаскесі, облыстық маңызы бар Келінтөбе – Қандөз автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Қандөз – Көктөбе автомобиль жолы, Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл облыстық маңызы бар автомобиль жолының "Балтакөл-Шәуілдір" учаскесі, Шәуілдір – Ақдала облыстық маңызы бар автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Шардара – Арыс – Темірлан автомобиль жолының Ақдала – Мамаевка учаскесі, облыстық маңызы бар Алтынтөбе – Бадам –Бөген – Төрткөл автомобиль жолының Мамаевка – Алтынтөбе учаскесі;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 2252+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1805+500 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 446 км 500 метр;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 10 қарашадағы № 582 Бұйрыққа 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
Кентау ауданы | |
2271-2080 км | Шорнақ көлік айрығы |
2100 км |
Түркістан |
2107 км | Кентау қаласы |
2113 км | Түркістан көлік айрығы |
2115-2120 км | Ынтымақ кенті |
2127 км | Икан көлік айрығы |
2137 км | Икан көлік айрығы |
2149-2151 км | Достық кенті |
Ордабасы ауданы | |
2169-2171 км | Жайылма кенті |
2172-2173 км | Көкарал кенті |
2175 км | Шәуілдір-Төрткөл көлік айрығы |
2176-2179 км | Төрткөл кенті |
2181-2185 км | Сыпатаев кенті |
Бәйдібек ауданы | |
2191 км | Жиенқұм кенті |
2199-2102 км | Екпінді кенті |
2202 км | Қызылкөпір көлік айрығы |
Ордабасы ауданы | |
2219 км | Темірлан көлік айрығы |
2235 км | Шұбар көлік айрығы |
2236 км | Телемост көлік айрығы |
2254 км | Бадам көлік айрығы |
Сайрам ауданы | |
2253 км | Таскешу кенті |
2257 км | Қайнар бұлақ кенті |
2263 км | Бозарық кенті |
Бұйрыққа 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
І-б санатты Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - Шымкент республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент - Қызылорда 2252 + 000 км – 1805 + 500 км учаскесі:
теңге
№ | Аймақ | Жеңіл көліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - т) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 т-ға дейін жүк автомобильдері | 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т-ға дейін автопойыздар | Жүк көтергіштігі 10 т-дан жоғары 15 т-ға дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 т-дан жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
1 | 20 | 80 | 170 | 250 | 340 | 420 |
2 |
2 | 20 | 70 | 150 | 220 | 300 | 370 |
3 |
3 | 30 | 170 | 340 | 510 | 680 | 850 |
4 |
4 | 60 | 300 | 610 | 910 | 1 220 | 1 520 |
5 |
5 | 30 | 150 | 310 | 460 | 620 | 770 |
6 |
6 | 30 | 170 | 340 | 510 | 680 | 850 |
7 |
7 | 100 | 490 | 980 | 1 470 | 1 960 | 2 450 |
8 |
8 | 40 | 230 | 460 | 690 | 920 | 1 150 |
9 |
9 | 90 | 430 | 870 | 1 300 | 1 740 | 2 170 |
10 |
10 | 20 | 100 | 200 | 300 | 400 | 500 |
11 | Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (446 км 500 метр) | 440 | 2 190 | 4 430 | 6 630 | 8 860 | 11 050 |
Ескертпе:
1) аймақ – өзінің ұзақтығы бар және көлік құралының жүк көтергіштігі мен түріне байланысты жүріп өткені үшін белгілі бір ақы мөлшерлемесі бар ақылы автомобиль жолындағы (учаскедегі) жол бөлігі;
2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік;
3) жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүріп өткені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін.
Бұйрыққа 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
№ р/с | Елді мекеннің атауы |
Бәйдібек ауданы | |
1 | Жиенқұм ауданы |
Ордабасы ауданы | |
2 | Көкарал кенті |
3 | Жайылма кенті |
Кентау ауданы | |
4 | Достық кенті |