Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Қызылорда учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 10 қарашадағы № 582 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 11 қарашада № 25113 болып тіркелді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Шымкент – Қызылорда учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) І-б санатты Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - Шымкент республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Шымкент - Қызылорда 2252 + 000 километр (бұдан әрі - км) – 1805 + 500 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылатыны;

      2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: облыстық маңызы бар Қызылорда – Айдарлы – Тартоғай автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Шиелі – Қарғалы – Байкенже – Жаңақорған автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Самара – Шымкент – Жаңақорған – Түгіскен – Келінтөбе автомобиль жолының Жаңақорған – Түгіскен – Келінтөбе учаскесі, облыстық маңызы бар Келінтөбе – Қандөз автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Қандөз – Көктөбе автомобиль жолы, Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл облыстық маңызы бар автомобиль жолының "Балтакөл-Шәуілдір" учаскесі, Шәуілдір – Ақдала облыстық маңызы бар автомобиль жолы, облыстық маңызы бар Шардара – Арыс – Темірлан автомобиль жолының Ақдала – Мамаевка учаскесі, облыстық маңызы бар Алтынтөбе – Бадам –Бөген – Төрткөл автомобиль жолының Мамаевка – Алтынтөбе учаскесі;

      3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті – 2252+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті – 1805+500 км;

      4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:

      автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

      автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 4 белдеу;

      6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 446 км 500 метр;

      7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалатыны;

      8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының 2021 жылғы
10 қарашадағы
№ 582 Бұйрыққа
1-қосымша

Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі

Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр

Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы

Кентау ауданы

2271-2080 км

Шорнақ көлік айрығы

2100 км

Түркістан
көлік айрығы

2107 км

Кентау қаласы

2113 км

Түркістан көлік айрығы

2115-2120 км

Ынтымақ кенті

2127 км

Икан көлік айрығы

2137 км

Икан көлік айрығы

2149-2151 км

Достық кенті

Ордабасы ауданы

2169-2171 км

Жайылма кенті

2172-2173 км

Көкарал кенті

2175 км

Шәуілдір-Төрткөл көлік айрығы

2176-2179 км

Төрткөл кенті

2181-2185 км

Сыпатаев кенті

Бәйдібек ауданы

2191 км

Жиенқұм кенті

2199-2102 км

Екпінді кенті

2202 км

Қызылкөпір көлік айрығы

Ордабасы ауданы

2219 км

Темірлан көлік айрығы

2235 км

Шұбар көлік айрығы

2236 км

Телемост көлік айрығы

2254 км

Бадам көлік айрығы

Сайрам ауданы

2253 км

Таскешу кенті

2257 км

Қайнар бұлақ кенті

2263 км

Бозарық кенті

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін
атқарушының
2021 жылғы 10 қарашадағы
№ 582 бұйрығына
2-қосымша

Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшемелері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің м.а. 15.09.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      І-б санатты "Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) – Шымкент" республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының "Шымкент – Қызылорда" 2252 + 000 км – 1805 + 500 км учаскесі:

      Айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК)

Р/с№

Аймақтар

жеңіл автокөліктер

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

2252+000 - 2234+500 (17 км 500 метр)

0,0070

0,0278

0,0591

0,0870

0,1183

0,1461

2

2234+500 км - 2218+750 (15 км 750 метр)

0,0070

0,0243

0,0522

0,0765

0,1043

0,1287

3

2218+750 км - 2184+700 (34 км 50 метр)

0,0104

0,0591

0,1183

0,1774

0,2365

0,2957

4

2184+700 - 2123+100 (61 км 600 метр)

0,0209

0,1043

0,2122

0,3165

0,4243

0,5287

5

2123+100 - 2091+400 (31 км 700 метр)

0,0104

0,0522

0,1078

0,1600

0,2157

0,2678

6

2091+400 - 2056+900 (34 км 500 метр)

0,0104

0,0591

0,1183

0,1774

0,2365

0,2957

7

2056+900 - 1958+940 (97 км 960 метр)

0,0348

0,1704

0,3409

0,5113

0,6817

0,8522

8

1958+940 - 1912+990 (45 км 950 метр)

0,0139

0,0800

0,1600

0,2400

0,3200

0,4000

9

1912+990 - 1825+960 (87 км 30 метр)

0,0313

0,1496

0,3026

0,4522

0,6052

0,7548

10

1825+960 – 1805+500 (20 км 460 метр)

0,0070

0,0348

0,0696

0,1043

0,1391

0,1739

11

Бір бағыттағы барлық маршрут үшін жиыны (446 км 500 метр)

0,1530

0,7617

1,5409

2,3061

3,0817

3,8435

      1) абоненттік төлем - автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;

      2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді. Абонементтердің мынадай түрлері көзделеді:

      бір айға (күнтізбелік 30 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

қарастырылмаған

2 АЕК

4 АЕК

6 АЕК

8 АЕК

10 АЕК

      бір жылға (күнтізбелік 365 күн):

Көлік түрі

Жеңіл автокөліктер үшін

16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін

32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін

32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін

Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін

Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін

1

2

3

4

5

6

7

Абоненттік төлемнің құны

1АЕК

20 АЕК

40 АЕК

60 АЕК

80 АЕК

100 АЕК

      3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;

      4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;

      5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.